Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


ЖҮМЫСІІІЫ КАДРЛАРЫНЬІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ



Pdf көрінісі
бет331/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

4. ЖҮМЫСІІІЫ КАДРЛАРЫНЬІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қ азақ шаруаларының ыдырауы ауылда жаңадан екі әлеуметтік халық са- 
натының: байлар мен жұмысшылардың пайда болуын туғызды. Қазақ шаруа- 
ларының осы санаттарының арасындағы аралык буын орта шаруалар болды, 
олар көпш ілік жағдайда ауыл шаруашылықжұмысшыларының қатарларын 
толықтырып отырды.
Казақстанның бірқатар облыстарында ондаған мың қазақ кедей шаруала- 
ры табыс табуға шетке кетті. 1880—1890 жылдарда Семей облысында олардың 
саны 18—25 мың адамға,59 ал Сырдария облысында 1910жылы —39 мың, 1911 
жылы — 41 653 адамға жетгі.60 Семей облысынан шетке кәсіп іздеп кетушілердің 
көпшілігі кен зауыттары, рудниктер, өндеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары 
ж әне әр түрлі кәсіпш іліктер шоғырланған Семей ж әне Өскемен уездеріне 
шығып отырды. Бұл орайда К азак ауылдарынан шет көсіпке кетушілер өз 
уездері мен облысында ғана жалданып жұмыс істеген жоқ, олардың табыс 
іздеп туған өлкесінің шегінен алыска да кетулеріне тура келді.
«1894жылғы Семей облысыныңшолуында» былай делінген: «Жүмыс колы- 
ның қажеттігі әрқашан аңғарылатын ж әне жұмысшының еңбегіне ақы жақсы 
төленетін Семей қаласының арқасында семей қазақтары қазірдің өзінде да- 
лаға бармай өмір сүруге дағдыланып алды, Сібір темір жолын салуға жақсы 
ақы төленеді, жүмысшылар қажеттігі туралы бірінші болып біліп, дала тұрғы- 
ны немесе диқан өмірін тастап, табыс табу үшін сол жаққа кетті».61
Табыс іздеп кетушілер Батыс Сібір жолында ғана емес, сонымен қатар 
Сібір магистралының өздері туған жерлерден неғұрлым қашық басқа учас- 
келерінде де жұмыс істеді. Баспасөзде 1895 жылы Семей облысы Павлодар 
уезінің 2 мындай қазағы жол мердігерлерінің айтуы бойынша магистраль салу 
үшін Енисейдегі Тайга станциясына кеткені хабарланды. 1895 жылы Ачинскіге 
жақын Орта Сібір учаскесінің құрылысында Қазақстанның Солтүстік-шы- 
ғыс аудандарынан барған 2,5 мыңнан астам қазақтар жұмыс істеген.62
Солтүстік ж әне Орталық Қазақстанда темір жол құрылысында үнемі не­
месе көбінесе жұмыс істеген қазақ жұмысшыларының жекелеген топтары 
бірте-бірте қалыптаса бастайды. 1901 жылы «Тургайская газета» макала жа- 
риялады, оның 1893 жылы Воскресенск (Екібастұз) темір жолындағы құры- 
лыс жұмыстарын көзімен көрген авторы «Воскресенск темір жолын салу 
кезінде казак жұмысшылары арасында Батыс Сібір темір жолын салу кезінде 
де жұмыс істегендер көп болды» деп атап өткен. Автордың айтуынша, «бар- 
лы к жер жұмыстарын түгелдей дерлік жаяу, сондай-ақ аты бар жұмысшы» 
қазақтар атқарған, олар «күндік ж әне айлық жұмыстар істеген», ал көбінесе 
«бір текше жерге», яғни кесімді жұмыс істеген, «олардың арасында тәжірибелі 
ж әне шебер жұмысшылар көп болды, жалпы бұл жұмысты олар оңай атқар- 
ды және техникалық қадағалаудың барлықталаптарына тез бағдар алып отыр­
ды». Автор казақтардың алуан түрлі кұрылыс жұмыстарына кең катысқанын 
ерекше атап көрсеткен. «Жер жұмыстарынан басқа, — деп жазған ол, — мате-
584


риалдардытасу мен жеткізуді тек кана қазактар жүргізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет