Ш. Т. Юсупов Душанбе: Технолог ун-т Таджикистана, 2007. 81с



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#73242
түріИсследование
1   2   3   4   5   6
WORLD SCIENCE



ISSN 
2413-1032
 
 

№ 9(13), Vol.3, September 2016
 
41 
тілінен енген термин ретінде қарастырылады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында 
«антоним» термині екінші рет лингвистикалық әдебиеттерде пайдаланыла бастайды. Ал XX 
ғасырдың 30 жылдарынан бастап ғылыми және оқыту лингвистикалық практикасында белсенді 
түрде қолданылады. Алайда, 50-ші жылға дейін бұл термин көбінесе әдебиеттану ғылымымен 
байланысты қолданылып, стилистикалық қатарда жұмсалып келген [1, 212-б.].
Антонимдерді лексикалық құбылыс ретінде қарқынды зерттеу шамамен ХХ ғасырдың 
соңғы үшінші он жылдығына жатады. Тіл біліміндегі қарама-қарсылықты қарастыратын 
лексикологияның антонимика саласы десек, сол салыстыруға, қарама-қарсылыққа толы 
антонимдерді танып-білудің бірден-бір көзі – антонимдер сөздігі дер едік. Әлемдік тіл 
біліміндегі антонимдер сөздігінің қалыптасу кезеңіне қарасақ, В.А. Иванованың «синонимдік-
антонимдік сөздік» құрылды деген пікірі басқа тілшілер тарапынан қолдау таппады. В. 
Цаунмюллердің библиографиялық анықтағышына қарағанда – П. Аккреманның «француз 
тілінің антонимдер сөздігі» 1842 жылы жарық көрген. Орыс тіліндегі антонимдер сөздігі көп 
уақытқа дейін жоқ болған. 1964 жылы ағылшын тілі антонимдер сөздігінің негізінде В.Н. 
Комиссаров 2000 жұп түбірлі және жалғаулы сөздерден тұратын орыс тілінің антонимдер 
сөздігін құрастырады. Ал 1971 жылы Л.А. Введенскаяның орыс тілінің антонимдер сөздігі
1972 жылы 1300 антонимдік жұптан тұратын жалпы редакциясын Н. Шанский басқарған Н.П. 
Колесниковтың «Словарь антонимов русского языка» деген сөздігі жарық көреді. Осы істің 
жалғасы ретінде, 1978 жылы 2000-ға жуық антонимдік жұптан тұратын жалпы редакциясын Л. 
Новиков басқарған М.Р. Львовтың «Словарь антонимов русского языка» сөздігі баспадан 
шығады [2, 8-б.].
Ал қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін пайдаланып келе жатқан екі антонимдер сөздігі 
бар. Олар ғалым Ж.Мусин «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» [3] мен ғылым докторы 
А.Жұмабекованың «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» [4] еңбектері.
Антонимдер арнайы зерттеу нысаны ретінде алғаш рет Ж.Мусиннің еңбегінде кеңінен 
қарастырылды [5]. Ғалымның қазақ тіл білімінде антонимдер теориясының дамуына қосқан 
қомақты үлесін баса көрсете отырып, оның антонимияға арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі 
мәселе ретінде алғаш назар аударғанын, қазақ тілінде антонимдер сөздігін шығарғандығын, 
антонимиялық қатынастарды әр түрлі деңгейде: (лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық
фразеологиялық, стилистикалық) жан-жақты зерттегенін атап өтуге болады [5].
Ж.Мусиннің диссертациялық зерттеу жұмысының мазмұны, жасалған теориялық 
тұжырымдары антонимдер мәселесінің бұл еңбекте логикалық тұрғыда қарастырылғандығын 
көрсетеді. Зерттеуші, біріншіден, қарама-қарсы ұғымдар мен антонимдердің арасында (сулы-
құрғақ, бақ-сор), екіншіден, қарама-қарсы ұғымдар мен болымсыздық категориясын білдіретін 
сөздер арасында (сулы-сусыз, бақытты-бақытсыз) тікелей байланыс бар дегенді көрсетеді. 
Сөйтіп, автор «қазақ тілінде бір түбірлі антонимдер жоқ» деген қорытындыға келеді [5, 14-б.].
Бұл тұжырым лексикология бойынша қазіргі оқулықтарда қағида болып қалыптасқан [6, 
40-б.]. Мұнда -сыз, -сіз жұрнақтары, -ма\-ме, -ба\-бе, -па,\-пе болымсыдық жұрнақтары мен «емес» 
көмекші етістікті тіркемпен болымсыздық категориясын білдіретін бір топқа шығарылған. 
Антонимия үшін адамның ой-санасының объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар 
туралы ұғымдарды салыстыру және осы ұғымдарды бір-біріне қарама-қарсы қою қабілеті негіз 
бола алады. Антонимияға логикалық-танымдық ерекшелік тән. Алайда «логикалық қарама-
қарсылық» пен «тілдік қарама-қарсылық» түсініктерінің ауқымы белгілі бір шеңберде ғана бір-
біріне сәйкес келеді. Қиынды (логикалық) қарама-қарсылық бір-біріне қабыспайтын 
ұғымдардың қарым-қатынастарын сипаттайды; бұл қатарға контрарлық (лат. contrarius – 
қарама-қарсы) және контрадикторлық (лат. contradictorius – қарама -қайшы) қарама-қарсылық 
енеді. Тілдік қарама-қарсылық логикалық қарама-қарсылықтан туындай келе, олардың ой-
санасы тұрғысынан объективті дүниенің заттарындағы және құбылыстарындағы мәнді 
айырмашылықтарды тілде сипаттайды. Бұл айырмашылықтар логикалық жағынан 
қабыспайтын ұғымдарға сәйкес келмейтін антонимдік бірліктұлғаларда көрінеді.
Антонимияның психологиялық негізі – адамның ой-санасындағы қарама-қарсы байланыстар. 
Осы арқылы антонимдер сөйлеу барысында бірге, бірлесе қолданылады және сол қалпында 
қабылданады, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды: алыс-жақын, аш-тоқ, қаш-қу. 
Антонимия – ең алдымен, лексикалық құбылыс, сөйлемдердің және грамматикалық 
нысандардың қарама-қарсы мағынада алынуы олардың құрамындағы компонент тұлғалардың 
қарама-қарсылығымен байланысты. 
Біз жоғарыда атап өткен антонимдер сөздіктерінің жасалу құрылымы да ерекше назар 
аудартады. Ғалым А.Жұмабекова антонимдік сөздікті мынадай бағытта құрастырады. Сөздікте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет