71 Тынышпаев М. Великие бедствия, А., 139, 146, 147-148-6.
72 Буя да сонда, 149-6.
73 Буя да сонда, 145-6.
74 Материалы по обследованию тузем н ого и р усск ого стар ож и льческ ого х о зя й
ства и землепользования в Семиреченской области, том IV. Верненский уезд. С П б.,
1913, 74-6.
75 Буя да сонда, 75-6.
76 Буя да сонда, 78-6.
77 Тынышбаев М. Көрсетілген еңбегі, 145-6.
78 Қозыбаев М. Аңыракай шайкасы — Отан тарихының жаркын белесі / / Егемен Казак-
стан 1999, 25 тамыз; Қозыбаев М. Қазақтың данкын асырган/ Буя да сонда, 2000, 1 акпан;
Тынышпаев М. История казахского народа, 196-6.
79 Бес ғасыр жырлайды. 1 том. А., 1984, 110-6.; Қобіандин К И. Ер есімі — ел есінде / /
Қазақ халкының XVJII ғасырдын бірінші жартысында өз бостандыгы мен тәуелсіздігі үшін
азаттык күресі. Целиноград, 1991, 4 1-46-6.
80 Магауин М. Ғасырлар бедері. Эдеби зерттеулер. А., 1991, 67—71, 76-80-6.
81 Ғабдуяяин М., Садықов Т. Казак халкынын батырлар жыры. А., 1972; Казак тарихы
жырларының мәселелері. А., 1979.
149
Ү ш і н и і і ma p ay
ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫП АЛУДЫҢ
БАСТАЛУЫ (ХУІІІ ҒАСЫРДЫҢ 30-40-Ж Ы Л ДА РЫ )
1.
ПАТША ӨКІМЕТІНЩ ЕРТІС ӨНІРІНДЕ БЕКІНІСТЕР
ОРНАТУЫМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘСКЕРИ-ОТАРІПЫЛДЫҚ
ӘРЕКЕТТЕРІШҢ БАСТАЛУЫ
XVIII ғасырдың басында патшалықөкіметорындары мен орыс көпестерінің
шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен
жаңғыртылды, бұл ретте Тара қаласынан Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына
дейінгі орасан үлкен кашықтықтың бәрінде өзен бойындағы шеп алдыңғы
қатарға шықты.
ІІІығыс жактағы отарлау козғалысының күшеюіне әр түрлі жағдайлар
себепші болды, Ж айы қ шебін кеңейтудің белсендіүрдісі сол Ш ығысқа ба-
ғытталған еді, ал Гурьев қалашығы Ресейдіңсауда-экономикалықмүдделерін
қорғауды қамтамасыз етті. Саудагерлер, дипломатиялық миссиялардың
мүшелері, саяхатш ылар, ел мен жер көруге кұмарлар Орта Азия иелік-
терінен, Ш ығыс Түркістаннан, Оңтүстік-батыс Сібірден орыс қалаларына
кайтқанда, Ертістің арғы жағында жаткан «азиялық елдер туралы» кейде
аңызға бергісіз мәліметтер әкеліп, таратып жүрді. Ресейдің шығысқа қарай
беттеуді кеңейту саясатын нығайтуда Еркеті каласындағы (қазіргі Ж аркент
қаласы. —
Ред
.) «алтын аралас топы рақтуралы » лақаптардың кеңтаралуы
елеулі рөл атқарды.
Сонымен Ресейдіңалған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, Орталық
Азия елдерімен өзара сауда байланыстарын орнату елдіңтабиғи ресурстар,
әсіресе алтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын
стратегиялықмаңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмаған-
да игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол жылдарда өз қуатына жет
кен Ж оңғар хандығы мен маңызды мақсат — үш жүздің күштерін топтасты-
руға зиян келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақхандықтарының
алысты көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жаткан еді.1 Осы-
ның бәрі алыстағы Үндістан мен Қытайға ең кысқа жол іздеген I Петр кезінде-
ақ Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың
жеделдетілген сипатын анықтап берді. Сонымен бірге Ресейдің өзінің аса зор
өзгерістері үшін өте қажетті қаржы қаражаттарына асқан мұқтаждыкты бас-
тан кешіргені, оның Ресей үшін Швециямен ұзакқа созылған соғысына байла-
нысты болтаны мәлім.
150
Орыс патшасыныңазиялықиеліктерге ұмтылысы туралы айтқанда,оныи
өзі алдына Үндістанды немесе қандай да болсын баска бір елді «басып алу»
жоспарын қоймағандығын есте ұстау керек. I Петрдің ниеті А зияны ң ірі
елдерімен кең көлемді экономикалық байланыстар орнатуға деген тілегінен
туған еді. Алайда оның кезінде Солтүстік-шығыс Қазақстан ауданында орыс
әскери-барлау отрядтары ілгерілеуінің жандана түсуі жоңғарлардың карсы
Кимылын туғызды,2 кейбір шекаралас өңірде қақтығыстар басталып, өзара
дүрдараздықтар мен жанжалдар жиіледі.
С ібірдің бірінші губернаторы , Ж ар кен т каласы н иеленіп алуға жан
салған М. П. Гагаринніңарандатуш ылыкжоспарларына байланысты орыс-
жоңғар қатынастары ерекше шиеленіскен сипат алды. Патшаны Тобылдан
[ Ж аркентке дейінгі жол бойында: бірінш ісін Ертісте, Ямышев көліне жа-
I КЫН
жөне одан арғы жерде, ал басқалары н «істің барысы бойы нш а керек
етілетін» жерлерде «орыс бекіністерін салу» қаж еттігіне иландыра келіп,
губернатор сол арқылы I П етрге бекіністі ш ептердің түтас тізбегін салу
жоспарын ұсынды.3
Патшаға өз «жоспарын» үсына отырып, кінәз бұл аудандағы халықаралык
катынастардың киын екенін көрінеу жете бағаламады, ал ол қатынастар бұл
жылдарда көршілес Ж оңғарияның жаулап алуш ылықжоспарлары салдары-
Ғ
ііан өте шиеленісіп, саяси жағдайдың қазақхандықтарының мүдделеріне зиян
келтіретін өзгерісін туғызған еді, оның үстіне әскери-тірек базаларын салуға
ирналған аудан әскери басымдык салдарынан уақытша ойрат күштерінің ба-
Кылауында болатын, ал олар өздерінің жетістіктерінен айырылғысы кел-
I МСЙтін. Бекіністер салу мүмкіндігі көрсетілген хабарламаны алған соң, швед
флотымен теңіздегі шайқаска әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта
Жүрген
I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында «Ал-
тынды құм бар жерлерді иеленіп алу үшін подполковник Иван Дмитриевич
Бухгольцтің басқаруындағы экспедицияны жабдыктау туралы» жарлықка
жеке
өзі кол койды.4
і
L Петрдің Бухголыдке арнаулы жарлығында былай деп нұсқау берілген:
[ «...Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, со-
лармен
Ямышев көліне бару... — қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан
салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету, мүмкін
болған жерге кыстап шығатындай етіп орналастыру керек, сөйтіп сол адам-
дарды
келесі көктемде жинап алып, Ямышевке, Еркетіге барасындар... сон-
дай
аккейбір жерлерде, атап айтқанда өзендер маңында... бекіністер жасау
керек...
және сондағы түрғындардың Дария-өзен бойындағы қандай жерлер-
ден
алтынды калай өндіретінін де шындап біліп алындар... шведтер арасынан
минералдарды білетін бірнеше адам табу керек».5 Түрлі редакциясында талай
рет жарияланған патша жарлығы мәтінінің бастапкы, негізгі нұскасы осын-
дай
болатын, Ертіс өңірінің шебі шын мәнінде сол бойынша жасала бастап,
онысалу 1714жылдан 1720жылғадейінсозылды.6
Әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан ж әне
төңіректегі кыстактардан жинап алынды. Отрядты ұйымдастырушылар күры-
лып жаткан отрядты қаруландыруға едәуір мән берді. Белгілі әскери тарихшы
[ В. К. Андриевичтің деректеріне Караганда, тек 70-ке ж уы к әр түрлі окпанды
зеңбірек алы нған.7 Э кспедицияны ң құрамы нда тұткы нға түскен швед
офицерлері, сондай-ак шығыска апаратын жаңа жолды игеруге тікелей мүдделі
орыс саудагерлері де көп болды.
151
И. Д. Бухгольцтіңқырдағы жүрісі ойратгардың қауіптенушілігін туғызбау
үшін Цеван-Рабтан қонтайшыға алдын ала Сібір губернаторының арнаулы
өкілдері — Василий Чередов пен Тимофей Этигер жіберіліп, оған «Үлы
мәртебелі патша ж іберген адамдардан еш қандай қауіптену болмауын»
түсіндіруге нақты өкілеттік берілді.8 Әскери-дипломатиялықсипаттағы бар-
л ы к дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде, өз кұрамында
2797 адамнан тұратын драгундар, солдаттар, офицерлер мен жұмысшылар бар
И. Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.9
1715 жылғы 1 қазанда И. Д. Бухголыхгің экспедициясы Ямышев көліне жетті,
оған жакын жерде ежелден жергілікті тұрғындар мен сібіртатарлары, сондай-
ақ Тобыл, Томск халкы арасында айырбас саудасы жүргізілетін, сол жерде
Ямышевск деп аталатын бекініс салды.10
Бекініс салынғаны ж әне отрядтың өз жорығын одан әрі жалғастыру ниеті
туралы хабар алған Цеван-Рабтан орыс экспедициясының бекініс салуына да,
жерді иеленіп алуына да кедергі жасау максатымен, 10 000 әскермен өзінің
немере інісі Церен-Дондобты аттандырды.11
Күтпеген жердей шабуыл жасауда табыска жетпей, И. Д. Бухгольцтің ба-
тыл карсыласуы есеңгіретіп тастаған Церен-Дондоб бекіністі үзакуакы т кор-
шау аркылы киратудың мүмкін еместігіне көзі жетіп, келіссөз жүргізуге
мәжбүр болды. Орыс экспедициясының бастығына 1716 жылғы 2 акпанда жа-
зған хатында Ресей мен Ж оңғар хандығы арасында біршама төзімді қатынас-
тар бар екенін айта келіп және бүл ауданда бекініс салуға кандай да бір құкығы
ж оқ екеніне оны корғаушылардың назарын аударып, ойрат күштерінің кол
басы И. Д. Бухгольцке кетуді үсынды, олай істемеген жағдайда оны бұған «аш-
ты к пен күш» аркылы мәжбүр ететінін айтып қоркытты.12
Ал өз максаттарына жетуде бекем бол деген I Петрдің тапсырмасы мен
кінәз М. П. Гагариннің нұскауын есте ұстаған Бухголыдөзініңбекіністен кет-
пеуге бел байлағанын білдіре келіп, «...татулыкты бүзуға ниетім жоқ және
бекіністі патша ағзамның әмірі бойынша Ж оңғарияға тиесілі емес жерде сал-
дым, ал кокан-локыдан корыкпаймын, кор жеткілікті жағдайда көмек күте
отырып, Церен-Дондобтың патша ағзамның еркіне калай кедергі жасайты-
нын көріп аламын» деп жауап кайтарды, сөйтіп ойрат колбасшысына шегінуге
кеңес беріп, мұны татулыкты сактаудың бірден-бір жағдайы деп санады.13 Экс
педиция бастығының хаты сенімділік ж әне бірсыпыра қорқыту сарынында
жазылғанымен, коршаудағылардың жағдайы ауыр болып шықты.
1715 жылғы желтоқсан айында-ак И . Д . Бухгольц I Петрге өзі душар болған
жағдай мен қиындықтар турал ы хабарлама жіберген еді. 1716 жылғы 4 ақпанда
Копенгагенде жүрген патша оған өзінің жеке жауабын жіберді, ол көршілес
мемлекет басшысының Қазақстанға елеулі мән бергенін дәлелдейді; дегенмен
де бұл кезенде оның колында Ертістің оңж ағасы мен Жоңғариямен шекара-
лас аудандарда калыптаскан жағдай туралы анық мәлІметтер жеткілікті бол-
мауы мүмкін.14
Оның бер жағында, ойраттардың Ямышевск бекінісін қоршауы жалғаса
берді, ал патшаның М. П. Гагарин аркылы жібертуге уөде берген косымша
күш келіп үлгірмеді. Жағдайды жоңғарлардың Ямышевск бекінісіне жақын,
Орта жүз казактары көшіп жүретін жерде азық-түлік жөне акша әкеле жат-
кан керуенді тұтқындауы аскындыратүсті. Алайда керуенді ұстауға казақтар-
дың ешкандай катынасы болған жок. 450-ден астам адам жоңғарлардыңтұткы-
нына түсті, оның ішінде кейіннен атағы шыққан, Полтава маңында орыстарға
152
|