Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


Көш (П. С. Палластын «Ресей мемлекетінің әр түрлі провинцияларына саяхат



Pdf көрінісі
бет91/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

Көш (П. С. Палластын «Ресей мемлекетінің әр түрлі провинцияларына саяхат
(1773 —1788) атты этнографиялық енбегінен).
Жиделібайсын деп аталады. Фольклорлық материалдар бойынша ол арманға 
айналған жер, Жиделібайсынның оңтүстік шекарасы Ауғанстанмен шектесіп 
жатыр.
Үлы жүздің ауылдары Таш кент төңірегіне ұмтылды. Ірі ауылдардың 
кейбіреуі жақсы жайылым іздеп, одан да оңтүстік жаққа, Ходжент пен шығыс 
Бұхара шегіне дейін барды.
Қ азақ ауылдарының негізгі бұқарасы қыста қыстауға Сырдария, Талас, 
Шу өзендері мен баска да (Ангрен, ІІІырш ык) өзендерді бойлай орналасты. 
Мұнда қар аз түсетін, бұл малдың қыста тебіндеуін жеңілдетті. Ж ағалауда 
қалың өсетін камыс малға әрі азық, өрі пана болды. Ол отын ретінде де пайда- 
ланылды.
Кіші ж үз бен Орта жүзді-ң жазғы жайылымдары Қ азақстан н ы ң С ары - 
арка деген атпен мәлім С олтүстік, Баты с ж ә н е О рталы к бөліктерін қам - 
тыды. Оның шекаралары қазақтарды ң шежіресінде былайша белгіленген: 
«Арқа ұзынынан Алтайдан басталып, батыста Орал тауы на дейін, енінен 
Қ ара Ертіс басынан Алтай етегімен солтүстікке тура Обь өзені басы на 
дейін созы лы п, онан баты ска тарты лы п, «К уш көл», яғни Чани көл мен 
Т өгерек көлін басып «Обь» өзені құйы лы сы нан өтіп, Чилба бекін ісі 
(Челябі) алдында Оралға жетеді».8
Үлы жүз тайпаларының жазғы қоныстары Алатау сілемдері мен Ж етісу 
алқабында болды.
XVIII ғасыр материалдарымен таза көшпелі мал шаруашылығы таралған 
өңірдің айкын шекараларын белгілеу өте қиын, тіпті мүмкін емес деуге бола- 
ды. Түтас алғанда Қазакстанның аумағы географиялықжағынан шөл, шөлейт, 
орманды дала ж әне даланың үштасуы болып табылады. Көшпелі мал шаруа- 
шылығына халықтың жыл бойы көшіп жүруі төн болды. Сонымен бірге көшіп- 
қону үрдісі өндіріс жүйесін кұрайды, онда әрбір маусымдағы көшу сол үрдістің 
сатысы болып табылады. Қыскы цикл неғүрлым ұзак, оңтүстіктегі жазира- 
лармен ж әне қалалармен байланысты, бейнебір толы қ шеңберді тұйықтай- 
тын төрізді. Бұл кезенде көшпелілер саудамен, малдан алынған шикізатты 
сатумен айналысады, көшпелі қауымныңтіршілігі үшін кажетті нәрселердің 
бөрін сатып алады, яғни базармен, демек ханды қты ң қаласы мен ж өне 
колөнерші-саудагер халкымен байланыс жасайды.
183


Бұдан бұрын айтылғандай, ж ақсы жылдарда көш пелілер ондаған мың 
мал — жылкы, қой және т.б. иеленген. Кдзактардың қожалықтарында жылкы- 
ның өте зор маңызы болды, жылкы өмірде жөне әсіресе әскери істерде ерек- 
ше маңыздылығы себепті олар үшін ежелден мейлінше құнды еді. Климаты 
қолайлы ж әне жайылымы бай болғанына карамастан, оңтүстік казак малшы- 
лары мыңғырған малый сыйдыра алмады. Олардың иелері өз жылкысын то- 
ғайларда жаю үшін Оңтүстік Сібірдің ормандары мен орманды алаптарына, 
Ертіс өзенінің арғы жағына (Ертістің оң жағасына әрі Құлынды және Бара- 
бин далаларына) амалсыздан айдап апаратын.
П. Рычковтың кыстыгүні қазактардың жылқыны алысқа айдап апаратыны 
сонша, «олардың үйлері атпен бір апталық жерде, тіпті одан да көп кашыкта 
болады. Бұл ұсақ мал мен түйеге... жақын жерде азы қ калуы үшін істеледі»9 
деп көрсетуі сенуге әбден лайык. Жүздеген мың жылкымен бірге халыктың 
ұрыска ең жарамды азаматтары көшетін. Ж астар үшін бұл ең беделді және 
жауапты іс, ерлік мектебі болды. Қыскы жайылымдарда казактар наурыздың 
ортасына дейін отыратын. Ш өп көктеп шығысымен бәрі жазғы жайылымда- 
рға, Сарыарканың кең даласына көшіп баратын.
Қ азақ коғамы тірш ілігінің тұракты негіздерін 1723—1730 жылдардағы 
«Ақтабан шұбырынды, А лкакөл сұлама» деген атпен халы кж ады нда кал­
ган оқиғалар бұзды. Ол окиғалар казак коғамының барлық ішкі ж әне сыр- 
тқы қ и ы н д ы қ т а р ы н ы ң к ө р ін іс ін е ай н ал ы п , д әстү р л і ш аруаш ы лы қ 
ж үйесінің экон ом и калы к апатына әкеп соқты. Қ азақтар шаруашылығы- 
ны ң құлды рауы м ен коса, халы к ауа көш іп, қалалар, егінш ілік алаптар, 
қолөнер өндірісі, Қ азақстанны ң оңтүстігіндегі бүкіл казақхалқы жаппай 
кайыршыланып, аш арш ылыкка үшырады. Ж оңғарияны ң соғыста түсірген 
олж асы н а айналы п, мүлкі мен малынан айырылған казактарды ң едәуір 
топтары М ауараннахр өңіріне барды. Б ірак оңДа да өздерінің кауіпсіз 
тіршілігін қамтамасыз ете алмады, панатаппады. Ш ығыс деректемелерінде 
М ауараннахр калалары ны ң шаруаш ылығы жағынан аса қатты құлдырап 
кеткені айтылады. XVIII ғасырдың 20-жылдарында Самаркан тұрғындары 
7 жыл бойы мүлде безіп кеткен, ал Хиуа хандығында ш амамен сол ж ы л­
дарда барлык кыстақтар мен егістіктер караусыз тасталып, Хиуаның өзінде 
40-тан аспайтын отбасы қалған. Оның үстіне бір кездегі аса бай осы облыс 
тағы бір касіретке — ш егірткенің үлкен зиян келтіруіне ұшырады. Мұндай 
жағдайда казактар: «Ж ұт жеті ағайынды», — дей ді.10
К азақтарды ң едәуір көпш ілігі тәж іктер мен өзбектер арасына сіңісіп 
кетті. К ейбір ірі р у л ы к то п тар көш пелі өзбектер арасындағы дербес ша- 
ғын этн и калы ктоп тар ретінде Ш ығыс Бұхарада орнығып калды. Ж иделі- 
байсында тұратын лакайлар, семіздер мен маркалар туралы Б. X. К армы ­
ш ева былай деп ж азған: «...оларды ң мәдениетінде, тұрмысында, дене 
бітімінде ж ә н е сөйлеген сөздерінде XX ғасырды ң басында қазактармен 
туы сты ғын көрсететін белгілер әлі де айкы н аңғары латы н».11 XX ғасыр- 
дың басында М. Тынышбаев былай деп атап өтті: «Қазіргі уақытта Керме- 
не ауданында (Бұхараның маңы) ш аңы рақ саны 12 мың сарттанып кеткен 
найман-садыр ауылдары тұрады, олар Лепсі садырларымен туыс екен, олар- 
мен көпш ілігі 8—9 атадан байланысады ».12 Едәуір көпшілігі Таш кент пен 
Бұхара маңы нда орнығы п қалды. Оларға «Құрама» деген ат тағылды. 
«...Қ ұрам а деген ел бар, олар ақтабан ш ұбырындыда ж үре алмай калған 
кедейлер... бұлар сартка косылып егін салған», — деп жазады Ш әк ер ім .13
184


М. Тынышбаев қүрама «қазақхалқы н ы ң шағын бір бөлігі болып табы ла- 
ды» деп санаған.14
Сарыарқаға және Сырдарияның арғы бетіне көшіп кеткен қазақ қауымда- 
ры 1727 ж ы лды ңөзінде-ақбіріккен күштермен жоңғарларға тойтарыс бере 
бастағанына карамастан, шаруашылық күйзелісі жалғаса берді. Қала ж әне 
қолөнер орталықтарымен байланыстың болмауы қатты аңғарылды. Қ ысқа 
уақыт ішінде мал шығынын калпына келтіру мүмкін болмады. Солтүстікке 
бет ала жылжыған олар, башқұрттармен, сібір казактарымен, еділ қалмақта- 
рымен жиі қақтығысқатүсіп отырды, мұның қасіретті жағдайды одан сайын 
қиындата түскені сөзсіз. К өш і-қон жүйесі бұзылды, дәстүрлі «оңтүстік- 
солтүстік» өңірге қоныс аудара паналайтын тірлік қалды.
X V III 
ғасы рды ң 20—30-ж ы лдары нда қ а за қ қоғам ы н есең гір етк ен
әлеуметтік-экономикалықтығырыққатірелуін ш аруаш ы лықтыңтереңдағ- 
дарысы туғызды. Ол көшпелі шаруашылықтың дәстүрлі экологиялы қ ырға- 
ғының бұзылуы себепті тұйыкқа тірелді ж әне мал шаруашылығында да, де- 
мографияда да шығындарға әкеп соқты.
Тек XVIII ғасырдың40-жылдарынан бастап қана қазақтар экономикасын- 
дағы алғашқы оңға басушылық байқалады. Олар мал санының көбеюінен, 
қазақтардың айырбас саудаға тұрақты қатысуынан көрінеді. А. И. Левшин 
қазакдардың Орынбор айырбас сарайында айырбастайтын малы едәуір өскенін 
көрсететін цифрлар келтіреді.15
Ж ы л ы
Ж ы л қ ы с а н ы
Ө гіз с а н ы
Қ о й с а н ы
Е ш к і с а н ы
1745
552
2
3055
52
1750
1184
6
8213
281
1755
1762
15
13 147
334
1760
3757
54
19 530
1589
1765
1636
199
55 194
4540
1770
889
276
113 115
9354
1775
1218
164
172 495
3733
1780
4643
379
225 486
7250
1790
2154
1325
187 286
5968
1800
2116
867
85 221
2665
1810
36
392
65 699
5639
1820
68
1074
160 296
3268
1760 жылдардағы екінші академиялық экспедицияның катысушылары 
қазакдардың шаруашылығы туралы кызықты деректерхабарлайды. Мәселен, 
П. С. Паллас мынадай қорытынды жасайды: «Қазақтардың байлығы шынына 
келгенде мал шаруашылығынан тұрады, ал оларда жылқы мен қой айрықша 
көп. Оларда түйе әлдеқайда аз, ал сиыр одан да аз, себебі, оларды дағдылы 
жем-шөпсіз далада жақсы ұстау мүмкін емес».16
Әсіресе И. Фальк өз жазбаларында егжей-тегжейлі айтады: «...қазақтарда 
мал шаруашылығы кеңтаралған, шын мәнінде, бірден-бір дерлік кәсіпшілік. 
Оларда аса тамаша малдың әдеттен тыс көп табындары бар». Ол бұдан әрі 
былай деп атап өтеді: «табын кұрамында кой едәуір орын алады», «қой тұрмыс- 
та, жылқы сиякты, мейлінше қажетті мал».И. Ф альктің деректері бойынша, 
Орынбор қаласындағы айырбас айналымында қазақ малы елеулі орын алады:
185


«1769 жылы айырбасталып 40 мың, ал 1770 жылы - 130 мыңтірі қой өткізілді». 
Орынбор кеденінің материалдары бойынша, бұл ең жоғары цифрлар емес, 
«кей жылдары өткізілетіні бұдан да көп болады».'7
XVIII ғасырда Георги казактардыңдәстүрлі шаруашылығын бұдан да гөрі 
егжей-тегжейлі суреттейді. Ол Кіші жүз қазақтарының Ресей мен Хиуаға қой- 
ды көп мөлшерде сатқанын жазады. Орта жүз бен Үлы жүз казақтарының мал 
шаруашылығы өнімдерінің көпшілік бөлігі Ресейдің және ішінара Орта Азия 
мен Қытайдың рыноктарына түсіп жатты. А. И. Левшиннің бағалауынша: 
«Қазақтармен айырбастың гүлденген кезінде жыл сайын Орынборда ғана олар- 
дан 500 мыңға дейін ж әне Ресеймен шекараның басқа жерлерінде нақ сонша 
қой айырбастап алынған деп санау керек. Демек Ресейге жылына барлығы 
1 млн қой келіп отырдъі. Жылкы саны ол жылдарда кейде 50 мыңға дейін жетті. 
Қ азак тар осы ндай м өлш ерде Қ ы тайға, Бұхараға, Хиуаға ж әне басқа 
көрш ілеріне әр түрлі мал сатып келді. Ең жалпылама есептеулер бойынша, 
барлык шекаралық аудандарға қазақтар, өзге тауарларды есептемегенде, жыл 
сайын 2 млн қой және 100 мың жылқы әкеліп отырған».18
П. И. Рычков аныкдеректемелерді негізге ала отырып, былай деп жазады: 
казактар арасында «малға бай адамдардың болғаны сонша, бір отбасында 20 
мыңға дейін жылкы ж әне сондайлық мөлшерде кой бар. Осы мыңғырған мал 
олардың еңбек етіп, бағып-күтуін көп керек етпейді, өйткені жаздыкүні ғана 
емес, кыста да кар басып жатканымен, далада жүріп, шөп жеп өздігімен 
қоректенеді».19 Рычковтың деректерін куаттай келіп, Георги де казактардың 
«сиыр малын жакыннан бері ғана өсіре бастағаны» туралы жазады.20
Ж алпы мал саны күрамында сиыр, бір жағынан, солтүстік казактарының 
башкұрттармен және калмактармен түракты карым-катынас жасауыныңсал- 
дарынан көбейді, екінші жағынан, оны Ресей рыногының кажеттері туғызды.
XVIII ғасырда шөп шабуға ж әне тау бөктерлерінде егіншілікпен айналы- 
суға алғашкы әрекеттер жасала бастады, бұл көшпелілер үшін, сөз жок, жаңа 
іс болатын. Бастапкыда казак хандары мен сүлтандарының кожалыктары «арық 
мал» үшін кыска арнап пішен корын дайындап алуға тырысты. Бүл бастама- 
ларды көзімен көргендер шөп шабуды казактар арасынан алынған «жалдама 
жұм ыскерлер» ж үргізгенін ж азады, олар казактарды ң шалғы үстауды 
білмейтінін де атап өткен.
Ал XVIII ғасырдың екінші жартысында егіншілік әлі де негізінен оңтүстік 
аудандардың кәсібі болып кала берді. Георги солтүстік казактарының мате- 
риалдыкөндірісін егжей-тегжеилі баяндай келіп: «Олар жер жыртуды ойға да 
алмайды, онсыз да кұрғак ж әне сортаң бөлігі мол дала пайдасыз болар еді». 
Қазакстанның шығыс аймактарындағы шаруашылыктың жай-күйі туралы 
біршама хабардар кытай деректемелерінде де казақтардың егіншіл ікпен айна- 
лыспайтыны атап көрсетіледі жөне казактардың мал шаруашылығы өте 
білгірлікпен суреттеледі.21'
Сонымен XVIII ғасырдың 60—70-жылдарының өзінде-ак қазактардың ша- 
руашылығы аса ауыр дағдарыстан еңсесін көтеріп, ұлғаймалы ұдайы өндіріс 
жолынатүсті. Бұл кезенде Қазакхандығы халкының өскені ерекше байкала- 
ды. Қ алмак тайпаларының, башкұрттардың, ноғайлардың ж әне қарақал- 
пактардың үлкен бөліктері қазакхалқы ны ң этникалыккұрамына кірді. Н ак 
сол кезенде ж аңа генеалогиялы к тармактар кұрылды, төлеңгіттер саны 
көбейіп, күлдар саны өседі ж әне т.б.
Қ азактар шаруашылығының калпына келуімен бірге көшетін коныстар
186


туралы мәселе өткір қойылады. Өрісті кеңейту қажеттігі казактарды Ресейі'е 
және Қытайға карсы қойып, Орталық Азиядағы саяси жағдайды тым қиында- 
тып жіберді.
XVIII ғасырдың 60—70-жылдары қазақтардың, әсіресе Орта жүздің керей 
және найман құрылымдарының қытай шекаралық әскерлерімен қарулы кақты- 
ғыстарға түскен кездері болды. 1760 жылы император Цянь-лун Әскери 
кеңестің ұлықтарымен казақтардың Алтай мен Тарбағатай аумағына көшіп 
келуіне байланысты жағдайды талқылады, сондай-ақ «оларды тежеу оншама 
оңай емес» деп кынжылды.22 Содан соң 1762 жылы қазақтар өздері орныққан 
алқапты босатудан бас тартқаннан кейін кытайлар оларды қазақтармен «тіл 
табысу мүмкін емес» деп айыптай бастады. Цянь-лун өзінің әмірінде жазалау 
шараларының қажеттігі туралы былай деген: «Сірә, оларды біздің әскери 
қуатымызбен қорқыту керек болар... Қазақтар... коныстардыңшекараларынан 
тағы да өтіп жатыр».23 Бірнеше жыл бойы күрес жүргізгеннен кейін ғана казак- 
тар Алтай мен Тарбағатайдыңтамашатаулы жайылымдары мен алкаптарын 
біржола каратып алды. «Сендер, қазактар, біздіңжерімізге бірнеше жыл ішінде 
біртіндеп көшіп алдындар... С еніңхалкы ңа... бос жаткан жерлерде көшіп жү- 
руге мүмкіндік туғызу үшін казірдің өзінде бұйрык берілді», — деп жазды 
Абылай ханға Қытай императоры.24
Алтай мен Тарбағатай үшін күрестің ең б асы н ан -ак казактарды бұл 
жерлер — өздерінің ежелгі жері - атамекені дегенді ұғыну жетеледі. Бұл фактіні 
кытайлар да мойындады, олар мұндай талаптарға былай деп жауап кайтарды: 
«Сіздердің елшілеріңіз Тарбағатайды өздерінің көшіп жүретін бұрынғы (аудан) 
болып табылады деп, (бұл жерді) сыйға тартуды сұрады». Қытай Жоңғарияның 
соңғы билеушісі Әмірсананы казактардың колдағаны үшін ренішті болатын: 
«Сіздердің жандарьщыз да жай таппайды. Егер сіздер Әмірсананы шын мәнінде 
тұтқынға алып, бізге бергендеріңізде, әлбетте, сонда сыйға тартуға болатын 
еді», — деп кынжылыс білдірді кытайлар.25
XVTII ғасырдың 50—60-жылдарында Ертіс бойы мен Ж айык жағасында одан 
кем түспейтін дау байқалады. Жайылымға бай ж әне кыста кыстауға колайлы 
осы ай м актарға көп тен бері б ай лан ы сты б олған к а за к т а р Р есей д ің
талаптарымен өте қиын жағдайда калдырылды. Іс жүзінде 1756 жылға дейін 
казактар Ертістің де, Жайыктың да оң жағаларына кедергісіз өтіп жүрді. Бірақ 
1750 ж ылдарда Орта ж үздің солтүстіктегі шет ай м актары н а біркатар 
бекіністердің салынуы қазак қож алы ктары ны ң ж олы на алынбас камал 
орнатты. Сол кездің өзінде-акосы жерлерде (Петропавл, Лебяжье) кыс кезінде 
кыстап отыратын қазактардың шағын топтары Қазакстанның оңтүстігіне, сол 
кезде айтылғанындай, Жиделібайсынға көшіп кетуге мәжбүр болды. Сол кез- 
де Жоңғария проблемаларымен айналысып жаткан қазақхандығы орыс өкімет 
орындарына кедергі жасай алмады, оның үстіне Ж оңғариядан азат етілген 
аумақ казактар ортасындағы жер «тапшылығының» әзірш е белгілі бір дәре- 
жеде орнын толтырған еді.
Осындай жағдайда 1755 жылы Сыртқы істер алкасы Сібірдің өкімет 
орындарына казақтардың ішкі аумакка, яғни Ертістің оң жағасына шығуын 
мүлде тыюды ұсынды. Кейін 60-жылдардың орта шенінде, Ертіске 10 шакы- 
рымнан артық жакындап баруға мүлде тыйым салынды. Ресейдің белсенді экс- 
пансиясы қазақтарды ушыктырып, кері жауап беру әсерін туғызды, олар бұл 
аумакта ресейліктердің болуын мойындағысы келмеді. «Ертістің көп жерлеріне 
кырғыз-кайсақтар малын айдап жакын келді. Орыстарға шабуылын үдете түсу-
187


де. Олар білтелі мылтыктармен де каруланған. Коряков форпосты маңында 
екі жактан мылтықатылды», — деп хабарлайды 1755 жылғы орыс құжаттары.26 
Ертіс өзен ін ің оң жағасындағы жайылымдарға Орта жүздің аса ірі тайпа- 
лары — керейлер, уактар, қыпшақтар, арғындардың момын рулары және най- 
мандардың кейбіртармақтары мүдделі болатын. Тіпті арғындардың үлкен тар- 
мағы төртуылдар мен қаракесектер де жы лқы лары ны ң ірі табындарын 
оңтүстік-сібір даласына айдап апаруға тырысқан деген мәліметтер бар. 
Ертістің оң жағасы үшін күрес бүкіл XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX 
ғасыр бойы орыс өкіметорындары мен казак кожалыктары арасындағы көлде- 
нең кедергі болды.27
Ж айы к өзенінің оң жағасы үшін де одан кем түспейтін шиеленіскен күрес 
жүрді, Орынбордың өкімет орындары оған Кіші жүздің казак руларының 
жакындауына тыйым салғысы келді.
XVIII 
ғасырдың 60—70-жылдарында Қазакстанның оңтүстігінде аса киын 
жағдай калыптасты. Қазақ билеушілері Сырөңірініңқалалары үшін Қоканмен 
күрес жүргізді ж әне калалармен дәстүрлі өзара катынастарды калпына 
келтіруге тырысты. Бұл тайталас толып жаткан қақтығыстарға әкеп соқты. 
1760—1770 жылдарда Абылай хан ірі әскер күштерімен Қоканға карсы карулы 
күрес жүргізді. Халык аңыздарында бұл кимылдардың нәтижесі бұрын Қокан 
тартып алған көптеген калалар мен кыстақтардың кайтарып алынуы және 
Сыр бойы аймағында казак шонжарларының үстемдігін калпына келтіру бол­
таны айтылады. Аңыздарда Ташкент казақтардың өктемдігін сөзсіз кабылдап, 
жыл сайын алым төлеп тұруға міндеттенді делінеді. Өз тарапынан казактар өз 
аумағында да казак даласы аркылы өтетін жолында да Ташкент көпестерінің 
кауіпсіз сауда жасауына кепілдік берді.
Үлы жүздің шежіресінде Таш кент аймағында казак руларының билігін 
калпына келтіруге байланысты окиғалар суреттелеКІ. Оның жаңғыртылуы 
Ж оңғар мемлекетінің жойылуымен байланысты. Ш ежіреде Толе би кайтыс 
б олғаннан кейінгі кы п ш актарды ң , өзбектердің , ш аны ш кы лы ларды ң, 
каңлы ларды ң дулаттарға карсы бағытталған өзара кы ркы скан күресі 
Ташкентті кокан хандарының басып алуына әкеп сокканы баяндалады. Бұл 
материалдар жалпы алғанда жазбаша деректемелердің мәліметтеріне сәйкес 
келеді. Ташкенттен казактар XI ғасырдың басында айырылып калды.28
XVIII 
ғасырды ң40—70-жылдарында Түркістан қаласы Қ азақордасы ны ң 
ұлы ханы Әбілмәмбетке карады. Түркістанны ң төңірегінде орналаскан 
калалар Әбілмәмбет пен Сәмекенің балалары арасында бөлінді, калалардың 
көпшілік бөлігі Орта жүздің әйгілі султаны Барак сұлтанға, ал кейіннен оның 
балаларына бағынды. Мұрағат кұжаттары мен казактыңхалыкаңыздарында 
Әбілмәмбет хан мен С әмекенің ұлы Есім сұлтан арасында Түркістан үшін 
туған өте келеңсіз жағдай туралы айтылады. «Орта кырғыз-кайсақ ордасының 
бұрынғы ханы Сәмеке кайтыс болғаннан кейін сол Орта орданыңханы болып 
қазіргі Әбілмәмбет хан сайланды, содан кейін ол Түркістанға да хандыкка 
шакырылды, бірак сол екі арада Т үркістан каласының көптеген уездік калал ары 
Түркістанда бұрынғы Сәмеке ханның балаларынан хан болуын іштей тіледі... 
себебі Әбілмәмбет хан кала тұрғындарынан көп пара ала бастады, сөйтіп оларда 
үлкен келіспеушілік бола бастады». Осы жанжалды шешу үшін 1762 жылдың 
көктемінде қаракесек руында Әбілмәмбет, Абылай ж әне баскаларының 
катысуымен ақсүйектер жиналысы болды. Онда төрағалык еткен Казыбек би 
Түркістанды екі үміткерге бөліп беруге ұйғарды.29
188


Абылай ханның елеулі қадамдарыныңбірі Казақстанныңоңтүстігінде қала 
өмірін қалпына келтіруге әрекет жасау болды. Біздіңше, оның 60—70-жыл- 
дарда Түркістан мен Ташкентке жиі баруын осы себептермен түсіндіруге бо- 
лады. Үлы жүздің аса ыкпалды өкілдерінің өтінуі бойынша 1774 жылы Абы­
лай хан өзінің ұлы Әділ сұлтанды олардың қоныстарына сұлтан етіп жіберді, 
оның ізінше ол ж акка ханның кіші үлдарының бірі Сүйік сұлтан жіберілді. 
Ханның әмірімен Талас өзенінің жағасына шағын калаш ық салынып, оған 
егіншілік пен колөнер еңбегіне дағдыланған каракалпақтар қоныстандырыл- 
ды.30
Толықотырықшы жөне дәстүрлі көшпелі өмір XVIII ғасырдағы қазақтар- 
дың шаруашылықжүйесімен бірдей сыйыспайды. Жайып бағылатын мал ша- 
руашылығы экономиканың негізі болғанына қарамастан, ол қалалық қолөнер 
орталықтарына байланысты еді. Экономикалык жүйені құрайтын салалар 
арасындағы өзара тәуелсіздік пен бір-бірін толықтырушылық XVIII ғасыр- 
дың аяғында да күшін сақтап қалды. Қ азақ даласына Ресейдің ендей кіруінің 
күшейе түсуі ғана бірегей шаруашылық жүйесінің одан әрі тіршілік етуін 
мүмкін етпей тастады.
XVIII ғасырдың бас кезінде-ақ бірқатар казак билеушілері Уфа ж әне 
Тобыл қалаларында ірі сауда жұмыстарын жүргізді. Тәукенің, Қайып пен 
Әбілқайырдың елшіліктері Ресейдегі дипломатиялы қ қызметті белсенді 
саудамен ұштастырып, екі ел арасында өзара сауда катынастарын орнатумен 
және дамытумен айналысты.
XVIII ғасырдың 70-жылдарында қазақ даласындағы Шығыс тауарларымен 
сауданың өзін де Ресей өз колына алады. «Үндістан мен Бұхарадан келген 
тауарлардың үштен бірі М әскеу мен Казанда калады, калған үштен екісі 
қазақтармен малға айырбасталады» деп хабарлайды күжаттар.31 Қ азақры но- 
гы үшін күресте түркістан-ташкент көпестері көшпелілергеталап қоюды не- 
ғұрлым күшейте түскен Ресей тарапынан жасалатын бәсекеге төтеп бере ал- 
майды. Бұл өзара катынастарға Орталық Азияның қалалық өркениетінің кон- 
тинентаралық сауда артерияларында болған өзгерістерге байланысты XV 
ғасырдың өзінде-ақ байкалған құлдырау да салқынын тигізді.
XVIII ғасырдың аяғында әдетген тыс жағдай қалыптасты — ол кезде бұрынғьі 
бірыңғай етене қазақ шаруашылығы бірнеше эконом икалы қ аймақтарға 
бөлінді. Солтүстік аудандар ж әне ішінара Орталық Қазақстан рулары орыс 
рыногына, оңтүстік пен оңтүстік-батыс — Орта Азияның, шығыс пен оңтүстік- 
шығыс — Қытайдың рыногына бағдар алды. Бұл үрдістің салдары қазақ 
халқының ішкі әлеуметтік-саяси байланыстарының бытырауы, әлсіреуі 
болды.
О рыс-қазақ экономикалы к байланыстарының калыпты жүруіне Ресей 
өкіметорындарыныңотаршылдықниеттері кедергі жасады. Ресейдің отаршыл 
әкім ш ілігі әркаш анда ш аруаш ы лы қ ж оспарлардан гөрі әс к ер и -с аяс и
жоспарларға басымдык беріп отырды. Сондыктан Ресей өкімет орындарының 
арандатуымен жиі болып отырған ішкі өзара кырқыстар, көрші халықтармен 
арадағы жаулык, ал кейде казактарға қарсы бағытгалған тікелей жазалау 
әр е к етте р і к а з а к қ о ға м ы н ы ң э к о н о м и к а л ы қ тұ р ақ ты л ы ғы н бұзды . 
Нығайтылған шептер мен бекіністер салу үшін орасан зор аумақты басып алу 
қазақтардың көшіп жүретін дәстүрлі жолын бұзып, оларды солтүстіктегі бай 
жайылымдардан кесіп тастады ж әне тұтас алғанда халықтың тіршілік етуіне 
теріс эсер етті.
189


XVIII ғасырдыңаяғындағы экономикалыкдағдарыс казак шаруашылығын 
киын жағдайға ұшыратты. Император I Александрдың 1808 жылғы 23 мамыр- 
дагы жарлығын к а з а к халкының осындай жағдайы туғызған еді, онда былай 
делінген: «Орынбор әскери губернаторынын хабарламаларынан жөне бізге 
жеткен баска да мәліметтерден біз өз бодандарымыз, Орынбор шебіне жакын 
манда ж әне Каспий теңізінен Сібірге дейінгі бүкіл шекара бойында көшіп 
жүретін казактардың әртүрлі лакаптарға карағанда касіретті жағдайға ұшы- 
рағаны сонша, тамакка каражаттаппай, олардың көбі тіпті өз балаларын хиу- 
алықтарға кұл етіп сатуға ниеттенетінін байкадык». Патша Орынбор әске- 
ри губернаторы мен сібір бастыктарына камқорлык жасауға көніл бөлуін ұсын- 
ды және казак балаларын барлыкорыс бодандарыныңсатып алуы ережелерін 
белгіледі.
Сонымен бірге орыс бастыктарының XVIII ғасырдың аяғындағы саяси 
пікірлері казактар үшін біркатар аумактыкпроблемаларды шешіп берді. 1801 
жылы Кіші жүз казактарының көп мөлшерде, негізінен байұлылардың Еділ 
мен Ж айы к өзендерінің арасында мәңгілік коныстануына рұксат берілді жөне 
нак сол жылдарда Орта жүз казактарының Сұлтанмәмет сұлтанның балалары 
бастаған бір бөлігі Ертістен өтіп, оңж ағада мекендеуге кұкыкалды. Бірінші 
жағдайда Ресей осылайша Кіші жүзді әлсіретуді, екінші жағдайда Орта жүз 
ханы Уәлидің билігін бәсендетуді ойластырды.
XIX ғасырдың 20-жылдары Қазакстандағы толып жаткан әкімш ілік- 
аумактык реформалармен ерекшеленді. 1822 жылы «Сібір кырғыздары туралы 
жарғы» кабылданған еді, ал 1824 жылы Кіші жүзге де осындай жарғы 
кабылданды. Тұтас алғанда «Жарғылармен» Казак даласының сол кезге карай 
Ресей бодандығында болған бөлігін баскару тәртібі реттелді. Ж аңа әкімшілік 
жүйе казак коғамының дәстүрлі саяси институттцрын жойып, аумактық 
ұйымдастыруды енгізді, көшпелі халыкка салык саЛып, даланы отарлауды 
терендете түсті.
Ресей К азакстан да накты баскару ісін колға алуға ұмтылды ж әне 
өктемдік катынастар шеңберімен шектеліп калғысы келмеді. Сонымен бірге 
XIX ғас ы р д ы ң 2 0 -ж ы л д ар ы н д ағы р еф о р м а к а з а к х ал к ы н ы ң саяси
мәртебесін өзгерткен ім ен , бүл коғам ны ң көш пелі тұрмыс салтыны ң ба- 
сымдығына ж әне өзіндік ерекшелігі бар коғамдык катынастарға негізделген 
тіректері дегенмен де төң керіск е ұшыраған ж ок. Сол кезден бастап оты- 
ры кш ы лы қ элем енттерінің күш ейгеніне, егінш іліктің кең таралғаны на, 
шөп шабудың дағдылы іске айналғанына, ж әрмеңкелертүріндегі тұракты 
сауда орталы ктарының пайда болғанына карамастан, тұтас алғанда казак- 
тар көш пелі халы к болып кала берді.
Орта ж үз ж ә н е Кіш і ж үзде округтер ұйымдастырылған кезде казак- 
тардың қы скы коныстары негізге алынды, әрбір округ үшін өз ш екарала- 
ры белгіленді. Сонымен бірге округтерге сұлтандар бастаған ірі ру топта- 
ры немесе окш ауланған бірлестіктер кірді. Д әл сол сиякты болыстар мен 
дистанциялар кұры лған кезде рулык белгі жетекш і рөл аткарды, өйткені 
н ак руластар ш аруаш ы лы к дән екерлерм ен байланысты болатын. «Ж а- 
рғыға» сәйкес отарлы к өкімет орындары аумакты округтік орталыктар — 
приказдарға ыңғайлап белгіледі. Округтік приказда округтің аға султаны, 
оны ң төрт оры нбасары оты рыс өткізуге тиіс болды. П риказда тұракты 
казак отряды болуға тиіс еді. К өкш етау, Қ аркаралы , Баянауыл ж әне бас- 
калары сияқты бекін істер түріндегі алғаш кы округтік коны стар н ак с о л
190


уақытта пайда болды. А ум акты к ш ектеу қазақтарды ң


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет