Сезіну. Қабылдау. Ұсыну. Елестету. Ес және назар. Ойлау және сөйлеу. Сезіну туралы жалпы ұғым



бет4/14
Дата10.04.2023
өлшемі42,67 Kb.
#80828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Сезіну. абылдау. сыну. Елестету. Ес ж не назар. Ойлау ж не с й

4. Сезінудің негізгі заңдылықтары.
1.Адаптация –бейімделу. Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін қөрсетіп отырады. Түйсіктердің кез келгені адаптацияланады. Мысалы, көру түйсігіндегі адаптацяны алайық. Жарық жерден қараңғыға кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғыға кіргенде көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Иіс түйсіктеріндегі адаптация түрлі дәрежеде көрінеді.
2.Сенсибилизация –латын сөзі, қазақша мағынасы –«сезгіш». Сенсибилизация –сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс. Мысалы, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте қызыл түс адаиның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына көмектеседі .Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде көздеріне 20-30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
3.«Синестезия» –грек сөзі. Қазақша мағынасы –қосарланған түйсік.
Қабылдау
Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін білетін болса, қабылдауда заттың немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мыс: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған ағаш.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мыс; алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.
Түйсікте анализаторлар жеке жеке қызмет жасаса, қабылдауда- бірнеше анализатордың қызметінің нәтижесі.
Қабылдау дегеніміз- заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектер жиынтығымен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағында да болады.


Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.


1. Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар сыртқы түріне қарай бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрде қабылдаймыз. Мыс: үстел, шприц т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет