1. СӨЗ – ҮНСІЗДІК. Сөз бен үнсіздік, айтылған немесе айтылмаған нәрселер,
сөйлеушілер мен сөйлемеушілер, сұраушылар мен сұрамаушылар, мылжыңдар мен
(жалғыз), сонымен қатар достар немесе қастар (адамдар), бір-бірімен тату және араздар,
олардың бір-бірінің сипаттарына қолайлы және қолайсыз ішкі бірыңғайлығы мен қарама-
қайшылығы туралы, бір-бірімен келісімдегі және бірін-бірі жоққа шығаратын әрекеттер
білімсіздер, оқымыстылар мен надандар, сауаттылар мен сауатсыздар, сондай-ақ тәрбиелі
(сыпайы) және тәрбиесіз адамдар (дөрекі) туралы. Мысалы: «Білімді әйел басыңа қарайды,
білімсіз әйел жайыңа қарайды», «Білгенің қайсы, білмегенді кешірмесең», «Білген адам
тауып айтады, білмеген адам қауып айтады».
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы ISSN 1608-2206 Филология сериясы. № 4, 2019
213
5. ЕҢБЕК – ІССІЗДІК. Еңбек және іссіздік, жұмыс және уақытты босқа өткізушілік,
сондай-ақ еңбекқорлар мен жалқаулар, еңбексүйгіштер мен еріншектер (адамдар) туралы.
Мысалы: «Жүргенге жөргем ілінеді, Жатқанға жан жуымайды», «Еңбек мұратқа
жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады».
6. ЕПТІЛІК – ЕПСІЗДІК. Ептілік пен епсіздік (бір нәрсе істеудегі), сонымен қатар,
икемді және икемсіз (адамдар), тәжірибелі және тәжірибесіз жұмыскерлер, өз істерінің
шеберлері мен олақтар туралы. Мысалы: «Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді», «Алтынды
еріте білмеген ірітер, Теріні илей білмеген шірітер», «Атасы жер жырта білмегеннің,
Баласы тұқым себе білмес», «Еріншек егіншіден, ерінбеген науқаншы озыпты».
ҚОРЫТЫНДЫ
Мақал-мәтелдерде әр халықтың тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері мен өзіндік
өмір сүру дағдылары айқын көрініс табады. Кез келген халықтың мақал-мәтелдер жинағын
алып қарасақ олардың барлығынан өзімізге таныс мақал-мәтелдерді кездестіре бастаймыз.
Бұл ұқсастық халықтардың этникалық және тілдік туыстығынан немесе мәдени және
шаруашылық байланыстарынан, тарихи тәжірибелерінің ұқсастығы мен қоғамдық дамудағы
идеологияның біркелкілігінен екенін аңғарамыз. Расында да әр түрлі тілдік семьяға жататын
халықтарға қарағанда бір-біріне жақын туыс болып келетін халықтарда мақал-мәтелдер
ұқсастығы өте көп. Сонымен қатар бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасамайтын
халықтарға қарағанда, сан ғасырлық тарихи байланысы бар халықтарда ұқсастықтары сөзбе-
сөз сәйкес келетін мақал-мәтелдер бар.
«Қазақ мақал-мәтелдерінің типологиясы» атты бұл зерттеу еңбегімізде паремиолия
ғылымының білгір маманы, ғалым Г.Л. Пермяковтың «Основы структурной паремиологии»
еңбегіндегі зерттеулеріне сәйкес қазақ халқы мақал-мәтелдерінің тілдік табиғаты,
логикалық-тақырыптық, мағыналық топтарға жіктелу заңдылықтары мен ерекшеліктері
салыстыра-салғастыра зерттеліп көрнекі мысалдарымен тиянақталып берілді. Аталған
еңбекте ғалым паремиялардың (мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ырымдар) 7 прагматикалық
функциясын немесе олардың қолданылуының 7 негізгі мақсатына тоқталумен қатар мақал-
мәтелдерді топтастырудың жаңа үлгісі – инварианттық тақырыптық жұптармен
топтастыруды ұсынғанын да көреміз.
Зерттеуші сондай-ақ бір логикалық-тақырыптық топтарды кең түрдегі 4 үлкен топқа
бөледі. Біз осы зерттеуімізде қазақ мақал-мәтелдерін ғалымның сол топтық жіктемесі
бойынша логикалық-тақырыптық жағынан талдап көрсетуді міндет тұттық. Яғни,
инварианттық тақырыптық жұп құрайтын 2 топ: «егер бір нәрсе қандай да бір қасиетке ие
болса, онда ол тағы да басқа қасиетке ие» деген І топ; «егер бір нәрсе болса, екінші нәрсе де
болады» деген ІІ топ таңдалып алынып, инварианттық құрылымдық үлгіге сәйкес мақал-
мәтелдер қарастырылды. Берілген жіктелім бірнеше халықтың мақал-мәтелдерінің қорын
құрайды десек те, мақаланы жазу барысында зерттеуші жіктемесіндегі «үйреншікті –
үйреншіксіз, «еңбекпен табылған – сыйға келген», «тауып алынған – шығындалған», «лезде
– ептеп» деген кейбір тақырыптық жұптарына мысалдар табу қиындық тудырды. Сондықтан
берілген жіктелім барлық халықтың мақал-мәтелдеріне толығымен сәйкес келеді дей
алмаймыз. Дегенмен қарастырылған І және ІІ топтардың 45 инварианттық тақырыптық
жұптарына қазақ мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірілді. Тақырып аясы аса ауқымды, әрі
кең болғандықтан ғылыми талдау жасау аса ыждаһаттылық пен уақытты қажет ететіні анық.
Сондықтан, қазақ мақал-мәтелдерін берілген жіктелімнің ІІІ, ІV топтар бойынша
талдауларын алдағы зерттеулеріміздің еншісіне қалдырғанды жөн көрдік.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақал-мәтелдері. – Алматы, 2007.
2 Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар, баяндамалар жинағы – Алматы, 2014.
3 Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – Алматы, 1967.
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
214
4 Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, 1988.
5 Г. Пермяков. Основы структурной паремиологии. – Москва, 1988.
6 Бабалар сөзі: Жүзтомдық. Т.65: Қазақ мақал-мәтелдері – Астана, 2010
Қ.К. Кенжалин
1
, М.А. Ермекбаева
2
Достарыңызбен бөлісу: