Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

а        о    
 ä        ö 
y      u   
i     ü 
 
 
   
 
денталь 
лабиал 
ашық  
қысаң 
а     ä   
   y     і 
о          ö 
u         ü 
 
 
   
 
денталь 
лабиал 
гуттурал  
палаталь 
а         у 
ä         i 
о    u    
   ö    ü 
 
Сонымен  қорыта  айтқанда  төлеуіт  тілінде  дауысты  дыбыстар 
сандық  және  сапалық  тұрғыдан  алып  қарағанда  төмендегідей 
болып келеді: 
 
бір ашық денто-гуттурал дауысты дыбыс        а 
бір ашық лабиал – гуттурал дауысты дыбыс   о 
бір ашық   денто-палаталь  дауысты дыбыс     ä 
бір ашық лабиал- палаталь дауысты дыбыс     ö 
бір қысаң лабиал-гуттурал   дауысты дыбыс    у 
бір қысаң  денто- гуттурал   дауысты дыбыс    
бір қысаң денто-палаталь дауысты дыбыс        і 
бір қысаң  лабиал- палаталь  дауысты дыбыс  ü 


31
 
 
«Дауыс түтігінің шегі мен жымдасу орнының нәтижесінде пайда 
болатын дауыстылар үйлесілімділігі Төлеуіт диалектісінде дауысты 
дыбыстардың келесі үндесу зандылығына негізделген: 
а)  Бір  сөз  көлемінде  тек  палаталь  немесе  тек  гуттурал 
дауыстылар  қолданылады.  Атап  айтқанда,  егер  сөздің  алғашқы 
буынында  гуттурал  дауысты  дыбыс  тұрса,  онда  келесі  буындарда 
да  тек  гуттурал  дауысты  дыбыс  тұрады,  ал  егер  алғашқы  буында 
палаталь  дауысты  дыбыс  болса,  онда  келесі  буындарда  тек 
палаталь дауысты дыбыс қолданылады. 
б)  Ашық гуттурал дауысты дыбыстан кейін тек дәл сондай ашық 
гуттурал  дауысты  дыбыс  немесе  қысаң  гуттурал  дауысты  дыбыс 
қолданылады:  ал  ашық  палаталь  дауысты  дыбыстан  кейін  дәл 
сондай  ашық  палаталь  дауысты  дыбыс  немесе  қысаң  палаталь 
дауысты  дыбыс  қолданылады.  Бұл  қолданысты  келесі  тізбеден 
байқауға болады:  
 
Бірінші буындағы а - дан кейін тек  а, у, u келеді. 
Бірінші буындағы о - дан кейін тек  о, у, u келеді. 
Бірінші буындағы ä -  дан кейін тек ä, і, ü келеді. 
Бірінші буындағы ö - дан кейін тек  ö, ü, і келеді. 
(Әдетте  лабиал  дауыстыдан  кейін  өзіне  жақын  тұрған  қысаң 
дыбыс  қолданылады,  бұдан  басқа  о-дан  кейін  жай  у  дыбысы  да 
қолданылады.)» /11,7/.  
 
Міне жоғарыда келтірілген бұл зандылықтарға сүйенсек төлеуіт 
тілі  мен  басқа  түркі  тілі,  оның  ішінде  қазақ  тілінде  де 
дауыстылардың  сөз  ішінде  қолданысы  бір  қалыпты  екенін  аңғару 
қиын  емес.  Қазіргі  қазақ  тілі  вокализмі  де  осы  буын  үндестігі 
заңдылықтарға негізделген. Атап айтсақ: 
1.  Егер 
алғашқы  буында  ашық,  жуан  дауысты  дыбыс 
қолданылатын  болса,  онда  келесі  буында  не  ашық,  жуан 
дауысты  дыбыс,  не  қысаң,  жуан  дауысты  дыбыс  қолданылады. 
Мысалы, балаларға, қолданыс, жарылу т.б. 
2.  Егер алғашқы буында қысаң, жуан дауысты дыбыс қолданылса, 
онда келесі буындарда не. қысаң, жуан дауысты, не ашық, жуан 
дауысты  дыбыс  қолданылады.  Мысалы,  қыстау,  құдық, 
жұдырық, сырласмына т.б.  
3.  Егер  алғашқы  буында  ашық,  жіңішке  дауысты  дыбыс 


32
 
қолданылатын  болса,  онда  келесі  буында  не  жартылай  ашық, 
жіңішке  дауысты  дыбыс,  не  қысаң,  жіңішке  дауысты  дыбыс 
қолданылады.  Мысалы,  әсем,  кеме,  сөзде,  кереге,  есім,  жеңіс, 
егемен, т.б. 
4.  Егер  алғашқы  буында  қысаң,  жіңішке  дауысты  дыбыс 
қолданылса, онда келесі буындарда не қысаң, жіңішке дауысты, 
не  жартылай  ашық,  жіңішке  дауысты  дыбыс  қолданылады. 
Мысалы, кіндік, кіріс, кілем, міндет, күрес, сүрлеу, т.б. 
Сонымен  В.  Радловтың  қорытындыларына  сүйенсек  төлеуіт 
тілінің дауысты дыбыстар үндесуі заңдылықтары қазақ тіліне ұқсас
тіпті бірдей десе де болады. Айырмашылық, қазақ тілінде о лабиал 
дауыстыдан  кейін  екінші  буында  о  дыбысы  жазуда  да,  айтуда  да 
кездеспейді  және  о  дыбысынан  кейін  ы  таңбасы  екінші  буында 
қолданылғанмен  айтылуда  ерін  үндестігінің  әсерінен  ұ  болып 
естіледі. Мысалы, оқы (оқұ), қолды (қолдұ), отын (отұн) т. б. 
г)  Қысаң  гуттурал  дауысты  дыбыстан  кейін  дәл  сондай  қысаң 
дауысты  дыбыс  қолданылады  немесе  ашық  денто-гуттурал  а 
дыбысы қолданылады, ал қысаң палаталь дауысты дыбыстан кейін 
дәл  сондай  қысаң  палаталь  дауысты  дыбыс  немесе  ашық  денто-
палатальды  ä  дыбысы  қолданылады.  Оны    төмендегі  кестеден 
байқауға болады:  
 
Бірінші буындағы у - дан кейін тек у, u, а қолданылады. 
Бірінші буындағы u- дан кейін тек u, y, a қолданылады.  
Бірінші буындағы  i -ден кейін тек i,  ü, ä қолданылады.  
Бірінші буындағы ü -ден кейін тек ü, i,  ä  қолданылады. 
(Әдетте  қысаң  дауысты  дыбыстар  осы  лабиалитет  топ  ішінде 
қолданылады). 
 
Ғалымның  көрсетіп  отырған  бұл  заңдылығы  да  қазіргі  қазақ 
тілінде  еш  өзгеріссіз  сол  қалпында    байқалады.  Қазақ  сөзінің 
алғашқы буынында u (ұ) дыбысы қолданылса, айтуда келесі буында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет