Орал-Жем мұнай ауданы да
ағылшын капиталының қолын-
да болып шықты. Ол мұнда
өздерінің дербес акционерлік
коғамдарын құру жолымен де,
үлес қосып қатысып, орыс ком-
паниялары арқылы да енген бо-
латын. 1911 жылғы 2 сәуірде
Доссор кәсіпшілігінде қуатты
мұнай бұрқағы атқылады, мұ-
ның өзі Жемде ірі көлемде мұ-
най өндіруді бастап берді.25 Ба
тые Қазакстанның мұнай кен
орындарын пайдалану үшін мы-
надай ағылшын коғамдары: Ба-
тыс-Орал мұнай қоғамы (1912),
Орал-Жем қоғамы (1912), Ор-
талы қ О рал-К аспий қоғамы
(1912), Солтүстік Каспий мұнай
компаниясы (1914) және басқалары құрылады.26 Мұнай кен орындарын өнде-
уге 94 фирма мен жеке адам куәлік алғанымен, О рал-Ж ем ауданында
8 акционерлік қоғам жұмыс жүргізді. Олардың негізгі капиталы 36 миллион
сомға жетті.27
Патша үкіметінің біркатар акциздік жеңілдіктер беруі, арзан жүмыс күші,
күшті бәсекелестердің болмауы аркасында мұнай өндіру шетел компанияла-
ры үшін өте тиімді болды, олар қанаудың жыртқыштык әдістері жағдайында
зор пайда келтірді.
Сонымен Қазақстанның кен өнеркәсібі жергілікті капитал негізінде өсіп
шыккан жоқ. Оны сырттан келген орыс ж әне шетел капиталы жасады. Оның
өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге өкетілді, ал пайда XX ғасырдың
басынан бастап шетелге кетіп жатгы. Осының бөрі кен өнеркәсібінің К азак-
станның әлеуметгік-экономикал ық өсуіне ыкпалын күрт кемітті.28
Қазақстанның кен-зауыт өнеркәсібінен айырмашылығы, ауыл шаруашы-
лық шикізатын ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жергілікті қажеттермен тығыз
байланысты болды ж әне өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне белгілі
бір ыкпал жасады. Өндеуші өнеркәсіптің көсіпорындарын мынадай екі топқа
белуге болады: 1) Ресейдің еуропалык бөлігіне ж әне шет елге шығару үшін
мал шаруашылығы шикізатын алғашқы өндеу жөніндегі кәсіпорындар: бұған
жүн жуатын, мал майын қорытатын, ішек-карын тазартатын ж ене баска
кәсіпорындар жатгы; 2) ауыл шаруашылық өнімін оны жергілікті жерде тұты-
ну үшін ұқсату жөніндегі кәсіпорындар: бұлар былғары, май шайкайтын,
спирт-арақ зауыттары, темекі фабрикалары ж әне т.б.29
Жетісу, Ақмола жене Семей облыстарында пайда болған біршама ірі жүн
жуу орындары Тамбов, Симбирск, Самара, Казан губерниялары мен баска да
губерниялардың мәуіті фабрикалары иелерінің қолында болды. Ш икізат та
соларға тасылды. М әскеудің «Стукен ж ене К°сауда үйі» Семей облысының
жүн рыногында шексіз монополияны иеленді. Ж үн негізінен әскери ведом
ство үшін дайындалды және оған сұраным бірінші дүниежүзілік соғыс жылда-
рында едәуір артты. Ал Қазақстанда Верныйға жақын жерде Қарғалы кентін-
Достарыңызбен бөлісу: