Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында баяндама жасайды және 15 минуттан аспайды.
Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға сұрақтар немесе сөз сөйлеу түрінде қатысушылардың барлығы қатыса алады.
Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірді (қатысқан жағдайда ғылыми жетекші өзі сөйлей алады) және рецензияны оқиды. Пікірде және/немесе рецензияда ескертулер болған жағдайда студент олардың мәні бойынша дәлелді түсініктеме беруі тиіс.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Бұл ретте теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы назарға алынады.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының мамандықтары бойынша дипломдық жобаны қорғауды бағалау критерийлері Г, Д қосымшаларында келтірілген.
Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен әр студент бойынша жеке ресімделеді және олар өткізілген күні жарияланады.
2.1 Дипломдық (курстық) жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрылымы)
Дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі, әдетте, жетекшінің келісімі бойынша 60-90 беттерді құрауы тиіс. Дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне қосымшалар енгізілмейді.
Курстық жұмыстың (жобаның) көлемі, әдетте, жетекшінің келісімі бойынша 15-30 бетті құрауы тиіс. Аталған көлемге қосымшалар енгізілмейді.
Дипломдық (курстық) жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:
мұқаба;
титул парағы;
дипломдық (курстық) жұмысты (жобаны) орындау бойынша тапсырма);