Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, адам басын салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: Перспективаның кейбір ережелері бұдан 2000 жыл бұрын болған екен. Оған Везувий
жанартауының атқылауынан қираған ежелгі Помпей қаласындағы тұрғын үйлердің
қабырғаларындағы салынған суреттер куә.
Тәжірибемен анықталған ережелер жиынтығын бақылау перспективасы деп атацды. Ал
геометрияға негізделген перспективаның ғылыми даму жолы қайта өрлеу дәуірінен басталады.
Ол сызықтық перспектива деген атауға ие болды.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – қайта өрлеу дәуірінің атақты итальан
сәулетшісі және суретшісі Филиппо Брунелески. Бірақ алғаш перспектива туралы шығарма
жазып , осы ғылымның негізін қалаған итальан суретшісі Пьеро Делла Франческа екені бізге
мәлім. Оны зерттеумен Паоло Учелло, Леон-Баттиста Альбертилер және осы дәуірдегі өмір
сүрген басқа да итальан сәулетшілері шұғылданған. Аты әйгілі Леонардо да Винчи да өз
еңбектерінде перспектива заңдылықтарын ашуға маңызды орын берген.
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден,
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер басты салу формаларын
қарастырады.
Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс:
-композиция құру барысында перспективалық шешім арқылы сауатты құрастыра білу; -композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау.