сында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-
казақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды».64 1726 жылы Әбілкайырдың
сайлануы туралы Н. Г. Аполлова: «Әбілкайыр мәртебесініңкөтерілуі әскери
шонжарлардыңең ыкпалды өкілдерімен (Бөгенбай, Ж әнібек, Есет батырлар-
мен) байланысты деген түсініктің, сірә, елеулі негізі болса керек»,—деп атап
өткен.65
Әбілқайырдың ұсынылуын А. И. Добросмыслов былай деп бағалаған:
«XVIII ғасырдың екінші ширегінің басында қазақ ордалары хандарының
ішіндегі ең күштісі, алғыры ж әне жігерлісі біздің ең жақын көршіміз Кіші
орданың ханы Әбілқайыр болды». Батырлар арасынан бүкіл казак жасағы-
ның сардарбегі болып Канжығалы Бөгенбай сайланды.
Қазаккоғамыныңтас-түйін жігерленген көтеріңкі рухы, Ордабасындағы
съезде кабылданған шешімдерде жалпыға бірдей бірлікке кол жеткізілуі Отан
соғысындағы күртбетбұрыстыңалғашкы нышаны болды.
Қол жеткен жағдайлар соғыс қимылдарының барысын белгілеп отырды.
Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы кең-байтак алкап,
Арыс өзені мен оның салаларының аңғары, Каратау сілемдері, Талас өзенінің
бойындағы далалык жерлер, Мұғалжар тауларының бір бөлігі жоңғар бас-
кыншыларынан азат етілді. Үлытаудың шүрайлы да кең-байтақжайылымда-
рын кайтарып алмағанмен, оны жаудан біржола азат ету үшін алғышеп жасау
кажет болды.
«Актабан шұбырындыдан» кейін казак батырлары ж еткен алғаш кы
жеңістер, Ордабасыдағы съезд халыктың жауынгерлік рухын көтерді. Әрі
батыр, әрі жырау Ақтамбердінің сөзімен айтканда, көптеген казактар:
Достарыңызбен бөлісу: