Сәулет өнерінде негізгі көңіл бөлінетін және міндетті түрде оң шешімін табатын төмендегідей басты бағыттар



бет6/8
Дата31.12.2021
өлшемі159,6 Kb.
#22312
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Диплом теория дүрыс 2021-1[1]

4. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Кез келген ғимаратта ішкі климаттық орта (микроклимат) адамдардың көңіл-күйіне және өзіндік мінез-құлығына басты әсер етуші фактор болып табылады. Микроклиматтық орта жасанды әсерлердің (күштердің) көмегімен жасалынатын дүние (ішкі температураны сақтау, желдету, жасанды жарықтандыру, ауаны кондиционерлеу және т.б.) болып табылады. Бірақ та, мәселені шешудің мұндай жолы құрылыс кезінде қосымша қаржы шығындарына ұрындырады. Сондықтанда микроклиматты жасанды жолмен жасау, аса жауапты қоғамдық үйлер мен ғимараттарда қолданылады. Жалпы құрылыста ішкі микроклимат, архитектуралық жоспарлау және конструкциялық шешімдерді тиімді түрде пайдалана отырып, қарапайым әдістермен іске асырылады. Бөлмелердегі климаттық жағдайларды реттеудің, мұндай арзан және радикалды жолдары табиғи энергия көздерінің (күн сәулесі, ауаның ылғалдылығы мен температурасы, жел күші, жауын-шашын)мол қорын тиімді түрде пайдаланумен тікелей байланысты.

Энергия көздерінің табиғи көздерін тиімді пайдалану проблемаларын тиімді түрде шешу, әр түрлі табиғи климаттық жағдайлары бар біздің мемлекетіміз үшін маңызы өте зор
4.1.Қабырғаның жылу техникалық есебі

Қоршайтын конструкциялардың өлшемдерін білу үшін жылу техникалық есеп жүргізіледі. Қоршайтын конструкциялар жылу техникасына қатысты келесі талаптарды қанағаттандыру қажет:


















ДЖ 1418000 06.21

Өлш.

Пар.

Құжат №

Қолы

Күні

Орындаған

Берікқожа Ұ.Қ.







Жетекші

Мамбетяров Е.







ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ



әдебиет.

бет

беттер

Рецензент

Юсупов А.Ж.







О







Кеңесші










ЖПЖК

4АХТ-17-1



ЦӘК төрайымы

Мамбетова Р.С.



















1.қажетті жылуайырғыш қасиеті болуы;

2.пайдалану барысында ішкі температурадан қабырғаның ішкі бетінің температурасының айырмасы көп болмау қажет;

3.қоршау ылғалдылығы минималды болу қажет, себебі ылғалдану жылуайырғыштың қасиетін азайтады.

Қысқы сыртқы температура:

Суық тәуліктегі температура -24°С.

Ең суық бес күндіктегі температура-21°С.

Ішкі есептік температура +160C.

Нормаланған температура периоды - Δtⁿ = 6°C; коэф.n = 1,

Жылудың қайту кедергісі : Rn = 0.133 м² град/ ккал.

Қоршау конструкциясының жылу берілісіне кедергісі мына формуламен анықталады:

Тр n ( t1- t2) (16+24)· 0.133

Rc = ————— = ——————— = 0.886м² · град/ккал

Δ t1 αα1 6

Қоршау конструкцияларының жылу жылу энергиясы Д мына формуламен анықталады:

Д= R1 х S1 + R2 x S2

R1 R- қоршау конструкциясының бөлек беттерінің термиялық кедергісі.

S1 S2- қоршау конструкциясының бөлек беттерінің, қабаттарының жылу өтуінің коэфиценті;
δ

R= -


λ

δ -қабат қалыңдығы

λ- қабат материалдарының жылу өткізгіштік коэфиценті.

S2 = 6,36 Вт/м² °С; λ= 0,76Вт/м² °С;

S1 = 9,6 Вт/м² °С; λ= 0,76 Вт/м² °С;

0.6152


R1 = ———,04 м² °С/ Вт

0,76


0,22

R1 = —— = 0,50 м² °С/ Вт

0,44

Д= R1 · S1 + R2 · S2 = 0,04·9,6+0,5·6,36= 0,38+2,48 = 3.56



1,5 <Д<4 болғанда,судың тәулік температурасы t= -21 °С ;

Жылу беріліс R0 кедергісі.

1 1 1

R0 = — +E+R+ — + R1 + R2 +— : αc = 23



αβ αβ αн
1 1

R0 = — + 0.04+ 0.5 +— = 0,11+0,43+0,04 = 0.66м² °С/ Вт,

αβ аа 1(24+16) 40

R0 = ‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾‾ = ‾‾‾‾‾‾‾‾ = 0.66 м² °С/ Вт,

7*8.7 60.9

oаж


R0 > Ro = 0.69>0.66

Қабырға қалыңдығын анықтау

τ 1 0,02

δ=[R0 - Rb +Rn +— ﴿λ1 =[0,886-0.144+0.05+—— ﴿]·0,76=0,642м.

I2 0,7
Сондықтан қабырға қалыңдығын 0,64м =64см деп қабылдаймыз.
4.2 Бөлмені жарықтандыру

Қоғамдық үйлердің бөлмелерін жарықтандыру олардың интерьерлерінің архитектурасымен тығыз байланысты. Жарық шашқыш беттер, жарық түсетін ойықтар, жарық бергіш құрылғылар бөлме интерьерінің негізгі детальдары (бөлшектері) және олар архитектуралық, утилитарлық талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Адам үшін ең ыңғайлы және дұрысы табиғи жарық болып табылады. Сондықтанда табиғи жарықтың сипаттамалары (жарықтығы, спектрі, айқындылығы және т.б.) жасанды жарықтандыруды іске асыру үшін негізгі бастапқы нүкте болып табылады. Қазіргі заманғы жарықтандыру техникалары саласындағы техникалық прогресс нәтижелері жасанды жарықтандыру саласында үлкен мүмкіндіктерге жол ашуда. Осындай мүмкіндіктердің бірі құрылыс саласында бөлмелерді әрлеуде жарық сәулесін шашатын және техникалық сипаттамасы бойынша табиғи жарыққа ұқсас беттерді (қабырға беті) қолдану үрдісі болып табылады.

Жоғарыдағы айтылғандардан шығатын түсінік қоғамдық үйлер мен ғимараттарда, бөлмелерде қолданылатын жасанды жарықтандыру, бөлмелердегі көздердің қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік беруші және табиғи жарықтың толықтырушысы болып табылады.

Бөлмелердің қолданылатын орнына байланысты жарық бергіш аймақтардың (терезелер, фонарлар) түрлері, өлшемдері төмендегідей шарттарға байланысты қабылданады:

Көз көру жұмыстарының комфорттық жағдайы;

Бөлменің жарықпен барынша қанығуы және қоршаған кеңістікті көрудің әсерлігі;

Жарық бергіш ойықтардың архитектуралық және конструкциялық шешімдерін тағайындау ісінде міндетті түрде құрылыс соғылатын орынның климаттық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Интерьердің әсерлілігі, оның кеңістіктік тереңдігі, бөлмедегі адамдардың көріністерді қабылдау әсерлігі негізінен басым көпшілік жағдайларда бөлмелердің жарықпен қанығу дәрежесіне және адамның көру аймағында орналасқан беттердің жарықтануының өзара қатысына байланысты.

Бөлменің жарықпен қанығуы тек қана жарықтану деңгейін көтерумен ғана шектелетін мәселе емес, өйткені осымен қатар беттердің (қабырға,еден, төбе) жарықты қайтару (шағылысу) коэффициенттеріне де өте тәуелді. Табиғатпен үйлесу (ашық жарық аспан, жарықтығы сәл төмен көлбеулік (горизонт) қараңғылау жер интерьерді әрлеуде төменгідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.



  • Интерьерде негізінен жарығырақ түс (бояу) бөлменің төбесіне қолданылады (аспан); оның жарықты шағылдыру коэффициенті 0,7-0,8 аралығында болғаны жөн, мұндай мүмкіндікті толық пайдалану үшін бояу ретінде ақ түстерді қабылдаған жөн;

  • Ал қабырғаларды хроматикалық немесе ахроматикалық жартылай жарық түстерімен әрлеген дұрысырық болады, жарықты шағылыстыру коэффициентері 0,4-0,5 аралығында болғаны жөн.

Бөлме интерьерін осындай әдістермен әрлеу, жұмыс беттерінің жарықтануының өзара қатынастары көздің қалыпты қабылдауына мүмкіндік жасайды, Мысалы біз жобалап отырған мәдени-сауықорталығының негізгі бөлмесі мәдени-сауықзалдары болып табылады. Сондықтан мәдени-сауықзалының интерьерін шешудегі негізгі міндет ол залдағы тауарларды көруге ыңғайлы (оптималды) жағдай жасау болып табылады. Мәдени-сауықүйлерін пайдалану кезінде бөлмелердің, бөлімдердің қолданыс бағыты және жабдықтарды орналастыру тәртібі сан мәрте ауысады, сондықтанда негізгі элементтердің (еден, қабырға, төбе) жобаны жасау кезіндегі қабылдаған алғашқы шешімдерге бағындыру қажет.

Зал интерьерлерінде жиі ауысатын жарнамалық тақталарды қолданады, өйткені мұндай әрекеттер бөлмелер, бөлімдердің құрылыс бағыттарының жиі аысуына сәйкес келетін қарекет болады. Шынымен қоршаған кеңістіктердегі экспозицияларды ыңғайлы қалыпты жағдайда көру тек табиғи жарық түсіп тұрған тұстан (көше жақ беті) ғана емес, интерьердің кез келген нүктесімен қарағанда мүмкіндік жасауы қажет.

Витрина кеңістігіндегі жарнамалық тақталарда жасанды неон жарықтарын қолдануға ұсыныс жасалады, өйткені бұлай жасау электр энергиясын үнемді жұмсауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық үйлерде жасанды жарықтандыру үшін әртүрлі түстік сипаттамаларды (жарықтығы, жарықты бөлуі, сәуле шашу түстері) қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жарық беру құралдарын қолдану қажет.

Бөлмені жарықтандыруға қажет жарық көздерінің түрлері мен сандық сипаттамаларын тағайындауды меншікті қуат әдісімен жүргізген дұрыс

Бөлмені жарықтандыруға қажет жарық көздерінің түрлері мен сандық сипаттамаларын тағайындауды меншікті қуат әдісімен жүргізген дұрыс болып табылады және бұл сипаттаманы төмендегі формуламен анықтаймыз:

W0 = Wγ1*S, (3.5)

мұндағы:


W0 – интерьердің (бөлмедегі) жасанды жарық бергіш лампалардың жалпы қуаты;

Wγ1 – мөлшерленген жарық түсіру және бөлме өлмемдеріне байланысты анықталатын меншікті қуат мөлшершері. Бүл шама төмендегі 4. кесте бойынша анықталады (қабылданады)

S – жарықтандырылатын бөлменің еденінің ауданы (жарықтану ауданы)

Кесте 6


Люминесцентті лампалардың жалпы бірқалыпты жарық беруінің меншікті қуаты (Wγ)

Жарық бергіш құрал биіктігі (м)

Бөлме ауданы (м2)

Жарықтануы, лк

75

100

150

200

300

400

500

2 – 3

25-50

4,3

5,8

8,7

11,6

27,4

23

29

50-150

3,8

5,1

7,6

10,2

15,2

20,5

25

150-300

3,4

4,5

6,8

9

13,6

18

22

>300

3,1

4,2

6,3

8,4

12,6

16,8

21

3 – 4

30-50

5

6,6

10

13,2

20

26,5

33

50-120

4,3

5,8

8,7

11,6

17,4

23

29

120-300

3,7

5

7,4

10

14,8

20

25

>300

3,4

4,5

6,8

9

13,6

18

23

Лампаның қуатын (Wγ1) тағайындай отырып, олардың қажетті санын төмендегі формуламен анықтаймыз:



, (3.6)

мұндағы: сәйкесінше жалпы және меншікті қуат мөлшерлері алынады.

Есептеу үшін төмендегі бөлмелерді аламыз:

а) Кітапхана

б) Кафе

в) Хореографиялық зал

Лампалардың жалпы қуат мөлшері:

Кітапхана ;

Кафе ;

Хореографиялық зал ;

Жарық беруіш лампалардың қажетті сандары:

Кітапхана;

Кафе;

Хореографиялық зал



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет