Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


ІІ б. Мүшелері арасында аралық үлгілер болмайтын жұптар



Pdf көрінісі
бет177/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   341
ІІ б. Мүшелері арасында аралық үлгілер болмайтын жұптар 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

211 



 

1. ЕКІ – БІР. Екі және бір нәрсе, сонымен қатар жұп зат және сол жұптың сыңары, бір 

орынға екі үміткер немесе бір ғана нәрсеге қарсы қойылған екі нәрсе туралы. Мысалы: «Бір 

көрген – біліс, Екі көрген – таныс», «Екі кісі – бір кісінің тәңірі», «Екі кісі қағысса, бір кісіге 

орын бар», «Екі жарты – бір бүтін», «Бір кісінікі – мақұл. Екі кісінікі – ақыл».  

2. ӨЗІМДІКІ – ӨЗГЕНІКІ. Өзіңінің және өзгенің нәрсесі, сонымен қатар өзіңнің, өзгенің 

жақсылығы,  ойлары,  абырой-беделі,  кемшілігі,  сөздері  және  т.б.  Мысалы:  «Өз  халқының 

қарғысын  алған,  өзге  халықтың  алғысын  алмас»,  «Кісі  елінде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде 

ұлтан  бол»,  «Өзіңдікі  өлтірмес,  жат  жарылқамас»,  «Өз  ақылым  –  ақыл-ақ,  Кісі  ақылы  – 

шоқырақ». 

3. ТУҒАН – ЖАТ. Туған және жат (адамдар), туыстар және туыс еместер, өз отбасының 

мүшелері,  соның  ішінде  аға-інілер,  апа-сіңілілер,  көке,  жеңгелер  және  басқа  да  туыстар, 

көршілер,  таныстар  мен  бейтаныс  және  бөтен  адамдар  туралы.  Мысалы:  «Апасы  киген 



тонды  сіңілісі  де  киеді»,  «Жақыныңды  жаттай  сыйла,    Жат  жанынан  түңілсін»,  «Келін 

қыз болмас, Күйеу ұл болмас», «Ағаны көріп, іні өсер, Апаны көріп, сіңілі өсер», «Жат туыс 

болмайды, Туыс алыс болмайды». 

4.  ҰҚСАС  –  ҰҚСАС  ЕМЕС.  Ұқсас  және  ұқсас  емес  нәрселер,  табиғаты мен  тағдыры 

ұқсас және ұқсас емес, бірдей және әр түрлі сипаттағы, соның ішінде бір мамандық иелері, 

бір  тұқымға  немесе  түрлі  тұқымға  жататын  малдар,  бір  түрге  (түрлі)  жататын  минералдар 

түрі, бақытсыздық, сәттілік бойынша жолдастар.  Мысалы: «Сиыр сипағанды білмейді, Есек 

есіркегенді білмейді», «Жуастан жуан шығады», «Диқан жаңбыр жауғанда тынар, Шопан 

өлгенде  тынар»,  «Күміс  азса,  күл  болар»,  «Шыбынның  басына  бақ  қонса,  Самұрық  келіп 

сәлем береді». 

5. ҚОЛЖЕТІМДІ – ҚОЛЖЕТІМСІЗ. Қолжетімді және қолжетімсіз, оңай қол жеткізетін 

немесе  тапшы,  қол  жеткізу  қиын  нәрселер  туралы.  Мысалы:  «Патша  болу  оңай,  Уәзір 

таңдау қиын», «Шабыспақ оңай, Табыспақ қиын», «Бас болу оңай, Бастамақ қиын», «Билік 

айту оңай, Біліп айту қиын». 

6.  САУ  –  АУРУ.  Сау  және  ауру  индивидуумдар  (адамдар,  жануарлар,  өсімдіктер), 

сонымен қатар зақым келмеген және жараланған жарымжан, сондай-ақ жалпы денсаулық пен 

ауру туралы. Мысалы: «Ауру қадірін сау білмес», «Саудың асын ішіп, Аурудың ісін істейді», 



«Сау – күледі, ауру – жылайды», Ауырсаң сау бол – ауырмасан сақ бол». 

7. ӨЗІ – ӨЗГЕЛЕР. Өзінің және өзгелердің күші, пайдасы, ішкі күштермен және сыртқы 

немесе  біреудің  көмегімен  болған  дербес  және  дербессіз  әрекеттер  туралы.  Мысалы:  «Өзім 

дегенде  өгіздей  күші  бар,  Біреу  дегенде  болар  болмас  ісі  бар»,  «Өзін  ғана  ойлаған, 

жамандықтың  белгісі,  Өзгені  де  ойлаған,  адамдықтың  белгісі»,  «Өзгенің  сөзіне  сенгенше, 

өзіңнің көзіңе сен», «Өзі білмеген, өзгенің тілін алмайды». 

8.  ЗАТТЫҚ  –  ОЙША.  Заттық  және  ойша,  соның  ішінде  материалдық  нәрселер  және 

олардың  рухани  әлемдегі  бейнесі,  нәрселер  мен  сөздер,  нәрселер  мен  ойлар,  сөздер  мен 

ойлар туралы. Мысалы: «Білім  – қонақ, ақыл – қожа», «Бөз – көйлек, сөз – еңбек», «Ата – 



бәйтерек, Бала – жапырақ», «Ой ойласаң, кең ойла, Алды, артын тең ойла», «Тұрмыс түзер 

ойыңды, Ойың түзер бойыңды». 

9.  СӨЗ  –  ІС  (әрекет).  Сөз  бен  іс  туралы,  сөздің  (және  ойдың)  іс-әрекетке  қатынасы, 

белгілі бір іс-әрекетпен байланысты сөзді қолданудың ережелері. Мысалы: «Сөзі аз, Ісі  саз», 

«Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзге жан түршігеді», «Сөзге көп  —  іске жоқ», «Ауыр 



істің салмағы білекке түсер. Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер» 

10. ТҮЗУ – ҚИСЫҚ. Түзу және қисық нәрселер, сонымен қатар шындық пен қисықтық 

(жалған),  шыншыл  және  өтірікші  адамдар,  сондай-ақ  әділдік  және  әділетсіздік  туралы. 

Мысалы:  «Әділ  би  халқы  үшін,  Залым  би  құлқыны  үшін»,  «Тура  биде  туған жоқ,  туғанды 

биде иман жоқ», «Түзу көңіл қиық сөзге мән бермейді», «Түзу жолда  қисық жүрме» 

11.  ӨЛІ  –  ТІРІ.  Тірі  және  өлілер,    көзі  тірі  немесе  қайтыс  болғандар,  бұл  өмір  мен  о 

дүниедегілер,  сонымен  қатар  өмір  мен  өлім  туралы.  Мысалы:  «Өлі  риза  болмай,  тірі 

байымас»,  «Өлім  –  ойран,  өмір  –  майдан»,  «Тіріде  сыйласпаған,  өлгенде  жыласпайды», 

«Ағайын бірі өліде керек, бірі тіріде керек», «Өлі арыстаннан, Тірі тышқан артық». 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

212 



 

12.  ЕРЛЕР  –  ӘЙЕЛДЕР.  Ерлер  мен  әйелдер,  сонымен  қатар  әйелдері  мен  күйеулері, 

бозбала  мен  бойжеткендер,  ұрғашы  және  еркек  (жануарлар)  туралы.  Мысалы:  «Ары  жоқ 

жігіттен, намысы бар қыз артық», «Еркек дауысты әйелден без, Әйел дауысты еркектен 

без», «Қыз – ауылдың көркі, Жігіт – ауылдың серті», «Еркек – бас, ұрғашы – мойын»

13.  ДОС  –  ҚАС.  Достар  мен  қастар,  жақтастар  мен  қарсыластар,  жолдастар  мен 

дұшпандар,  сонымен  қатар  достық  пен  араздық  туралы.  Мысалы:  «Жүз  дос  аз, Бір  дұшпан 

көп», «Дос көңіліңді суытып айтады, Қасың ойыңды жылытып айтады», «Досың айтса   

білгені, қасың айтса – күлгені», «Досы көптің қасы көп». 

14. АДАМДАР – АДАМ ЕМЕСТЕР. Адамдар мен адам еместер, нақтырақ адамдар мен 

жануарлар,  адамдар  мен  өсімдіктер,  адамдар  мен  тылсым  күштер,  құдайлар,  жындар  және 

рухтар  туралы.  Мысалы:  «Ит  жаманы  түз  қорыр,  Жігіт  жаманы  қыз  қорыр»,  «Кәрі 



білгенді  пері  білмейді»,  «Пейілі  жаманды  ит  қабады,  Ниеті  жаманды  Құдай  табады», 

«Құдайға  сенген  құстай  ұшады,  Адамға  сенген  мұрттай  ұшады»,  «Алла  кешірер,  аруақ 

кешірмес». 

15.  БЕЛСЕНДІ  –  САМАРҚАУ.  Белсенді  және  самарқау  адамдар,  заттар,  іс-әрекеттер, 

жылжымалы  және  жылжымайтын  нәрселер,  сонымен  қатар  жалпы  қозғалыс  және  дамыл 

туралы.  Мысалы:  «Асыққан  аттыдан  асықпаған  жаяу  озады»,  «Сабырлы  адам  сақтанып 



сөйлер,  Сабырсыз  адам  мақтанып  сөйлер»,  «Сабыр  –  күн  түсірмейтін  сая,  Асығыс   

аунатып  кететін  мая»,  «Сабырлының  бағына  алма  бітер,  Сабырсыздың  бағына  қауа 

бітер». 

16. АЙҚЫН – ҚҰПИЯ. Айқын және құпиялық, ашықтық және жасырындық, сонымен 

қатар танымал және белгісіздік, түсінікті және түсініксіздік туралы. Мысалы: «Куәлі істі куә 

табар,  куәсіз  істі  күмән  табар»,  «Көз  көрмей,  көңіл  сенбес»,  «Көрген  жоқ  болса,  есіткен 

куә». 

17.  ЖАСАМПАЗДЫҚ  –  БҮЛІНШІЛІК.  Бір  нәрселердің  бірігуі,  құрылуы  немесе 

жөнделуі  және  олардың  қирауы,  ажырауы,  бұзылуы,  сондай-ақ  кездесу  мен  қоштасулар 

туралы.  Мысалы:  «Бүлдіру  оңай  –  түзету  қиын»,  «Сындыру  оңай,  Сындырғанды  жалғау 



қиын», «Айырылған азады, Қосылған озады» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет