Балыңа у қосылмаса
Бақыр басым неге сүйдім? [16,46].
Өмірдің мұңы ақынның лирикалық қаһарманына жат емес. Қайта «бал мен у
қосылған», яғни ащысы мен тәттісі бар өмір ол үшін барынша мәнді. Лирикалық
қаһарманның болмысы, сан түрлі сезімдер қатығысының алаңына айналған жан әлемі «Жаны
да нәзік мен едім» өлеңінде барынша ашылған:
Жаны да нәзік – мен едім,
Қаны да бұзық – мен едім...
Желден де жұмсақ – мен едім,
Жерден де қатты – мен едім.. [16,50].
«Мұң» қапалануға тән сезім, сондықтан да қалыптасқан ұғымда оған жарқын сипаттың тән
болуы мүмкін емес. Алайда, Н.Мәукенұлы «тәтті мұң» бейнелеуін ұсынады:
Көңілімде қалған мұңым
Тәтті болса – өзіме [16,102].
Нұрлан өлеңіндегі философиялық астар өмір диалектикасының «екі жақтылық» сипатының
бір ғана пұшпағын аңғартады. Ақындардың бейнелі әлеміндегі «мөлдір мұң» бейнелі тіркесі
«тәтті мұңға» айналғанда басқаша өрнекпен айқындалып кеткен.
Орыс ақындарының поэтикалық тілінде дәстүрлі бейнелеуге айналды деуге боларлық
«мөлдір мұң» оксюморонының дәл осы тіркесті қалыптағы көрінісі жас ақын Қалқаман
Сариннің өлеңдерінен кездеседі. Оның «Менің мұңым» атты өлеңінде мұңға қатысты
оксюморондық бейнелеу «мөлдір мұңнан» бастау алып, «ыстық мұңға» ауысады:
Тұншықтырып тірлігімді тынымсыз,
Тас төбемнен төнді тағы Түн үнсіз.
Маған қарап мұңаяды мың жұлдыз,
Жетімсіреп менің мөлдір мұңымсыз.
Өлеңде уақыттық-кеңістіктік аядағы лирикалық кейіпкер сезімі нысанға алынған.
Ақынның жанына серік бір мұң кейіпкерге көшкен. Өмірдің даму заңдылығына сәйкес «екі
жақтылық» күйі адам жанын жабырқатар мұңды жарқын қалыпқа ауыстырған. Ақын келесі
шумақтарда мұңның бейнесін «қайшылықтың тұтасуы» тәсілімен бере отырып, жан
диалектикасын танытады.
Менің мұңым, менің мұңым – мөлдір мұң,
(Мұңсыз өмір сүре алмаймын мен бір күн).
Түнгі аспаннан тұнық іздеп көз алмай,
Қарап жатып қанша жұлдыз сөндірдім.
Егер мұң сәл жабырқаңқы, көңілсіз қалыптың көрінісі болса, кәдімгі қарапайым
тіршілікте көңілділік әкелмесі анық. Бірақ, көркем кеңістікте және көркем уақытта әрекет
еткендіктен, ол ерекше бір сезім сыйлайтын қалыпта суреттеледі, яғни жан қуантар сезім
мынадай оксюморонды бейнелеулермен аңғартылады:
Әппақ Айдың бір сәулесі тисе артық,
Кетер, шіркін, көңілімде күй шалқып.
Өзгеше бір өлең жазып отырам,
Мың жұлдыздан мұңдарымның иісі аңқып.
Менің мұңым сәуле төгіп Күнге ұқсап,
Мұңлы шаққа сыйлайды бір нұрлы сәт.
Түнгі ызғардан тоңып тұрған томсарып,
Жұлдыздардан гүл жасайды бір құшақ.
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
166
Аспанымда – тұнып тұрған күміс шық,
Аспан асты – сыр ұқтырған тыныштық.
...Өзім сүйіп, өзім күйіп жататын,
Менің мұңым тым ыстық.
«Мөлдір мұң» тіркесінің «сұлу мұң» түрінде түрленуі де кездеседі. Оған мысал ретінде
Бақытгүл Баймолдақызының мына өлеңін келітерміз:
Көздерімнен ағып түсті сұлу мұң,
Көп екен ғой сыры өмір сүрудің.
Бұл келтірілген оксюморон үлгілері поэтикалық кеңістіктегі тұрақты, дәстүрлі түрдегі
бейнелеулердің мысалы болады деуге негіз бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ежелгі дүниетанымдағы екіұдайлықтың, қарама-қарсы тұрған екі құбылыстың,
ұғымның бір арнаға бірігуін меңзейтін бинарлық-диадалық құрылым көркемдік ойлау
жүйесінде жаңа тәсілдерге арқау болып, әдеби дамуда қайта жаңғырып, әсері мол өміршең
поэтикалық бейнелеулерге негіз болғандығы нақты шығармалардан алынған мысалдармен
дәлелденді.
Мифологияның негізінде жатқан «бинарлық оппозициядан» бастау алып, кейіннен
диадалық бейнеге ұласып, жаңа поэтикалық мүмкіндіктерге жол ашқан оксюморонды
бейнелеу құбылысының түп негізінде қарама-қайшылық пен қарама-қарсылықтың
заңдылығы туралы диалектика заңдылығы жатқаны дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым.
Түрлі әдеби терминдер мен тәсілдерге анықтама болған екіұдайлықтың бірігуін меңзейтін
танымның оксюморонды бейнелеу, бинарлық оппозиция, шендестіру, қарсылықты мәндегі
егіздеу, бір тұлғаға біріккен екі түрлі болмыс түрінде көркемдік дәстүрде жаңғыруына
көркем мәтін құрылымынан дәлелдер тауып, олардың көркемдік табиғатын таныту әдеби
зерттеулерге үлкен міндет жүктейді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Виноградов В.В. О поэзии Анны Ахматовой (Стилические наброски) // Виноградов
В.В. Избранные труды. Поэтика русской литературы. – М.: Наука, 1976. – 511 c.
2 Тимофеев Л. Поэтика контраста у А.Блока // Русская литература. 1961. №3. – С. 98 –
107
3 Введенская Л.А. Стилистические фигуры, основанные на антонимах // Учебные
записки Курского и Белгородского пед. ин-тов. Краткие очерки по русскому языку. – Т.
XXV. – Вып. 2. – Курск, 1966.
4 Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. – Алматы: Зият
Пресс, 2006. – 256 б.
5 http://www.on.kz/u14313/blogpost/9738/
6 Салықбай Г. Кешіріңдер келгенімді өмірге. – Алматы: «Қазығұрт», 2012. – 192 б.
7 Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: «Жазушы», 2005. –
208 б.
8 Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы: «Жазушы», 2005. –
208 б.
9 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: «Санат», 2002. – 360 б.
10 Шестакова Э.Г. Оксюморон как категория поэтики (на материале русской поэзии
XIX – первой трети ХХ веков). Донецк: НОРД-ПРЕСС, 2009. – 209 с.
11 Пушкин А.С. Собрание сочинений в 3-х т. 1-т. – М.: Худ. лит., 1985. – 480 с.
12 Блок А. Собрание сочинений в 6-х т. 2-т. – М.: Худ. лит., 1980. – 425 с.
13 Мандельштам О. Избранное. – М.: СП Интерпринт, 1991. – 480 с.
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы ISSN 1608-2206 Филология сериясы. № 4, 2019
167
14 Әбдіраштың Жарасқаны. Құлпытас. Алматы: Атамұра, 2001. – 360 б.
15 Ақдәулетұлы М. Бейуақтағы мінәжат. Алматы: Жазушы, 2006. – 216 б.
16 Мәукенұлы Н. Жоғалды жыл. Жоғалды ай. Жоғалды күн. Алматы: Сөздік-Словарь,
2004. – 325 б.
Достарыңызбен бөлісу: |