Ш. Т., Арыстангалиева В. Т., Панищева О. А. Инклюзивті білім беру Инклюзивное образование Оқу-әдістемелік құралы Орал, 2020 2



Pdf көрінісі
бет5/84
Дата23.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#59197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Инклюзивты

БӨЛІМ 1. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН 
ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ 
КАТЕГОРИЯЛЫҚ АППАРАТЫ 
 
1.1. 
Мүмкіндігі шектелген тұлғаларға инклюзивті білім 
берудің жалпы сипаттамасы 
Мазмұны:1. «Инклюзивті білім беру» ұғымы. 
2. Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға 
инклюзивті білім беру.
 
Мақсаты: «Инклюзивті білім беру» ұғымының мәнін 
анықтау, инклюзивті білім берудің негізгі 
категорияларымен танысу.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын 
аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары 
мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 
беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім 
беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай 
анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық 
балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды 
жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік 
бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына 
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-
аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-
педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы 
қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді 
оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту 
– 
ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім 
беретін 
мектептердегі 
оқыту 
үрдісін 
сипаттауда 
қолданылады. 
Демек, 
инклюзивті 
оқыту 
негізінде 
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа 
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты 
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі 


8
бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы 
жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал 
етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. 
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» 
бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу 
орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене 
қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен 
Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның 
Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. 
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс 
жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі 
бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: 
жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; 
мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес 
арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; 
мүмкіндігі 
шектеулі 
балалардың 
психофизикалық 
ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың 
жеке бағдарламасы.
Жаңа түсіндірме бойынша «инклюзивті білім беру» - 
бұл ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара 
мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың 
білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін 
процесс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп 
жағдайында барлық балаларды оқыту үшін оңтайлырақ 
тәсіл ретінде халықаралық қауымдастықпен танылған білім 
берудегі инклюзияның мәнін ашады. Бұл жағдайда 
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдар ерекше 
білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтуды, 
соның ішінде мигрант, оралман балалар, сондай-ақ қоғамға 
әлеуметтік бейімделуі қиын балалар сияқты басқа да 
санаттағы білім алушыларға сапалы білім берудің тең 
қолжетімділігін қамтамасыз етуді кеңейтуі мүмкін.
Бейімделген білім беру бағдарламасы - мүмкіндігі 
шектеулі тұлғаларды оқыту үшін олардың психоденелік, 
дамуын, жеке мүмкіндіктерін және қажет жағдайд а аталған 
тұлғалардың даму бұзылыстарын түзетуді және әлеуметтік 
бейімдеуді қамтамасыз ететін білім беру бағдарламасы.
Жеке оқу жоспары – нақты білім алушының 
ерекшеліктерін және білім беру қажеттіліктерін ескере 


9
отырып, оның мазмұнын жекелеу негізінде білім беру 
бағдарламасын меңгеруді қамтамасыз ететін оқу жоспары 
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру келесі 
модельдер арқылы жүзеге асуы мүмкін:
1) толық инклюзия – мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы 
білім 
беру 
мекемелеріне 
денсаулығы 
қалыпты 
қрдастарымен бірге барады және жеке оқу жоспарлары 
бойынша оқиды;
2) жартылай инклюзия – мүгедек балалар үйдегі жеке 
оқыту мен жалпы білім беретін мекемеге баруды қатар 
алып жүреді және жеке оқу жоспарларымен оқытылады.
3) сабақтан тыс инклюзия – мүгедек балалар (мүгедектер) 
тек үйде оқиды және үйірмелерге қатысады.
Мүмкіндігі 
шектеулі 
балалардың 
білім 
беру 
бағдарламаларын меңгеруін қадағалауды жалпы білім 
беретін мекеме жүзеге асырады. Әрбір жалпы білім беретін 
мекеме аталған ереженің негізінде өз бетімен жалпы білім 
беретін мекемедегі инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 
тәртібін анықтайтын ереже дайындайды.
Білім алушылар медициналық-әлеуметтік-эксперттік 
комиссияның, жалпы білім берудің кез келген деңгейінде 
мүгедекетігі расталуы туралы қорытындылар болғанда ата-
анасының (заңды өкілдерінің) өтініші бойынша инклюзивті 
білім беруге ауыса алады.
Әрбір білім алушыға жеке журналдар ашылады, онда 
мұғалімдер сабақтардың мерзімін, өткен материал 
мазмұнын, сағат санын жазады, ағымдық бағаларын қояды.
2. 
Инклюзивті білім берудің сегіз принципі:
1.
Адам 
құндылығы 
оның 
мүмкіндігіне 
қарай 
қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталмайды. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
4. Барлық адам бір-біріне қажет. 
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен 
достығын қажет етеді. 
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне 
қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет