Сезіну. Қабылдау. Ұсыну. Елестету. Ес және назар. Ойлау және сөйлеу. Сезіну туралы жалпы ұғым



бет5/14
Дата10.04.2023
өлшемі42,67 Kb.
#80828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Сезіну. абылдау. сыну. Елестету. Ес ж не назар. Ойлау ж не с й

2. Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған объект тұтас болады, оның мән жайы сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Мыс: көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану немесе көп киім ішінен өз пальтоңды бірден тану оп оңай.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы- толып жатқан объектілердің бірін таңдап алудан көрінеді. Мұның мәнісі әрбір нәрсенің сапасын, қасиетін қабылдау болып табылады.
4. Қабылдаудың тұрақтылығы - сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттар сол күйінде, өз қалпында қабылданады. Мыс: телеграф бағаналары, темір жол рельсі.Адам баласында қабылдау тұрақтылығы 2-4 жас аралығында қалыптасады.
5. Қабылдаудағы иллюзия ( лат. тіл. ауд-алдану)- түрлі себептерге байланысты шындықтағы объекттерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды.Мыс. шай құйылған стаканға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы жатады.
6. Апперцепция (лат.тіл.ауд-қабылдауға қосымша) - қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы.


Байқау мен байқағыштық.
Байқау немесе бақылау дегеніміз- белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Көріп қана қою жеткіліксіз, затты білу үшін көзқарас, пікір керек. Байқау әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс, арнайы жүргізілетін әрекет.
Байқағыштық- адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрселерді, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Байқаудың физиологиялық негізі "бұл не?" деген таңдану рефлексі, яғни адамның жеке басына тән танып білуге қызығу мен құмарту қасиеті болып есептеледі.


Қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы.
Қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы оқу-тәрбие процесіне байланысты болады. Баланың жүйелі қабылдауы тәлім-тәрбие мен жеке пәндерді оқытып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып өрістейді.
Шәкірттердің қабылдау процесін дамыту үшін белгілі талаптар мен шарттар жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс. Ол үшін мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:
- көрнекі құралдарды қолдану;
- қабылданған нәрсенің мән-жайын, жалпы ерекше қасиеттерін түсінуді дамытып отыру;
- қабылданған нәрселерді салыстырып отыру;
- қабылданған нәрселердің мән мазмұнын, түр сипатын өздеріне қайталап айтқызу;
- байқағыштық қасиетін жетілдіріп отыру, дұрыс қабылдауға әдеттендіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет