е дыбысына жуық айтылады.
2) ӯ (ы) Орыс тілінің ы дыбысына ұқсас айтылады. Еріннің
қатысы әлсіз, кең ашылу позициясында түрады. Тілдің артқы шені
және дауыс шымылдығы өте қатты төмен түседі. Соның
нәтижесінде і-ä-u дыбыстарының арасында анық естілмейтін
дыбыс жасалады. «Кейбір диалектілерде дыбысталуы біршама ä (орыс тілінде э), басқа біреулерінде ӯ дыбысына жақын естіледі.
Созылыңқы ӯ(ы) дыбысы Абақан диалектілерінде кездесетін
дыбыс. Айтылуы жағынан ы дауысты дыбысына (бірінші
позицияда) өте жақын айтылады» /11,ХІІІ/.
3) ө дыбысын айтуда о және u дыбыстарын айту барысындағы
төменгі еріннің жоғарғы ерінге жетер-жетпес қалыбында тұруы
сияқты позицияда жүзеге асырылады. Дауыс шымылдығы сәл ғана
төмен түсіп, қысқа дыбысты сыртқа шығарады. Соның нәтижесінде
ауа ауыз қуысында тұрақтамай анық емес ағылшын тіліндегі
«Соrоl» сөзіндегі о дыбысына ұқсас болып айтылады.
4) ӫ
- дыбысы. Ғалымның пікірінше: «бір жағынан ерін ептеп
алға жылжыса, екінші жағынан дауыс шымылдығы баяу сәл
жоғары көтерілуі нәтижесінде толық емес комбинаторлық дыбыс
жасалады. Бұл дыбыс айтылуы жағынан ағылшын тіліндегі
«Іеаrnеd» сөзіндегі дыбысқа ұқсас болып келеді» /11,XIII/.
22
В.В. Радлов еңбектеріндегі ө және ӫ
таңбалары арқылы берілген
дыбыстарды белгілі бір диалектілерге қатысты жиі байқауға
болады. Бұл екі дыбыс та ғалымның пікірі бойынша Волга
диалектілерінде ғана кездеседі. Ғалымның пікірінше, басқа бірде-
бір түркі тілінің фонетикалық жүйесінде бұндай дауысты дыбыс
жоқ болса керек.
Айтылуы жағынан о және ö дыбыстарына жуық, бірақ еріннің
артикуляциясы о мен ö-ге қарағанда әлсіз. Бұдан басқа, әсіресе, ө дыбысын айтқанда тіл артқа қарай жиырыла жатады, өйткені бұл
дыбыс айтылуы ŏ және ў дыбыстарының аралығында тұрады.
Ғалымның тұжырымдауынша бұл екі дыбыс та жартылай қысаң
дауыссыз дыбыстарға жатады және ӫ дыбысы ө дыбысының
палатальды жұбы болып табылады.
в) Ерін артикуляциясы әлсіз дауысты дыбыстар.
«Дауысты u, ü, і, дыбыстарын айтқанда ерін артикуляциясы
әлсіз болып келеді. Сондықтан мен бұл дауысты дыбыстарды жеке
алып қарастырдым. Өзінің айтылуында әлсіз жасалуы жағынан
дауысты у дыбысына ұқсас”. Сөз ішінде көмескіленуі мен түсіп
калу ерекшелігін де ескерген ғалым өзінің «Солтүстік түркі
тілдерінің фонетикасында» осы аталған дыбыстар таңбаларының
үстінен қосымша ˘ таңбасын пайдаланып қолданғанын да
байқаймыз.
1) ǔ (ў) дыбысы u мен у арасында орналасқан.
2) ǚ (ӯ) дыбысы ö мен ị арасында орналасқан.
3) ĭ дыбысы ị мен у арасында орналасқан.
Жалпы жасалуында ерін артикуляциясы әлсіз байқалатын
дауысты дыбыстардың басқа ғалымдар еңбектерінде кездесетінін
ескеріп, В.В. Радлов төмендегідей түрлерін кесте арқылы көрсетіп
кетеді.
Ерін артикуляциясы әлсіз және
тіл қалыбы көрінбейтін.
Ерін артикуляциясы
әлсіз
у (ы) ị ө ӫ
ǔ (ў) ǚ (ÿ) ǐ
Брюке
ị
ü
і ọ ọ
e
ụ ụ
1
ị
Сиеверс о = ö =
u = ü = і
«Өзіндік ерекшелігі бар u - дыбысы Тараншы диалектісінде
кездеседі және ғалым оны ů (ỷ) арқылы көрсеткен. Бұл ů тек сөз
соңында ғана кезеседі. Еріннің алға қарай сүйірленіп. үшкірленіп
23
барып айтылатын созылыңқы айкын естілетін дыбыс болып
табылады, ů дыбысын айту барысында төменгі ерін баяу жоғары
ерінге қарай көтеріліп жабылады да, ауыз қуысы ауамен
толтырылады. u -дыбыс өзіндік үнсіз қалыбын толық сақтап оu-ге
жуық айтылып, айтылуы w дауыссыз дыбысымен аяқталатын
дыбыс болып табылады» /11,ХІҮ/.