Әкімшілік мектебі «1920-1950»
Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеулерін негізінен өндірісті басқаруға арнады.Олар басқарылатын деңгейден төменгі сатыдағы еңбек өнімділігін арттырумен шұғылданды.Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдың(1841-1925) есімімен тікелей байланысты.Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті еуропалық ғалымы деп есептелінеді.Өзінің практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорытындыға келді: "басқару – кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу".
Адамгершілік қарым-қатынас мектебі. «1930-1950»
Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психология жаңадан дами бастаған кезде жарық көрді, сондықтан да осы мектептің авторлары адам факторының маңызын мойындай тұрса да, олардың пікір таласы ақыны әділ төлеу, экономикалық ынталандыру және формальды қызмет қарым-қатынасты орнату секілді мәселелермен шектелді. Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауынан жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалақ мектеп деп те атайды.
Басқару мектебі.
1.Модельдерді ойластыру және қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсіндіруді тереңдету.
2.Күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту.
Негізгі түсініктер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.
Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 5, 8, 10, қосымша 2.
Дәріс №3. Тақырыбы: Педагогикалық менеджмент – педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде
Білім берудегі басқару түсінігі. Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктері. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері. Педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері. Педагогикалық менеджмент әдістері. Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары. Мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер (жүйелі, гуманитарлы, құзыретті, адамға бағытталған т.б.). Педагогикалық менеджмент сапасының талаптары. Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде. Жүйені басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты.
Педагогикалық үрдісті басқару дегеніміз – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың, ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді. Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Білім беру мекемелерін басқару – кез келгенді жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер.
Білім беру жүйесін басқару сипаты мындай қағидалар жиынтығымен анықталады:
білім берудің ізгілік сипатта болуы;
білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;
білім берудің жалпыға бірдейлігі;
білім берудің зиялылығы;
білім берудің демократиялық сипатта болуы;
2. Педагогикалық менеджмент дегеніміз – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы. Кез-келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менеджменттің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:
Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;
Оларға сенім білдіру;
Олардың іс-әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |