Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет249/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   341
П.С. Усипбаева

1

,

  

У.Т.Кыдырбаева



1

докторант,



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, 

е-mail: peri_us@mail.ru 

2

доктор  PhD,  Әл-Фараби  атындағы  ҚазМҰУ,  Алматы  қаласы,  Қазақстан,  е-mail: 



yay_79@mail.ru

 

 



ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ БАТЫРДЫҢ ҮЙЛЕНУ СЮЖЕТІ 

 

Мақалада 



қазақ 

эпосының 

құрылымдық 

композициясындағы 

маңызды 

компоненттердің  бірі  –  батырдың  үйлену  сюжеті  талданады.  Эпостың  алғашқы 

арналарынан  бастап,  кейінгі  көркемдік  кемеліне  жеткен  классикалық  эпостардағы  үйлену 

сюжетінің  айырым-ерекшеліктері  айқындалады.  Адамзаттық  қоғамдағы  некенің  даму 

барысы  эпос  табиғатымен  тамырлас  қарастырылады.  Көне  эпостан  дастандық  эпосқа 

дейінгі    жанрішілік  заңдылықтар  аясындағы үйлену  салтының  көрінісі  арқылы  оның  жыр 

композициясындағыкейіпкерді сомдаудағы қызметі қарастырылады. 

Түйін  сөздер:  көне  эпос,  классикалық  эпос,  кроскузендік  неке,  эндогамдық  неке, 

экзогамдық неке, әмеңгерлік салт, батырлық сынақ. 

 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

311 



 

КІРІСПЕ 


 

Қай  халықтың  болмасын  эпостық  жырларында  сол  халықтың  өмір  тарихында  орын 

алған алуан түрлі маңызды оқиғалары мен өмірлік ұстанымы, тәжірибесі мен тағлымы, түрлі 

дүниетанымдық көзқарастарының кезеңдері мен рухани қүндылықтарының тарихы жатады.  

Сондықтан  да  болар  кеңестік  дәуірдегі  саясат  салдарынан  әрбір  ұлттық  эпостың  шын 

мәніндегі құндылықтарын зерттеу  жұмыстарына  қолдан жасалған тежеулер мен шектеулер 

де  көп  болды.  Алайда  қазақ  эпостану  ғылымының  алғашқы  зерттеушілері  Ә.Марғұлан, 

Ә.Қоңыратбаев,  Ә.Бөкейханов,  т.б  халық  руханиятының  жанашырлары  эпос  мұратының 

халық  мұратымен  өзектестігін  ерте  бастан  аңғарып,  сол  кездің  өзінде  қаймықпай    бағалы  

тұжырымдар жасады. Осындай  өзіне дейінгі озық ой өзектерін өз ізденістеріне арқау еткен 

Р.Бердібаев, Ш.Ибраев, С.Қасқабасов тағы басқа да зерттеушілер қазақ эпосын әлемдік эпос 

аясында қарастыра отырып, оның ұлттық болмысындағы ерекшеліктері мен құндылықтарын  

заман  талабына  сай  жаңаша  деңгейде  ғылыми  тұрғыдан  тереңдей  зерттей  білді.  Яғни, 

эпостың табиғатына  тән заңдылықтар  жүйесін  анықтаудың  өзі  түрлі  сатылардан  өтті  деуге 

болады. Оның мәтіндері мен түрлі варианттарын жариялаудан бастап, эпостың тарихилығы 

мен  типологиясы,  құрылымдық  семантикасы  мен  поэтикалық  түзілісі  жайында  іргелі 

ғылыми зерттеулер жазылып, қазақ эпостану ғылымының деңгейі көтеріліп, қазақ эпостану 

мектебі қалыптасты. Біздің мақаламыздың да басты мақсаты – осы эпостың құрылымындағы 

көне  қабаттарының  бірі  –  эпос  кейіпкерінің  үйленуіне  қатысты  мәселелерді  қарастыру.  

Отбасылық  ғұрыпты  кешенді  түрде  қарастырған  ғалым  К.Матыжанов  адам  баласының 

өміріндегі  үйлену  салтының  мәні  жайында  былайша  ой  тұжырымдайды:  «Қай  елде,  қай 

кезеңде  болмасын    адам  баласының    ер  жетіп,  қоғамның,  белді  мүшесі  болуының  басты 

белгісі  –  оның  өз  алдына  шаңырақ  көтеріп,  отау  тігуі  болып  саналады.  Ол,  ең  алдымен, 

ұлының ер жетіп, қызының бой жетіп, ел қатарлы үй болуын аңсаған ата-ананың қуанышы 

болса;  екіншіден,    өмірдің  тізгінін  өз  қолына  алып,  жұрт  қатарына  қосылған  жастардың 

орындалған  мұраты;  үшіншіден,  іргесін  кеңейтіп,  тың  күш  қосып,  жаңа  шаңырақпен 

толыққан  рудың,  тайпаның  (дәстүрлі  қоғамда),  халықтың,  ұлттың,  қала  берді,  барша 

қоғамның қуанышы.  



 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

Тойдың өзі, тұтастай алғанда, ойын-сауықтық тұрғыдағы көңілашар шара ғана емес, ол 



–  ғасырлар  бойына  сандаған  ұрпақ  санасының  сарасынан  өткен  тарихи  мәдени  құндылық. 

Онда  ислам  дініне  дейінгі  көне  наным-сенімдердің,  дәстүрлі  дүние  танымның  нәрі  сіңген, 

әлденеше қатпарлы рухани құндылықтар қоймасы бар. Сондықтан да, той дегенді тек көңіл 

көтеру,  ойын-сауық  жасау,  жастардың  үйлену  рәсімін  атап  өту  ғана  деп  түсінуге  болмайды. 

Әсіресе,  дәстүрлі  қоғамда  бұл  аса  жоғары  мәнге  ие,  сол  дәуірдің  бүкіл  дүниетанымы  мен 

дәстүрлі  әдет-ғұрпына,  салт-санасына  лайық  қалыптасқан  күрделі  ғұрыптық  рәсімдер  

кешені  болып  табылады» [1, 152]. 

Классикалық  эпостың  алғашқы  бастауы  болған  көне  эпостан  бастап,  түрлі  даму 

жолдарынан  өтіп,  түрліше  мән  иеленген  әрі  кең  таралған  бұл    сюжет  –  батырдың  үйлену 

мақсатындағы жолға шығуы мен жорықтары, түрлі сынақтардан өтуі, сондай-ақ осы жолдағы 

бөгеттерді  жеңудегі  ерлік  әрекеттерімен  мазмұндалады.  Бұл  мәселенің  ауқымы  өте  кең  әрі 

күрделі. Өйткені аталмыш  сюжеттің  әрбір жырдағы іштей өрілуі тіпті әр вариантта әртүрлі 

болып  келуі  мүмкін.  Сондай-ақ,  бұл  сюжеттің  негізінде  адамзат  баласының  неке,  отбасы 

жайындағы көнеден кейінгіге дейінгі көзқарастары ның тарихы бар.  Мұнда  анаеркі дәуіріне 

тән  әйелдер  үстемдігі  басым  болып  тұрған  сәттегі  батыр  әйелдердің  өзіне  жар  таңдауынан 

бастап,  патриархалдық  қоғамға  тән  некелік  көзқарас,  талаптарға  қатысты  танымдық 

көзқарастардың элементтері, сарындары бар.  Классикалық батырлық эпостардағы батыр өз 

қалыңдығын  іздеп  жолға  шығып,  қыздың  қарсылас  туыстарымен  я  болмаса  түрлі  жауыз 

күштерімен,  кей  тұста  қыздың  өзімен  жекпе-жекке  шығып,  ақыры  жеңіске  жетеді.  Бұл 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

312 



 

жайында  эпостанушы  ғалым  Ш.Ибраев:  «Батырдың  өзіне  жар  таңдап,  әрі  оны  өз  күшімен 

алуы  –  қалыптасқантиптік  сюжет.  Бұл  кейін  батырлық  жырына  да  ауысқан.  Алайда, 

батырдың  үйлену  сюжетінің  басқа  да  түрі  кездеседі.  Тұңғыс тілдес  халықтардың  эпикалық 

дәстүрінде  інісі  ағасына  әйел  әпереді,  ал,  ненецтердің  жырларында  ағалары  кіші  інісіне 

қалыңдық таңдайды, құда түсіп, қызды алып қайтады. Қайтар жолда батыр жаумен соғысып, 

оны  жаңа  үйленген  қалыңдығының  көмегімен  жеңіп  шығадыБатырдың  үйленуіне 

байланысты  осы  үш  сюжеттің  алғашқысы  кейін  қалыптасқан  батырлық  жырына  арқау 

болғандығы мәлім»[2,  47]  –  деп ой  қорытады.  Бұл  тұжырымнан  байқалатындай,  біз  талдап 

отырған сюжеттің мәнін ашу бір мақаланың деңгейіне ауқымына симайды. Сондықтан да біз 

бұл күрделі тақырыптың кейбір өзекті тұстары  жөнінде ғана тұжырымдар түйіндейміз.  

Жалпы  адамзат    тарихындағы  моногамдық  семяның  пайда  болуы  аса  маңызлды 

бетбұрысты  танытқан    әлеуметтік-тарихи    кезе  болғаны  белгілі.  Халықытың  рухани 

өміріндегі маңызды жанр эпостың өзегіндегі отбасы қүру тақырыбының негізі мән атқаруы 

жайдан-жай  емес.  Халықтың  оның  қоғамдаағы  мәнін  жете  түсініп,  маңызын  жоғары 

бағалағандығын  танытады.  Сондықтан  да  батырдың  үйлену  оқиғасы  эпос  қаңқасын 

қүрайтын  міндетті  әрі  маңызды  негізгі  бір  сюжетке  айналған.  Әрине,  эпикалық  батырдың 

үйлену  жолындағы  әрекеттері  эпостың  жанрлық  түрлеріне  қарай  әрқилы  сипат  иеленеді. 

Мысалы,  көне  эпостарда  ол  көбіне  батырдың  жеке  дара  ісі  болып  көрінсе,  классикалық 

эпостарда  жалпы  қауымның,  тұтас  рудың  міндет-мақсаты  түрінде  маңыз  иеленеді.  Сондай-

ақ, әлемнің барлық халықтарының эпосына тән бұл сюжеттің әрбір ұлттық эпостағы сипаты 

да нәзік мәселе. Ең алдымен айтарымыз: эпос композициясындағы бұл міндетті әрі маңызды 

элементтің  ана  еркі  дәуіріндегі  бастауларындағы    тарихи-этнографиялық  сипаты  басым 

болып  келетіндігі  анықталған  мәселе.  Елсіз,  алыс  аралдарда   жалғыз  я  болмаса  бауырымен 

бірге тұратын батыр қыздардың өзіне жар таңдауымен ерлермен қатар күш сынасуы ең көне 

сюжет әрі бүл «жар таңдау» мотивінің алғашқы элементтері деуге болады. Ал осы күрестегі 

әйелдер  рөлінің  біртіндеп  әлсіреуімен  ер  батырлар  ерлігінің  үстемдік  алуы  арқылы  бұл 

сюжет  кең  өріс  алып,  күрделене,  түрлене    түскен.  Қалың  жұртының  «жаратқаннан  тілеп 

алған»  ұлының  өзге  жұрттан  қалыңдық  іздеп,  отбасын  құруға  талпынысының  өзінде  түрлі 

танымның тарихи іздері жатыр. Яғни, өз руынан қыз алуға тиым салатын экзогамдық некенің 

мықтап  орын  алған  жағдайында  ел  ардақтысына  айналған  батыр  басқа  жұрттан  жар  іздеп, 

оны өз ерлігімен жеңіп алып келу міндеті талап етілген. Әрине, қыз беретін жақтың да қызын 

тек  жеңімпазға  беру  шарттарында    жалпы  қоғамдық-әлеуметтік  өмірдегі  ең  күшті,  епті 

батырды ұлықтау, болашақ отбасының, жақын-жуығының тыныштығы мен бақытын баянды 

ете  алатын  ерлерді  аңсаған,  ұлықтаған  халықтың    үмітімен  аңсары    қатар  өріліп  жатады. 

Яғни,  ертедегі  түрлі  руаралық  қырқыс-  тартыстар    орын  алған    кезеңдегі    жер  иемдену 

жолындағы, дүние-мүлік иемдену бағытындағы өзара соғыстардағы жеке адамдардың ерлік 

ісін    бүкіл  ел-жұрт  болып  қажетсінген,  әрі  оның  отбасы  құру  ісін  де  өз  назарынан  тыс 

қалдырмаған.    Сондықтан  да  классикалық  эпостарда  елі-жұрты  тілеуін  тілеп  аттандырған 

батыр жігіт өз қалыңдығын қандай қиындық болса да жеңіп әкеледі. Қыз жұртының күйеуге 

деген  қарым-қатынасы  да  әрқилы.  Көп  жағдайда  ол  қыздың  туыстарының  әке,  ағасының 

қарсылығына  ұшырайды,  солардың  өзімен  айқасқа  түсіп,  жеңіп  өзін  мойындатуға  тиіс 

болады.  Осы  екі  жақты  тартыс-тайталастың  ең  көне  замандардағы  мәні  жұптық  тай-талас 

(бинарная оппозиция) негізінде қалыптасқан форма болатын. Ертедегі  эндогамдық неке заңы 

бойынша  қыз  беруші  жақ  пен  мен  қыз  алушы  топ    арасындағы  қарым-қатынастың  алуан 

түрлі  тартыс  формасында  қалыптасуы  –  үйлену  ғұрып  жырларының  да  мазмұндық 

құрылымына тән. Бұл жайында В.Е. Гусевтің мына пікірі көңіл аударарлық: «Драматическая 

природа  свадьбы  явилась  следствием  того,  что  сам  обряд  возник  на  основе  древних  форм 

брака,  происходивших  в  условиях  сложных  взаимоотношений  противостоящих  сторон 

(родов, общин), а позже окончательно сложился в условиях феодального общества и отражал 

характерные  для  хозяйственно-экономического  уклада  и  семейного  быта  той  эпохи 

противоречия.  Поэтому  свадебное  действо  выражало  не  только  праздничную,  радостную 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

313 



 

сторону события, но и печальную, подчас трагическую судьбу девушки, выходящей замуж за 

«чужа-чуженика» выдаваемой на «чужую сторону» и становящейся жертвой патриархальных 

нравов.  Драматизм  исходной  жизненной  ситуации  определил  устойчивость,  и 

традиционность драматических ситуаций в самом обряде. Они были обязательны даже в тех 

случаях, когда брак заключался по любви, по доброму согласию обеих сторон, на радость и 

родных,  и  жениха,  и  невесты»  [3,  42].  Енді  бір  жағдайда  қалыңдығының  елі  әлде  бір 

жауыздықтың шырмауына ілігіп, батыр қайын жұртын құлдықтан құтқарып, теңдік әперудегі 

ерлігі  үшін  қалыңдықты  алу  құқығын  иеленеді.  Мұның  барлығы  әрбір  жырдың  ішкі 

қүрылымына қарай әртүрлі өріледі.  

Біз талдау нысанасы етіп отырған  «кейіпкердің үйлену» мотивінің дамуы мен өзгерісі 

эпостың  ішкі  жанрлық  түрлерінің  жіктелуіне  қарай  да    өзгешелік  сипат  иеленеді.  Мәселен 

қаһармандық  жырлардағы  батырдың  үйленуі  кеңінен  баяндала  бермейді.  Онда  кейіпкер  

негізінен патриархалды рулық салттың талабына сәйкес, өз тағдырына тиесілі жарын таңдап 

алып,  соны  қолына  қондыруға  міндетті,  Бұл  мотив    қаһармандық  эпостың    негізгі  мотиві 

қаһармандық рухты жырлаудың  аясында ғана белгілі бір мән иеленеді.  

Мысалы,  «Алпамыс  батыр»  жырындағы  Гүлбаршын  сұлудың,  «Қобыланды  батыр» 

жырындағы Құртқаның бейнелері сол батырларға лайық сомдалған. Олар өздерін ерлерінен 

бір саты төмен қойып, әйелдің негізгі мақсаты еріне адалдық пен ұрпақ тәрбиелеу екендігін 

сезінетін кейіпкерлер ретінде көрінеді.  Әрине, екі жырдағы қалыңдық үшін күрестің сипаты 

бірдей емес. Мысалы , «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың жар таңдауы, үйленуі екі 

достың ежелгі «ежеқабыл» салты арқылы  серттесіп, ақыры қыз әкесі Қарабайдың сертінен 

тайып,  ел  ауып  көшіп  кетуі  оқиғасымен  басталады.  Ал  батырдың  қалыңдығы  жайлы  ойда 

жоқта  естіп  біліп,  оны  табуға  құмартуы  ақыры  алысқа  сапар  шегіп,  аттануы,  сол  тұста 

Гүлбаршын сұлудың елімен қосып  қалмақ ханының  тұтқынына түскенін есітіп, ерен ерлік 

көрсетіп оларды құтқарып, іздеп шыққан жарына қосылуы арқылы өрбиді. «Алпамыс батыр» 

жырындағы  батырдың  қалыңдығын  иемденуі  оны  екі  рет  жау  құлдығынан  құтқаруымен 

ерекшеленеді. Алғашқысы Қараманның қыспағынан құтқару болса, екіншісі Тайшық ханның 

мыстанның  әсерінен  зынданда  ұзақ  жатып  қалғанда  Тайшықтың  қолына  түскен 

Гүлбаршынды құтқаруы. Яғни бұл мысалдар  классикалық жырлардың өз ішіндегі  «үйлену 

мотвінің» композициялық өрілімі әрқилы болып келетіндігін көрсетеді. Сол арқылы жырдың 

негізгі  кейіпкерінің  батырлық  істерінің  өзі  де  әр  қырынан  дәріптеледі.  Ал  «Қобыланды 

батыр»  жырындағы  батырдың  қалыңдығы  жайлы  ойда  жоқта  естіп  біліп,  сұлулығымен 

даңқы шыққан Құртқа сұлудың еліне іздеп келіп, өнерін асырып сұлудың көзіне түсуі, оның 

айбынды  батырлығынан  бүкіл  Көктім-аймақ  елінің  қаймығып,  сынақта оған  ізет  көрсетілуі 

арқылы  батырлықтың  басым  суреттелетіндігін  көруге  болады.  Әрі  ақылды  әрі  сұлу 

Құртқаның өз елінен теңі табылмай, Қобыландыдай ердің ерекше  тұлғасын танып, оны өзіне 

лайық  көруі,  қыз  қалауына  әкесінің  тілегінің  ұштасуы,  Көктім  –  Аймақ  елін,  яғни 

қалыңдығының  жұртын  ежелгі  жауларының  қыспағынан  құтқарып  теңдік  әперуі 

Қобыландының    жалпы  адам  сүйгіштік  қасиетін  айқындай  түсіп,  еркіндік,  тәуелсіздікті 

көксеген тұлғасын биіктете түседі. Яғни жырдағы негізі идея – осы. Ал батырдың «қалыңдық 

таңдау» мотиві батырдың осы қасиетін аша түсетін алғашқы және негізгі сарынның бірі. 

Эпостың  ерекше  бір  тұсы  –  батырдың  маңайындағы  әйелдер  бейнесінің  Аналық, 

Құртқа,  Қарлыға,  Қарлығаш  бейнелерінің  жан-жақты  суреттелуі.  Ол  алғаш  рет  Ә.Бөкейхан 

мақаласында әдеби тұрғыдан талданған [4, 27-29]. 

 Жалпы Қобыландының таңдап алған жары Құртқаның бойында көне эпос кейіпкеріне 

тән қасиеттерден бастап кейінгі заманғы дәуірлердің талап-тілектері қатар ұштасып жатады.  

«...батырдың  ерлікпен  жеңіп  алған  жары  Құртқа  бойындағы  сәуегейлік,  көрегендік  (батыр 

мінер  тұлпарды  енесінің  ішінде  жатқанда  тану,  батырдың  алдындағы  бөгеттермен,  ел-

жұрттың  болашақтағы  хал-күйін  алдын-ала  болжау,  ер-азаматтың  қару-жарағын жабдықтау 

әрекеттері) дамыған матриархат заманынан келе жатқан қасиеттер. Ол кейінгі патриархалды-

феодалдық қоғам талап еткен ер-азаматтың қамқор серігі, отбасының ұйтқысы қасиеттерімен 

молыққан.  Полигамиялық патриархалды  үлкен отбасындағы  бірлік  пен  татулықты  ұйытқан 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

314 



 

әйел  бейнесінің  бар  қасиетін  халық  Құртқа  бойына  жинақтаған.  Бұл  –  жырда:  Қобыланды 

мен  Қарлыға  арасына  ғана  емес,  балаларымен  Қарлыға  арасына  дәнекер  болу,  Қарлығаны 

алып келе жатқан батырдың алдынан шығып, еріне құтты болсын айтып, Қарлығаға мейірім 

көрсету,  өз  баласын  оның  бауырына  салып,  оны  босандырып,  баласын  өз  баласындай 

асырап-бағуға  байланысты  үлкен  аналық  жүрегін  суреттеу  арқылы  өрнектелген.  Көне 

заманнан  келе  жатқан  (бұрын  батырдың  қарындасы,  әпкесі,  кейін  жұбайы)  батырдың  қару-

жарағын жабдықтау дәстүрі [5, 339] батырға ғана емес, оның балаларына дейін жалғасады» 

[6, 405]. 

Сонымен  бірге  Қарлыға  бейнесінде  көне  анаеркі  заманындағы  кәмелеттік  сынақтан 

өтудің  ,  (қару  меңгеру,  батырлық  дәстүрді  үйрену)  ерлермен  тең  ерлік  көрсететін    «батыр 

қыз бен тайпааралық соғыстарда тәуелсіздік үшін соғысатын жауынгер әйел [7, 61] сипаты 

бар»  Қаһармандық  эпостың    идеясына  бағындырылған  батыр,  Қарлығаның  –  қамқор  әйел 

Қарлығаға  айналу  жолын  жыр  патриархалды-феодалдық  қоғамның  отбасылық  этикасына 

сәйкес  оны  Құртқамен  бір  мақсатқа  жұмылдырған.  Ол-ерінің  бабын  тауып,  оның  сенімді 

серігіне айналу.   

Ол  қаһармандық  эпостың  негізгі  идеясы    жалпы  жұрттың    бірлгі  мен  ,  тұтастығын 

көксеу ұғымымен өзектесіп жатыр. 

Сондай-ақ  «Қамбар  батыр»  жырындағы  батырдың  үйлену  тақырыбы  өзіндік 

ерекшелігімен көрінеді. Мұндағы ертедегі  «қыздың күйеу таңдау  мотиві» сюжеттің негізгі 

қозғаушы  тетігі  болып  табылады.  Сұлулығы  мен  салтанаты  асқан  Назымның  әкесінің 

байлығы  мен  алты  ағасының  айбынынан  қаймыққан  батырлардың  ешқайсының  дәті 

бармаған  ерлікке  қасқа  атты  кедей  Қамбардың  қаймықпай  баруы  ежелгі  «күйеу  таңдау» 

сарынын біртіндеп өзгертіп, қыздың емес, күйеудің таңдауының басымдығына қарай ауыса 

бастайды.  Себебі,  қанша  кедей  болса  да  өнерімен,  асқақтығымен  өзіне  ешкімді  тең 

келтірмеген  Қамбарға  Назымның  өзі  ынтық  болады.  Яғни,  батырдың  батылдық,  батырлық 

қасиеттерінің  мәні алғы кезекке шығады. Себебі, қаһармандық эпостың басты мақсаты  – өз 

елін,  ру-тайпасын  басқыншылықтан  қорғаған  ерлерді  дәріптеу,  халықтың  тәуелсіздігіне 

ұмтылу. Эпос бұл мақсатқа бірден жете қойған жоқ, ұзақ даму, қалыптасу жолдарынан өтті 

Яғни  сол    тарихи  жолдардағы  бас  кейіпкердің  үйлену  процесіне  қатысты  көзқарастар  да 

біркелкі  болмағаандығына  зерттеу  нәтиежелері  арқылы  көз  жеткізілді.  Өзінің  отбасы  мен 

жақындарының қауіпсіздігі үшін ғана күресетін көне эпос кейіпкерлерімен салыстырғандағы 

қаһармандық  эпос  кейіпкерлерінің  жар  таңдауы  көбіне  белгілі  бір  идеяға  бағындырылады. 

Ал  көне  эпостарда  сол  көне  замандардағы  тұрмыстың,  салт-дәстүрлік  заңдылықтардың 

шынайлығы елес береді.  

Жалпы эпос дамуының соңғы көркемдік сатысы ретінде қарастырылып жүрген дастан 

кейіпкерлерінің  жар  таңдау,  үйлену  жағдайларын  талдау  арқылы  бұл  мәселенің  мәнін 

тереңдей  тануға  болады.  Жаугершілік  заманның  беті  қайтып,  халықтың  мамыражай  бейбіт 

өмір сүрген уақыттарындағы эпос мұраты адамдардың ішкі жан күйлерін, сезім сипаттарын 

суреттеуге  қарай  ойысады.  Сондықтан  да  дастандардағы  басты  тақырып  екі  жастың  өзара 

сүйіспеншілігін  дәріптеу  басымдық  алады.  Батырлық  эпостардағы  қалыңдығын  болашақ 

жарын    қарсыластарымен  ашық  шайқаста  басым  күшімен  жеңіп  алып,  сол  қалыңдығының 

кейін өзінің сенімді серігіне айналуы арқылы батырдың толыққанды тұлғасы сомдалады.  

Ал  ғашықтық  дастандардың  негізгі  идеясы  –  махаббат,  сүйіспеншілік  тақырыбы 

болғандықтан, кейіпкер болашақ жарына  «сырттай ғашық» болып, (түсінде көріп я болмаса 

оны  өзгеше  бір  жағдайда  кезіктіріп  қалып  ғашықтық  дертіне  шалдығады)  соны  табудың 

жолына түседі. Яғни мұнда да батыр жары үшін жолға шығады. Алайда мұндағы қалыңдық 

іздейтін  кейіпкердің    ерлік  істерінен  гөрі  оның  ішкі  күйзелісі  мен  жан  қиналыстарын 

тереңірек суреттеу басымдық алады. Сол арқылы болашақ жарына деген кейіпкердің қарым-

қатынасы  айқындалады.  Мысалы  ғашықтық  жырлардағы    кейіпкердің  үйленуі  де  елдік, 

халықтық  мұраттармен,  салт-дәстүрлермен  байланысып  жатады.  Мәселен  «Қыз  Жібек» 

жырындағы Төлегеннің Қыз Жібекті  айттыруға 550 жылқы айдап алып келуі Қозы Көрпеш 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

315 



 

пен Баян әкесінің ежелгі дәстүр арқылы серттесуінің отбасын құруына  негізгі түрткі болған 

себептер екені белгілі. 

«Қозы  Көрпеш»  ғашықтық  эпосындағы  кейіпкердің  жар  таңдауында  әлеуметтік  сипат 

басым.  «Эпостың    басты  тақырыбы  –  сүйіспеншілік  мәселесі  жаңаша,  сол    кезеңге  сәйкес 

түсіндіріліп,  жырланады.  Қозы  мен  Баян  –  бір-біріне  жай ғана ғашық  болған  жігіт  пен  қыз 

емес.  Олар  екі  әкенің  сертін  орындаушылар  болып  суреттеледі.  Сөйте  тұра,  олар  бірін-бірі 

көргенде  үлкен  сезімге  бөленіп,  шын  ғашықтарға  айналады.  Жалпы,  бізге  жеткен  жырда 

сүйіспеншілік  пен  имандылық,  адалдық  пен  адамгершілік  мәселелері  ең  басты,  ең  негізгі 

болып  көрсетіледі»[8,93]  –  дейді  С.А.Қасқабасов.  Қозы  өзіне  айттырылған  қызды  іздеп, 

сапар шегеді.Қозы болашақ қайын атасының аулына келеді. Ол өзінің пішінін өзгерткен; оны 

ешкім танымайды. Ол қыздың әкесіне малшы болады. Қозының өз қалыңдығының хабарын 

біле  сала  бір  сәт  кідірместен  жолға  шығуы,  ақыры  оның  елін  тапқанымен,  бірден  көріне 

алмай,  қайын  жұртында  жасырынып,  басқа  кейіпте  өмір  сүруінде  өте  ерте  замандардағы 

үйлену  дәстүрінің  элементтері  бар.  Себебі,  ең  көне  дәуірлерде  үйленетін  жігіт  өз 

қалыңдығының, яғни қайын атасының елінде  тұруы тиіс болған Ол «матрилокалдық неке  » 



[9,90-125] – деп, аталып, ХХ ғасырға дейін бірқатар елдерде сақталған.   

Яғни стадиялық жағынан эпостың кейінгі заманғы сатысы болса да, ғашықтық эпоста 

үйленқу салтының ең көне, қыздың елінде, қайын жұртында кемінде екі жыл жұмыс істеп, 

өзінің  жар  бола  алақрлық  қабілетін  таныта  алғанда  ғана  қызға  қол  жеткізетін  дәстүрдің  ізі 

сақталған.  Қозының  Баянға  бірден  келмей,  я  болмаса  қайын  жұртына  танылмай  «тазша» 

кейпіне еніп, бақташылық атқарып, өнерімен танылуы осының мысалы.  

Ғашықтық  жырлардағы  үйлену  салтының  басты мақсаты  –  қыз  бен жігіттің    бас  қосу 

жолындағы  қиындықтарға  қарамай,  бір-бірін  сүйіп,  махаббат  үшін  күресін  дәріптеу    болса,  

Қозы Көрпеш-Баян сұлу «жырындағы екі жастың өз бақыты үшін күресі – өз ата-аналарының 

антын іске асырумен өрнектеледі.  Яғни мұндағы махаббат пен сүйіспеншілік ата-ана, қоғам 

алдындағы  борыш  пен  парызбен  көмкеріліп,  жеке  адамның  бас  бостандығы  мен  махаббат 

еркіндігінің  жеке  адамның  ісі  ғана  емес,  қоғаммен  үйлескен  ерекше  сипатын  дәріптеген.  

«Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлу»    жыры  –  өзінің  көркемдік  даму  жолында  талай  замандардың 

ықпалын  бойына  жинақтап,  ғашықтық  жырдың  ең  бір  ғажайып  үлгісіне  айналған.    Бұл 

жайында М Әуезов:  «Бізге мәлім болған «Қозы Көрпеш  – Баян Сұлуң жырларының кейбір 

варианты  –  ерте  заманның  өзіне  байланысты  айтылса,  енді  біреулері  бергі  ХVІІІ-ХІХ 

ғасырда  өңделіп,  жаңғырған.  Және  кейде  «ноғайлың  деген  ескі  атаулары  жойылып,  оның 

орнына  Кіші  жүздің  Шеркеш  руы,  не  Орта  жүздің  Бағаналы  (Найман)  руларының  аттары 

аталады.  Бірақ  бұл  нұсқалардың  қай-қайсысын  алсаңыз  да,  алғашқы  сюжетасылы  –  біреу. 

Әрдәуірдің,  әр  жердің    ақындары  өз  ортасындағы  тыңдаушыларының  ыңғайына 

тартқанымен,  оның  негізгі  мазмұны,  оқиға  желісі  бір  арнаға  саяды»  [10,  421]  –  деп  ой 

қорытады.  

Қазақтың ғашықтық жырының жауһары  «Қыз Жібек» жырының  ең басты ерекшелігі – 

жырдың    үлкен  екі  сюжеттен  тұратындығы  және  осымен  байланысты  бас  кейіпкерлерге 

қатысты  екі  түрлі  үйлену  мотивінің  көркемдік  қызмет  атқаруы.  Алғашқы  жыр  бөліміндегі 

Төлеген мен Жібектің ынтызарлық сезімі мен оның трагедиялық сипаты суреттелсе, екінші 

бөлімде    Жібектің  қайнысы  Сансызбаймен  қосылу  оқиғасы.  Жырдың  алдағы  талданған 

жырдан  өзгешелігі  Төлегеннің  өз  ғашығына  үйлену  үшін  батыл  әрекетке  баруымен 

ерекшеленеді.  Қыз  әкесіне  тиісті  қалыңмалын  төлеп,  тиісті  жөн-жоралғыларын  жасайды. 

Мұндағы  басты  көңіл  аударарлық  мәселе:  Төлегеннің  үйлену  жолындағы  әрекеттерінде  өз 

жұртынан, өз әкесінен қолдау көрмей, қарсылыққа тап болуы, Ақыры жар таңдау сапарының 

сәтсіздікке ұрынуы.   Бұл тұрғыдағы халықтың эпосқа артқан жүгі (Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

жырымен өзектес, Ер азамат өз жұртының талап - тілегінен ауытқымау керек, егер ауытқыса 

оны  үлкен  жаза  күтетіндігін  ескерту.  Сондықтан  да  шын  ғашықтық  жолына,  жеке  сезіміне 

ерік  беріп,    дәстүрлі  әке  үкіміне  бағынбай,  өзінің  жүрек  қалауын  алға  шығарған  Төдегенді 

жыр  қапияда  қаза  таптырады.  Десе  де  халықтың  өзінің  аяулы  кейіпкерін  өлімге  қиғысы 

келмеген көңілі жырдың екінші бір бөлігін тудырып, жаңа нұсқасының пайда болуына әсер 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

316 



 

еткен.  Ол  ел  ішіндегі  әмеңгерлік  салтын  дәпріптеу  арқылы  батырдың  ерлік  ісі  ғана  емес, 

некелік  ісі  де,  отбасылық  өмірі  де  әрі  қарай  үзілмей  жалғатсын  деген  идеяны  уағыздап,  

Сансызбай мен Жібекті қосып, бақытқа жеткізу.  

Бір  жағынан  алғанда  бұл  кейінгі  заманғы  патриархалдық-феодалдық  қоғамның  талап-

тілектерінен  ғана  туған  шешім  сияқты  көрінуі  мүмкін.  Алайда  оның  астарында  ерте  рулық 

дәуірдегі  жігіттің  өз  қалыңдығын  жау  қолынан  құтқаратын  көне  мотивінің  де    ізі 

жатқандығын аңғаруға болады.  

Яғни, С.А.Қасқабасов пікірімен түйіндесек: «...қорыта айтқанда, қазақтың классикалық 

түрдегі ғашықтық жырлары – ежелгі рулық заманда пайда болған «жігіттің үйленуің туралы 

түпкі  сюжеттің  негізінде  орта  ғасырларда  үлкен  эпосқа  айналған  түрі.  Бұл  сюжет,  әсіресе, 

Қазақ  хандығы  тұсында  көркем  фольклордың тамаша  үлгісіне  айналған.  Талантты  ақындар 

мен  жыршылар  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлуң  мен  «Қыз  Жібек»  сынды  жырларды  тамаша 

романдық эпос етіп жырлаған. Сөйтіп, қазақ фольклорының құрамында ғашықтық жыр жеке 

жанр  болып  қалыптасқан»  [8,  421].  Бұл  тұрғыда  да  үйлену  салтының  ерекше  рөл 

атқарғандығын көруге болады.  

Эпостың  дастандық  түрін  жүйелеген  ғалым  Б.У.Әзібаева  романдық  эпостардың  өзіне 

тән  болмысы  жайында:  «…Дей  тұрғанмен,  романдық  эпостың  өзіндік  белгілері  де  көп.  Ең 

алдымен,  оның  басты  тақырыбы  –  соғыс  емес,  бейбіт  өмірдегі  екі  жастың  махаббаты. 

Сүйгеніне  қосылу  үшін  күрескен  қыз  бен  жігіттің  бүкіл  тіршілігі,  іс-әрекеті  кәдімгі  қазақ 

аулында өтеді,  сол себепті  елдің тұрмысы, салты, ғұрпы жан-жақты көрсетіледі. Ғашықтық 

жырдың  күллі  бітімі,  ауаны  –  тынышты  жағдай,  кейіпкерлердің  іс-қимылдары,  тартысы  – 

шым-шытырық емес, ал, оқиғаның өрбуі – баяу, кәдуілгі, күнделікті өмірдің ағымына сәйкес 

[11, 94-95]  деп тұжырымдайды. 

Батырлық  жыр  кейіпкерлері  секілді  ғашықтық  дастан  кейіпкерлері  де  өз  жарын  іздеу 

жлындағы  күресте  қажыр-қайратымен  төзімділігімен,  ерлігімен  мақсатына  жетеді.  Ал 

эпостың дастандық түрінің ерекшелігі оның кейіпкерлерінің үйлену оқиғаларында сезімдік, 

лирикалық  сипаттар  басым.  Бұл  жайында  В.М.Жирмунскиимен  Х.Т.Зарифовтың  өзбек 

дастандары  жайындағы:  «  кейіпкердің  махаббатының  романтикалық  құштарлық  сипаты 

басым.  Махаббат  сергелдеңімен  есеңгіреген,    ғашықтықтан  есі  ауған  кейіпкер  ақыл-есінен 

жаңылып, көз жасын көлдетеді, лирикалық толғаныстарын білдіреді...» [12, 132-133.]– деген 

пікірі  қазақ  дастандарынның  кейіпкерлеріне  де  тән.  Ал  әзербайжан  дастандары  туралы 

зерттеуінде  ғалым  М.Г.Тахмасиб  та  осы  пікірді  қуаттайды  [13,  31]  Яғни  дастандық  эпос 

кейіпкерлері  негізінен  батырлық  күші  емес  сезім  күшімен  дараланады.  Мұндағы 

қалыңдықтың  өзі  де  батырлық  және  ғашықтық  дастандардағы  қалыңдық  бейнелерінен 

мейлінше  сұлулығының  асыра  дәріптелуімен  ерекшеленеді.  Бұдан  шығатын  қорытынды: 

эпостың  дамуы,  оның  жанрлық  түрлерінің  жіктелуіне  байланысты  әу  бастағы  ерлікпен 

үйлену  біртіндеп  сезім  мен  сүйіспеншілікті  алғы  кезекке  шығарып,  жаңа  кейіпкерлер 

жүйесін қалыптастырады. Көркемдіктен гөрі шынайылық сипаты арта түседі.   

 Әрбір  қоғамдық  кезеңдердегі  отбасы  мен  некенің  әрқилы  қоғамдық-әлеуметтік  мән 

атқарғандығына  осы  эпостағы  үйлену  мотивінің  түрліше  сипаты  арқылы  көз  жеткізуге 

болады.   

Әсіресе    халық  батырлық  эпос  қаһармандарының  үйленуіне  ерекше  мән  артып  оны 

«батырлық  үйлену»  [14,  285]  –  деп  атаған.  Тұтас  бір  елдің  тағдырыа  жауапты  болашақ 

батырдың  жар  үшін  күрестегі  елік  әрекеттері  арқылы  көрінетін  қажыр-қайраты  мен 

қаһармандық  істері  ,  жауға  жақынының  намысын  таптайтын  намыстылығы  арқылы 

халықтың батыр тұлғасына деген ерекше көзқарасы анық танылады. Әрі өз қорғаны болған 

батырдың «өмірлік серігі  қандай болу керек дегенге эпос өзгеше мән береді» [15, 162-165]. 

Демек, эпостық жырлардағы қаһарманның үйленуі жайындағы сюжет кейіпкердің батырлық 

қасиеттерінің  сыналатын  тұсы,  оның  өз  жарын,  өз  жұртын  жат  жұрттың  ұыспағына  

қалдырмайтын намысы мен қайратын танытатын ерекше бір сәт ретінде бағалы сюжет болып 

табылады.  Ол  әу  бастағы  аясынан  біртіндеп  кеңіп,  эпостың  көркемдік  кемеліне  жеткен 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

317 



 

тұсында эпос құрылымындағы батырды дәріптеудің ең қажет  әрі  көркемдік құралдарының 

маңызды бөліктерінің біріне айналған.  

Бүгінгі  эпостану  ғылымында  қазақ  эпосының  бастау  алған  арналары  мифологиялық 

синкретизмде  жатқандығы  анықталып,  оның  көркем  классикалық  деңгейіне  дейінгі  даму 

жолындағы  түрлі  кезеңге  тән  әр  алуан  амал-тәсілдердің  типі    анықталған.  «Ол,  кейіпкері 

мифтік  күштермен  айқасатын  көне  эпос  түрінен  бастап,    ХІХ  ғасырда  жанр  ретінде  толық 

қалыптасқан,  кейіпкері  жеке  даралық  қасиеттерге  ие,  патриархалды-рулық,  патриархалды-

феодалдық қоғамның қағида, ұстанымдарына қарсы шыққан/тұрған, өз тағдырын өзі шешуге 

қабілетті  және  сол  жолда  аянбайтын,  ортағасырлық  және  жаңа  заман  жазба  әдебиеті  мен 

шығыс әдебиетінің ықпалын сіңірген дастандық эпосқа дейін өсті» [11]. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Жинақтай келгенде, эпос халықтың басынан өткерген сан ғасырларлық тарихын, салт-

санасы  мен  тағлым-тәлімін  жинақтай  отырып,  сол  тарихи  оқиға  мен  елдің  санасында 

сақталған дәстүр-салттың өзін көркемдік әдіс ете отырып, болашақтың аңсарын айтады.Қай 

замандарда да халықтың «жел жағына пана болған» батырларының үйлену оқиғасы жеке бір 

адамның ісі ғана емес, әлеуметтің жалпы халықтың назарындағы іс болған жағдайы басым. 

Себебі, ол таңдаған ару сол батырдың жеке басының ғана байлығы емес, бір әулеттің, қала 

берді бүкіл ру, тайпаның намысы мен абыройы болған. Ол батырдың сенімді серігі,батырлық 

рухтың жалғастырушысы ретінде қазақ қоғамында биік мәртебе иеленген. Сондықтанда қай 

кезеңде де жар таңдауға ерекше мән беріліп, оның өзінің түрлі даму жолдарынан өткендігіне 

эпос  түрлеріндегі  бұл  сюжеттің  түрліше  сипаттары  айғақ  бола  алады.  Әрине  ,  аталған 

жағдайлардың  әрқайсын  нақтылы  жыр  мәтіндерін  тереңдей  талдау  нәтиежесінде  тереңірек 

қарастыруға болады. Бұл алдағы іргелі зерттеудің еншісі деп есептейміз.       

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 



1  Матыжанов  К.  Қазақтың  отбасы  фольклоры.Монография.  –  Алматы,2007.  – 

319 б. 


2  Ыбыраев  Ш.  Эпос  әлемі.  Қазақтың  батырлық  жырларының  поэтикасы. 

Монография.  – Алматы, 1993. – 296 бет. 

3 Гусев В. Е. Истоки русского народного театра, Ленинград, 1977. – 253 с. 

4 Бөкейханов. Ә  Женщина по киргизской былине «Кобыланды» // Шығармаларының 

толық жинағы. Т. 6. – Астана, 2013.  – 515 б. 

5 Мелетинский Е.М. Происхождение героического эпоса. Ранние формы и архаические 

памятники. М., 1963. – 492 б.   

6  Жақан  Д.  Қобыланды.//  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.    Том.  Фольклорлық  кезең.  – 

Алматы: 2008 .– 808 б. 

7  Лебедева  Ж.К.  Эпические памятники народов  Крайнего  Севера.  Новосибирск,  1982.  

– 112 б.  

8 Қасқабасов C.А. Ғашықтық жырлар// Қазақ әдебиетінің тарихы. Том. 1. Фольклорлық 

кезең. – Алматы: 2008 .– 808 б. 

9 Косвен М. Матриархат. Этнографические материалы // Ученые записки МГУ. Вып.61. 

История. М., 1940. Т.2. С.  

10 Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап.  –7 20 б. 511-512-б. 

11 Әзібаева Б.У.Қазақ эпосының сюжеттері./ Сюжеты казахского эпоса: монография. – 

Алматы: «Servise Press», 2014 – 576 б. 

12 Жирмунский В.М., Зарифов X.Т. Узбекский народный героический эпос.  – Москва, 

1947. – 519 с. 

13  Тахмасиб  М.Г.  Азербайджанские  народные  дастаны.  Автореф.  дис.  докт. 

филолог.наук. – Баку, 1965. 

14 Жирмунский В.М. Народный героический эпос. М.,-Л., 1962. – 433 с 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

318 



 

15 Марғұлан Ә. Қазақ жырын туғызудағы мотивтер // Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: –

1985. – 368 б. 

 

П.С. Усипбаева



1

, У.Т.Кыдырбаева





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет