Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет69/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Дау-дамайды реттеу технологиясы: 
– дау-дамайды ақпараттық түрде реттеу – дау-дамайдағы 
жалған ақпаратты тоқтату; 
– дау-дамайды коммуникативтік түрде реттеу – дау-дамай 
субъектілер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру; 
– дау-дамайды әлеуметтік-психологиялық түрде бақылау – 
ұжым ішінде әлеуметтік-психологиялық жағдайды күшейту; 
– дау-дамайды ұйымдастырушылық түрде бақылау – 
кадрлық мәселелерді шешу, көтермелеу және жазалау әдістерін 
қолдану. 
Дау-дамайды талдау және адекваттық шешім қабылдау 
кезінде 
дау-дамай 
субъектілерінің 
мінез-құлықтарының 
модельдерін ескеру қажет. Тұлғаның дау-дамай жағдайында 
өзін-өзі ұстау модельдері мынандай: 
1) конструктивті; 
2) деструктивті; 
3) конфромистік. 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
115 
Дау-дамайдағы бағалау
– бұл дау-дамайда іс-әрекеттің 
сапалылық сипаттамасы. Әрбір дау-дамайда қатысушылар өзін-
өзі ұстау стратегияларын таңдайды: 
1) Мәжбүрлеу, еріксіз көндіру – бұл бақталастықтан 
тұратын стратегия. Бұл стратегия ақырғы нәтижесінде не 
күресті, не өзара қарым-қатынасты таңдауға әкеледі. Күресті 
таңдау – өзін-өзі ұстау модельдерінің деструктивті түрін 
таңдаумен бірдей.
2) Кету стратегиясы – жанжалдың себебі дау-дамайға 
қатысушылар үшін аса маңызды емес болған кезде туындайды.
Өзіңнің қызығушылықтарыңнан бас тартып, қарсыласқа 
«жол беру
» стратегиясы. «Жол
 
беру» стратегия өзін-өзі ұстау 
модельдерінің конформистік түріне жақын. Бұл жағдайда 
уақытша бітімге яғни, келісімге келуге мүмкіндік бар. 
3) Компромистік
 
стратегия дау-дамайшылар қызығу-
шылықтарын сипаттайтын тәртіп стратегиясы. Басқаша оны 
өзара ымыраға келу деп атауға да болады. Компромистің 
белсенді және енжар түрлері бар. Компромистің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет