Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар



бет6/6
Дата15.12.2023
өлшемі50,23 Kb.
#139500
1   2   3   4   5   6
Қорытынды
Герольд Бельгер: «Ә.Кекiлбаевтың көркемдiк палитрасының қуаты мен қасиетi де осында – ол ежелгi аңыз-әңгiмелердi бүгiнгi күннiң елегiнен өткiзiп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-әңгiмелерден күллi адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Кекiлбаевтың суреткер ретiндегi ерекшелiгiнiң бiр парасын осы төңiректен iздеуiмiз керек», дейді. Заманымыздың заңғар жазушысы, біртуар тұлғасы Әбіш Кекілбаев қазіргі уақытта шығармашылық өрлеу үстінде дүниеден өтті. Ол тәуелсіз еліміздің рухани көркем ой-санасын және қоғамдық-мемлекеттік үрдістерін қалыптастырудағы, дамытудағы, өркендетудегі, көркейтудегі ұшан-теңіз суреткерлік әрі қайраткерлік еңбектері халқымыздың көкірегіне мейлінше ыстық қалпында ұялаумен келеді». Оның шығармаларында жасалған тарихи тұлғалар толымды бейнесі өте шеберлікпен жасалғанын көреміз. Осы қайта өрлеу дәуірінің белді өкілдерінің қатарына жататын Әбіш пен Асқардың, Қажығалидың ілгеріректе біз аттарын атап өткен «Күй», «Ханшадария хикаясы», «Бәсеке», «Шыңырау», «Бесатар», «Ежелгі дұшпан» атты повестері де тарихи тақырыпқа жазылған үздік әдеби туындылардың қатарынан берік орын алады. Әсіресе, тарихи тақырыпты игеруде Кекілбаев шығармашылығының орны ерекше болғанын айта кетуіміз керек. Кекілбаев суреттеген Шыңғыс пен Ақсақ Темір, Жөнеуіт хандардан бастап қарапайым құдықшы Еңсепке дейінгі тарихи кейіпкерлер галереясы тек қазақтарға ғана емес, басқа да талай азиялық жұрттар мен мүлде өзге саяси-әлеуметтік менталитет иелері европалықтарға да түсінікті болды. Қорыта айтқанда, Әбіш Кекілбаевты Батыс Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасын зерттеушілердің ішіндегі ерекше ірі тұлға деп танимыз. Оның әдеби шығармалары мен тарихымызға арналған зерттеулері қазақ шеңберінен әлдеқайда асып кеткен, бүкіл түркі халықтарына ортақ екенін мақтанышпен айтамыз


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жүншиев Е, Төкенов Ө, Ізтілеуов Ә. «Философия» Алматы, «Арыс» 2007 жыл.
2. Исмакова А.С. Казахская художественая проза. Поэтика, жанр, стиль. Начало XX века и современность Алматы: Ғылым,-1998.- С-394.
3. Ж.Нәжімеденов. Терең сезімнің тұнбасы. /Автор туралы
4. Кекілбаев Ә. Таңдамалы. 1 том. Алматы, «Жазушы» 1989 жыл.
5. Кекілбаев Ә. Таңдамалы. 2 том. Алматы, «Жазушы» 1989 жыл.
6. Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы. 6 том. Алматы, «Өлке» 1999 жыл.
7. Г.Бельгер. Дала балладалары/Автор туралы. (Ә.Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы туралы) Интернет қоры.
8. Т.Қ.Жанұзақова Қазақ прозасындағы романтизмнің көркемдік әлемі (ХХ ғасырдың екінші жартысы) 2002. филолгия ғ.к.дәрежесін алу үшін автореферат. 9-б.
9. З. Клайнмихль. «Аңыздың ақыры» өнер құдіреті хақында./Автор туралы. (Ә.Кекілбаев өмірі ментшығармашылығы туралы) Интернет қоры.
10. Сыдықов Т. «Парасат безбені немесе Ә.Кекілбаевтың көркемдік әлемі» «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №1,2,3. 2002 жыл.
11. Кемел М. «Сөз құдірет» «Егемен Қазақсан» газеті, 1 желтоқсан, 2001 жыл.
12. Оразбаев И. Шабыттың шалқар өрісі// «Қазақ әдебиеті» газеті, 7 наурыз, 1989 жыл.
13. С.Қирабаев. Қазақ әдебиеті, 1988 жыл 23 желтоқсан
14. Көркем шығармадағы тарихи шындық // Ақиқат, – Алматы, 2007. №10. – 50-54 бб.
15. Р. Тұрысбек. Дүниетаным және шығармашылық. –Алматы. Қазақ университеті. 1993
16. Т.Рахымжанов. Романның көркемдік әлемі. Оқу құралы. –Алматы, 1997.
17.Т.Нұртазин. Жазушы және өмір. –Алматы. Қазмемкөркемәдеб. –Алматы, 1960.
18. М.К.Әйтімов. Қазіргі қазақ романы: тарихи шындық және көркемдік шешім (ХХ ғ. 90-жылдары және ХХІ ғ. бас кезі) фил.ғыл.докторы ғыл.дәр. алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. 2011 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет