34.3. ІСІККЕ ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ БАР АНТИБИОТИКТЕР Бірқатар антибиотиктердің микробтарга карсы белсенділігімен катар, нуклеин кышкылы қызметініңжәне синтезделуінің тежелуімен камтамасыз етілетін, айқын цитостатикалық касиеттері бар. Олардың катарына Зігеріотусех-тін. кейбір түрлерімен өндірілетін дактиномицин (актиномицин О) жатады. Дактиномицин жатыр хорионэпителиомасында, балалардың Вильмс ісігінде, лимфогранулематозда колданылады. Препарат көк тамырга, сондай-ак дене куысына (экссудат болганда) енгізіледі.
Асііпотусезоіпюгеіісиіі-ненөндірілетін оливомицин антибиотигінің де бластомага карсы әсері бар. Медицика практикасында онын натрий тұзын қолданады. Препарат аталык без ісігі - семиноманың, эмбрионалдык обырдың, тератобластоманын, лимфоэпителиоманың, ретикулосаркоманың, меланоманың біршама жаксаруына экеледі. Оны көк тамырга енгізеді. Сонымен қатар, дене сыртында орналасқан ісіктердің ойык жаралануында оливомицин жағылматүрінде жергілікті қолданылады.
Антрациклин тобының антибиотиктері -доксорубицин гид-рохлориді {Зігеріотусез реисеіісш уагсаехіиз-тен түзіледі) жэне к а р-мүіномицин(Асііпотасіигасагтіпашзр. поу. өндірілетін) — табигаты мезенхималык саркома кезінде тиімділігіне байланысты назар аудартады. Осылай, доксорубицин (адриамицин) остеогенді саркомада, сүт безінің обырында және баска ісік ауруларында колданылады.
АсііпотусезсоегиіеогиЫііх-тенөндірілетін рубомицин антибиотигі біркатар ісіктер жонінде белсенді. Ол гидрохлорид түрінде қолданылады. Химиялық құрылысы және касиеттері бойынша доксорубицинге жакын. Рубомицин гидрохлориді (даунорубицин, дауномицин, рубидомицин) жатыр хорионэпителиомасында, жедел лейкоздарда, ретикулосаркомада ремиссия шақырады.
Керсетілген антибиотиктерді қолданганда тэбеттің бұзылуы, стоматит, локсу, кұсу, диарея байкалады. Шырышты кабат ашытқы тәрізді саңыраукұлактармен закымдалуы мүмкін. Қан түзілуі тежеледі. Кейде кардиотоксикалық эсерлер байқалады. Шаш түсуі жиі болады. Бұл препараттарда тітіркендіргіш те әсерлер бар. Олардың айкын иммунодепрессивтік әсерін де ескерген жөн.
Иігеріопгусех уегіісШш-існ өндірілетін блеомицин (бленоксан) антибиотигі және оған жакын отандық препарат блеомицетин гид-рохлориді ауыз куысының шырышты қабатының, бадамшаның,
592
көмекейдің обырында, лимфогранулематозда, аталык бездің катерлі ісігінде жұптаскан химиотерапиясы үшін және бірқатар баска ісік ауруларында белсенді болып шыкты. Блеомицинді колдануга, оның екпеге уытты әсерлері, теріні зақымдауы, диспепсиялык құбылыстар шақыруы шектейді. Блеомицин канның түзілуіне салыстырмалы түрде аз дәрежеде әсер етеді.
Ісіктерге қарсы белсенділігі бар антибиотиктерге брунеомицин (руфокромомицин, стрептонигрин) мен митомицин де жатады.