былғары мен тері, қаракөл елтірісі, шарап ж әне баска да ауыл шаруашылык
тауарлары тасып апарылды. Әкелінетін заттар мануфактура бұйымдары, ас-
тык, кант, темір, ағаш ж әне т.б. болды.43
Бірақ Орта Азия темір жолын пайдалануда бірқатар қолайсыздыктар да
орын алды. Ең алдымен бұл айналма жол еді: жүктен алынатын көптеген алым-
дардың салдарынан тауарлардың құны артты. Ж үкті тиеу де өте көп уакыт
алды. Сонымен бірге қыстыгүні Каспий теңізініңжағалауындағы судың катып
калуы жөне Еділ бойымен кеме қатынасының тоқтатылуы жүктерді Ресейге
шығару жолын ұзақ уакытқа жауып тастады. Осының бәрі Орта Азияны Ор-
талықРесеймен аса кысқа жолмен тікелей байланыстыратын жаңа темір жол
салу қажеттігін туғызды. Орта Азия мен Қазақстанда жаңа темір жол салу
туралы мәселе төңірегінде әр түрлі үкіметтік ведомстволардың ж әне орыс
капиталистері мен кәсіпкерлері топтарының күресі өріс алды. Онда М әскеу
мануфактурашылары мен Орта Азия кәсіпкерлерінің мүдделері мейлінше ай-
кын білдірілді. Алғашқылары Түркістанды өзінің ең басты шикізаты — мақта
өндірудің көзіне айналдыруға тырысты, екіншілері Сібір мен Ж етісудың ар-
зан астығын Түркістанның Фергана ж әне баска да мақта өсіретін обл ыстары-
натиімді өткізу үшін жаңа жолды пайдалануды көздеді.
Мемлекет есебінен Орынбор-Ташкент магистралының кұрылысы туралы
мөселе 1901 жылғы 21 сәуірдетүпкілікті шешілді.
Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімшілік жағынан екі бөлікке бөлінді.
Жолдың Оңтүстік бөлігі (Ташкент—Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария об-
лысының аумағы бойынша, Солтүстік бөлігі (О ры нбор-К өбек) Орынбор гу-
берниясы, Торғай облысының ж әне Орал облысы Темір уезінің аумағы бой
ынша өтетін болып белгіленді.44 Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал
Ташкент жағынан 1901 жылғы 9 қарашадан басталды. Құрылыс жұмыстары
1902 жылы ғана кеңінен өріс алды.45
1904жылгы 1 қаңтарда бүкіл Орынбор-Ташкентжолы бойынша поездар-
дың уақытша жүрісі ашылды. Солтүстік бөлігі толы қ аяқталып, 1905 жылгы
Достарыңызбен бөлісу: