Наурызбаева Ш.Қ.
4
– басқару тәжірибелерін жинақтауға және ендіруге
бағдарлайды.
«Кәсіптік оқыту жүйесіндегі менеджмент» пәнін оқыту
мақсаты – кәсіптік оқытуда болашақ ұстаздардың
педагогикалық менеджмент жүйесінде жұмысқа дайындығын
қалыптастыру болғандықтан,
осы пәнді оқытуда мынадай
міндеттер қойылған: студенттерді кәсіби білім беру жүйесінде
педагогикалық менеджменттің ғылыми-теориялық негіздерімен
таныстыру және олардың негізінде кәсіби білім беру
мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен басқару
икемдімділіктерін, дағдыларын қалыптастыру. Осы пәнді оқу
студенттерге кәсіби білім беру жүйесінде педагогикалық
менеджменттің
құрылымы мен мазмұны, педагогикалық
менеджменттің қағидалары, қызметі және әдістері, білім беру
мекемелерінің басшыларының басқару қызметін жүйелілік
тұрғысы негізінде ғылыми ұйымдастыру,
басқару шешімдерін
қабылдаудың үрдісі мен технологиялары, білім беру жүйесін
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, кәсіби білім беру
мекемелерінің
материалдық-техникалық
базасын
басқару
туралы білімдерді қалыптастыруға, білім беру жүйесіндегі сапа
менеджмент жүйесін және педагогикалық менеджментті
ақпараттық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқу құралын дайындағанда
автор оқу жоспарын және
пәннің типтік бағдарламасын басшылыққа алып, көптеген
әдебиеттер пайдаланды.
Бұл оқу құралы студенттердің педагогикалық менеджмент
саласындағы тәжірибелері мен озық ойларын терең зерделеуге
көмегін тигізеді; алған білімдерін басқару ісінде тиімді
қолдануға үйретеді; білікті
мамандарды қалыптастырудың
негізін құрайтын ұғымдармен таныстырады.
Ұсынылып отырған оқу құралының мазмұны студенттерге
теориялық білімдерді өз бетінше оқып-үйренуге және бекітуге
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: