Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты



Pdf көрінісі
бет330/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

коп конмста
нған Әулиеата, Ш ымкентуездерінде 1915 жылға дейін жол болмады.
Семей облысында 1915ж ы лғадейінтемірж ол болмауы ны ңориы н Ертіс 
бойымен су жолының болуы біршама толтырып отырды. Омбы 
мен Семей
арасында Ертіс бойымен жүкті бірнеше пароход компаниялары: «Батыс 
СіОір
пароходство ж әне сауда серіктестігі», «Орыс-қытай пароходство жөне саудп 
қоғамы», «М.Плотников пен балаларының сауда үйі» жөне баскалар тасыды. 
1911 жылы Ертісте 73 пароход ж әне бумен жүрмейтін 214 кеме мен баржа 
жүзіп жүрді, олардың негізгі бөлігі Омбы мен Семей арасында жүк тасумен 
айналысты.57
Өлкеде күш-көлігі кеңпайдаланылды. Күш-көлігімен жүктер, негізінен 
алғанда, Петропавл-Көкшетау-Ақмола, Көкшетау-Атбасар, Қарқаралы-Пав- 
лодар, Омбы-Семей сауда жолдары бойынша, сондай-ақ Тайынша жолы бой- 
ынша (Петропавл-Акмола, Көкшетауға соқпайды) және басқа жолдармен та- 
сылды.
Бірак бұл қатынас жолдары да жыл ішінде алты айдан сәл асатын уакыт 
жұмыс істеді. С уы қтүскен соң көктемге дейін әдетте қараш а-сәуір аралы- 
ғында, күш-көлігімен және Ертіс бойымен жүк тасу тоқтатылды.
Көлік жағдайының қиын болуы өлкенің экономикалы қ дамуы үшін зор 
қиындықтартуғызды. Ауыл шаруашылықөнімдері мен малды жәрмеңкелер- 
ге және темір жол станцияларына жеткізу өте қымбатқа түсті жөне шаруа- 
лардың шамасы жетпеді. Ш аруалар өз еңбегінің өнімдерін жергілікті жерде 
мейлінше төмен бағамен сатуға мәжбүр болды. Біртұтас жалпы казак рыно- 
гының құрылуы тежелді, ал бағаның мүлде өр түрлі болуы алыпсатарлык- 
тың, шаруаларды алдаудыңтаралуына негіз жасады. Өлкеде салынған темір 
жол желісі негізінен алғанда оны Ресейдің орталық аудандарының капи- 
талистік өнеркәсібінің шикізаттык шылауына, өнім өткізу рыногына айнал- 
дырудыңнегізгі құралы болды, оны канауды күшейтуге мүмкіндік берді. Мұны 
өлкедегі темір жолдардыңжүк айналымының цифрлары ерекше айкын сипат- 
тайды,ол 1913жылы 1114 мың тонна, олардың әкетілгені — 602 мың, әкелінгені 
- 512 мың тонна болған.58 Темір жолдар арқылы Қазакстаннан Ресейдің ішкі 
аудандарына көп мөлшерде ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізат: Рязань- 
Орал жолының Покровск-Орал учаскесі аркылы және Сібір жолының Омбы- 
Петропавл учаскесі аркылы — астык, ет, тон май, тері, жүн, мал; Орынбор- 
Ташкент жолымен оларға коса Орта Азия мақтасының басым бөлігі, сондай- 
ақ кептірілген жөне жас жемістер, т.б. тасып өкетілген. Ресейдің өнеркәсіпті 
аудандарынан Қазақстанға егіншілік машиналары мен құралдары, ағаш, кұры- 
лыс материалдары (цемент, өк, алебастр), темір, болат, шойын, көмір, мұнай, 
фабрика бүйымдары, шай, кант және баска тауарлар әкелінді.
Қазакстанда темір жолдардың салынуы оның әлеуметгік-экономикалык 
өміріндегі елеулі өзгерістерге әкеп сокты. Темір жол желілеріне іргелес жат- 
кан аудандарда дәнді-дакылдар мен мақта өсіру, шөп шабу, балық ж әне түз 
кәсіпшіліктері дамыды. Қазақ ауылына тауар-акдіа қатынастарының енуі жөне 
натуралды шаруашылықтың ыдырауы күшейді. Бір жағынан, шетке көсіп 
іздеп кету, екінші жағынан, жалдама еңбекті колдану дамыды. Ж олдардың 
салынуы шаруалардың қоныстануына жәрдемдесті. Қала халкыныңсаны өсті 
және ең алдымен темір жол желілерін бойлай орналаскан қалаларда өнеркөсіп 
дамыды. Бірақ, темір жолдарды салу мен пайдаланудың да, тау-кен, кен коры­
ту жөне өндеу өнеркөсіп орындарының пайда болуы мен дамуының да ең
5 8 3


маңызды нөтижесі өлкеде жұмысшылардың білікті кадрларының пайда бо- 
луына жол ашты. Темір жолдар Ресейдің орталығын бұратана шет аймақпен 
берік байланыстырып, сол арқылы бүкіл империя бойынша біртұтас эконо- 
микалық кеңістік жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет