1. АРХИТЕКТУРАЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Жалпы мәліметтер
Дипломдық жобаның тапсырмасыТараз қаласындағы жасөспірім орталық ғимаратын жобалау және варкаунт спорт аланы мен 3D макетін жасау Құрылыс алаңының климаттық жағдайы келесі мәліметтерімен сипатталады:
Ауаның ең төменгі абсолюттік температурасы -30ºС
Ауаның ең жоғарғы абсолюттік температурасы +38ºС
Ауаның ең суық бес күндіктің орташа температурасы -23ºС
Ең суық тәуліктің орташа температурасы -10,4ºС
Желдің жылдамдық күші 76– кг/м2
Қар жүктемесі – 40 кг/м2
ҚР ҚНжЕ 2.03.04-2001 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» 1 және 2 қосымшалар бойынша құрылыс ауданының сейсмикалық көрсеткіші – 8 балл.
Құрылыс ІІІ-В климаттық ауданыда жүргізіледі.
Іргетас жертабанының құрамы:
|
|
|
|
|
ДЖ 141800006.21
|
Өлш.
|
Пар.
|
Құжат № документа
|
Қолы
|
Күні
|
Студент
|
Берікқожа Ұ
|
|
|
Жетекші
|
Мамбетияров Е.И.
|
|
|
АРХИТЕКТУРАЛЫҚ БӨЛІМ
|
әдебиет
|
бет
|
беттер
|
ЦӘК төрайымы
|
Мамбетова Р.С.
|
|
|
О
|
9
|
|
Рецензент
|
Юсупов А.Ж.
|
|
|
ЖПЖК
4АХТ-17-1
|
Кеңесші
|
|
|
|
|
|
|
|
құмдақ – орналасу тереңдігі 0,6 – 1,2м келесі қасиеттерімен сипатталынады
2) қиыршықты топырақ – тереңдігі 6,8 – 7,4 м,
Ғимарат салынатын аймақта қар салмағы 0.5кПа,желдің қысымы 0,38 кПа.Желдің негізгі бағыты солтүстік шығыс; іргетас астындағы негіз -1,8м деңгейдегі қалыңдығы 600мм тұтас малтасты тастар одан
кейін аспа топырақ , қабат қалыңдығы 1,75-2,0м Топырақтың әлсіз сульфаты агрессиялы түрде.Есептік жер асты суларының деңгейі 123,5м.
Негіздің жүк көтеру қабілетін арттыру үшін -1,8м деңгейдегі
қалыңдығы 600мм тұтас деформация модулі 6,0 кг/см болатын малта- тас –құм қосындысынан құралған.
Ең суық бес күндік қыстық температурасы -210С болатын IV-ші климаттық аудандағы құрылыстарға арналған.Аймақ ылғалдылығы – құрғақ. Геологиялық шарты – горизантальды алаң ,кеуексіз топырақ.
Класс сенімділігі – II.
Өртке төзімділігі – II.
Қызметтік-ткхникалық ғимараты толығымен орталық жылу, ауыз су, канализация және электр жүйесімен жабдықталған.
I.2. Жобаланатын ғимаратың архитектуралық жоспарлау негізі
Архитектуралық жоспар адамның ғылыми-негіздемелі құрылымдық идеясын кеңістікте ұтымды ұйымдастыруын жүзеге асыруы үшін болашақ ғимараттың, құрылымның немесе кешеннің негізі кез-келген көркемдік әдіс арқылы (макет, сурет, сызба, фото) материалдық (құрылыстық-техникалық) және идеялы-көркемдік (эстетикалық) жүзеге асырылған құжат болып табылады.
Тараз қаласындағы жас-өспірім орталық ғимаратын жобалау және варкаунт спорт аланы аксонометриясын жасау ғимаратын жоспарлау және құрылысын жүргізу төмендегі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс: әлеуметтік, функционалдық,санитарлық,сәулет-көркемдік, өрт қауіпсіздігі және экономикалық.
Маңызды негізгіталаптың біреуі қалалық көлік аялдамасына жүретін жол жайлы әрі қысқа болуы керек. Қоғамдық ғимараттардың кіре берісі көлік бұрылатын және уақытша алаңдармен қамтамасыз етілуі керек.
Қоғамдық ғимараттардық жоспарлануы және құрылысы төмендегідей санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтиды: табиғи, жарықпен қажетті деңгейде қамту, инсоляция, күн сәулесі радиациясынан сақтау, тұрғын үйлер аймағындағы аулаларда ыңғайлы аэрациялық жағдай жасау және аула ішін желдету қатты жел тұратын, желді, құмды және қар боранды аймақтарда олардың әсерінен қорғаныс жасау және көріктендіру.
III-В климаттық аудандарда ғимараттардың арақашықтығы 30м. Барлық ішкі ашық кеңістіктер, аула, бақша, демалыс орындары, спорттық кешендер жергілікті ауа райын, ылғалдылықты,рельефті, желдің бағытын ескере отырып жоспарланады.
Жоспарланған қоғамдық ғимарат қала орталығына жоспарланған. Ғимаратта орталыққа сай архитектуралық композицияларды қолданылған. Аулаларды көріктендіру элементтеріне ауладағы жолдар, көлік тұрақтары,гүлзар, фонтан және архитектуралық шешімдер жатады. .
1. 3. Бас жоспар. Қоршаған ортамен байланыстыру
Тараз қаласындағы жас-өспірім орталық ғимаратының құрылыс учаскесі тұрғын кварталдың ішінде орналасқан. Жобаланатын ғимараттың байланыстыруы бұрын салынған тұрғын үйлердің нүктелері және көшеден өтетін базистік сызығы бойынша жасалынады.
Ғимараттың бас жоспары санитарлық-гигиеналық және құрылыс жүргізілетін аймақтың табиғат климатына сай жасалған. Құрылыс учаскенің жер бедері тегіс, бірқалыпты. Аумақ құрылыстардан және инженерлік коммуникациялардан таза.
Ғимараттың инсоляция дәрежесі жарық түсу бағыты бойынша анықталады. Еліміздің оңтүстік аймағында инсоляциясының әсер етуі ыстық күндері үйдің өте қызып кетуіне әкеліп соқтырады. Барлық көгалдардың сорттары берілген климаттық жағдайға сәйкес болу керек.
Құрылыс алаңының инженерлік дайындығы жер қабатының табиғи бедерін және өсімдік қабатының топырақ жамылғысының сақталуын қамтамсыз етеді. Ғимарат айналасындағы басқа үйлермен арақатынасы транспорт жолдарына жақындығы да ескеріледі.
Жобадағы ғимаратқа келетін тротуарлар және кіреберіс жерлер қатты жамылғыдан жобаланған, ауласына брусчатка төселінеді.
Ғимаратын бас кіре беріс тұсында үлкен алаңша орналастырылған және мұндай шешім көше жақтан қарағанда ғимараттың бас қасбетінің понарамасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Осы ашық алаңында 15 көлікке арналған авто тұрақ карастырылған. Ғимараттың архитектуралық келбетін аша түсу үшін алаңшада құрылыстан бос жерлерде кіші сәулет құрылыстары жобаланған. Сонымен қатар осы бөлікте жүргін жолдардың шетіне демалыс сәкілері, қоқыс салғыштар, түнгі мезгілде жарық беретін айшықты көше фонарлары орналастырылады. Қазіргі кезде жекеше көлік санының ұлғаюын ескере отырып (норма талаптарына сәйкес), жер телімінің көшеге қараған бөлігінде ғимарат тұрғындарының және қонақтардың жеке көліктеріне арналған автотұрақтартар жобаланған. Автотұрақ 20 көлікке арналған. Автотұрақты арнайы жеке бөлікке орналастыруымыздың басты мақсаты көше бойында көлік қатынасына кедергі келтіретін және аппаттық жағдайларды туындадатын көлік соқтығысын болдырмау, екінші жағынан көліктерді арнайы орындарға қою сақтық шараларын ескергендігі болып табылады.
Жалпы бас жоспарда орналасатын үйлер мен ғимараттардың экспликациясы және бас жоспар бойынша анықталған техника-экономикалық көрсеткіштер төмендегі кестелерде келтірілген.
Кесте 1
Жел раушаны
Айлар
|
С
|
СШ
|
Ш
|
ОШ
|
О
|
ЩБ
|
Б
|
СБ
|
Қаңтар
|
1,6
|
2,7
|
2,6
|
2,8
|
5,4
|
5,1
|
2,9
|
2,2
|
Шілде
|
3,6
|
5,6
|
2,8
|
2,7
|
3,8
|
4,2
|
3,3
|
3,2
|
Сурет№1
1.4. Абаттандыру мен көгалдандыру элементері
Ғимараттың ауласын көгалдандыру құрамына жер үстiн жабу құралдары, декоративтiк көгалдандыру, күрделi емес құрылыстар, шағын сәулет түрлерi, сыртқы жарықтандыру және басқа да құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылды.
Бұл жерде шағын сәулет түрлеріне декоративтiк сипаттағы және пайдалануға жарамды сипаттағы объектiлер: гүлзарлар, орындықтар, жәшiктер, балалардың ойнауына және ересек адамдардың демалуына арналған жабдықтар мен құрылымдар қосылған.
Ғимараттың ауласындағы ағаштар мен бұталы ағаштарды орналастыру демалатын жерді қорғау, күн сәулесінен сақтау, шаңнан қорғау мақсатында қолданылады. Барлық көгалдардың сорттары берілген климаттық жағдайға сәйкес таңдалған.
Жер теліміндегі санитарлық гигиеналық ахуалды барынша жақсарту және келушілер мен қызметкерлердің демалысын дұрыс өткізу мақсатында құрылыста аумақты жинастыру, көрiктендiру нысандары мен элементтерiн
пайдалану, санитарлық ұстау, жөндеу және қорғауды ұйымдастыру жолымен шешілген.
1.5. Бас жоспардың техника-экономикалық көрсеткіштері
Кесте 2.
Негізгі технико-экономикалық көрсеткіші
Достарыңызбен бөлісу: |