Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


ХҮПІ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН



Pdf көрінісі
бет14/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

2. ХҮПІ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
ГАРИХЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ БАТЫС
ТАРИХНАМАСЫНАН КӨРІШС ТАБУЫ
XVIII 
ғасырда батыс еуропалық шығыстануда Қазақстанды зерттеу онша 
қомақты орын алған жоқ; мұны ішінара зерттеушілер қолында болған де- 
ректемелердің аз екендігімен түсіндіруге болады. Бірақ XIX ғасыр ішінде көпте-
48


ген саяхатшылардың, дипломаттардың, көпестер мен миссионерлердің күш- 
жігері арқасында ортаазиялықаймақхалықтарының әлеуметтік-экономикалық 
және саяси тарихы туралы алуан түрлі фактологиялык материал жинакталды.85
Өткен ғасырда еуропалықтар білімінің негізгі көзі эволюционистердің 
теориялық сұлбалары шеңберінде жасалған нарративтік әдебиет болатын. 
Халықтартарихының, әдет-ғұрпының, материалдықжәне рухани мәдениетінің 
өзі тұратын табиғи ортамен байланысты екені туралы идея барлық ж олжаз- 
балардың, күнделіктер мен есептердің өзегі деуге болады. Түркістан мен Дала 
өлкесінің тарихы жөніндегі корытындылаушы еңбектерде географиялыкфак- 
торлардың басты рөл аткару үрдістеріне құрылған.86 XX ғасырдың басынан 
бастап шығыс қоғамдары зерттеушілерінің методологиялық көзқарастарын- 
да түбегейлі өзгерістер болды. Эволюционизмнің дағдарысы, атап айтқанда, 
адамзат қоғамының, соның ішінде түркі-монғол халықтарының көшпелі қоғам- 
дарының да тарихын айқындайтын көптеген факторларды тануға негізделген 
өртүрлі мектептер мен бағыттардағы тарихи жөне этнографиялықғылым са- 
лаларының пайда болуынан көрініс тапты. Казіргі авторлар Э. Бэкон, Л. Кра- 
дер, Дж. Уилер, Ш. Акинер, М. Олкотт, Э. Саркисянц, А. Бенигсендер мен 
басқалардың монографиялары казақхалкыныңтарихи өткен кезендеріне жаңа 
концептуалдықкөзқарас (жаңғыртушылык концепция, құрылымдық-функ- 
ционалдықталдау, диффузионизм мектебі ж әнет.б.) арнасында жасалған.87
XVIII—XIX ғасырларда қазақ даласында болып кеткен шетелдіктер өз 
еңбектерінде Үлы жүз, Орта жүз жөне Кіші жүздегі көшпелі мал шаруашы- 
лығын, көші-кон бағыттары мен жер кашықтығын егжей-тегжейлі суретгеп, 
сауда мен егіншіліктің дамуына назар аударған.
С. Гедин Орынбордан, Мәскеуден, Нижний Новгородтан тауарлар әке- 
лінген Карабұтақтағы, Ырғыздағы, Қазалыдағы, Түркістан мен Шымкенттегі 
сауданың жай-күйін корсете келіп: «Ең кызу айырбас сауда Троицк мен Оралда 
жасалады, өйткені ең бай қырғыздардың (қазақтардың. —
Ред
.) ауылдары сол 
жерде» деп жазған.88
Шетелдіктер саяхаты, әдетте, елді мекендер арқылы жасалған, сондықтан 
олар Қазақстандағы қала өмірі туралы едәуір көп материал жинаған, ол мате­
риал Верныйда, Шымкентте, Әулиеатада, Перовскіде, Капалда, Аягөзде, Се- 
мейде, Ақмолада, Гурьевте, Оралда, Ырғызда, Өскеменде ж әне баска да елді 
мекендерде тұрғындар саны өсуінің сипаты, кала тұрғындарының этникалық 
ж әне әлеум еттік құры лымындағы өзгерістер туралы хабардар болуға 
мүмкіндік береді.89
Біркатар авторлардың еңбектерінде XIX—XX ғасырдың басында Қ азақ- 
станның көптеген аудандарында егіншіліктіңтаралуы туралы мәліметтер бар. 
«Қазақтардың бір бөлігі көшпелі тұрмыс салтынан отырықшылықты артық 
көріп, — деп көрсеткен Ж . Б. Пакье ХІХғасырдың 80-жылдарында, — Сырда- 
рияны бойлай орналасады да, бидай ж әне баска да дәнді дақылдар өсіреді».90 
С. Грехам, швейцариялықғалым Н. А.Дингельштедт Қазақстанның оңтүс- 
тігінде суармалы егін ш іліктің ж ер-ж ерде дамы ғаны туралы ай тады .91 
К. Оланьон «қазактардың ерте заманнан бері малшы халыққа тән жартылай 
көшпелі тірлік кешкені» туралы айта келіп, Қ азакстанның солтүстік облыс- 
тарындағы егіс көлемі және жиналатын бидай туралы деректер келтіреді.
Дж. Уорделлдің, К. Оланьон мен басқалардың еңбектерінде Орталықжөне 
Шығыс Казақстандағы пайдалы қазбалар мен тау-кен өнеркәсібінің дамуы 
туралы бірқатар қызықты мәліметтер бар.92
4 -3 6
49


Осы айқы н ф актілерге қарам астан, XIX—XX ғасырды ң басындағы 
зерттеушілердің көпшілігі «қазақтардыңегінш ілікке» ж әне көшпеліліктен 
басқа кәсіп тің өзге түрлеріне «өте жиреніш пен карайтыны» туралы кате 
тезис ұстанып келді.93
Зерттеуш ілер көш пелі коғамды бейне бір дербес әлеуметтік организм, 
оны ң дамуын өзінің ерекш е табиғи жаратылысы мен тарихи үрдісінің заң- 
дары билейді деп карасты рды (Р. Г руссен ің «көш пелілерд ің нақты 
мезгілдік көш і-қон » теориясы , А. Тойнбидің «шағын өркениет» түжы- 
рымдамасы ж әне басқалар).94
XIX ғасырда көш пелі мал шаруаш ылығын қазақтарды ң материалдык 
өн дірісінің негізгі саласы деп суреттеу, оның әлеум еттік-эконом икалы к 
м әнін белгілі бір ж ағы нан тереңдеп түсіндіру Қ азақстанға келігі кеткен 
батыс авторлары ны ң барлы қ еңбектерінде кездеседі деуге болады. Мау- 
сымдық көш і-қон тақырыбы неміс этнографтары Карл Нейманн, Фридрих 
Ф урм ан, В ольфганг К ёниг, ф ранцуз этнографы Ф редерик де Рокк ж эне 
баскалар арнайы зерттеген мэселе болды.95
XX ғасырды ң 60-жылдарынан бастап, әсіресе американ тарихшылары 
мен этнограф тары ны ң зерттеулерінде номадтар коғамына көшпелілердің 
қоғам ды қ ұйымы мен оларды ң өндіріс жүйесі, күнделікті түрмысы мен 
мәдениеті біртүтас дүние ретінде көрінетін күрделі әлеум еттік құбылыс 
деген көзқарас басым бола бастады. Осыны н егізгеала отырып Э. Бэкон, 
он ы ң ізінш е Л. Крадер көш пелі қоғамды зерттеуге кешенді түрде қарау 
қаж еттігін ұғынып, оған дәстүрлі казақ номадизмін өзек етіп алды. Бүл 
орайда Э. Бэкон казақтарды ң көш пелі коғамы тарихын мәдениеттарихы
ретінде қарасты рды , ал Л. К радер ө зін ің назарын көш пелілердің эколо- 
гияға, сон д ай -ак м онғол-түрік халы ктары ны ң әлеуметтік ұйымдасуына, 
олардағы этногенездік үрдістер мен мемлекеттіліктің қалыптасуына бай- 
ланысты проблемаларды ж ан-ж ақты зерттеуге шоғырландырды.96
Э. 
Б экон ны ң «Орыстар билігіндегі ортаазиялы қхалы қтар: мәдени өз- 
герістерді зерттеу» деген кітабында казак отбасының ұйымдастырылу сипа- 
ты на, мұрагерлік ж ән е мүліктік кұкы ғы на ж әне т.б. катысты мәселелер 
козғалады. Ол тұрғын үй үлгісінің, азы к-түліктің, өрнекті әш екейдің, жи- 
һаз сипаттары мен баска да мәдениет кұбы лы старыны ң көш пелі тұрмыс 
салтына байланысты екенін атап өтеді.97
Л . К радердің «М онғол-түрік көш пелілерінің әлеуметтік ұйымы» деген 
монографиясы туыстас халыктардағы номадизм проблемаларын салысты- 
ра оты рып зерттеуге негізделген. А втор онда түрік-м онғол халыктары- 
ның рулы к каты настар күрылымындағы ортакты к пен айырмаш ылыкты, 
мәдени өзара байланы старды , коғамды к катынастарды бөліп көрсетуге 
әрекет ж асайды. «Зерттеудің негізгі міндеті... көш пелі коғамдардың на- 
кты бір принциптерге бағындырылған белгілі бір әлеуметтік ж әне саяси 
ұйымының калай, кандай экон ом икалы к ж әне экологиялы к аймактарда 
дамығанын корсету».98
Э. Бэкон мен Л. К радердің м етодологиялы к көзкарастары туралы ай- 
тылғандар оларды 1950—60 жылдарға қарай көшпелі шаруашылык-мәдени 
үлгінің этнои н теграц и ялы к кызметі туралы идеяға жакы н келді деген 
тұжырым ж асауға мүм кіндік береді. Ол былай тұрсын, Л. Крадер казақ 
халкы мен көш пелі мал шаруашылығымен айналысатын баска да түрік ха- 
лыктары этногенезінің етене байланысын аздап көмескі болса датүсінген.
50


Тарих ғылымында дәстүрлі казақ коғамы ны ң әлеум еттік-экон ом и ка- 
лы қтаб иғаты н аны қтау проблемасы нда әр түрлі көзқ ар ас орын алған .91' 
Батыс зерттеуш ілері ол патриархатты қ сипатта болды, қазақтарда ж ерге 
жеке меншік болған ж оқ деп санайды .100 Дж. Ф окс-Х олмстың мақаласына 
редакциялық алғысөзде кеңестік тарихшылар «қазақ қоғамыны ң көмескі 
ж әне бұлыңғыр қүры лы м ы ны ң өзін м аркстік терм ин ологияны ң катаң 
аясында көрсетуге» тырысты делінген.101 Ағылшын кеңестануш ыларының 
органы «Ортаазиялык шолуда» ж арияланған «Кдзақстандағы феодализм: 
м а р к стік тар и х н ам а н ы ң к е й б ір қ и ы н ш ы л ы қ тар ы » д еген м а қ ал ад а
B. Ф. Ш ахматовтың «К азак патриархатты қ-феодалдык мемлекеттілігінің 
негізгі белгілері» деген мақаласы на оны ң проблем аға көзкарастары н
C. В. Ю шков, М. П .Вяткин, Т. М. Күлтелеев, Н. Г. Аполлова еңбектерінің 
тұжырымдарымен салғастыра отырып, егж ей-тегж ейлі талдау жасалады. 
Рецензенттің пікірінш е, аталған макала кеңестік тарихнаманы ң маркстік 
кезендерге бөлуді «өркениет деңгейіне ж ән е географ иялы қорн аласуы на 
карамастан» барлы к халы ктарға колдануға ты ры суды ң сипатты мысалы 
болып табы лады .102
Йель университетінің кызметкері А льфред Х адсонны ң «Қ азактарды ң 
әлеум еттік кұрылымы», неміс ғалымы X. Ш ленгердің «К азакстан н ы ң
өлеуметтік кұрылымындағы оры стар, әсіресе кеңес зам аны нда болған 
өзгерістер»103 деген еңбектері XIX—XX ғасырдың басындағы казак коғамы- 
ның әлеуметтік қүрылымын зерттеуге арналған, оларда казак қоғамыны ң 
дөстүрлі институттарымен ж ән е оларды ң ыдырауымен байланысты про- 
блемалардың кең аукымы козғалған.
Баска тарихшылар да 1917 жылғадейінгі казак қоғамының патриархаттык, 
тапсыз сипатын негіздеуге әрекет жасады. Индиана университетінің профес- 
соры В. Рязановски казактардың дағдылы күкығын зерттеп, казактардың 
өлеуметгік катынастарының негізінде рулыктәртіп жатты, олардың әкімшілік 
және сот ісін жүргізуі де рулык принциптерге негізделді деген түжырымға 
келген. Оның пікірінше, көшпелі коғам жерге жеке меншікпен, таптармен 
және тап күресімен сыйыспайды; казактарда жылжымайтын мүлікке жеке 
меншік жартылай отырыкшы және отырыкшы өмір нысандарына көшуге бай­
ланысты туындайды.104 М. Олкотт казактарда жерді иелену емес, оны пайда- 
лану кұкығы ғана орын алды деп жазады.105
Сонымен бірге біркатар еңбектерде дәстүрлі санаттарм ен (хандар, 
сұлтандар, билер, төлеңгіттер, шаруалар ж әне баскалар) катар XIX ғасыр- 
дың аяғы — XX ғасырдың басында саудагерлер, жұмысш ылар, егінш і-ж а- 
тактар сиякты ж аңа әлеум еттік санаттарды ң пайда б о л у ы ,106 мүны ң өзі 
көшпелі коғам мен оның әлеуметтік кұрылымының «мызғымастығы» тұжы- 
рымдамасының ғылыми тиянакты лы ғына күм ән туғызғаны атап өтілді.
М арк стік «көш пелі ф еодали зм » тұж ы ры м д ам асы н ж ак тау ш ы л ар
өздерінің назарын мал саны ұдайы тез каркы нмен өсуіне, демек, қорлану, 
эконом икалы кж ағы нан автономиялы шағын әлеуметтік ұжымдар ішінде 
табындарды жеке иемдену мүмкіндігі ж әне осыған байланысты іс жүзінде 
ірі мал иелерінің менш ігіне айналған ж айы лымдарды ұлғайту каж еттігі 
үнемі арта түскеніне аударады .107
Номадтар мен отырыкшы егіншілер, көш пелі коғамдардың әлеуметтік 
үйымы арасындағы катынастар дамуының жалпы тарихи зандылы ктарын 
зерттеу саласындағы тарихш ы лардың ең ж аңа ж етістіктері 1987 жылғы
51


казан айында Алматыда өткен кеңес-ф ранцуз симпозиумында корытын- 
дыланды. Онда француз ғалымы Ж .-П . Дигар, атап айтқанда, Б. Владимир- 
цовтын, монғолдарды ң «әлеуметтік режимі» бірегей, көш пелі, феодализ- 
мге өтпелі жол деп көрсетілетін тұжырымдамасы төңірегінде өрістеген 
айты сқа назар аударды .108
С импозиум материалдары «екі тарихи-мәдени ареалдың үздіксіз өзара 
ы к п ал ы н , ө за р а ы қ п ал д а р н ы сан д ары мен ү л гіл е р ін ің алуан түрлі 
екенін»,109 көш пелі қоғамдарда болған өзгерістердің диалектикалық қара- 
ма-қайшылығын дәлелдейді.
Н ом адты қ өркениет ф еном енін зерттеу Қ азақстан тарих ғылымының 
басым ж ақтары ны ң бірі болып табылады. Бүл орайда Қ азақстан тарихын, 
алайда тек, бірж ақты көш пелілер тарихы ретінде ғана карасты руға бол- 
майды, ол көшпелі ж әне отырыкшы өркениеттің өзара ыкпалының жемісі. 
«К өш пелілік ұғымының өзі де оты ры кш ы лы кка кош у нысандары тұрғы- 
сында карау көзделетін ж аңаш а түсіндіруді керек етеді».110 Осыған байла- 
нысты ш етелдік жетекш і ғалымдардың әрбір өркениеттің өз кұндылығы, 
ф орм ац и ял ы к теорияны көш пелі коғам ны ң өзіндік ерекш е саяси ж әне 
экон ом и к алы к ж үйелеріне қолдануға болмайтындығы атап көрсетілетін 
еңбектері ерекш е көңіл бөлуге лайык.
X V I II—XX ға с ы р д ы ң б а с ы н д а ғы Қ а з а к с т а н тар и х ы н ш е тел д ік
зерттеуш ілердің еңбектері өздерінің мазмұны жағынан оның Қ азақ дала- 
сы ны ң Ресейге «косылуына», патша өкім етінің Орта А зия аймағындағы 
отарлау саясаты на ж әне казақтарды ң ұлт-азатты қ қозғалысына байланы- 
сты саяси кы рлары на бейім тұрады.
К азакстан н ы ң Ресей отарына айналдырылу үрдісінің бастапкы кезеңі 
туралы Д ж он К эстльдің «Күнделігіңде» айтылады, ол Кіш і жүздегі ішкі 
саяси жағдайға, Ә білкайы р ханды колдаған ыкпЗлды сұлтандарға, билер 
мен батырларға, казактарды ң ж айы к казактарымен, башкұрттармен, еділ 
калмақтарымен ж ән е Орынбор өкімш ілігімен өзара қатынастарына назар 
аударған.
Ш етелдік нарративтік әдебиетте орыс әскерлерін ің Орта ж ән е Үлы 
ж үз казактары н ы ң ж ерін ж аулап алуы ны ң, дала өңірінде нығайтылған 
шептер мен бекін істер салуды ң негізгі кезеңдері егж ей-тегж ейлі сурет- 
телген (Ч. К отрель, Д ж . Ф еррье, Ф. Барнаби, Л. Л анье, Ю. С кайлер, Я. 
М ак-Г ахан,Х . Стамм, Й .д е Вартенбург ж әне б асқ ал ар )."1
Бұл орайда күнделіктер мен ж олж азбаларды ң көпш ілігі суреттелетін 
окиғаларды көзімен көрген немесе орыстар мен жергілікті тұрғындардан 
сұрау аркылы оларды ң ізін суытпай ж азып алған авторлар болып жатқан 
окиғаларды калайда ой елегінен өткізуге, XIX ғасырдағы оры с-қазақ каты- 
н астары н ы ңм ән ін е бойлауға үмтылған. Ресейдің Қ азакстанға басып кіру 
себептерін олар «I Петр заманынан бастап орыстардың орасан зор шығы- 
сты қ империя құруға ұмтылысында», «олардың татарлар мен түріктерге 
дәстүрлі ж аулы ғы нда», «жартылай ж абайы номадтар арасы на заңдылы к 
пен тәртіп енгізу каж еттігінде»112 ж ән е басқаларда деп білді'.
XIX ғасырдағы Ресейдің Орта Азиямен ж әне Қазакстанмен өзара каты- 
настары ны ң тарихы ж өніндегі корытындылаушы зерттеулердіңавторла- 
ры — Д. Бульдж ердің, А. К рауссты ң, Ф. С крайнны ңтұж ы ры м дары тұтас 
алғанда, оларды ң п ікірінш е, XIX ғасырда батыс баспасөзінде әр түрлі 
нұскада ж ариялан ған «I П етрдің өсиеті» деп аталатын құж атта113 ж азба-
52


ша түрде ресімделген «орыстардьгң ежелгі агрессияшылдығы» туралы иде- 
яларға негізделген.
Бірқатар авторлар Кіші ж үз қазақтары н Ресейден оны м ен вассалды қ 
қатынастарға келісудің орнына көмек сұрауға мәжбүр еткен айқындаушы 
фактор ретінде жоңғарлардың қауіп төндіруін ж әне Ресейдің оларға баш- 
құрттарды, еділ қалм ақтары мен ж айы к казактары н айдап салған саяса- 
тын көрсетеді. Бірак Лион университетінің профессоры М орис К уранны ң 
«XVII—XVIII ғасырлардағы Орталық Азия: қалм ақтарды ң немесе маньч- 
журлардың империясы ма?» деген ерекш е атап өтуге тұрарлы к еңбегі мен 
арнаулы ғылыми ізденістерде де казақтарды ң ж оңғарларм ен қаты наста- 
ры, казақ ж үздеріндегі саяси ж ағдай, бір ж ағы нан, Т әу к е, Ә білқайы р, 
Нұралы, Абылай хандардың, екінші жағынан, ж оңғар қонтайш ылары Це- 
ван-Рабтанның, Әмірсананың қызметімен орайластырылады."4 Бұл орайда 
батыс тарихшылары барлық жерде дерлік Ә білқайырдың115 «айлакер» ж әне 
«атаққұмар» адам екендігі, яғни патша өкіметінің қазақтар жөніндегі сая- 
сатыны ң мәнін оны ң тез арада біліп қойғанды ғы нан, ханға О ры нбор 
өкімшілігі теліген мінездеме сипаттары ерекш е атап көрсетіледі.
Қазіргі батыс тарихнамасы XIX ғасырдан белгілі әлеуметтік ж ән е са я­
си дәлелдемелер бар бірқатар идеялар мен тұж ы ры мдарды мұраға алып 
қалды. А мерикан тарихш ысы М арк Р аеф ф «Сібір ж өне 1822 жы лғы р е­
форма» деген кітабы нда Орта Орданың атақты адамдары (сұлтандар, би- 
лер мен батырлар) жөнінде патша әкімшілігінің оларды Ресейге «өз еркімен 
бодан болуға көндіру үшін едәуір көлемде сатып алу саясатын жүргізгенін 
көрсетеді.116
«Орыс им периялы к саясаты ны ң ұлттар ж өніндегі модельдері» деген 
мақаласында ол Қ азақстанды оның халқы ны ң «өзіндік ерекш елігіне қас- 
тан д ы қ ж асау» б олған ж ау лап ал у ш ы л ы қты ә с к е р и -с т р а т е г и я л ы қ
(мемлекеттің оңтүстігі мен оңтүстік-ш ы ғы сы ндагы ш екараны ң қауіп- 
сіздігін камтамасыз ету) ж ән е экон ом икалы қ (өндеуге арналған бос ж ер 
іздестіру) дәлелдермен түсіндіреді.117 Неміс тарихшысы Отто Гётч К азак - 
стан мен Орта Азияны «иемденуді» өскери-стратегиялық ж әне одан кемірек 
дәрежеде, экономикалы қ кажеттерге байланысты оқиға деп қарастырады. 
Ресейдің географ иялы қ ж ағдайы ны ң өзі-ак , — деп ж азады автор, — оны 
«амал жоқтыктан» шығыс багытына баруға мәжбүр етті.118 Кингстон қала- 
сындағы (Канада) К оролева У ниверситетініңтарих ғы лы мы ның п роф ес­
соры Ричард Пирс бірінші қатарға — эконом икалы қ, екінш і қатарға әске- 
ри -стратеги ялы к дәлелдерді қ о я д ы ." 9 К ал и ф о р н и я (Б ер кл и ) ун ивер- 
ситетінің профессоры Николас Рязановскидің пікірінше, Орта А зия аума- 
ғын Ресейге косып алудың себептері «орыстардың ұлтты қ болмысында» 
ж аты р.120 Э. С арки сянц (ГФ Р) «1917 ж ы лға дейінгі Ресейдің ш ығыстағы 
халы қтары ныңтарихы », «Орыстардың Орта А зияны жаулап алуы» деген 
еңбектерінде оры с-қазақ қатынастарының тарихын еуразиялық тұжырым- 
дамалар тұрғысынан түсіндіруге ұмтылады. О ны ң п ікірінш е, мұсылман 
көш пелілер мен орыстар еш қаш анда нәсілдік ұнатпауш ы лы кка бөлінген 
емес. Осы жағдай, сондай-ақ орыстардың Қ азакстанды біртіндеп отарлау 
үрдісі «орыстар мен жергілікті халық арасындағы ш ы ңыраудың тарылуы- 
на ж еткізді, соны мен қатар оларды еуразиялы қ кеңістіктер халы қтары - 
ның тағдыры деп аталаты нмен байланыстыры п, бұл өлкеге оры старды ң 
кіруін ж еңілдетті».121 Ол Қ азақстан н ы ң Ресейге косы луы ны ң, қазақтар -
53


ды ң жоңтарлармен ж әне еділ калмақтарымен, Орта Азия хандықтарымен, 
баш кұрттармен ж әне ж айы к казактарымен өзара қатынастарының негізгі 
кезеңдерін ж аза келіп, о р ы с-к азақ қаты настары ны ң ауқымды көрінісін, 
оны ң айтуына карағанда, «орталықтандырылған монархия құруға, казақ- 
тарды оты ры қш ы лы ққа көш іруге ұмтылған» Абылай ханның саясатын 
аш ып көрсетеді. Н ейстегі (ГФ Р) Д ю ссельдорф университетінің приват- 
доцент! Ф ранк Гольчевски сауда-сатты қсаясатж әне стратегиялыкжәйттер 
«орыс экспансиясында» әрқаш анда елеулі рөл атқарып келді деп есептейді 
ж ән е мұны оры старды ң Сібірдегі сауда жолдарының кауіпсіздігін камта- 
масы з ету үшін К азак даласы на «басып кіруі» мысалымен, сондай-ак 
Ресейдің «жылы теңіздерге» жол аш уға ұмтылуымен түсіндіреді.122
Баты с зерттеуш ілері, кандай да болсын ф акторлар мен себептерді 
(казақтарға жоңғарларды ң кауіп төндіруі, Ресейдің сауда-экономикалык, 
әск ер и -саяси мүдделері, оры старды ң өзіндік мінез ерекш еліктері, олар- 
ды ң менменш ілдігі, оңтүстік теңіздерге шығуға ұмтылысы, казак ханда- 
ры ны ң саясаты, ж айы лымдарды ң тарылуы ж әне т.б.) көрсетсе де, К азак- 
стан мен Орта Азияны косу жаулап алушылыксипатта болды дегенге келіп 
саяды. Ж алпы алғанда, XVIII ғасы рды ңбасы на дейін оры с-қазақ катына- 
стары азды -көпті бейбіт сипатта болды, олардың арасында сауда, дипло- 
м атиялы к байланыстар жасалды деп көрсететін авторлар да К азак даласы 
бекініс ш ептермен корш алы п, «бөлш ектеліп жаулап алынды» деп санай- 
д ы .123 К олум бия университетінің (А К Ш ) профессоры Э. Олуорд казак- 
тардың Ресей бодандығын кабылдауын «күш корсету жағдайында мәжбүр 
болып кабылданған әрекет» деп карастырады. Сондыктан 1731 ж әне 1734 
жы лдары Ә білкайы р, С әм еке ж ән е олардың ізбасарлары берген антты 
«олардың бодандары өздері үшін міндетті деп сезінген ж ок».124 К азактар- 
ды ң XIX ғасырды ң ортасы на дейін жартылай тәуелсіз болтаны, олардың 
Ресейм ен каты настары вассалды к сипат алғаны ж ән е оларды ң катер 
төндірген сы рткы саяси ж ағдайлар себебінен ғана Ресейдің «камкорлы- 
ғында» болтаны атап өтілед і.125 Тек кейіннен, «әскери, бейбіт құралдар- 
дың ұштасуы» салдарынан тана «вассалдык катынастар ж ойылды».126
Кейінгі уақытта батыс тарихнамасында Кіші жүз қазактарыны ң Ресей 
бодандытын кабылдауы үрдісіндеті казактарды ң рөлі мен ж оңтар-калмак 
факторына назар аударылуда. Егер 1970 жылдардың басына дейін бұл про- 
блемалар Р. Пирс пен Г. Л ан цевтің бірлескен еңбегінде тана ко зтал са,127 
10—15 жыл өткен соң Чарльз Риесстің, Михаил Ходарковскийдің — калмак- 
тар ж ән е о р ы с-к алм ақ катынастары ту р ал ы ,128 Э. С околды ң — еділ ж әне 
ж айы к казактары туралы , Э. Ситон мен X. М акнилдің патша өкім етінің 
Ш ыгыстагы, соны ң ішінде казақ даласындаты отарлау саясатының да ка- 
руы ретіндегі казактар туралы зерттеулері ж ариялан ды .129
I Петрдің Азия елдеріне «какпаны ашатын кілт» ретінде К азак даласын 
«иелену» жөніндегі ж оспарын іске асырудың бастапкы кезеңін Э. Донел- 
ли, Д. Коллинз, Д. Б. Ярош евски, А. Вуд ж әне баска тарихшылар Ресейдің 
Баш күртстан мен Сібірді жаулап алуымен байланыстырады .130
Атылшын тарихшысы Алэн Боджер 1980 жылы «The Slavonic and East 
European R e v ie u r» ^ e ж арияланган «К азактарды ң Кіші ордасы ны ңханы
Әбілқайыр ж әне оның 1731 жылты казанда Ресейге адалдыкка берген анты» 
деген макаласында көп ауқымдагы деректемелер мен әдебиетке сүйене оты- 
рып, проблемага өз көзкарасы н айтуга тырысады.
54


Кіші жүз қазақтары боданды ғыны ңсипаты н А. Боджер Ресей қам кор- 
лығында бодуға келісе отырып, олар қаж ет болған кезде орыс ш екарасы н 
қорғауға; Орта А зияға баратын орыс сауда керуендеріне көмек көрсетуге 
ж әне қорғауға уәде берді деп анықтайды. Алайда «казақтар үшін, — деп 
жазады ол, — ант түгелдей формальды сипатта болды, колайлы кезде бір 
жакты тәртіппен бас тартуға болатын, өз еркімен қабылданған ерікті кам- 
қоршы мәртебесін білдірді. Қазақтар Ресей егемендігін қабылдаудың есесіне 
өздерінің сыртқы жауларына қарсы күресте одан колдау табу, орыс ш ека­
расын бойлай жаткан жайылымдарды пайдалануда арты кш ы лы ктар мен 
мүмкіндіктер алу үмітінде болды. Патша өкіметі казақтардың өтінішіне аса 
мөн бергені сондай, оларды өз еркімен Ресей бодандары катарына кабылда- 
ды».131 Орыс ж әне кеңес тарихнамасында, — деп пайымдайды автор, — осы 
оқиғаньщ сипаты мен қазақхалкы ны ңтарихы ндағы рөлі жөнінде қарама- 
қайшы көзқарастар бар. Патшалық Ресей тарихшыларыньщбасым көпшілігі 
қазақтар шынында да өз көрш ілерінің қысымы өсетүскенімен, Әбілқайыр 
мен С әмеке сияқты көш басш ы лары ны ң принципті дәлелдері ен, алдымен 
олардың билік жолындағы ішкі күресіне байланысты деген пікір үстанды. 
«Олар (орыс тарихшылары. —
Ред
.) мінез-кұлқы жағынан Әбілкайырдың өз 
уәдесін орындауға күші де, ниеті де ж оқ қу, айлакер адам болғанына, оның 
ант беруі «шығыстық айла-шарғы» екеніне, ал патша үкіметінің онымен 
одакты қазақтарға ықпал ету үшін пайдалану саясатыны ң боска кеткеніне 
көз жеткізді»,132 — деп жазады А. Боджер. С. Асфендияров пен В. Лебедевтің 
еңбектеріне сілтеме жасай отырып, ол кеңес тарихшыларының да Әбілкайыр 
мен қазақ феодалдары билік басындағыларының Ресеймен одақ жасауға 
барғанда тек өз пайдаларын, казак еңбеккеріне өз билігін нығайту жолда- 
рын іздестірді деп санағандығын көрсетеді.133
Бұдан әрі А. Боджер тарихнама дамуынын, негізгі кезен дерін , оны ң 
проблемаларын, атап айтқанда, Қазақстан тарихына қатысты «ең аз зүлым- 
дық» дейтін теорияны ң пайдаланылуын баяндайды. Осы формуланы пай- 
далана отырып, — деп жазады ол, — кеңес ғалымы М. П. Вяткин XVIII ға- 
сырдың басында казақтарды ң еңбекш і бұкара үшін азапты да ауыр болға- 
нымен, оларға Ж оңғарияға бағынудан гөрі неғұрлым перспективалы орыс 
бодандығын тандаудың қиын жағдайында тұрды деп пайымдады.134 А. Бод­
жер бұл тұж ы ры мны ң кеп к е ш ыдамағанын көрсеткенім ен, өз сы ны ны ң 
өткір жүзін н ақ М. П. В яткиннің тезисін теріске ш ы ғаруға бағыттайды. 
А. Боджер былай деп жазады: «Қ азақ ж ү зд ер ін ің билігі Ж ән іб ек ханны ң 
(1460—1480) мұрагерлерінің қолында болды; Үлы орда мен Орта орданы — 
үлкен ұлы Ж әдіктіғі (D zadiq) ұрпақтары , Кіш і орданы Ж ә н іб ек тің кіші 
ұлы Ө зектің (Osek) ұрпақтары биледі... Ә білқайыр казак хандарынын, ге- 
неалогиялы қ жас жағынан кіші тармағынан ш ы ккан, бұл оны ң үстем бо- 
луына мүмкіндік бермеді. Алайда жеке басы ның қасиеттері мен ықпалды 
феодалды қтоптарды ң қолдауы шешуші фактор болды. Ж оңғарларға қар- 
сы күресте Ә білкайы р ө зін ің осы ндай арты қш ы лы қтары бар екен ін
көрсетті. Ол Кіші жүздің аса мықты қол бастауш ылары Бөкенбай батыр- 
мен, Есет батырмен ж әне Ж әніб ек батырмен одақ ж асасты ».135
Әбілқайырдыңтарихи аренаға шығуына ж әрдемдескен, Боджер атаған 
мән-ж айлар өмір шындығына қайшы келмейді. Ресей Сыртқы істер алка- 
сы ны ң тілмаш ы А. И. Т евкелев Ә білкай ы р туралы бы лай дейді: ол 
«сол орданың (К іш і ж үздің. — Ред.) ең үлкен билігін өз бабалары ны ң
55


иеленгеніндей алмағанымен, олардың өзіне құлақ аспайтынына ашуланып, 
Ү. М. И .-дың (Үлы М әртебелі Императордың. 
—Ред.)
қамқорлы қж асауы н 
өтінді, сол арқы лы қ ы рғы з-кай сақ ордасында ж алғы з өзін хан етіп, өзі 
арқылы өз тегінің мұрагерлерін сол хандықта орнықтыру ниетін көздеді».136
Әбілкайырдың Ресей көмегіне сүйеніп, жоңғарларды жеңуге ұмтылуы, 
деп санайды Боджер, 1731 жылғы ант беруге әкеп соққан шешуші фактор 
болған жоқ. Ол өз тезисін 1731 жылға қарай казақтар үшін жоңғарлардың 
қауіп төндірм егенім ен ж ән е Қ азақстан н ы ң Ресейге қосылуы на оның 
б ір ін ш і себеп бола алм аған ы м ен растауға ты ры сады . Қ азақ тар д ы ң
Ә білқайы р бастаған біріккен күш тері, — деп көрсетеді Боджер, — 1730 
ж ы лы А ңы рақайда күшті ж ең іске ж етті.137 Бірақ одан кейін не болғаны 
белгісіз. 1730 жылдың шілдесінде Әбілқайыр орыс шекарасына жақындап 
барып, «Ресей бодандығына қабылдауды ресми өтініп», Санкт-Петербургке 
елш ілік жіберді. Ж оңғарларды ж апы ра ж еңгеннен кейін оны осындай 
қадам ж асауға итермелеген не? А. Бодж ер өзін ің сұрағына былай деп 
ж ауап қайтарады: «Ә білқайыр мен Ж әдік ұрпақтарыны ң билік басында- 
ғылары арасындағы өзара аразды қты ң қайта тұтанып, оны ң казақтарды ң 
ж іктелуіне өкеп соғуы ең дұрыс түсіндіру болуы мүмкін. Әбілқайыр шай- 
қаста ш ы ққан даңқы мен ықпалды Бөкенбай, Есет ж өне Ж әніб ек ба- 
ты рлар қолдауы ны ң өзі де даусы з билікке жету, қазақты ң ұлы ханы болу 
ж ән е Сыр өңірі қалаларын қайтарып алу үшін ж еткіліксіз екенін ұғынған 
болуы ы қтимал. С онды қтан ол өз ж оспарлары н сырт жердің, Ресейдің 
көм егім ен ғана ж үзеге асы ра аламын деп санаған ».138 Ә білқайырды ң бұл 
ой -пікірі қазақтар үшін ендігі жерде ж оңғарлар емес, қайта Ресей бодан- 
дары — баш құрттардың, еділ қалмақтарыны ң, ж ай ы қж ө н е сібір казакта- 
ры ны ң басты қауіп төндіруімен де ш ындыққа саяты н.139 Автордың Қ азақ- 
станны ң Ресейге қосы лу проблем асы на ш етелдік тарихнама бағалауына 
белгілі бір ж аң алы қ енгізген тұжы ры мдары н ақ осы дәлелдерге негіз- 
делген.
«Ф актілер қазақ халқы ны ң Ресей бодандығын қалағаны туралы жора- 
малдарды растамайды , — деп ж азады Боджер. — Ә білқайыр ең алдымен 
өзін ің саяси өзімш ілдігін басш ы лы ққа алған... ж ән е оны ң көксегенін бір 
сөзбен: орыстармен бірігуді («imcorporation») емес, орыстардан көмек алу 
деп көрсетуге болады ».140
Қ азақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы және оның прогресшіл сипа- 
ты туралы кеңестік тарихш ы ларды ң тұжырымдарын Д ж. Уилер, А. Бен- 
нигсен, Л. Тиллет, С. Блэк, К. Ш теппа, А. Каппелер ж әне басқалар қатты 
сынға алды .141 А. Беннигсен 50-жылдарда «Ислам шолуында» жарияланған 
мақаласы нда былай деп жазады: «Орыстардың К авказ ж әне Орта Азия 
аумағын басып алуы тарихын ресми түсіндіру Кеңестердің осы аймақтың 
мүсылман халықтары жөніндегі саясатыны ң ауытқуын өлшейтін ең ж ақ- 
сы барометр болып табы лады ».142 «П атш алы қ Ресейдің Орта А зия мен 
К авказды ж аулап алуын түсіндіру: «абсолютті зұлымдық» теориясы нан 
«абсолютті қайырымдылық» теориясына дейін» деген мақалада проблема- 
ның кеңестік тарихнамасы ны ң негізгі кезендері көрсетіледі.
К онстантин Ш теппаны ң «Орыс тарихын қайта жазу: Ресейдің өткен 
заманын кең естік түсіндіру» деген ж инақтагы еңбегі» «ең аз зұлымдық» 
формуласының мазмұнын қарастыруға арналған. Ж инакты «Шығыс еуро- 
палы қ қор» карж ы ланды раты н ам ериканды қ «КСРО ж өніндегі зерттеу
56


бағдарламасы» ұйымы ш ығарған. Ж и н ақты ң бірінш і басылымы да (1957 
ж.), екінші басылымы да (1962 ж.) Принстон ун иверситетініңтарихгы лы - 
мының профессоры С. Блэктің редакциясымен шықты. «Ең аз зұлымдық» 
ф орм уласы ны ң бұдан кейінгі эволю циясы , — авторды ң п ікірін ш е, — 
«зұлымдықтың» тек қана патша өкіметіне қолданылуына ж әне мәселе орыс 
халқына қатысты болтан кезде ауызға сирек алы нуы на әкеп соқты ».143
А мериканды қ Орта А зия танушы М. Ривкин сайып келгенде кеңестік 
тарихнамада «абсолютті қайырымдылық» салтанат құрды деп пайымдай- 
ды. Оған сәйкес Қ азақстан тарихы к азак ғалымдары да кол кою ға тиіс 
болтан мынадай терт формулата сыйгызылган: 1) Қ азақстан н ы ң Ресейге 
косылуы казақх ал қ ы н ы ң ең әйгілі ж ән е көреген өкілдері XVI тасырдан 
бастап көздеген мақсат болды. 2) Ресеймен бірігу қазақтарды Ш ытыстың 
варварлы қ мемлекеттерінің кұлдыққа салуына ж ол бермеді ж ән е оларды 
барлы қ ази ялы қ көрш ілерім ен салы сты ртанда негұрлым өркениетті ел- 
мен жақындастырды. 3) Қазакстанды Ресейдің аннекциялауы о н ы ң ж ерін
Қ ы тай, Ресей ж ә н е Қ о қ ан арасы нда бөлуді ты йы п, э к о н о м и к а н ы ң
прогресшіл нысандарына жол ашты. 4) Қ азақтарда бүкіл тарихы бойында 
өзін ің ұлттык мемлекеттігі болтан ж оқ, Қ азақ К С Р -ін құры п, кеңестік 
режим тана осындай мүмкіндік берді.144
Қ азакстанны ң Ресейге қосы луы ны ң «прогресш ілдік» салдары дейтін 
пікірсайыс патша өкіметінің отарлау саясаты на бага берумен тытыз бай- 
ланысты, ол жөнінде батыстың тарихнамасында XIX гасырды ң өзін де-ақ 
қарама-карсы екі көзкарас болтан. Г. Роулинсон, Г. К эрзон, Д. Бульджер, 
А. К раусс өз ең бектерінде Орта А зия мен Қ азақстан д агы оры с ш е- 
неуніктері м ін ез-құлқы н ы ң «маскүнемдік, күдікш ілдік, өр көкіректік» 
сияқты белгілерін атап өткен.О лар сол айм ақта өзін ің отарш ы лды к үс- 
темдігін мәңгілік ету үшін, оны ң халқы ны ң «әл-ауқаты н ж ақсартуга еш- 
нөрсе істемей», багындырылтан халыкты ж алм ап кою патш а өкім етін ің
ресми саясаты ны ңтүпкі максаты деп санады .145
Бірсы пыра қиы нды қпен оры стар да ж атқы зы лтан еуропалы қтарды ң 
«өркениеттілік миссиясы» тұжырымдамасын жақтауш ылар Қ азакстанны ң 
Ресейге косылуы ны ң ш аруаш ы лық пен сауданы дамыту, «тәртіп пен заң- 
дылы қ енгізу» үшін «ізгілікті» ж әне «пайдалы» болтаны туралы ж азд ы .146
Отаршылдық идеологиясының негізі болтан «ак адам көтеретін ауырт- 
палық» туралы теорияны ж ақтауш ы ларга ф ран ц уз галымы Э. Блан н ы ң
XIX тасырдың аягында басылып ш ыққан «Орталық А зия бойынша ж олау- 
шы күнделігінде» айтқан пайымдаулары төн. «Бүкіл еуроп алы қ ұлттар 
отаршылдык. эксп ан си я бары сы нда дүние ж үзін бөлісумен айналы сы п 
жаткан кезде, — деп көрсетеді ол, — осы драманы ң ең қызықты актілерінің 
бірі Орта А зияда өтіп жатты, онда Ресей сол кездің ө зін д е-ақ 30 ж ы лга 
созылтан әрекеттерінің театрын өрістетуде еді. Онда орын алган оқигалар- 
ды ң ауқымы ж агы нан да, географ иялы қ қамтуы ж аты нан да адам затты ң 
одан әрі дамуы үшін ж әне дүние ж үзінің түрлі түкпірлерінде сонымен бір 
мезгілде А нглия, Ф ранция ж әне басқа держ авалар ш еш іп ж атқан міндет 
үшін зор маңызы болды».147 Сөйтіп Блан өзін ің осы айқы ндамасы ны ң ло- 
гикалы к қисындылытына сәйкес Орта А зи я мен Қ азақстан халы қтары н 
тарих субъектісі болудан айырады.
Неміс тарихшысы Ф. фон Ш варц ө зін ің «Түркістан» деген кітабын: 
«Түркістанның эконом икалы қ болашагы ж о қ ж ән е сөзсіз құрып тынады»
57


деген мәлімдемемен бітірген.148 Бұдан «болмай қоймайтын апатқа» өлкені 
Еуропаға қосу арқылы ғана жол бермеуге болады деген пікір туады.
Т үркістан ны ң өткен і, қазіргісі жөне болашағы туралы қозғалған мәсе- 
лелердің маңыздылығына қарамастан, — деп жазды В. В. Бартольд Ш варц- 
ты ң кітабы на рецензиясы нда, — «автордың кандай да бір дәлелі туралы 
оны ң тақырыпты шындап зерттеу нәтижесі деуге бола қоймас».149
Г ерм ани яд ағы «ж аңа тарихи м ектептің» өкілдері М. Ф ред ери ксен , 
О. Гётч, Р. Ю нге патш а ө к ім е тін ің айм ақтағы отарлау саясаты н ы ң ке- 
л е ң с із ж ә н е оң к ы р л ар ы н а сали кал ы баға б е р д і.150
Генералдар Кауфман мен Черняев арқылы отаршылдық әкімшілік кыз- 
метіне американ дипломаты Ю. С кайлер алғаш қылардыц бірі болып сыни 
талдау жасады, мұның өзі казіргі американ тарихшылары Д. М аккен зи 151 
мен Ф. С искоуды ң152 арасында «Славян шолуы» журналының беттеріндегі 
ғылыми пікірсайы ска себеп болды.
Бұдан кейін М аккензи, сол пікірсайысты жалғастырған сияқты болып, 
біркатар макалалар жариялады («Таш кент арыстаны. Генерал М. Г. Чер- 
няевты ң мансабы», «Түркістанны ң Ресей үшін маңызы, 1856—1917 жыл- 
дар», «Түркістанды жаулап алу ж әне басқару»), оларда патша өкіметі отар­
лау саясаты ны ң Кауфман, Черняев ж әне басқалартәрізді жол салушыла- 
ры ны ң әрекетін кайсыбір дәреж еде ақтауға әрекет жасады.
К ең ес өкім еті с а яса ты н ы ң б астаулары н іздестіру ам ери кан тарих- 
ш ы лары н XIX ғасырдағы Т үркістан мен Д ала өлкесіндегі оры с отарлау 
с а я с а ты н ы ң н егізгі б ағы ттар ы н , н ы сан дары мен әд істер ін зерттеуге 
ар н ал ған б ір қ атар қоры туш ы ең б ек те р ж а сауға итерм еледі. О ларға 
ам ери кан д ы қ белгілі ортаазиятануш ы лар Л. Тиллет, С. Б еккер, М. Рив- 
кин, Э. О луорд, ф р ан ц у з п роф ессоры Э. К аррен д 'А н к о с ж ән е басқа- 
л ар қ а т ы с т ы .153 
•?
Лондон университетінің профессоры Д. Уильямстың, Париж (Сорбон­
на) ун иверситетінің проф ессоры С. Бенсидунны ң еңбектерінде патша 
өкім етініңТ үркістан мен К азак даласындағы отарш ылдық-әкімш ілік ша- 
ралары ның жекелеген жақтары: сот ж әне жер реформалары, фискальдық 
саясат, әкім ш ілік өзгерістер ж ә н е т .б . көрініс тап к а н .154
А мерикан тарихшысы Ф. К азем заде Р. П ирстің «Орыстық Орта Азия, 
1867—1917: Отаршылдықбасқаруды зерттеу» деген кітабына рецензия жаза 
келіп, оны ң проблеманы зерттеу тәсілін отарш ылдықты «оның барлық 
оң ж әне теріс сипаттары мен коса» зерттейтін көптеген ғалымдарға тән 
әдіс деп сипаттады .155
1950—60 жы лдарда ш етелдік тарихнамада орны ққан жаңғы рту тұжы- 
рымдамасы тарихш ылардың 1917 жылға дейін айм ақты ңәлеум еттік-эко- 
ном и калы қ дамуын кеш енді түрде ж ән е неғұрлым тереңдете зерттеуіне 
мүмкіндік берді. Ж аңа теорияны ң «тартымдылығы» мынада болатын: ол 
тарихқа ф ормальді көзкарасты теріске шығарды ж өне К еңестердің ұлт 
саясаты ны ң «тарихи табыстары» туралы насихатты к идеяларға тікелей 
карсы бағытталды. «Бұл табы старды ң көбі кеңестік қатаң тәртіпсіз де 
орын алуы на болатын еді, — деп жазады Р. Пирс. — Егер 1917 жылы Орта 
Азия тәуелсіз мемлекет немесе тіпті мандатты аум ақ болса да, ортаазия- 
лы қтар н ақ сол мерзімде дамуды ң н ақ сол деңгейін камтамасы з етер еді. 
Казіргі үздіксіз дамып келе ж аткан дүние үшін прогресс қандай да бір 
ж үйенің монополиясы емес».156
58


К азіргі зерттеуш ілердің негізгі тұж ы ры мы бүгінгі э к о н о м и к ал ы қ
ж етістіктердің іргетасы патша өкіметі кезін д е-ақ қаланған; бірақ оиы н 
білім беру саласы мен жер мәселесіндегі саясаты ж ергілікті халыкты эт- 
н икалы қ жағынан сіңіріп алу ж ән е оны оры станды ру мақсаты н көздеді 
деген пайымдауға келіп саяды.
Дж. Демко, С. Зенковски, нак әлгі Д. Уильямс, Р. Пирс қазақтар үшін 
патша өкім етінің қоны стандыру саясаты ны ң ең ауыр зардаптары болға- 
нын, шын мәнінде олардыңтарихы ндағы көптеген касіретті беттерді бас- 
тап бергенін мойындайды.157
Патша өкіметі отарлау саясатының «кайырымдылық ықпалына» казак- 
тар толып жаткан бой көрсетулермен жауап кайтарып, олар XVIII ғасыр- 
д ы ң со ң ғы ш и р егін ен ту р а 1917 ж ы лғадейін жалғасты.
1960 жылы «Ортаазия шолуы» беттерінде «Қ азактар ж ән е П угачевтің 
көтерілісі» деген макала ж арияланды , біркатар еңбектерде Сырым Датов 
(1783—1797), Е. Көтібаров пен Ж . Нүрмұхамедов (XIX ғасырдың 50-жыл- 
дарында), И. Тайманов пен М. Өтемісов (1836-1838) бастаған көтерілістер 
туралы айтылды.158 Э. С аркисянц «казактардың отарш ылдыкка карсы бой 
көрсетулері үздіксіз болғанын» атап өтеді. Солардың ішінен ол Кенесары 
козғалы сы н ерекш е бөліп көрсетеді. «К енесары казакты ң барлы к үш 
жүзінде бұқаралы к козғалы с үйымдастырып, ол 1837—1847 ж ылдарда 
казактарды ң өз ж еріне оры старды ң басып кіруіне карсы орасан зор 
көтеріліске ұласты. Ол тіпті үлтты қ ш еңберден де шығып кетті».159 1916 
жылғы көтеріліс шетелдік тарихшылардың назарын бәрінен де көп аудар- 
ды. М. Э. Ч аплика 1918 жылы О ксф ордта ж ар и ялан ған «Орта А зия 
түріктері» деген кітабы нда былай деп ж азған: «С амаркан облысындағы 
Ж ы закта ж әне Ж етісуда мейлінше кескілескен какты ғыстар болды. С о- 
ның салдарынан жергілікті әкімш ілік байырғы халыктың барлык жері мен 
мүлкін тәркіледі, әскер жасындағы барлы к еркектер мобилизацияланы п, 
ал калған тұрғындар (20 мындай), негізінен әйелдерді аш тан қы ру үшін 
шөл далаға айдады».160 К азіргі тарихш ы лар Р. П ирс, Д ж. У илер, Л. К ра- 
дер, А. Спектор, С. Зенковски еңбектерінде көтеріліс тарихы тарихнама- 
дағы белгілі «исламның — христиан дініне карсы», «орманны ң — далаға 
карсы», «көшпелілердің отырыкш ылыкка карсы күресі» түжырымдамасы 
түрғысынан баяндалған.161 А мерикан тарихш ысы Эдвард Д еннис С окол- 
дың «Орыстық Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс» деген еңбегі шетелдік 
тарихнамада елеулі кұбылыс болды. А вторды ң пікірінш е, «әр түрлі екі 
мәдениет, көш пелі ж әне отырыкшы халы ктоғы суы ны ң сәтсіздікке ұшы- 
рағанын көтеріліс айнадағыдай көрсетті... ол көш пелі коғам ны ң өз бос- 
тандығына ж ән е тірш ілік етуінің өзіне кол сұккан оты рыкш ы халы кты ң 
басып кіруіне кайтарған карымтасы болды. Бүл кыр көрсетуге әркайсысы 
өзінш е, өздерінің дәстүрлері мен тарихы на сәйкес ж ауап кайтарды ».162 
Э. Сокол эконом икалы кф акторларға «бірінші дәреж елі мән» беріп, көте- 
рілістің тікелей себептері «орыс коныс аударуш ы лары ны ң көш пелілер 
ж еріне ұдайы басып кіруі» деп б іледі.163 Е ңбекке ж азған рецензиясы нда 
А. Парк былай деп атап өткен: «дәстүрлі деректемелерді пайдалану зерт- 
теуді терендете түсіп, ...ол кезде Орта Азия халыктарының орыс үстемдігіне 
карсы түрудың жалпы принииптерін әзірлеуге де, оры старға карсы пи- 
ғылды жұмылдыра алатын көш басш ы ш ы ғаруға да шамасы болмағаны
неліктен екеніне автордың берген бағасына иланымды лык берер еді».164
59


Ш етелдік ғалы м дарды ң зерттеулері халы қты ң ұлт-азатты қ күресіне 
м а р к си ст тари хш ы ларды ң тап ты қ к ө зқ ар ас ы н ы ң келеш егі ж о к екенін 
көрсетед і, атап ай тқанда, мұны қоны с аударуш ы ларды ң патш алы қ ж а- 
зал ау ш ы әс к е р л е р м е н б ірге қ а з а қ к ө те р іл ісш іл е р ін е, со н д ай -ақ 1917 
ж ы лы өз ж ер ін е қайты п оралған босқы н дарға қарсы ш ы ққаны д әлел - 
д е й д і.165
Н еміс тарихш ы сы А. К аппелер 1916 жылғы көтерілістің негізгі себе- 
бі п атш а ө к ім е тін ің о тар ш ы л д ы қ үстем дігі, он ы ң Қ азақ стан д ағы ж ер 
м әсел есін д е түгелім ен славян қон ы стан уш ы лары ны ң мүдделерін көз- 
деп ж үргізіл ген саясаты деп санайды . К аппелердің есептеулері бойы н- 
ш а, к ө те р іл іс б ары сы н д а 100 м ы ң нан астам қ а за қ та р мен қы рғы здар 
қ а за тауы п, көп теген адам дар Ш ы ғы с Т үркістан ға эм играци яға кетуге 
м ә ж б ү р б о л ғ а н .166
К еңестік тарихнама «феодалдық-монархиялық» деп айдар таққандар- 
ды коса алғанда, қазақтардың барлык бой көрсетулері, — деп атап көрсетеді 
М. О лкотт, — отарш ы лды кка карсы , ұлт-азатты қ сипатта болды. Бірақ 
1916 жылғы көтеріліс казақтарды тайпалы қ ж әне діни көсемдердің отар- 
ш ы лды к езгіден азат ете алмайты нына олардың көзін ж еткізді. Сондық- 
тан Олкотт ойлағандай, олардыңкөбі сол кезде-ақ жалынды көсемсөзшілер 
мен ақындардан тұратын ж әне Петроградта халық мүдделерін қорғай ала- 
тын ж аңа қ а зақ көш басш ы лары ны ң туы астына тұруға дайын ед і.167
Б ертін гі к езге д ейін к а за к х алкы н ы ң рухани ж ә н е м атери алды қ 
мәдениетін зерттеу арнаулы зерттеуге нысана болған жок. Алайда XVIII— 
XX ғасырды ң басындағы нарративтік әдебиетте қазактарды ң музы калы қ 
ж ән е п оэти калы қ ж ағы нан дарындылығы туралы көптеген пікірлер, ха- 
лы қты ң ауы зш а ш ы ғармаш ы лығы ны ң жекелеген%
үлгілері, суырып салма 
ақы ндар туралы үзінді түріндегі мәліметтер, сәулет ескерткіш терінің 
(Ахмет Й асауи, Айш а бибі, Қ арахан ж әне баскалар кесенелерінің) су- 
реттем елері б а р .168 Р. К арутц М аңғы стаудағы халы қты қ өрн ектердің
стильдік ерекш еліктері мен құры лымын зерттеуге көңіл бөлді, «қош қар 
мүйіз», «түйе таб ан »169 ж өне т.б. сияқты ою -өрнек үлгілерінің тараяған- 
дығы көрсетілді. Ш аруаш ы лы қ-тұрм ы сты к мақсаттағы заттардың шағын 
ны сан дары н ы ңтұрм ы ска ыңғайлылығы туралы айта келіп, саяхатш ылар 
киіз үй құры лым ыны ң оңтайлылығын ж әне көш пелілердің оны құрасты- 
ратын элементтер тандаған кездегі көркемдік талғамы жоғары екенін атап 
көрсеткен. «Ш атырдың көш пелілер өміріне бейімделуі міндеттерін іс 
ж үзінде ш еш у мағы насы нда... ки із үйдің құрылымы, — деп жазады К а ­
рутц, — нағы з өнер туындысы болып табылады».170
Зерттеуш ілер қ а зақ халқы ны ң дәстүрлі мәдениетімен қатар, орыс 
м әден и еті мен б іл ім ін ің қ а з а қ қ о ғам ы н а ы қп алы туралы м өселеге 
бірсы пы ра ден қ о й ғ а н .171 Э. К аррен д ’А н кос 1867—1917 ж ы лдардағы
Түркістандағы мектеп ісіне арнайы талдау жасап, патша өкіметі саясаты- 
ның оң қоры ты нды лары мен негізгі бағыттарын атап ө тк ен .172
Ж ан Соссе, С тэфен Бланк жөне баска авторлар XIX—XX ғасырдың ба- 
сында Қ азақстан да мектепте білім беру ісі таралуы ны ң аукымын нақты 
зерттеу негізінде патша өкім етінің бұл саладағы саясаты сайып келгенде 
қазақтарды оларды ң сана-сезім ін тумай жатып тұнш ы қты ру жолымен 
орыстандыру мақсатын көздеді деген тұжырымға келген. Бұл орайда олар- 
ды орыс халқы мен этн и калы қ ж ән е мәдени сіңістіру үрдісінде орыстың
60


православиелік шіркеуі мен Н. Ильминскийдің мектеп жүйесіне маңызды 
рөл б е р іл г е н .173 П атш ал ы к Ресейде ш ы ғы с хал ы қтар ы н а білім беру 
ж үйесінің (И льм инский ж үйесінің) проблем алары бойы нш а К олум бия 
университетінде докторлық диссертация қорғаған Изабель Крайндлер оның 
Ы. А л т ы н с а р и н н ің ш ы ғар м аш ы л ы ғы н а ы қ п ал ы , с о н д а й -а қ п атш а 
өкіметінің көксеген мақсатына қарамастан, қазақтарды ұлттык оятуға эсер 
еткенін атап өтеді.174
Қ азақхалқы ны ң ұлттық сана-сезімінің қалыптасу проблемасын «батыс- 
ка бой ұру» ж әне «жаңғырту» тұжырымдамасы тұрғысынан көрсете келіп, 
Э. Каррен д' А нкостың, Э. Бэконны ң, Р. П ирстің бұл үрдістің бастауында 
қазақтың аса көрнекті ағартушылары Ш. Уәлиханов пен А. Қүнанбаев тұрды 
деп санауы орынды.175
Еуропада Ш. Уәлихановтың шығармашылығы туралы алғашқы ж ария- 
ланымдар XIX ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Немістің 1862 жыл- 
ғы «Ресей туралы ғылыми білімдер мұрағатында» ағы лш ы нтарихш ы лары
Д. ж әне Р. Митчеллдердің, Ф. Тренчтің, Г. Лансделлдің, Г. Роулинсоннын 
1860—70 жылдарда ж арияланған еңбектерінде оны ң Қ аш ғарияға саяхаты 
туралы хабарланған. Ф ранцияда ғалы мның ғылыми мұрасы ны ң маңызы 
туралы көрнекті ғалым әрі саяхатшылар Э. Ж онво, Э. Реклю, Ш арль-Эжен 
де Уйфальви, Д. де Рэн жөне басқалар ш ығармаларында айтылды.
Қ азақ ты ң ұлы ақы ны ж ә н е ойш ы лы А. Қ ұ н ан б аев есім ін баты с 
дүниесіне ам ерикан көсем сөзш ісі ж ән е саяхатш ысы Д ж ордж К еннан 
тұңғыш реттаныстырды, ол өзінің 1885—86 жылдарда Ресей өңіріне ж аса- 
ған сапарында Омбыда, Семейде ж әне басқа қалаларда болған еді.
Батыстың қазіргі тарихнамасында Ш. Уәлиханов пен А. Қ ұнанбаевтың 
ш ы ғармаш ы лық мұрасы ны ң маңы зы қарасты ры латын біркатар арнаулы
зерттеулер б а р .176
М езгілсіз қайтыс болуына қарамастан, — деп жазады С. Зен ковски , — 
Ш. Уәлихановтың еңбектері мен оның ф илософиялы қ көзқарастары қазақ 
зиялыларының отаршылдыққа қарсы көзқарастары ны ң калыптасуына зор 
ықпал етті; оны ң ағарту, тендік ж әне әділеттілік каж ет екеніне, оған қол 
ж еткізу жолындағы сенімін казақтарды ң одан кейінгі ұрпақтары , соны ң 
ішінде «дала ақыны Абай мен педагог Алтынсарин» бөлісті. Американ про- 
фессорының пікірінш е, Абай қазақтар үшін мектепте білім беруге іргетас 
ана тілінде оқыту болуға тиіс деп сан аган .177
М. О лкотт былай деп көрсетеді: Ш . У әлиханов пен Ы. А лты нсаринге 
К араганда, А. Қ ұ н а н б ае в ор ы стар д ы ң Қ аза қ с т а н д а ғ ы о тар ш ы л д ы қ
үстемдігіне неғұрлым сыншыл көзқараста болған.
XIX ғасырды ң аяғы — XX ғасырды ң басында қ а за қ әдеби тілі мен ха- 
лықтың ұлттык сана-сезімін қалыптастыру үрдісінде, — деп атап көрсетеді 
ол, — қазақ зиялы лары ны ң ж аңа ұрпағы пайда болып, ол қ азақтар ж ағ- 
дайының шарасыздық себептерін түсініп қана қоймай, сонымен катар оны 
өзгертуге ұмтылды.178
Өз халкы н ояту ж өн інде қ а за қ ағартуш ы лары н ы ң алды ңғы ұрпағы 
бастаған істі А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, X. Д осмұхаме- 
дов ж ә н е б асқ ал ар ж алғасты р д ы , А. Б е н н и г с е н н ің , Ш . Л ем е р сь е- 
К елькеж енің, М. О лкотты ң айтуы нш а, оларды ң коғам ды қ-саяси к ө зк а- 
растары ны ң негізінде «казакы лык» («The K asakhness») принципіне бет- 
бүру ж а тты .179
61




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет