Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


І. Бір нәрсенің әр түрлі жақтарын көрсететін мағыналары



Pdf көрінісі
бет175/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

І. Бір нәрсенің әр түрлі жақтарын көрсететін мағыналары  

қарама-қарсы қойылған инварианттық жұптар 

1.  МАЗМҰН  –  ПІШІН.  Нәрсенің  мазмұны  мен  формасын, олардың  сыртқы және  ішкі 

мәні,  болмыс  пен  құбылыс  туралы,  заттардың  мәні  мен  олардың  сыртқы  бейнесі  (киім-

кешегі, киім киісі, қаптамасы). Мысалы: «Сырты бүтін, іші түтін», «Сырты қар, іші тар», 



«Сырты – жылан, іші – күл». 

2.  БҮТІН  –  БӨЛШЕК.  Нәрсенің  бүтін  бейнесі  және  оның  жеке  бөліктері  туралы, 

олардың бір бүтін жасаушы әр бөліктері, сонымен қатар бір заттың толық жиынтығы және 

осы жиынтықтың жеке алынған бір бөлшегі. 



Мысалы:  «Аяқ  –  азамат,  қол  –  мүлік,  Бас  – 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

209 



 

сандық, тіл – кілт», «Бас жарылса бөрік ішінде, Қол сынса, жең ішінде», «Өзі бардың көзі 

бар, Өзі жоқтың көзі жоқ», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ». 

3.   БАСЫ  –  СОҢЫ.  Нәрсенің  басы  мен  аяғы,  соның  ішінде  өмірдің  басы  мен  соңы 

(өмір мен өлім), күннің басталуы мен жылдың (таң мен кеш), жылдың басы мен соңы (қыс 

немесе көктем, жаз, күз), бір істің басы мен аяғы және т.б. Мысалы: «Ақымақ бас екі аяқтың 



соры», «Өгіздің аяғы болғанша, Бұзаудың басы бол», «Жаздың бір күні, қыстың мың күні», 

«Қыс арбаңды сайла, Жаз шанаңды сайла». 

4.  БАСТАМАСЫ  –  ЖАЛҒАСЫ.  Бір  істің  бастамасы  мен  жалғасы,  соның  ішінде  іс-

әрекеттердің табиғи және жасанды жалғасы немесе нәтижелері, сондай-ақ жалпы алда өткен 

және келесі іс-әрекеттер.  Мысалы:  «Істің  басы  байлы  болса, Аяғы  сайлы  болады»,  «Басы 



қатты, аяғы тәтті», «Бұрынғы істің басында болсаң, Соңғы істің қасында бол». 

5.  ЗАТ – БЕЛГІ (нәрсе). Бір нәрсенің айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі, соның ішінде 

түсі,  пішіні,  ерекше  қасиеті,  қызметі  және  т.б.  Мысалы:  «Түсі  қара  болса  да,  іші  сара 

болсын»,  «Өтірік  –  қаңбақ,  шындық  –  салмақ»,  «Соқыр  –  әңгі,  таз  –  әуелкі»,  «Татулық  – 

байлық, тыныштық – бақыт», «Аз  сөз – алтын, көп сөз – көмір». 

6.  ЖОҒАРЫ  –  ТӨМЕН.  Нәрсенің  жоғары  және  төмен  жақтары,  соның  ішінде  аспан 

мен  жер  туралы,  таудың  биіктігі  мен  бөктері,  төбесі  мен  іргетасы  (ғимараттың),  басы  мен 

аяғы (адамның), басы мен тамыры (ағаштың) және т.б. Мысалы: «Аспандағы бұлтқа қарама, 



Жердегі жұртқа қара», «Таудың басын көр де, түбіне барма. Жақсының өзін көр де, үйіне 

барма», «Жоғарғыны көріп пікір ет, Төменгіні көріп шүкір ет». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет