Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет300/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   341
А.Е. Саденова

1

, Л.С. Торохтий 

2

, Ұ.Е. Мұсабекова

1

филология  ғылымдарының  докторы,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті, 



Алматы қ., Қазақстан. e-mail: sadenovaa@mail.ru 

2

доцент,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,  Алматы  қ.,  Қазақстан,  e-mail: 



ValeryTorokhtiy@mail.ru 

3

филология  ғылымдарының  докторы,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті, 



Алматы қ., Қазақстан. e-mail: u.mussabekova@mail.ru 

 

ШЕТЕЛ АУДИТОРИЯСЫНДА МӘТІНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ОҚЫЛЫМ 



ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ  

 

Бұл  мақалада  тіл  меңгертудегі  мәтінді  оқуға  үйрету  әдісі  мен  тәсілдері  туралы  сөз 

болады.  Қазақ  және  орыс  тілдерін  оқитын  шетелдік  студенттердің  оқылым  дағдысын 

қалыптастыру қарастырылады, оқылымның әр түріне үйрету үшін ұсыныстар беріледі. 


Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

378 



 

Түйін сөздер: тіл меңгерту, сөйлеу, оқылым, мәтін. 

 

КІРІСПЕ 



 

Тіл меңгеру дегеніміз  – тіл үйренушілердің коммуникативтік міндетті шеше алуы. Ал 

сөйлеудің нормалылығы дегеніміз – қажетті тұлғаны қолдана білуі – бұл меңгертудің аралық 

міндеті. 

Тіл үйренуге деген қызығушылықтың болуымен қатар, қазір осы тілді аудиторияда өзге 

ұлт  өкілдеріне  үйрете  алатын,  нәзік  қыр-сырларын  жеткізіп  бере  алатын  кәсіби  білікті 

оқытушыларға  деген  сұраныс  та,  қажеттілік    те  жоғары.  Бұл  мәселе  әлі  де  күн  тәртібінен 

түспей отырғанын айтпай кетуге болмайды. 

Оқытушы аудиториямен жұмыс істей бастаған сәттен бастап тіл үйренушілердің тілдік 

дайындығын диагностикалап алуды басшылықта ұстауы тиіс. Студенттің білім деңгейін тез 

және дұрыс бағалау оқытудың барынша сәйкес, тиімді әдістерін аз уақыт ішінде таңдап алуға 

мүмкіндік береді.  

Қолданылатын  материалдардың  алуан  түрлі  болуы  сабақты  қызықты  етеді  және 

жұмыстың жаңа тиімді түрлері жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Студент үшін аса маңызды 

да  пайдалы  материалдарды  табу,  оның  тиімді  беру  әдісін  талғау  үшін  тек  әдістемелік 

материалдарды  ғана  емес,  сонымен  қатар  арнаулы  пән  мұғалімдерінің  беретін  қызықты 

материалдарын  түрлі  дереккөздер  арқылы  іздеп  таба  алуы  тиіс.  Оқытушылар  тәжірибе 

жинақтай  келе  дәстүрлі  әдістемемен,  немесе  бір  типті  материалдармен  шектелуі  тиімсіз 

екенін  түсінеді.  Соның  бірі  тез  ойланып  жауап  беретін,  жауабын  ақылдасып  отырып  топ 

болып шешетін қызықты викторина сұрақтарын ұйымдастыруға болады, мамандар қолданып 

жүрген логикалық тапсырмаларды беруге де болады. 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Қазіргі заманда адамның өмірінде мәтін оқу үлкен орын алады, өте зор рөл атқарады, 

өйткені оқу бүгінгі күндері ақпараттың негізгі, әр жетекші көзі болып табылатын кітап пен 

басқа  да  баспа  өнімдеріне  жол  ашады.  Тіл  меңгеруші  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі 

мәтіндерді оқып, оның мазмұнын түсінуге тиіс, яғни мәтінді ақпарат көзі ретінде пайдалана 

білу  керек.  Әрбір  тіл  үйренуші  кітапты  оқығанда  белгілі  бір  коммуникативтік  міндетті 

шешеді.  Басты  коммуникативтік  міндетке  байланысты  барлық  оқу  жағдайлары  екі  топқа 

бөлінеді: 

a) 

Мәтінді  оқу  барысында  тіл  меңгеруші  тек  қана  мәтінде  берілген  ақпаратты 



қабылдауға байланысты жағдайлар. 

б)  Мәтінді  оқу  барысында  ақпаратты  қабылдаумен  қатар  бір  мезгілде  ақпаратты  сол 

күйде өзгелерге жеткізуге қатысты жағдайлар. 

Бірінші жағдайда студент  мәтінді  ішінен оқиды, ал екінші жағдайда дауыстап оқиды. 

Әрбір  студент  қазақ  және  орыс  тілдерінде  үйренгенін    өзінің  еңбек  қызметінде  қолдануы 

тиіс.  Баспадан  жарық  көрген  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  соңғы  ақпараттармен  танысып, 

қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  әдебиеттерді  таңдай  біліп,  оны  түсіне  оқып  өз  қажетіне 

пайдалана алуы қажет.  

Мәтін  оқудағы  аталған  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін,  студент  оқудың  мына  түрлерін 

меңгеру керек: а) қарап шығу; б) таныса оқу; в) ізденіп оқу;    г) зерттей оқу. 

а)  Қарап  шығудың  мақсаты  –  кітаптың  (мақаланың,  әңгіменің)  мазмұны,  оның 

тақырыбы, қарастырылған мәселелер тобы туралы мәлімет алу. Қарап шығу арқылы студент 

бұл  кітап  немесе  мақала  керек  пе,  жоқ  па  деген  мәселені  шешеді.  Мұндай  ақпаратты  алу 

үшін кітаптың немесе мақаланың атын, жекелеген абзацтар мен сөйлемдерді оқу жеткілікті. 

б) Таныса оқу мақсаты – кітаптың немесе мақаланың мазмұнымен танысу. Сондықтан 

оқудың бұл түрін кейде мазмұнды оқу деп атайды. 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

379 



 

в) Ізденіп  оқу  мақсаты  –  мәтіндерден  немесе мақаладан  керекті  ақпаратты, жекелеген 

абзацтар мен сөйлемдерді, өзіне қажетті тақырыпты тауып оқу. 

г) Зерттей оқу мақсаты  - тіл меңгеруші мәтіндегі ақпаратты толық және барынша дәл 

түсіну  керек.  Ол  үшін  мәтінді  бірнеше  рет  қайталай  отырып  зерттеп,  сын  елегінен  өткізіп, 

есте сақтай алу керек. 

Осы  оқудың  төрт  түрін  меңгеру  арқылы  студент  ғылыми-көпшілік,  публицистикалық 

және көркем әдибетті оқи алады. Басқа тілді оқу барысында адам бірқатар ой операцияларын 

орындайды: бақылау, салыстыру, талдау (анализ), жүйелеу (синтез), қорытынды жасау. Оқу 

барысында  алынған  ақпарат  оқырманға  белгілі  мөлшерде  тәрбиелік  ықпал  етеді,  студентке 

рухани  саяси-идеялық  тұрғыдан  тәрбиелеуге  көмегін  тигізеді.  Сондықтан  оқуға  арналған 

мәтіндердің  мазмұнына  көңіл  бөлу  қажет.  Мәтіндердің  мазмұны  халықтар  достастығына, 

ынтымақтастыққа  сай  келіп,  тілін  үйретіп  отырған  халықтың  әдебиетімен,  мәдениетімен, 

тарихымен, салт-дәстүрімен таныстыруға тиіс. 

Дұрыс  әрі  мәнерлеп  оқудың  құралы  ретінде  дауыстап  оқудың  алатын  орны  ерекше. 

Оқытудың бұл түрі дыбыстарды айтуға кеңінен қолданылады. Дауыстап оқу арқылы студент 

жекелеген  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  ғана  емес,  сол  дыбыстарды  сөз,  сөйлем  құрамында 

дұрыс  айтуға,  сөздердің  дауыс  екпінін  дұрыс  қоюға  дағдыланады.  Дауыстап  оқу  сөйлеуге 

дағдыландырудың  да  жақсы  құралы  бола  алады.  Дауыстап  оқу  сөздің  мәнерлілігін  дамыту, 

оның  ырғағын  жетілдіру  үшін  көп  көмегін  тигізеді.  Мәтіннің  мазмұнын  түсініп  оқу  үшін 

оқудың екі түрі бар. Олар: аналитикалық және синтетикалық оқу.  

Аналитикалық  оқу  дегеніміз  –  тіл  жағынан  қиын  мәтіндердегі  тіл  материалын 

грамматикалық  құбылыстар  мен  кейбір  сөздерді  талдау  арқылы  сол  мәтіннің  мазмұнын 

түсініп оқу.  

Аналитикалық оқуда келесі сатылардан өту керек:   

 Мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну үшін оны бір рет оқып шығу, шолу, түсінгенін ана 

тілінде қысқаша айтып бере алу; 

 Мәтіндегі  қиын  грамматикалық  құбылыстар  мен  сөздерді  талдау  арқылы  оның 

мазмұнын толық және дәл түсіну;  

 Мәтінді мәнерлеп оқу. Бұл сатының маңызы өте зор. Оқу жылдамдығы, дауыс ырғағы 

– мәтінді түсінгендіктің көрсеткіші, өйткені дұрыс түсінбеген мәтінді мәнерлеп оқу мүмкін 

емес.  


Синтетикалық  оқу  деп  –  тіл  меңгеруші  мәтіннің  мазмұнын  ешқандай  талдаусыз,  ана 

тіліне  аудармай,  тікелей  түсінуін  айтамыз.  Тіл  меңгерушіні  мәтіннің  мазмұнын  тікелей 

түсінуге үйрету үшін таныс емес сөздер мен грамматикалық құбылыстарды алдын ала басқа 

кешенде  түсіндіріп  бекітіп  алу  керек.  Тек  сонда  ғана  студент  мәтіннің  мазмұнын  тікелей 

түсінеді. Мұны тіл материалын алдын ала ауызша меңгеру деп атайды. Оқу техникасын тез 

меңгеру  үшін  оларды  синтаксиске  бөлудің  маңызы  зор.  Оқу  барысында  студенттің  қате 

жіберетіні  белгілі.  Бұл  қателерді  түзету  үшін  оқу  қатесі  мен  дыбыстарды  айту  қатесін 

ажырата білу керек. Оқу қатесін студент сапалы түрде түзеткені жөн. Студент оқу ережесін 

есіне  түсіріп,  сосын  сөзді  қайтадан  дұрыс  оқуы  керек.  Егер  студент  тек  бір  әріпті  дұрыс 

оқымаса, онда сол әріптің жеке және сөзін ғана дұрыс оқытып қою жеткіліксіз. Студент  ол 

әріпті сөз құрамында оқуға тиіс, сонан соң сөйлемнің құрамында оқуы керек.  

Сөз  және  оның  мағынасын  түсіндіру  кезінде  сөздерді  дұрыс  түсініп,  пайдалану  үшін 

студентке сөздің негізгі мағынасын түсіндіру  керек. Студенттерге сөздің негізгі мағынасын 

сөйлем ішінде, мәнмәтіндерде тұрғанда ғана ажыратуға болатынын бас айту  қажет. Мысалы, 

сөйлемдерді талдай отырып, қазақ және орыс тілдеріндегі бір қатар сөздердің көп мағыналы 

болып келетінін айтқан жөн. Бұдан кейін сөздің тура және ауыспалы мағынасы болатынын 

түсіндіру керек.  

Сөйлем,  мәтін  –  сөз  мағынасының  айнасы.  Сөз  мағынасын  сөз  тіркесінде,  сөйлемде, 

мәтінде ғана анық, нақты білуге болады. Әдістемелік әдебиеттерде мәтінге қойылатын ортақ 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

380 



 

талаптарға  сүйене  отырып,  қазақ  және  орыс  тілді  ортада  пайдаланылатын  мәтіндерге 

мынадай талаптармен және деңгеймен қарауды жөн санадық:  

 Мәтін  топтың  ерекшелігіне,  біліміне,  тілді  игеру  деңгейіне  сай  алынады.  Бастауыш 

және  жалғастырушы  топтағы  мәтіндер  деңгейі  екі  түрлі  болады.    Бірінші  деңгейдің 

басындағы мәтіндер бірте-бірте күрделеніледі.  

 Мәтін  мазмұны  қызықты,  жекелеген  студенттер  деңгейіне  сай  даярланған  болуы 

қажет.  


 Бүкіл  топқа  бір  мәтінді  талдатуға  болады.  Бұл  жағдайда  тапсырмалар  саны  көбірек 

және күрделірек болуға тиіс.  

 Даярланған мәтіндер студенттердің коммуникативті сұранысына сай болғаны дұрыс.  

 Мәтіннің тәрбиелік мәні болуға тиіс.  

 Мәтіндер  тілін  үйреніп  жатқан  елдің  тарихымен,  мәдениетімен,  салт-дәстүрімен 

таныстыратын түрлі тақырыптар бойынша болғаны дұрыс.  

Тіл  меңгертуде  негізгі  әдістемелік  тәсілдің  бірі  –  мәтінмен  жұмыс  істеу  болып 

табылады.  Осы  арқылы  студенттердің  белсенді  көзқарасын  тудыру,  өз  пікірлерін  білдіру, 

сыни  пікірлер  тудыру,  тиісті  қорытынды  жасау,  ұмтылысын  дамыту,  рухани  дүниесін 

байыту, өмірге салмақты көзқарасын қалыптастыру болып табылады.   

Елтанымдық  бағыттағы  мәтіндерді  біртіндеп,  бірізділікпен  кеңейту  қазақ  және  орыс 

тілдерін  меңгертуді  күшейтуге  жол  ашады.  Бұл  міндеттерді  нәтижелі  және  логикалық 

шешуге, аялық білімді кеңейтуге мүмкіндік  жасайды. 

Тілді  меңгерту  жүйесі  алдында  тіл  үйренушілерді  мәдени,  мамандаған  және  жеке  тіл 

иесі  ретіндегі  елдің  өкілдерімен,  басқа  әлеуметтік  дәстүрмен,  қоғамдық  және  тілдік 

мәдениетпен  қатынас  жасауға  дайындау  міндеті  тұрады.  Қазақ  және  орыс  тілдерін 

меңгертуде мәтіндерді елтанымдық бағытта қолдану тіл меңгеру үдерісін уәждейтін жағдай 

жасайды,  сондай-ақ  тіл  үйренушілердің  танымдық  әрекетінің  аясын  кеңейтуге  және 

тереңдетуге мүмкіндік тудырады.  

Шетел  аудиториясында  мәтіндерді  оқытудың  түрлі  жолдарын  көрсете  отырып,  қазақ 

және орыс тілдерін шет тілдері ретінде меңгерту барысында шетелдік студенттердің оқылым 

дағдыларын  қалыптастырудың  маңызы  зор  екенін  де  айтуға  болады.  Осымен  байланысты 

оқылым  коммуникативтік  құзыреттіліктің  деңгейін  дамытуға  көмектеседі,  әсіресе  тілді 

оқытудың  барлық  деңгейінде  маңызды  болып  табылады.  Оқытушы  осы  деңгейлерде  қазақ, 

орыс  тілдерін  түрлі  топтарда  немесе  түрлі  жоғары  оқу  орындарында  оқыған  және  тілдік 

дайындықтары әр түрлі студенттермен тығыз жұмыс жасайды.   

Оқылым мәтінді түсіну мен қабылдаудағы күрделі үдеріс екенін көрсетеді. Қазақ және 

орыс  тілдерін  меңгеріп  жатқан  шетелдік  студенттердің  бұл  үдерісті  игеру  үшін  белгілі  бір 

фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық  дайындықтары  болу  керек.    Бұл  мәтінді  түсіну 

мен  қабылдау  үдерісін  тез  әрі  нақты  етеді.  Мәтін  мазмұнын  түсіну  мәтіндегі  байланысты 

орнату арқылы, жалпы ақпараттық дайындық арқылы болады. 

Студенттердің техникалық дағдыларын бірте-бірте қалыптастыру керек: тақырыптарға, 

тыныс  белгілеріне,  тармақшалардың  бөлінуіне,  арнайы  әрпіне,  сөздердің  грамматикалық 

белгілеріне көңіл аудару керек.   

Оқытушының  алдында  шетелдік  студенттерді  түрлі  деңгейдегі  оқылымға  үйрету 

міндеті  тұрады:  оқығанды  түсіну  дағдысынан  бастап  шығармашылық  жұмысқа  дейін, 

студент  ақпаратты  жай  қабылдап  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  оны  талдайды,  оқыған 

мәтініне көзқарасын дамытады.  

Оқылымды  келесі  түрлерге  бөлуге  болады:  танысып  оқу,  іздеп  оқу,  зерделеп  оқу. 

Танысып  және  іздеп  оқу  бұл  мәтінді  толық  түсіну  үшін  қажетті  тез  оқылым.  Танысып оқу 

мәтіндегі негізгі мәліметтің  70-75% пайызын түсінуге мүмкіндік береді. Оқытушы танысып 

оқу оқылым үшін студенттерге  онша қиын емес әрі артық ақпараты жоқ мәтіндерді ұсына 

алады.  



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

381 



 

Зерделеп оқу – бұл баяу оқылым, ақпаратпен танысып қана қоймай, бұл ақпаратты есте 

сақтап,  өңдеп  және  талдау  болып  табылады.  Бұл  үшін  студентке  өз  тіліне  жақсы  аудару 

керек, оқығанды жақсы түсіну үшін, негізгі мазмұнын түсіну үшін қайталап оқу керек.   

Оқылымды  игеріп  жатқан  студенттер  үшін  танымдық  мәні  бар  және  тілдік  қиындығы 

бар  мәтіндер  ұсынылуы  мүмкін.  Бұл  мәтіндерді  түсіну  үшін  әрі  оқыған  мәтінді  дұрыс 

қабылдау үшін студент лексикамен бірге грамматиканы да білу керек [3,122].  

Оқылым  дағдысы  біртіндеп  қалыптасады.  Оқытушының  міндеті  –  студенттерді  ең 

қарапайымнан  күрделіге  дейінгі    мәтіндерді    оқуға  және  қабылдауға  үйрету,  барлық 

грамматикалық  құрылымдары  бар  оқылымға  бейімделмеген  мәтіндерді  оқуға  студенттерді 

үйрету,  студенттер  жоғары  оқу  орындарында  білім  алуды  жалғастыру  үшін,  ғылыми 

жұмыстармен  айналысу  үшін  және  орыс  тілінен  алған  білімін  түрлі  салада  қолдану  үшін 

түрлі  мамандықтар  бойынша  оқулықтар  мен  әдебиеттерді  оқуға  үйрету  болып  табылады. 

Орыс тілін оқыту барысында қалыптасқан оқылым дағдыларын шетелдік студенттердің қазақ 

тілін игеру кезінде белсенді түрде қолдануы оқу үдерісін жеңілдетеді.   

Оқылымның барлық үш түрі (танысып, ізденіп, зерделеп) бастапқы деңгейде қалыптаса 

бастайды.  Бастауыш  деңгейге  арналған  оқулықта  нақты  құрылымы  бар  шағын    мәтіндер 

болады.  Студенттер  шағын  әңгімелердің  мазмұнын  толығымен  түсінулері  керек  (толық 

лексикалық  түсіну  деңгейі),  керекті  ақпаратты  таба  алу  керек,  дауыстап  жақсы  оқу  керек. 

Психологиялық  қиындықты  шешу  үшін  студенттерге  әзілмен  жазылған  мәтіндерді  ұсынуға 

болады,  оларға  жаңа  шет  тілін  қабылдау  жеңіл  болады,  студенттерді  жаңа  тілдік  ортаға 

бейімделуге мүмкіндік береді. Бастауыш деңгейге арналған оқулықта өте қолайлы мәтіндер 

кездеседі. Бұл мәтіндерді оқи отырып, студенттер қазақ және орыс тілдерінің грамматикасын 

өте жақсы қабылдайды (әсіресе, зат  есімнің септік формасын, етістіктерді). Сонымен қатар, 

жеңіл  әзіл  мәтіндер  студенттердің  оқытудың  бастапқы  деңгейінде  мазмұнына 

қызығушылығын  тудырады,  қазақ  және  орыс  тілдеріне  енуге  оны  өз  ана  тілімен 

салыстыруға,  ортақ  және  айырмашылығын  байқауға  мүмкіндік  береді.  Қазақ  және  орыс 

тілдерінің  оқулығындағы  оқылымға  арналған  мәтіндер  студенттерге  қазақ  және  орыс 

тілдерін  үйренудегі  қиындықтарды  жеңуге  көмектеседі,  тілге  деген  қызығушылықтарын 

арттырады.  

Танысу  және  зерделеу  оқылымы  студенттер  оқулықтағы  мәтіндерді  оқуға  кіріскенде 

басталады.  Орыс  тілін  игере  отырып,  студенттер  Ресей  тарихымен,  орыс  жазушыларымен 

және  атақты  тұлғалармен  танысады.  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 

шетелдік  студенттері  Қазақстанда  оқып  жүргендіктен,  олардың  Қазақстанның  тарихымен 

және ерекшеліктерімен, атақты қазақ жазушыларының өмірімен және басқа да Қазақстанмен 

байланысы бар ақпараттармен танысуға қызығушылықтарын тудырады.   

Шетелдік 

студенттер 

көркем 

әдебиеттердегі, 

газеттердегі, 

журналдардағы 

шығармалардан үзінділер оқиды.  

Іздеу  оқылымы  студенттер  жарнаманы,  хабарландыруды,  газеттегі  және  журналдағы 

басылымдарды оқығанда дамиды. Осының бәрін олар екі тілде оқи алады.   

Шетелдік  студенттермен  жұмыс  істей  отырып,  оқытушы  олардың  қай  елден  келгенін 

білуі  керек.  Ағылшын  тілін  жақсы  білетін  студенттер  халықаралық  сөздері  көп  қазақ  және 

орыс  тілдеріндегі  лексиканы  жылдам  игереді,    бұл  жаңадан  оқыған  мәтінді  студенттің 

қабылдауын жеңілдетеді.  Америкадан, Еуропадан, Оңтүстік Кореядан, Ауғанстаннан келген, 

ағылшын  тілін  жақсы  білетін  студенттер  жылдам  бейімделеді,  оларда  оқылымның  түрлі 

дағдылары  жылдам  қалыптасады.  Қытайдан  келген  студенттермен  ұзағырақ  жұмыс  істеуді 

керек етеді. Қытай тілінде халықаралық сөздер кездесе бермейді. Қытай студенттерінің түрлі 

оқылым  дағдыларын  қалыптастыру  –  бұл  көп  оқуды,  қайталап  оқуды  талап  ететін  ұзақ 

үдеріс. Студенттерді өз бетінше оқуға дайындау үшін олардың жаңа лексиканы меңгергенін 

мұқият тексеру керек. 

Шетелдік  студенттер  жалғастырушы  топқа  арналған  оқулығынан  мәтіндерді  оқитын 

шетелдік  студенттер  оқытудың  профильді-бағдарланған  кезеңіне  өтеді.  Оқып  зерделеу 

студенттердің болашақ мамандығымен байланысты мәтіндермен жұмыс жүргізілуі керек.  




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

382 



 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы 

білім  беру  дайындығы  кафедрасы  жыл  сайын  студенттердің  ғылыми  конференциясын 

өткізеді.  Осы  конференцияда  студенттер  болашақ  мамандықтарымен  байланысы  бар  түрлі 

тақырыптардағы баяндамаларымен қатысады.  

Студенттердің  баяндамаларын  дайындау  үшін  қажетті,  іздену  оқылымы  үшін  ғылыми 

танымал материалдарды қолданады.   

Қарапайымнан  күрделіге  дейінгі  оқылымның  әр  түрін  оқу  дағдысын  қалыптастыру 

студенттерге  мүмкіндік  береді:  тақырыптары  бойынша,  мәтін  алды  сұрақтар  бойынша, 

сілтемелер бойынша, суреттер бойынша мазмұнын болжауға болады; негізгі мазмұнына әсер 

етпейтін  мәтіндегі  негізгіні  кейбір  сөздерді  түсінбей-ақ,  айырып  көрсете  алу;  сөздіктерді 

қолдану; жақсы түсініп, есте сақтау үшін мәтінді қайталап оқу.   

Шетелдік студенттер оқу үшін мәтіндерді төмендегідей бөлуге болады:  әдеби көркем; 

ғылыми-танымал; ғылыми; газеттік-публистикалық. 

Шетелдік  студенттер  оқулықтардан  мәтіндерді  оқи  отырып,  Қазақстан  мен  Ресей 

тарихынан, географиясынан, әдебиетінен білім алады.  

Көптеген  мәтіндермен  мәтін  алды  және  мәтіннен  кейінгі  жұмыстар  жасалу  қажет. 

Студенттерге  көптеген  ақпараттар  беру  керек,  оларды  қызықтыру  керек,  түрлі  сұрақтар 

арқылы,  түсінгенін  баяндап  беру  арқылы  тексеру  керек.  Студенттер  оқылымсыз  білім  алу 

мүмкін еместігін түсіну керек. 

Ғылыми  танымал  және  ғылыми  мәтіндердің  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Әдетте,  тезистің 

аргументі  және  жаңа  бейнелеудің  практикалық  сипаттамасы  берілетін  (құрылғылар, 

жүргізілген  сараптама  ж.т.б)  мұндай  мәтіндердің  кіріспесі,  мазмұны,  негізгі  тезисі,  негізгі 

бөлімі бар. Қорытынды бөлімінде мәтіннің мазмұнына қорытынды жасалады [1, 239].  

Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  жоғары оқу  орны ғана  емес,  сондай-

ақ,  ғылыми  зерттеу  орталығы  болып  табылады.  Университетте  ғылыми  жұмысқа  көп  көңіл 

бөлінеді.  

Қазақ  және  орыс  тілдерін  оқитын,  университетте  оқуын  жалғастырғысы  келетін 

шетелдік  студенттер  оқылым  дағдысын  меңгеріп  қоймай,  сонымен  бірге  ғылыми 

әдебиеттерді  оқи  алу  дағдысын  қалыптастыру  керек.  Оқытушылар  студенттерге  таңдалған 

болашақ  мамандығының  мазмұнына  сай  келетін  мәтіндерді  ұсынуы  керек,  оқылым  мен 

үйрену  студенттерді  тіл  меңгерудің  жоғары  деңгейіне  көтерілуіне  көмектесетін  түрлі 

мәтіндері  бар  әдебиеттерді  ұсыну  керек.  Студенттер  оқылым  үдерісі  кезінде  күрделі  тілдік 

синтаксисті, кәсіби тақырыптардың әртүрлігін үйренеді.  

Түрлі  жағдаятта,  оқылымның  барлық  түрі  кезінде  қолдана  алатын  оқылымның  әр 

түріне оқыту студенттердің оқылым дағдысын қалыптастырады.  

 

ҚOPЫТЫНДЫ 



 

Кез  келген  технологияның  түпкі  мақсаты  қойылған  мақсатқа  тиімді  және  нәтижелі 

жету болып табылатыны да белгілі. Осыған орай қазақ және орыс  тілдерін екінші тіл ретінде 

оқытуда  ерекше  орын  алатын  түрлі  әдістер  арқылы  оқыту  технологиясында  техниканы 

пайдалануды  атауға  болады.  Ақпараттық  кеңістіктің  дамуы  мен  қарқынды  етек жаюы  тілді 

оқытуда  осы  ақпараттарды  таратушы  құралдарды  тиімді  қолдануға  жол  ашып отырғаны  да 

белгілі. Қазіргі өмірді техникасыз елестету мүмкін емес. Техниканы пайдалану және оны іске 

қосу  әрекеті  әрине  оңай.  Ал  сол  техниканы  білім  алу  жүйесінде  қаншалықты  ұтымды 

қолдануға  болатыны  мен  оның  әсіресе  тіл  үйренуші  үшін  тиімді  құрал  ету  жолдарын 

іздестіру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі болып табылады. 

Қорыта  келгенде,  мәтінмен  жұмыс  істеу  элементтерін  сабақ  барысында  пайдалану 

студенттердің тілін дамытады, өмірдің сан алуан саласында қарым-қатынас жасау керектігін 

үйретеді,  қазақ  және  орыс  тілдерінде  сөйлей  білу  қабілетін  жетілдіреді.  Қазақ  және  орыс 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

383 



 

тілдері сабақтарында мәтінмен жұмыс істеу элементтерін компьютерлік кешендерді ұтымды 

қолдану студенттің тілді тиімді және ұтымды меңгеруіне бірден-бір септігін тигізері хақ.   

Елімізде  болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  өзгерістер  білім  беру  қызметіне  жаңаша 

қарауды,  қол  жеткен  табыстарды  жаңаша  бағалай  отырып  саралауды,  студенттердің 

шығармашылық 

әлеуметін 

дамытудың, 

оқытушы 

іс-әрекетін 

жаңаша 

тұрғыда 


ұйымдастыруды,  тілді  үйретуді  мүмкіндігінше  жеңіл,  қолжетімді  тәсілдермен  жүзеге 

асыруды  талап етеді.  

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 



1  Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и 

методика. – М.: Академия, 2008. – 336 с. 

2  Щукин  А.Н.  Обучение  иностранным  языкам. Теория  и  практика.  –  М.:  Омега  –  Л.  – 

2010. – 377 с. 

3 Игнатова Е.Р., Толмачева Д.С. Обучения чтению студентов, изучающих русский язык 

как иностранный // Инновационные приоритеты в языковом образовании: сб. науч. ст. межд. 

науч.-практ. конф. – Алматы. – 2011. С. 121-125. 

4 Арутюнов А.Р. Коммуникативная методика русского языка и иностранных языков. М. 

– 1992. 

5  Пассов  Е.И.  Основы  коммуникативной  методики  обучения  иноязычному  общению

М. –  1989. 

6 Оразбаева Ф. Тiлдiк қатынас: теориясы және әдiстемесi. –  Алматы. – 2000. – 208 б. 

 

А.Е. Саденова



1

, Л.С. Торохтий 

2

, У.Е. Мусабекова







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет