Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


жарларға  сүйенуге үміттенді. Ең ыкпалды аксакалдарға «бас аксакал» атағы  •НГІзілді



Pdf көрінісі
бет110/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

жарларға 
сүйенуге үміттенді. Ең ыкпалды аксакалдарға «бас аксакал» атағы 
•НГІзілді, 
оларға барлык руларды кадағалап отыру міндеті жүктелді. Баскару 
Жүйесіндегі 
төменгі буын ру аксакалдары болды, оларға айлыктағайындалды.
Алайда беделді ақсақалдар мен билердің көпшілігі «реформаға» карсы 
ШЫКТЫ. 
Олар ақсакалдардың пайдасына ханның кұкықтарын шектей отырып, 
Хан 
билігін сактап калғысы келді.
' «Реформаны» жүргізу кезінде Игельстром Орал казак әскерінің казак 
■уылдарын 
шабуына тыйым салды. Қ азак малшыларына кыстыгүні Ж айы к 
Пен Еділ 
арасындағы жерге көшіп бару мүмкіндігі берілді. Ж айы к аркылы 
бтуге 17 
аксакал кұкык алды, олардың баскаруында 45 мыңнан астам кожа- 
ЛЫКболды.58
• Орынбор айырбас сарайында сауда жанданды. Мәселен, 1785 жылы Орын­
борда 
230 мың әр түрлі мал айырбасталса, 1787 жылы ол 379 мың болды.59 
Сауданыңжандануын атап өте келіп, генерал-губернатор «оларға (яғни айыр- 
бпс 
сарайларына. 
-Р е д .)
кырғыз-кайсактар кауіптенбей жөне ынта-ыкылас- 
пен ағылып келді, айтарлықтай болғаны сонша Орынбордың өзі ашылғаннан 
бері 
мүндай мысал жоқ» деп жазды.60
1786 
жылы Орынборда Ш екаралық сот, ал бір жылдан соң — расправалар 
қүрылды. 
Расправалардың құрылымы оларды патша әкімш ілігінің құралы 
ететіндей 
болып іріктеп алынды.
Игельстром императрицаға расправалардың кұрылуына халыктың, акса- 
Калдардың 
жөне сұлтандардың көзкарасы туралы баяндады. Атап айтканда 
ол былай 
деп жазды: «...мен... бүкіл халык пен оның аксакалдары бірдей 
келісімде 
екеніне және Ордада осы жаңа мекеменің ерекше ыкыласпен кабыл- 
данганына, 
кызметтерге еңтандаулы, аса атакты ж әне ең лайыкты адамдарды
229


сайлағанына мейліншедәл сендіреаламын... Әбілқайыр ұрпақтарының бар- 
лы к сұлтандары, қазіргі хан Нұралының балалары, оның інілері ж әне олар- 
ды ң балалары халыктан бөлініп қалды ж әне олардың бірде-біреуі осы 
өзгерістерге кіріскен жоқ, олар өз халқын басқару билігі ол арқылы жойыла- 
тынын ж әне халыктың өз қолына беріл генін көрді, сол арқылы өздерін шама- 
дан тыс ренжіту ж әне кемсіту көргендер деп санады».61
Алайда оқиғалардың барысын бакылаған полковник Г ранкиннің және ба­
рон Игельстромға баска да бағыныштылардың «түсініктеме» жазбалары дәлел- 
дегендей, жаңа басқару аппараты өміршең болмай шыкты», расправалар бір 
ретте жиналған жок. Іс жүзінде билік ақсақалдардың қолында болды.
«Реформаны» жүргізу жаңа баскару органдарының күрылуына байланыс- 
ты құкықтары мен билігіне қысым жасалған сұлтандардың касарыскан қар- 
сылығына тап болды. Нұралыны қайтып келтіруді ж әнехан билігін қалпына 
келтіруді талап еткен сұлтандар күресін ханның інісі Ералы сұлтан баскарды. 
Кіші жүз сұлтандарын Орта жүздің ханы Уәли және Абылайдың ұрпактары 
— сұлтандар колдады.62 Олар Кіші жүзде хан билігінің қалпына келтірілуі 
туралы өтініш жасады. Нұралының баласы, сол кезде Түрікменстанда хан 
болған Пірәлі султан да нақ осындай көзкарас ұстанды. Нұралының қайта 
келтірілуін талап еткен хандар мен сүлтандар ең алдымен өз мүдделерін ойла- 
ды. Олар Кіші жүзде хан билігінің жойылуы таяу болашақта Орта жүзде хан 
билігінің жойылуын туғызуы мүмкін екенін түсінді.
Ж ергілікті патша әкім ш ілігініңбір бөлігі басқаруды кайта ұйымдастыру 
жөніндегі шаралардың ақталғандығына сенімді болмады. Мысалы, Сырым 
батырды тұтқыннан босату үшін Ералы сұлтанның ауылына жіберілген пол­
ковник Г ранкин 1788 жылдың желтоқсанында былай деп жазған: «...расправа­
лар жокдесе де болады, өйткені оларға атақты казак адамдары арасында сенімі 
аз қазылар отырғызылған, ал расправалардың болуьіда мүмкін емес, өйткені 
жалғыз хатшы калады, ал қазылар расправалардан бірнеше жүз шақырым 
жердегі өз қоныстарында жүреді...».63
Патша үкіметі Кіші жүзде жүргізіліп жатқан басқару реформасының 
күткендегідей нәтижелер бермегенін көрді. Францияда басталған буржуазия- 
лык революция елде шаруалар козғалысыныңжаңа өрлеуінен корыққан билік 
иелерін катты үрейлендірді. Бұрынғы басқару жүйесіне өзгеріс атаулы 
төңкеріс деп саналуға сәл-ақ қалды. Петербургтегі билеуші топтар «Игельст- 
ром реформасын» да самодержавиенің тіректерін бүзуға бағытталған деп тап- 
ты. Ш екаралық сот пен расправалар іс жүзінде қолданысқа енгізілмеген 
күйінде қалды.
Нүралыныңтуыстары биліккетағайындалған ақсақалдарға белсене карсы 
шықты, соның нәтижесінде 1786 жылдыңтамызында Ералы сұлтанмен бірігуге 
бара жатқан кезінде олар Сырым батыр мен оныц 106 серіктерін Есім султан- 
мен бірге тұтқынға алды. Ералы Сырымды Нұралы ханға айырбастағысы келді. 
Сырымды тұтқыннан босатуды Игельстром да жақтады, ол Сырымды өз ре- 
формаларыныңтірегі деп санайтын. Сонымен бірге Сырымды колдаған кейбір 
рулар Қайыпты хан етіп сайлады ж әне сол арқылы Сырымның ұстанған жо- 
лын күшейтті. 1786 жылдың күзінде шекаралық сот ашылды, алайда оның 
қүрамына Сырымға жакын көптеген рубасылар кірмей калды, қайта Нүралы 
ханға ж ақы н сұлтандар үлкеи рөл атқара бастады. Алайда Кіші жүзде жаңа 
билікті орнықтырмау мәеелесі емес, кайта ұлан-ғайыр жайылымы бар ішкі 
жакка көшіп бару мәселесі мейлінше өткір қойылды, ал ол жерлердің меншік
230


иелері империяның жоғары шонжарларыныңөкілдері кінәз Юсупов пен граф 
Безбородко болатын. Көптеген рубасылардың өтініштері нәтижесінде ішкі 
жаққа 45 000 шаңырақтың өтуіне рұқсат етілді. Алайда іс жүзінде 60 000-ға 
дейін шаңырақ өтіп кетті. Көшіп барғандар арасында ханның да, Сырым ба- 
тырдың да жақтастары бар еді. Саяси күштердің орналасуы кайсыбір дәреже- 
детепе-тең болып шықты, әлеуметгік дағдарысты құбылыстар шиеленіспеді, 
өйткені кыруар көшпелілер өз малый бос жатқан жерлерге жаюға мүмкіндік 
алған еді. Сырым басшылық еткен қозғалыстың кайшылықты жағы н ақосы
кезеңде өте айқын көрінді. Бір жағынан, «бас ақсақалдыққа» рулық бірлестік 
бойынша әлімұлы Сарытай би, Қ аракөбек би, Мұратбек, байүлы Сырым, 
Қаратау би ж әне жетіру Тіленші мен Ж анболат, яғни Сырымның барлық 
жақтастары, қозғалысқа белсене қатысқандар ілікті. Екінші жағынан, Орын- 
бор әкімшілігі жергілікті жерлерде оларға толық билік бермеді, сұлтандарды 
биліктен шеттетпеді және сондықтан Кіші жүзді басқару жөніндегі реформа- 
лар тек Орынбор әкімшілігінің билігін нығайтуға себепші болды. Бұл туралы 
өз хабарламаларында Игельстром былай деп жазды: «...уақыт өте келе бас 
ақсақалдар мен ру ақсақалдарының көмегі аркылы осы еркін халықты айтқ- 
аннан шықпайтын халыққа айналдыру керек, сонда оныңтентектігі тыйыла- 
ды».64 Алайда өкімет ойластырған «тыныштық» орнамады, қазақтар өз кимыл- 
дары нда дербестікті ны ғайтуға ж ән е О ры нбор әк ім ш іл ігін е төуелсіз 
бірлестіктер болуға барған сайын көбірек ұмтылды. Кіші жүздің Орынбор 
әкімшілігі тарапынан үш хандыққа бөлінуі ақсақалдардан да, сұлтандардан да 
қолдау таппады. Сырым мен оның жақтастары жай кадағалаушылар болған 
жоқ, оларжергілікті жерлерде өз билігін нығайтуға, Кіші жүздіңбүкіл аума- 
ғында оның рулық құрылымының күшті бірлестігін құруға ұмтылды. Сырым 
мешіттер мен мектептер аш уға талаптанды ж өне О ры нбор өкімш ілігімен 
ат құйры ғын кесісуге үнемі ұмтылып отырды, ол ө зін ің О ры нбор өкім - 
шілігіне қарсы іс-қим ы лдары н қолдау туралы Хиуамен келіссөз ж үргізе 
бастады. Ол кезде С ырым Осман империясы мен саяси бірігу туралы ке- 
ліссөз ж үргізген ж оқ, дегенмен ж екелеген рубасы ларда осы ған өлдебір 
ұмтылыс болды. Сырым өзін ің дербес саясаты н — тәуелсіз егемен саяса- 
тын ж үргізуге талаптанды.
Сол кезде Орынбор әкімшілігі отарлау саясатын бүрынғысынан да күшей- 
те түсті. XVIII ғасырдың 90-жылдарының басынан қозғалыс көтеріліс сипа- 
тын алады. Сырым II Екатеринаның атына жолдаған хабарламасында орал 
казактарының атаманы «1500 солдатымен сіздің бейкүнә бодандарыңыз қыр- 
ғыз-қайсақтарға шабуыл жасап, 225 шаңырақты ойрандады, барлық мүлікті 
алып кетті, 150 адамды өлтіріп, 57 адамды тұтқындап және сансыз көп жылқ- 
ыны, түйені, сиыр мен қойды айдап әкетгі» деп көрсетті.65 Бүған жауап ретінде 
қазақтар Орал шебінің жекелеген учаскелеріне шабуыл жасай бастады. Орын­
бор өкімшілігінің жаңа басшысы А. Пейтлинг көтерілісшілерді жазалау үшін 
далаға үнемі отрядтар жіберіп, батыл қимылдай бастады.
Сол жылытөртқара руының бір топ билері мен ақсақалдары Сыртқы істер 
алқасына Орал әскери атаманы Донсковтың үстінен шағым жасады. Шағым- 
дарда казактардың тонаушы шапкыншылықтарының ауыр зардаптары тізіп 
келтірілді, жаңа генерал-губернатор А. Пейтлингтің бейбіт ауылдардың ты- 
ныштығын бұзушыларға қарсы шаралар қолданбай отырғаны атап көрсетілді.
Сонымен патшаның жаңа наместнигі даладағы бүрынғы неплюевтік ре- 
жимге бағыталып, шынына келгенде, әскери отрядтардың қазақауылдарына
231


шабуыл жасауын көтермелеп отырды. Астрахан казак полкінің командирі 
Г. Персидский инстанцияларбойыншадаладатыныштыктыңбұзылғанын, коз- 
ғалыстың жаңа өрлеуі болуы мүмкін екенін баяндады. Осы негізде патша 
өкімшілігі Сырым батырды тұтқындау жөнінде шаралар колданды.
XVIII 
ғасырдың 90-жылдарында ру ақсақалдары Ресейден қол үзгісі кел- 
мей, Орал әскерімен қатынастарды жолға коюға ұмтылды. Атап айтканда 
Сырым Датов II Екатеринаға хабарлама жолдап, онда жаңа генерал-губерна- 
торға ренішімен қатар, былай деп жазды: «Жоғарыда айтылғандар себепті, 
сіздің аналык мейіріміңізге сеніп, өзіңізге бағынышты кырғыз-қайсақтардың 
Кіші Ордасында тыныштықорнату үшін бізге генерал-поручик... бар. Игель- 
стром мырзаны екінші рет жіберуді сұраймын».66
А қсакалдарды ң Орал казак әскерлерінің шапқыншылыктарына қарсы 
наразы лы қтары еш қандай нәтиж е бермеді. Қ азактарды ң өзін-өзі қорғау- 
ды ұйы м дасты ру өрекеттері далаға ж аңадан ж азалау экспедициясы н 
жіберуге сылтау болды. Оның үстіне сұлтандар патшалық өкімет орында- 
рымен бірге кимылдады, олар «жауыздардың» қоныстарын көрсетіп беру- 
ге міндеттенді.67
Нұралының көп ұзамай кайтып келетіні туралы таралып кеткен сыбыста- 
рға байланысты ауылдарда стихиялы толкулар күшейді. Ойыл өзеніне және 
Ш ыңғырлау өзенінің сағасына көтерілісшілердің қалың қолы шоғырланды.
Сырымның қимылдары маневрлік сипатта болды. Күжаттардың бірінде 
С ырым ресейліктерм ен бітімге келу үшін 200 адаммен К өкөрлік өзеніне 
көш іп барды, бірақ атаман Д онсковты ң шабуыл жасауы Сырымды Ресей 
әкімшілігіне карсы қимылдау туралы ойға келтірді деп атап өтілген. Алайда 
Сырым, соны мен бірге ақсақалдар мен сұлтандар арасындағы одактаста- 
рынан айырылды. Объективті түрде ол қозғалысты терендетуге тырысты, 
бірақ олай болмады. Бұған ж ер мәселелері себеп болды. М. П. Вяткиннің 
атап өткеніндей: «А қсакалдарды ң едәуір тобы ны ң Сырымға қосылудан 
бас тартуы нда ж ер м әселесі, Ж ай ы қ ауданындағы жайы лымнан айыры- 
лып қалудан қорқу үлкен рөл атқарды».68 Н ақсонды қтан отарлауға қарсы 
козғалысты кең өрістету мүмкін болмады. Бұған қарамастан, Сырым Орта 
жүз ж әне Кіш і ж үздің кейбір рубасылары тарапынан колдау алуға ты ры ­
сты. С онды қтан құпия нұсқамамен Сырымды тұтқы нға түсіруге бұйры қ 
берілді: «...сол м азасы з қазақты ң зығырданды қайнататын азғыруы бой- 
ынша оны орындағанға дейін Ордада қалаған тыныштықты мықтап калпы- 
на келтіруді күтуге болмайды ».69 С онды қтан патша әкім ш ілігі халықты 
ты нш ыту үшін Кіш і ж үзде ж аңа хан сайлау қаж ет деп тапты. Оның таң- 
дауы Н ұ р а л ы н ы ң ін іс і Е р ал ы ға т ү с т і, о н ы ң м үд д ел ер і О р ы н б о р
әкім ш ілігін ің мүдделерімен сәй к ес келетін. 1791 жы лды ң қы ркүйегінде 
күш ейтілген өскери қорғауымен Ералы Кіші ж үздің ханы болып сайлан- 
ды, мұның өзі көтерілісш ілер қолы ны ң дала мен шеп ш екарасына шоғыр- 
ландырылуына әкеп соқты. Сырым әкім ш ілікке Ералының хан сайлануы 
ж өнінде өз наразы лы ғы н білдірді, сонымен бірге өз жолдауында ол орал 
к а за к та р ы мен О ры н б ор ә к ім ш іл іг ін ің әр е к е тте р ін е н қа зақ та р д ы ң
күй зелуін ж ақсы лап суреттеп берді. П атш а реж им іне қарсы күресте 
белсенді түрде одақтас іздеу басталды. Ә скермен қолдау көрсетуге уәде 
берген Б ұхара аталы ғы м ен С ы ры м к е ліс сө з ж үргізд і, 1792 ж ы лды ң 
қы ркүйегіне қарай С ыры м патш а өкім етіне қарсы тікелей карулы күрес 
ж олы на түсті — ол Ресейге соғыс жариялады . Қ арулы күрес батырдың
232


шамамен 1000-ға тарта өз адамдарымен Елек корғанысы бекінісіне шабу- 
ыл жасауымен басталды, бірак көтерілісш ілерге тойтары с берілді, сонан 
сон, Сырым Красногор бекінісіне шабуыл жасауға әрекет етті, бірақ бүдан 
да еш нәрсе шықпады, оның үстіне Сырым Бұхарадан уәде етілген қолдау- 
ды алмады. Ресейге соғыс жариялағанға дейін-ақ Сырым өзімен келіспеген 
ақсакалдарды жазалауға әрекет жасаған еді. Енді олар патша әскерлерімен 
бірлесіп, біріккен күш термен Сырымға қарсы шыға бастады. Ж ергілікті 
әкім ш ілік қазақ ауы лдары ны ң қозғалы сқа қатысу дәреж есін баж айлап 
жатпай, оларды талап-тонады, 1793 ж ылдың күзінде 5000-ға ж уы к ш аңы- 
рақ Ж айы қтан көш іп кетуге мәж бүр болды. К азак ауы лдары ны ң ауыр 
жағдайын қы сты ң қатаң болуы асқы нды ра түсті. Бой көрсетуді басы п- 
жаныш тауға патша әскерлерімен бірлесіп, Сырымға қарсы лас сүлтандар 
да белсене қатысты. М әселен, 1793 ж ылдың көктемінде, кұж аттарда атап 
өтілгеніндей, Ж айықтан көпір арқылы мал айдап өту кезінде «...содан соң 
казактар ол көпірді алып тастап, Есім сұлтанмен бірге Д анила (атаман 
Донсков) 2000 жылқы мен 100 000 койды, 26 000 қозыны айдап әкетті».70 Ал 
мұндай жағдайлар жаппай сипат ала бастады. Қозғалысқа тілектестік ж әне 
қолдау көрсетіп, ақсақалдардың немесе сұлтандардың қатысуынсыз қара- 
пайым халық Сырым батырға барған сайын өз көмегін көбірек көрсететін 
болды. Бірақ көптеген ауылдар күйзеліп қалған еді, сонды қтан пәрменді 
қолдау корсете алмады, күрес ара-тұра болаты н ұсақ кақты ғы старм ен 
шектеле бастады.
Халықтық қозғалыстың жаңа өрлеуі кезеңінде Сырым Датовтың жалтак- 
тығы мен солкылдақтығы көрінді. Ол хан билігін жою талабынан бас тартгы 
ж әне билер мен ақсақалдар көпшілігінің «өздерінің дегеніне көнетіндей хан 
сайлау» жөніндегі талаптарына қосылды. Ералы ханға қарсы күрес жүргізе 
отырып, ол Кіші жүз ханы атағына үміттенген және Хиуа ханымен тығыз бай- 
ланысты болған Әбілғазиз Кайыпов ханның колдауына бағдар ала бастады. 
Әбілғазизбен байланысты нығайту үшін Сырым Датов Сырдарияға көшіп бар­
ды. Бұхараның ж әне Хиуаның хан-феодалдарымен ауыз жаласқан Әбілғазиз 
сұлтанмен Сырымның жакындасуы халық бұқарасының мүдделеріне қайшы 
келді.
Сонымен бірге 1794 жылдың жазынан бастап патша әкімшілігі жайық ка­
зак әскерінің әрекеттерін біраз шектеді. Сол 1794 жылдың жазында Ералы 
хан кайтыс болды, сөйтіп жаңа хан туралы ұзаққа созылған келіссөздер 
жүргізіле бастады. Орынбор өкімшілігі Нұралының баласы Есімді хан етіп 
тағайындады. 1795/96 жылғы аса қатгыжұтган кейін 1796 жылдыңкүзіне карай 
қозғалыстың жаңа өрлеуі басталды. Сырым бір кезде Есімді белгілі бір дәре- 
жеде өзінің одақтасы деп санаған еді, ал өзіне Есімнің қолдау көрсетпейтіні 
аныкталған кезде, 1796 жылдың қыркүйегінде Сырым өзіне бағынышты ақса- 
қалдарды жинап алып ханмен, демек, патшалыкөкіметорындарымен одакта- 
су немесе соғысу туралы мәселе койды. Сырымның ымырасыз көзқарасы одан 
көптеген аксакалдарды аулактатты. Қайтадан Орынбор губернаторы болып 
тағайындалған Игельстром 1797 жылдың көктемінен Сырыммен оны бейта- 
раптандыру үшін келіссөз жүргізе бастады. Алайда Сырымның ымырасыз- 
дығы көтерілісшілердің Есім ханды өлтіруіне әкеп соқты, яғни қозғалыстың 
көрінеу кайта жандануы басталды. Соның салдарынан Игельстром жаңа хан 
сайламай, жүзді баскаруды хан Кеңесіне тапсыруға әрекет жасады, оның ор- 
наласатын жері Кіші Қобда өзенінің өңірі болып белгіленді. 1797 жылдың
233


тамызында хан Кеңесі жұмысын бастады, оныңтөрағасы болып Айшуақсұлтан 
тағайындалды. Алайда сұлтандар өз бетімен, халық өкілдерін қатыстырмай, 
Каратай сұлтанды хан етіп сайлады, бұл кайтадан күрттайталас туғызды, осы 
жағдайда Сырым аксақалдармен татуласуға барған сайын ыңғай танытып, 
Сырдария ауданына көшіп барды, бұл хан Кеңесі беделініңөсуіне жәрдемдесті. 
Осындай жағдайда Игельстром Қаратайды емес, Айшуақты хан етіп сайлауға 
көнді, сол арқылы Сырымның бұдан кейінгі қимьілын бейтараптандырып та- 
стады, өйткені Айшуақтың беделі жоғары болатын. Қаратай Сырымның Хиуаға 
көшіп бара жатқан кезінде оны өкшелеп куды, ал Сырымнан аксақалдардың 
көпшілігі де сырт айналып кеткен еді. Сонымен бірге ол өзі қолдау таба ала- 
тын өз коныстарының шегінен тыс қалды. Көп кешікпей Әмударияныңтөмені 
ағысы жақтан Сырым Датовтың у беріп өлтірілгені туралы хабар жетті.71 Оның 
қайтыс болуы жөнінде берілген ас орасан зор оқиғаға айналды, мұның өзі 
батырдың қазақтар арасындағы зор беделі болғанын және оның саяси кызметін 
олардың жоғары бағалағанын дәлелдейді. Аса күшті ұлт-азаттық қозғалыс- 
тар санатындағы Сырым Датов басшылық еткен козғалыс осылай аяқталды. 
Халық көтерілісінің жеңіліс табуына сұлтандармен мәміле жасасқан билер 
мен ақсақалдардың саткындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сы­
рым Датовтыңсолкылдақтығы мен жалтақтығы себепші болды. Оның үстіне 
патша үкіметінің Ж айы қ пен Еділ арасындағы жайылымдарды пайдалануға 
рұқсат етуі жайылымдар туралы мәселенің өткірлігін уақытша бәсендетті, 
көтеріліс себептерінің бір маңызды мәселесін алып тастады.
1783—1797 ж ы лдардағы халы қ бұқарасы ны ң күресі қ а за қ х а л қ ы н ы ң
тарихы ндағы м аңы зды оқи ға болды. Ол хан б илігінің негізін ш айқалт- 
ты , о н ы ң беделін түсірді ж ә н е сол арқы лы он ы ң б ірж ол а ж ой ы луы н а 
себепш і болды.
М. П. Вяткиннің атап өткеніндей: «Бұл халықтрің ең белсенді бөлігінің 
отаршылдықезгі мен феодалдықзорлық-зомбылыққа қарсы стихиялы нара- 
зылығының бытыраңқы көріністері болды».72 Сонымен бірге Сырым патша- 
лы қ режимнің отарлау саясатына он торт жыл бойы карсы тұра білді. Батыр- 
дың іс-өрекеттерінің бәрі бірдей дәйекті сипатта бола қойған жоқ, ол саяси 
биліктің дәстүрлі жүйесін сақтауға ұмтылып, патша өкіметінің іс-шаралары- 
на шеберлікпен қарсы қимылдады, алайда күш тең емес еді. Патша өкіметі 
Орынбор әкімшілігі арқылы көтеріліске шыққандардың қимылын көп жағы- 
нан бейтараптандыра білді, ал дәстүрлі демократиялық билік қалдықтары- 
н ы ң са қ тал у ы қ о зға л ы с н ә т и ж е л е р ін ің бірі болаты н . С ол арқы лы
мемлекеттіліктің қалдықтары ж әне дәстүрлі тұрмыс салты сакталып қалды. 
Тұтас алғанда, қозғалыс ұлттық сана-сезімнің артуына жәрдемдесті жөне ұлт- 
азаттық сипатта болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет