31.1.2.ГИСТОШИЗОТРОПТЫ ЗАТТАР Плазмодийдің эритроцитке дейінгі турін тежейтін препараттарға жогарыда карастырылган хлоридин жатады.
Плазмодийдің параэритроцитарлы түріне 8-аминохинолин туындысы примахин жойғышәсеркөрсетеді.Ол плазмодийдіңжыныстытүрінеде (гамонтоцидтік эсер) әсер етеді. Асказан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Сарысуда жогаргы концентрациясы 2 саг кейін жиналады. Агзада препарат тез химиялык өзгерістерге ұшырайды. Көбінесе метаболит түрінде бүйрек арқылы бөлінеді (бірінші тәулік ішінде).
Жанама әсерлерінен диспепсиялык бұзылыстар, метгемоглобинурия, лейкопения, кейде агранулоцитоз болуы мүмкін. Генетикалық энзимопатияның белгілі бір түрі (эритроциттердің глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі) бар адамдарда, жедел гемолиз және гемоглобинурия пайда болады.
Примахинді баска препараттармен (бірге жэне кезекпен) қоса колдануга болады.
31.1.3.ГАМОНТОТРОПТЫ ЗАТТАР Жыныс жасушаларына ықпал жасайтын препараттар гамонтоцидтік те (п р и м а х и н), гамонтостатикалыкта (х л о р и д и н) әсер көрсетуі мүмкін. Гамонтоцндтік заттар эсер еткенде адам ағзасында плазмодийдің жыныс жасушалары өледі. Гамонтостатикалык заттар жыныс жасушаларын тек зақымдайды, нәтижесінде спорогония үрдісі (эртүрлі кезеңде) бұзылады.
31.1.4.БЕЗГЕККЕ ҚАРСЫ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ПРИНЦИПТЕРІ Безгекке карсы заггарды безгекті емдеу жэне алдын алу үшін колданады.
Жеке химиопрофилактика деп - безгек сыркатымен қауіпті аудандарда болған салауатты адамдарда безгек дамуының алдын алуын айтады. Нагыз дәрілік зат спорозоитоцидтік әсер көрсетуі керек еді. Бірақ мундай препаратгар жоқ, сондықтан эритроцитке дейінгі түріне (біріншілік тіндік) әсер ететін дәрілік заттар колданылады. Осындай препараттар ретінде хлоридин белгіленген. Бұдан баска, жеке химиопрофилактика максатында
566
гематошюотропты заттар хингамин, мефлохин және баскалар колданылады, олар кызба ұстамасы болуының алдын алады.
Безгекті емдеу, әдетте плазмодийдің эритроциттік түрлеріие әсер ететін (хингамин және басқалар) гематошизотропты заттарды ішке енгізудің көмегімен жүргізіледі.
Хингамин және сол сиякты препараттарга тұракты безгекті емдегенде, көптеген жағдайда хинин, хлоридин, сульфаниламидтер және сульфондарды қолдану жаксы эсер береді.
Әсер ету механизмі әртүрлі безгекке карсы дәрілік заттарды жиі жұлтастырып тагайындайды.
Тез дамитын безгекте, эсіресе безгек комасында (тропикалык безгектін аскынуында) гематошизотроптық дәрілік заттарды (мысалы, хинин, хингамин) әдетте жогары мөлшерде парентералды енгізеді.
Үш және төрт күндік безгек кезінде тек гематошизотропты заттармен толык емделмейді, параэритроциттік түрінің дамуына байланысты аурудың кайталануы мүмкін. Сондыктан, кеш кайталанатын рецидив-т е р д і ң алдын алу мақсатында (мезгіл аралык немесе эпидемия алдындагы химиопрофилактика) параэритроциттік түріне әсер ететін (примахин) препараттарды косымшатагайындау керек. Оган жатпайтындар тропикалық безгек болып табылады, жогарыда аталғандай олардың плазмодиінің даму циклінде параэритроциттік түрі жок. Осыған байланысты тропикалыкбезгекті тек хлоридинмен емдеп жазуга болады.
Қогамдық химиопрофилактиканың негізгі мақсаты (эпидемиялык ұжымдык химиопрофилактика) наукас адамнан безгектің берілуінің алдын алу. Осы мақсатта гамонтотропты заттар (примахин, хлоридин) тагайындалады. Бұл жагдайда маса денесінде спорозоидтар түзілмейді.
Сонымен, препараттардың безгекке қарсы әсер ету спектрі олардың колдану көрсеткіштерін кеп дәрежеде аныктайды.