Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет74/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
ызвуд» /40,37/
Араб және парсы тілдерінен түркі тіліне сөздердің  ену процесі 
«сонау  ҮІІІ-ІХ  ғасырлар  шамасынан  басталады.  ҮІІІ  ғасыр 
шамасында  арабтар  Орта  Азия,  қазіргі  Қазақстан  жерін  басып 
алып,  біраз  өмір  сүрген,  жаулап  алған  жеріне  өзінің  дінін, 
мәдениетін зорлап енгізген» /43,54/. 
Міне, сол кезеңнен бастап екі (араб  және түркі)  халықтарының 
арасында  қарым-қатынастың  тұрақталуы  нәтижесінде,  кейіннен 
араб  жазуы  негізінде  қалыптасқан  түркі  жазба  әдебиетінің 
салдарынан  түркі  тілі  араб-парсы  тілінен  көптеген  сөздерді 
қабылдай алды.  Бұл сөздер түркі  тілінің үндестік заңына бағынып 
кейбіреулері  тіпті  төл  сөздерден  ажыратуға  келмейтін  тұлғаларға 


114
 
айналып кетті, мысалы, айна, адам, бүкіл, дәм, жесір, кебеже т.б. 
Бүгінгі таңда жалпы қазақ тілінде қолданылып жүрген араб-парсы 
сөздерін  тілге  ену  барысында  фонетикалық  жағынан  түрлену,  не 
болмаса 
түрленбеу 
ерекшелігіне 
және 
үндестік 
заңына 
қатыстылығы тұрғысына қарап келесі топтарға жіктеуге болады: 
1.  Аралас  буынды  қалпын  сақтап,  тіл  үндестігі  заңына 
бағынбайтын  сөздер.  Олар  ақылгөй,  ақырет,  құрмет,  балгер, 
бейбақ, делдал, изафет, кафе т.б. 
2. Алғашқы  дауыссыз  дыбысы  түсіп  қалып  түркі  консонант 
жүйесіне  бағынған  сөздер.  Әдетте  бұл  топтағы  сөздерге  сөз 
басында  араб,  парсы  тілінің  һ,  х,  в  дыбыстарына  басталатын 
сөздерін  жатқызамыз.  Бұл  сөздер  түркі  тілдеріне  ену  барысында 
қазақ тілінде һ, в және х дыбыстарының қолданылмауы салдарынан 
түсіп  қалған.  Мысалы,  арам  (һарам),  айбат  (һейбәт),  ақиқат 
(һәқиқат), алқым (хулкум), әдіс (һәдіс), әл (һәл), оқиға (вақиа). 
3. Соңы  қос  дауыссызға  біткен  сөздердің  қазақ  тіліне  ену 
барысында  екі  дауыстының  кейінгісінің  түсіп  қалуы  арқылы 
айтылуы тұрақталған сөздер. Мысалы, ақ (әққ), әз (ызз), дос (дост), 
қас  (қаст).  Бірақ  сонымен  қатар  кей  жағдайда  бұл  тұлғаның 
сақталғандығы  да  байқалады.  Мысалы,  қазіргі  қазақ  әдеби  тілінде 
дос деген сөздің  тәуелденген екі досым және  достым тұлғасының 
кездесуі  бұған  дәлел  бола  алады.  Бұндай  сөздердің  қалыптасуы 
жайлы  П.М.  Мелиоранский:  «Если  слово  оканчивается  на  две 
согласные то киргизы или отбрасывают последнюю согласную, или 
вставляют  между  конечными  согласными  гласную.  Например, 
дост-дос, раст-рас» /19,70/ ― деп өз дәуірінде байқап қазақ тілінің 
ерекшелігін танытқан еді. 
4.  Қос  дауыссыз  дыбысқа  біткен  сөздерде  екі  дауыссыз 
дыбыстың  арасына  қысаң  дауыстылардың  килігуі  арқылы  жазба 
тілде  тұрақталған  тұлғалар.  Мысалы,  әділ  (әдл),  ақыл  (ақл),  араз 
(әрз), бақыт (бәхт), бәйіт (бәйт). 
5.  Сөз  ішінде  кірме  ф,  һ  дыбыстарының  түсіп  қалуы  арқылы 
тұрақталған сөздер. Мысалы, ара (әфре), сабаз (шаһбаз). 
6.  Сөз  ортасында  қос  дауыссыздың  арасына  дауыстының 
қыстырылуы арқылы түрленіп барып тұрақталған сөздер. Мысалы, 
атырап (арраф), әбігер (әбгәр), жәдігер (йадгер), мәкүрк (мәкруһ). 
7. Метатезалық алмасу арқылы қалыптасқан сөз. Мысалы, ауқат 
(әқуат). 
8.  Сөз  басында  басы  артық  дыбыстың  түсіп  қалуы  арқылы 
тұрақтанған сөздер. Мысалы, жамал (джамал), жан (джан), жебе 


115
 
(джебе),  зәбір  (джәбр).  Бұл  негізінен  ж  дыбысына  басталатын 
сөздермен ғана байланысты. 
9.  Сөз  ішінде  ф,  һ,  в,  дыбыстары  қазақтың  төл 
дауыссыздарымен алмастырылып икемделген сөздер. Олар:  уақыт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет