Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет61/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Сангвиник
адамдармен тез тіл табысады, өміріне разы, 
бір әрекеттен басқа әрекет түріне оңай ауыса алады, бірыңғай 
жұмысты ұнатпайды. Өз эмоциясын бақылай алады, жаңа 


Наурызбаева Ш.Қ. 
100 
жағдайға тез үйренеді, адамдармен қарым-қатынаста белсенді. 
Сөздері нақты, тез, жест, мимикалармен дауыстап сөйлейді. 
Флегматик 
жүріс-тұрысы түзу, оған асығыс шешімдер 
жат, бір қызмет түрінен екіншісіне баяу ауысады, жаңа 
жағдайларға ұзақ икемделеді, белсенділігі төмен. Оның іске 
араласуы үшін біршама күшті түрткі керек. Оған шыдамдылық, 
өзін ұстау сияқты қасиеттер тән. Сөздері салмақты, ешбір 
эмоциясыз. 
Холерик 
жұмысқа орасан зор қабілеттілігімен, энергияға 
толы 
белсенділігімен 
ерекшеленеді, 
кейде 
көтерілген 
белсенділіктен кейін депрессия кезеңі пайда болады; ашушаң, 
тік мінезді, намысшыл. Холериктің көңіл күйі тұрақсыз, тіпті 
ұсақ-түйектің өзі оған әсер ете алады. Тез ашуланғыш, 
намысшыл, бетке тура айтатын адам. Сөздері тез, дауысы 
ырғақты (интонациялы). 
Мелонхолик
өте сезімтал, қайырымды, өзгерістерге баяу 
үйренеді, ұялшақ, батыл емес өте жұмсақ адам. Өмірдің 
ауыспалы жағдайына баяу (бірте-бірте) үйренеді. Экстремалды 
(төтенше) 
жағдайларда 
темпераменттің 
басқа 
типтеріне 
қарағанда мелонхоликтерде үрей, дүрбелең, жабырқау, уайым 
жағдайлары тез туындайды. Сәтсіздікті ауыр бастан кешіреді. 
Оларда сақтық рефлексі күшті дамыған, сондықтан ол ұялшақ, 
қорқақ, жасқаншақ. Қалжың сөздерге күмәнданып қарайды. 
Ерік – 
адамның белсенділігін тудыратын және оның 
бағытты әрекет етуіне түрткі болатын күрделі психикалық 
процесс. Ерік қиындықтарды жеңуде, алға қойылған мақсатқа 
жетудегі адамның қабілеті болып табылады. Ол мақсатқа 
ұмтылу, батылдық, ер жүректілік, табандылық сияқты мінездегі 
ерекшеліктерде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет