Жoбaның тeхникa-экoнoмикaлық көpceткiштepi
№
п/п
|
Aтaлуы
|
Өлшeм бipлiгi
|
Caны
|
Eceптeу мeтoдикacы
|
1
|
Құpылыc ғимapaтының көлeмi
|
м3
|
6345
|
|
2
|
Ғимapaттың aудaны
|
м2
|
875
|
|
3
|
Құpылыcтың жaлпы бaғacы
|
мың тeңгe
|
|
Фopмa 1
|
4
|
Oбъeкттiң cмeтaлық бaғacы
|
мың тeңгe
|
236304,55
|
Фopмa 3
|
5
|
Жaлпы құpылыcтық жұмыcының cмeтaлық бaғacы
|
мың тeңгe
|
187189,59
|
Фopмa 4
|
6
|
Жaлпы құpылыcтық жұмыcының нopмaтивтiк eңбeк көлeмi
|
aдaм-күн
|
56570
|
ТХ-1 пapaғы
|
7
|
Құpылыc ғимapaтының ұзaқтылыығы:
-нopмaтивтi
-жocпapлық
|
aй
aй
|
9,0
6,2
|
ТХ -1 пapaғы
|
8
|
ҚМЖ бoйыншa өндipу
|
тeңгe
aдaм-күн
|
23353
|
п.5
п.7
|
9
|
Құpылыcтың экoнoмикa-лық эффeктiciнiң қыcқap-тылу уaқыты
|
мың тeңгe
|
3601,49
|
Эф=УПP∙НP
(1tф/tн)
|
Эф = УПP × НP ×(1 – tф/tн) (4.1)
мұндaғы Эф – қaбылдaнғaн инжeнepлiк шeшiмдepдiң экoнoмикaлық эффeктici;
УПP –шapтты тұpaқты шығындap, Упp=0,5;
НP– қocымшa шығындap (4-шi фopмa);
tф – құpылыcтың нaқты уaқыты tф=12 aй;
tн– құpылыcтың нopмaтивтiк уaқыты tн=8,9 aй;
Эф = 0,5 × 56876,88 ×(1 – 8,3/9 ) = 3601,49 мың тeңгe.
7. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
7.1. Жалпы ережелер
Жер жұмыстарын жүргізгенде техника қауіпсіздігі РК ҚНЖЕ 3-А11 –У бойынша қатаң түрде жүргізіледі. Жер асты жұмыстарын бастамас бұрын жер асты комуникациялардың орналасу жоспарымен танысып, орналасуын анықтаймыз. Жерді қазу туралы рұқсат аламыз, жерді қазуды осы мекеме өкілінің қатысуымен жүргіземіз.
Жұмысшылар шұңқырға арнайы саты арқылы түседі, оның ені 0,75м кем болмауы керек, ал енсіз арықшаларға арнайы сатымен түседі. Жұмысшылар жер қазатын машиналар жұмыс алаңынан белгілі қашықтықта болады. Бұл маңайда жұмыс істеу қауіпті. Жердің қыстың күні қатып калмауы үшін мұзды ерітінділер пайдаланған жағдайда, жұмысшылар арнайы киім пайдаланады. Ол арнайы киімдер: брезент костюм, қолғап, резинке етік, қорғағыш көзілдірік.
Жұмысында денсаулыкқа зиян улы заттар бөлінетін материал пайдаланғанда арнайы киім пайдаланады, әр түрлі еденді салу жұмысында адам денсаулығына зиянды:
-материалдар
-қолмен істейтін машиналар қолданылады.
Сондықтан еденді салатын жұмысшы арнайы дайындықтан өтуі
қажет. Дайындықтан өтілетін сұрақтар.
|
|
|
|
|
ДЖ 141800006.21
|
Өлш.
|
Пар.
|
Құжат №
|
Қолы
|
Күні
|
Студент
|
Берікқожа Ұ.
|
|
|
Жетекші
|
Мамбетияров Е.
|
|
|
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
|
әдебиет.
|
бет
|
беттер
|
ЦӘК төрайымы
|
Мамбетова Р.С
|
|
|
О
|
|
|
Рецензент
|
Юсупов А.Ж.
|
|
|
ЖПЖК
4АХТ-17-1
|
Кеңесші
|
|
|
|
|
|
|
|
-жұмыс орнын ұйымдастыру
- материалдармен қалай жүмыс істеу
-құрал жабдыкпен қалай жүмыс істеу.
Қолмен жұмыс (істеу) істейтін машиналармен жұмыс істемес бұрын, машинаның дұрыс жұмыс істеуі тексеру. Машинаның корпусы жерге қосылуы қажет, демалыс уақтысында машина өшіріліп қойылады.
Мастиканы қыздыру тек қана көзілдірікпен жүргізіледі. (себебі жану және атылу қауіпсіздігі бар).
Еденді салу және распиратор пайдаланылады.
Респиратор мен көзілдірік сырлау жұмыстарының үй ішінде ауа қысымымен жұмыс істейтін апаратпен, тез ұшатын қоспалары бар материалдармен істеген жағдайда беріледі.
Ауа қысымымен жұмыс істейтін апарат жұмыс басталмас бұрын қажет қысым мөлшерінен бір жарым есе артық қысым мөлшерінен қысым беру арқылы тексерледі.
Жарылыс, өрт қауіпі бар материалдармен бөлме ішінде жұмыс істегенде:
-темекі тартуға
-ашық отты пайдалануға
-дәнекерлеу жұмысын жүргізуге болмайды.
Осы материалдар жабық ыдыста, үй ішінде, бір қалыпты температурада сақталынады. Сақталыну орны өртке қолданатын жабдықпен жабдықталуы тіис.
Терезе шынысын салу жұмыстарын тек СНиП III-А 11 -70 талаптарына сәйкес жүргізіледі.Терезе шынысын салу жұмыстарын қауіпсіз жағдайда орындау мақсатында бұл Жұұмыстар арнайы дайындалған орында жүргізіледі.
Кесілген шыны құрылысқа арнайы қобдиша мен контейнермен жеткізіледі.Контейнерлер немесе қобдишалар бір қатардан аспай жиналуы тиіс. Біздің жобада шыны жұмыс орнына механизаторланған жолмен беріледі. Шыныларды беру орнын қоршап, сақтау белгілерін койып аудандық ары-бері жүруін тоқтатып, қосымша қадағалап отырады. Жылытқышты шынылау кезінде арнайы мұнаралы сатылар пайдаланылады.
Жұмысты жүргізудің қауіпсіздік талаптары ҚНжЕ 01.03-2002ж. нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Бұл нормалар мен ережелер жаңа құрылысты салғанда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды, ғимараттарды және үймәреттерді қайта құрылымдағанда, кеңейткенде және техникалық жағынан қайта жарықтандырғанда құрылыстық-жинақтау жұмыстарын жүргізу процесінде сақтау, сондай-ақ жұмыстарды жобалау кезеңінде ескеру керек..
Жер беті үстінен, аражабыннан немесе жұмыстық төсемнен 5м-ден аса биіктікте орындалатын, олардың үстінен құрылымдарды тікелей жинақтау немесе жөндеумен жүргізілетін жұмыстар жоғары биіктікте істейтін жұмыстар деп аталады, бұл жағдайда жұмысшыларды биіктен құлаудан аман сақтайтын негізгі жабдыққа сақтандырғыш белбеу жатады.Құрылыс алаңшасындағы барлық адамдар МСТ 12.4.87-84 бойынша қорғаныш каскаларыне киюі тиіс.
Арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді және басқа жеке қорғану жабдықтарының берілуі және құрылыс объектілерінде жұмыс атқарып жатқан жұмысшылар, басшылар, мамандар және қызметкерлер санитарлы-тұрмыстық бөлмелермен қолданылатын нормаларға, сондай-ақ ҚНжЕ 2.09.04-84-ге сәйкес қамтамасыз етілуі керек.
Әрбір құрылыс объектісінде дәрі-дәрмектері бар қорапшалар, зембілдер, зақымдандарға алғашқы көмек көрсетуге керекті жабдықтарды орналастыру үшін бөлмелер немесе орындар болу қажет.
Құрылыс алаңшасындағы барлық жұмыскерлер сумен қамтамасыз етілуі, судың сапасы санитарлық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Суы бар қондырғыларды жұмыс орындарынан көлденеңі бойынша 75м-ден аспайтын қашықтықта, ол тік қалпы бойынша 10м-дегі биіктікке орналастырылады.
Бас мердігерлік құрылыс ұйымының басшылары өз бақылауларындағы объектілерде жұмыс істейтін барлық өздерінің бөлімшелерін және жәрдемші мердігерлік ұйымдарын ауа райының шұғыл өзгерістері туралы уақытында хабарлап айтуы тиіс.
Жаңадан жұмысқа тартылған жұмысшыларды жұмысқа жіберер алдында ұйым басшысы МСТ 12.0.004-90-ға сәйкес еңбек қауіпсіздігі бойынша оларды оқытуды және нұсқа өткізуді қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
Жұмыстар жүргізілгенде жарылысқа қауіпті және улағыш қасиеттері бар полимер материалдарды және бұйымдарды, қолданудың тағайындалған тәртіпте бекітілген нұсқауларымен таныспай, пайдалануға руқсат етілмейді.
Полимер материалдарды және олардан жасалған бұйымдарды, тек қана ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Уәкілетті органының санэпидқадағалау органдарының руқсатымен, сондай-ақ, өртке қарсы қызметінің өрт жарылысқа қауіптілігі мен оларды қолдану саласына сәйкестік сертификаты және қортындысы бар болғанда ғана қолдануға болады. Құрылыстық алаңшаны ұйымдастырғанда, жұмыс бөлімшелерін, қауіпті жұмыс орындарын, құрылыс машиналары мен көлік құралдары жүру жолын, адамдар өту жолын орналастырғанда, олардың ішінде тұрақты түрде немесе әлеуітті түрде факторлар әрекет етуі мүмкіндігі шегінде адамдарға қауіпті аймақтар белгіленеді.
Қауіпті аймақта қауіпсіздік белгілерімен және тағайындалған қауіпсіздік шартты белгілері жазуларымен таңбайшалар ілінуі тиіс.
Үстінен жүккөтергіш кранмен жүктерді жылжыту жүргізілген жерлердегі, сондай-ақ турғызылып жатқан ғимарат жанындағы қауіпті аймақтардың шекаралары жылжылатын (құлайтын) жүктің (заттың) ұшып түсуінің есептік қашықтығына үлкейтілген, ең үлкен сыртқы габаритінің траекториясының жерге горизонталь проекциясымен анықталады.. жүктің мүмкін болатын құлау биіктігі 10м-ге дейін ұшып түсудің ең аз қашықтығы кранмен жүкті жылжытқанда 4м, ал ғимараттан заттардың ұшып түсуі 3,5м сәйкес алынады.
Құрылыс алаңшасына кірер жерде көлік құралдарының қозғалу схемасы орналасуы тиіс, ал жолдармен өтіп жүру жерлер жиектерінде КРІІМ бекіткен жол қозғалысы Ережелеріне сәйкес көліктік құралдардың қозғалыс тәртібін белгілеп бағыттайтын анық көрінетін жол орнатылады.
Автотранспорттың қозғалыс жылдамдығы жұмыс жүргізу орындарындағы 10км/сағ, ал бұрылыстарда 5км/сағ аспауы тиіс.
Биіктігі немесе тереңдігі 25м және одан үлкен ғимараттар мен үймәреттерді салғанда жұмыс орындарына жұмысшыларды көтеру мен түсіру үшін жүргіншілік немесе жүктік-жүргіншілік көтергіштерді (лифттерді) қолдану қажет.
Орнатылған арнайы кабиналары жоқ крандармен адамдарды көтеруге руқсат етілмейді, ол үшін Мемтехқадағалау органдарымен келісілуі тиіс.
Жұмыстық орындар және оларға 1,3м және одан үлкен биіктіктегі өту жолдары және биіктік бойынша айырма шекарасынан 2м-ден кем қашықтықтар МСТ 12.4.059-89-дың талаптарына сай уақытша қоршаулармен қоршалады.
Жұмыс орындарына материалдарды, құрылыс құрылымдарын және жабдықтар түйіндерін, жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық реттілікпен берік жүру. Жұмыс орындарында материалдарды және жабдықтарды жұмысты орындағанда олар қауіптілікті тудырмайтындай және өту жолдарын тарылтпайтындай етіп жинақтауы тиіс.
Жеңіл тұтанатын немесе жарылысқа қауіпті заттары бар материалдарды және үйін-жинау жерлерінен 50 метрден кем радиуста ашық түрде отты пайдалануға болмайды.
Жарылысқа қауіпті немесе зиянды заттарды бөліп шығаратын лакты, бояйтын, оқшаулағыш, әрлейтін және басқа материалдарды аусымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жұмыс орындарында сақтауға руқсат етіледі.
Жүргізуді бастаудан бурын жерасты коммуникациялары пайдаланатын ұйымдар арқылы еңбектің қауіпсіздік шарттары бойынша дайындық жасалып келісілуі тиіс, ал жерасты коммуникациялары бар жерде тиісті белгілер қойылады.
Ойындылары 0,5 метрден аспайтын тереңдікке жоғарыдан төменге қарай бағытта орнату, ал қайта көшу барысындағы бекітпелерді жайғастыруды төменнен жоғары қарай бағытта жүргізу.
Бекітусіз тік қабырғалары бар орларды тұтасқан топырақта (саздақты, балшықты) роторлық және орлық экскаваторлармен жайғастыру 3 метрден аспайтын тереңдікке дейін руқсат етіледі, ал жұмысшылар болуы талап етілетін жерлерде орлар мен құламалар бекітіліп жасалады.
Тереңдігі 1,3 метрден үлкен қазаншұңқырлар немесе орларға жұмысшыларды жіберудің алдында, құламалар немесе қабырғалар бекітіледі, олардың орнықтылығы тексеріледі.
Ғимараттардың қабырғаларын жұмыстың төсеніш 0,7м биктікке қалағанда және оның деңгейінен турғызылып жатқан қабырғаның арғы жағынан жер үстіне (аражабынға) дейін 1,3 метрден артық қашықтықты, қоршау немесе ұстап құлағыш құрылғылар немесе сақтандырғыш белбеулер қолданылады.
Биіктігі 7 метрден асатын қабырғаларды қалағанда ғимарат периметрі бойынша күнқағарлар болуы тиіс, ені 1 метрден кіші болмауы тиіс, қабырғаның төменгі бөлігі мен күнқағар үсті бұрышы 110 еңістікпен орнатылады , ал ғимарат қабырғасы мен күнқағар төсеніш аралығы саңлауы 50мм-ден аспауы тиіс.
Құрылыс алаңшасы аумағы шегінде табиғи тастарды арнайы бөлінген орындарда өңдеу керек, бір-бірінен 3 метрден кіші қашықтықта орналасқан жұмыс орындары қорғаушы экрандармен бөлінеді.
Тасқұйма темірбетон құрылымдарды турғызу үшін қолданылатын қалыпты, белгіленеген тәртіпте бекітілген жұмыстарды жүргізу жобасына сай жасау және қолдануымыз керек.
Жұмысты жүргізу жобасында қарастырылмаған жабдық пен материалдарды қалыпта орналастыруға, әрі жұмыстарды жүргізуге тікелей қатысы жоқ адамдарды қалып төсемінде болуына руқсат етілмейді.
Бетондық қоспаны дірілділіктұмсықтармен салу алдында дірілділіктұмсықтың барлық звеноларының өзара және сақтандырғыш арқанға бекітілуінің дұрыстығы мен сенімділігін тексеріп алу.
Бетонды қауғадан немесе шанақтан салғанда, қауға немесе шанақтың төменгі ерлеуі мен алдында төселген бетон немесе оған бетон салынатын бет үстінен арақашықтығы 1 метрден кем болмауы тиіс.
Бетондық қоспаны химиялық қосымшалар пайдалану арқылы, жұмыс істеушілердің терісі қуюін және көздері зақымданбауын болдырмау үшін қөзәйнектер, қолғаптар, арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі қажет.
Бетонтасушыларды қысымды ауамен тазалағанда уақытта, осы операцияға тікелей қатыспайтын жұмысшылар 10 метрден кем емес қашықтықта тұру қажет.
Жинақтау жұмыстары жүріп жатқан жерде басқа жұмыстарды орындауға және бөтен адамдар туруға болмайды.
Қоршаған ортаны қорғау
Біздің елімізде қоршаған ортаны қорғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі заңдардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.
Табиғат экологиялық процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтық жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерішң зардаптарын көре білу керек.
Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.
Табиғаттың шынайы келбетін сақтауды қамтамасыз етуде құрылыс-жинақтау жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-теңдігін бүзуға әкеліп соғады.
Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялық іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау қажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұрақты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздестіру жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және көшкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және басқа да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздестңру жұмыстары аяқталғанынан кейін шурфтарды және басқа қосымша қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Құрылыс алаңы тал-шіліктерден және бағалы емес ағаштардың түрлерінен тазартылады, бүл жұмыс құрылыс салынатын территория ішінде жүргізіледі. Құрылыс алаңын дайындағанда топырақтың өсімдік өсетін қабаты өте ұқыптылықпен алынып, құрылыстың басқа жерлерінде немесе басқа учаскелерінде көгалдандыру мақсатында пайдаланылуға тиіс. Ағаштардың түптерін атжалдағы топырақтармен жабуға болмайды, өйткені кейбір ағаш тұқымдары одан қурап қалады.
Жерасты коммуникацияларын жобалау және тарту жұмыстары құрылыстың бас жоспары бойынша жүргізіліп, жоба қатаң сақталуы керек. Жер жұмыстарын, оның ішінде іргетастар меп жертөле қүұылыстарын салу жобадағы белгілерге сәкес қатаң сақталып, жүргізілуге тиіс.
Тұрақты немесе уақытша орнатылған су деңгейін темендеткіш қондырғы дренаждың өсімдіктердің өсіп-өнуіне әер етуіне қарай 300 метрге дейін орналастыру керек.
Құрылыс машиналары, механизмдер мен автотранспорттың жұмыс істеу аймағында ағаш діңгектерін қоршау мен қорғау қажет. Тал ағаштардың және бұталардың діңгектеріне топырақ үйуге тыйым салынады.
Бөлмелерді тазалау кезінде қоқысты жоғарғы қабаттардан жабық лотоктармен шығару қажет.
Қоқысты құрылыс алаңында өртеуге тыйым салынады.
Битумды сұйық отынмен жанатын арнайы қондырғыларды қыздырып, атмосфераға қатты зат қалдықтарын жіберуге жол бермеу қажет. Атмосфераға газды қалдықтарды нормадан тыс жіберетін қозғалтқыштармен жұмыс істейтін құрылыс машиналары мен автотранспорттың жұмыс істеуіне жол бермеу қажет.
Құрылыс алаңындағы тротуарлар мен сүрлеу жолдарды құрылыс кезінде шағал тастан жасап, қалыпты жағдайда ұстап тұру қажет.
Құрылыс алаңына түйісетін арық жүйесін үнемі таза және қалыпты жағдайда ұстау қажет.
Қорытынды
Бүгінгі таңда, елімізде әр түрлі жасөспірім орталық т. б. ғимаратардың құрылысы көптеп жүргізілуде. Бұл ғимараттарды қолдану аясы өте көп, сондықтан дипломдық жобаның тақырыбы ретінде Тараз қаласындағы 2 қабатты жасөспірім орталық құрылысы алынды.
Жобаланатын ғимараттың пішіні және бөлмелердің орналасуы бүгінгі таңда қойылатын талаптарға жауап береді, сапасы жоғары материалдар және құрылыс жұмыстарының ең тиімді және қолайлы тәсілдері қабылданылды.
Ғимаратқа жылу сақтайтын материалдарды, жаңа технологияны қолдана отырып, жасөспірім орталық ішіндегі жылуды қамтамасыз етудің барлық әдістерін қолдану қарастырылған.
Есік, терезелер ағаштан емес, қазіргі заманғы жаңа материал – металпластиктен жасалады. Себебі бұл материалдар жеңіл,төзімді, әрі сыртқы түрі тегіс және әдемі. Металпластиктен жасалған терезелер бөлме ішіндегі жылуды жақсы сақтайды, шуды өткізбейді, пайдалану кезінде қосымша шығынды қажет етпейді, яғни жыл сайын әрлеп бояудың қажеттілігі жоқ. Ғимараттың 1-2 қабатарының бір жақ қабырғасы шынымен қапталған. Сыртқы және ішкі су, жылу жүйелеріне пластмасса құбырларды қолдануға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда бұл материалдар бағасы темір материалдарға қарағанда арзан. Құрастыру барысында еңбек шығыны 1,5-2 есеге дейін төмен. Сонымен бірге құрастыру қондырғылары тасымалдауға жеңіл, алдағы уақытта пайдалану кезінде қосымша шығынды қажет етпейді, яғни жыл сайын әрлеп бояуды қажет етпейді
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Інкәрбеков Н. «Архитектура». оқу құрамы Көкшетау. 2003ж.
3.Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің технологиясы( курстық және дипломдық жобалау) Алматы.1996 ж.
3.Гельфонд А.Л. . «Архитектурные проектирование общественых зданий и сооружений». М. «Архитектура-С»,2006г.
4. Маклакова Т.Г. «Архитектура гражданских и
промышленных зданий». М. Стройиздат,1981г.
5. Шерешевский И.А. «Конструкций гражданских зданий»
Л.Стройиздат, 1981г.
Қосымша әдебиет:
1.ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2016. Жылу техникасы. – Алматы 2016ж.
2.ҚР ҚНжЕ 3.02-03-2015. Қоғамдық үйлер мен ғимараттар. – Алматы 2015ж.
3.ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2014. Шатырлар және жамылғылар.
4.ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2014. Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және қорғау– Алматы 2014
5. СНиП РК 3.02-02.-2009«Общественые здания и соружения» Астана 2010г.
6. СНиП РК 3.01-01-2008 «Градостраительство. Планировка и застройка городских и сельских населенных пунктов» 2006г.
7. Маклакова Т.Г. и др. Архитектура гражданских и промышленных зданий – М.:Высшая школа,1990
8. Маклакова Т.Г. и др. Конструкции гражданских зданий – М.: Стройздат, 1986
9. Педош М.П. Экономика строительства – М.: Стройздат, 1987
10. Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің технологиясы (курстық және дипломдық жобалау) Алматы: Ана тілі, 1996
11. Хамзин С.К. Үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясы. – Алматы:Ана тілі,1996
12. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2001 Тұрғын үйлер – Алматы,2002
13. ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002. Жылутехникасы. – Алматы,2002
14. ҚЗ ҚНжЕ 2.04-01-2001 Құрылыс климаталогиясы. – Алматы,2001
15. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001 Қоғамдық үйлер мен ғимараттар. 2001
16. ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2002 Шатырлар және жамылғылар
17. СНиП 3.03-01-84. Бетонные и железобетонные конструкции –М,: Стройздат.1985
18. СНиП 2.01.07-85 Организация строительного производства – М.: Стройздат, 1986
19. ҚР ҚНжЕ 1.02-05-20017 Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және қорғау. – Алматы, 2001
20. СНиП 2.01.01-85 Нагрузки ивоздействия – М.: Стройздат,1986
21. ГОСТ 30494-96. Здания жилые и общественные. Параметры микроклимата в помещениях.
Достарыңызбен бөлісу: |