Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ХАЛЕЛ ҒАББАСҰЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ



Pdf көрінісі
бет331/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

 

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ХАЛЕЛ ҒАББАСҰЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ 

ҰРПАҚТАРЫ 

 

Мақалада  Алашорда  үкіметі  төрағасының  орынбасары  болған  көрнекті 

мемлекет  қайраткері,  «Сарыарқа»  газетінің  редакторы,  В.Ломоносов  атындағы 

Мәскеу  мемлекеттік  университетінің  физика-математика  мамандығын  алтын 

медальмен бітірген тұңғыш қазақ  Халел Ғаббасұлы және  оның ұрпақтары туралы 

деректер ұсынылған.   

Бүгінде  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Үржар  ауданы,  Қарақол  ауылында  Алаш 

қайраткері  Халел  Ғаббасұлының  немере  інісі  Берікбол  Әділхасенұлы  Баязитов 

тұрады.  Берікбол  Әділхасенұлының  әкесі  Әділхасен  Баязитұлы  -  Халел 

Ғаббасұлымен  бір  атадан  тарайтын  немере  ағайыны.  2016  жылы  Берікбол 

ақсақалмен кездесіп, әңгімелесудің реті туған еді. 

Түйін  сөздер:  Алаш,  Алаш  автономиясы,  «Сарыарқа»  газеті,  редактор, 

мемлекет қайраткері, әулет, ұрпақ.  

 

КІРІСПЕ 


 

Алаш  қозғалысының  көрнекті  қайраткері,  Алашорда  үкіметінің  Семей  облысынан 

сайланған  мүшесі,  автономиялық  өкімет  басшысы  Әлихан  Бөкейханның  орынбасары, 

ұлтжанды  қайраткер,  жалынды  саяси  публицист,  Алашорда  өкіметінің  үні  «Сарыарқа» 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

431 



 

газетінің  редакторы,  Алаш  баспасөзін  тудырып,  дамытушы,  ұйымдастырушы,  ұлттық 

интеллигенцияның  көрнекті  өкілі  Халел  Ғаббасұлы  1888  жылы  Семей  уезінің  Шаған 

болысында ауқатты отбасы шаңырағында дүниеге келген [1].  

Бүгінде  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Үржар  ауданы,  Қарақол  ауылында  Алаш 

қайраткері  Халел  Ғаббасұлының  немере  інісі  Берікбол  Әділхасенұлы  Баязитов 

тұрады.  

Берікбол ақсақалдың жасы 80-ге келіп қалды. Әртүрлі қызмет атқарған ақсақал  

қажылыққа барып келген, Қарақол ауылында өз қаржысынан мешіт салдырған.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Берікбол  ақсақалдың Алаш  арысы Халел  Ғаббасұлына қандай жақындығы бар 

деген  сауал  туары  анық.  Берікбол  Әділхасенұлының  әкесі  Әділхасен  Баязитұлы  - 

Халел  Ғаббасұлымен  бір  атадан  тарайтын  немере  ағайыны.  2016  жылы  Берікбол 

ақсақалмен кездесіп, әңгімелесудің реті туған еді.   

Берікбол  атамыз  былай  дейді:  Менің  әкем  Әділхасен  Ғаббасов  саяси  қуғын-

сүргіннен  қашып,  жан  сауғалап  Қытайға  өткен.  Өйткені  әкемнің  бір  атадан  туған 

ағайыны, Қазақстанда Алашорда атты жаңа мемлекет құрамыз деп бар білімін, күш-

жігерін,  қайратын  жұмсаған  қайраткер  азамат  Халел  Ғаббасов  1930  жылы  «халық 

жауы»  деп  Мәскеу  түрмесінде  атылады.  Әкемді  «халық  жауының  ағайыны»  деп 

түрмеге  жабады.  Түрмеден  шыққаннан  соң,  ол  үрей-қорқыныш  жетегімен  шетелге 

ауады. Осылайша, мен, Берікбол Баязитов, 1939 жылы (құжат бойынша 1940 жылы) 

Қытайдың Шыңжан өлкесі Шағынтоғай деген ауылында дүниеге келгенмін.  

Әкем  Әділхасен  –  Халел  Ғаббасовпен  бір  атадан  тарайтын  немере  ағайын. 

Оның  айтуынша,  Ғаббастан  –  Ахметжан,  Баязит  дүниеге  келеді.  Ахметжаннан  – 

Халел,  Баязиттан  –  Әділхасен,  Ғаббастың  бір  ағайыны  Мақыдан  –  Араб  туады. 

Сүйегіміз – Орта жүздегі Тарақты, оның ішінде – Әлі. Ата-бабаларымыздың қонысы 

– Шыңғыстау, Ақбұлақ, Дегелең [2, 3 ].  

Алаш  арысы  Халел  Ғаббасұлынан  тікелей  ұрпақ  қалмаған.  Әйелі  Рәмиадан 

туған  Зәбен  және  Қадыр  атты  ұлдары  болды.  Забен  соғыс  кезінде  қайтыс  болған, 

отбасын  құрмаған.  Ал  екінші  ұлы  Қадыр  соғыстан  бір  қолы  кем  болып  келген. 

Үйленген, бірақ бел баласы болмаған. Шамамен 1980 жылдары қайтыс болған.  

Біздің  қолымызға  Халелдің  әйелі  Рәмиа  мен  ұлы  Қадырдың  фотосуреттері 

түсті.  Оны  Бәтима  ападан  алдық.  Батима  -  Молдабайдың  ұлы  Исатайдың  келіні. 

Дәлірек айтсақ, Ахметжанның қызы Жәмкеден туған Әнуарбектің бәйбішесі. Батима 

апамыз  Алматы  қаласында  тұрған.  Жасы  80-нен  асқан.  2016  жылы  көктемде 

дүниеден өтті. Жәмке - Халелдің қарындасы, Исатайдың әйелі.  

Жәмке апамыздың Әнуарбекен басқа Қайша деген қызы болған. Осы Қайшадан 

туған  70-тен  асқан  Манел  де  Алматы  қаласында  тұрған,  2016  жылы  қазан  айында 

дүниеден өтті.  

Манел  апамыздың  берген  деректері  бойынша  арғы  аталары  Ғаббастың 

Батырша  деген  ұлынан  Мұхаметжан  туған.  Мұхаметжан  Шыңғыстаудағы  Шаған 

болысында белді адамдардың бірі болған. Қажылыққа барып келген. Елі оны Мақа 

қажы  деп  атаған.  Осы  Мақа  қажының  3  әйелінен  33  перзенті  болған.  Бәйбішесінен 

туған  тұңғыш  ұлы  Ахметжаннан  алаш  арысы  Халел  туады.    Халелдің  Араб  деген 

інісі, Жәмке, Рабиға атты қарындастары болған. Інісі Ғаббасов Араб Мақаұлы (1903-

2002)  –  ауыл  шаруашылық  ғылымдарының  докторы,  1946  жылдан  Қазақстан 

академиясының  корреспондент-мүшесі,  шөлді  игеру  институтының  директоры 

болған. 

«Әулетімізге  байланысты  қай  шежіренің  дұрыс-бұрыстығына,  анық-қанығына 

менің  ой  көзім  жетпейді,  ақиқаты  –  біздер  Халел  Ғаббасұлының  жақын 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

432 



 

туысқанымыз.  Мен  әкем  Әділхасеннен  естігенімді  ғана  айтқым  келеді.  Әкем  1903 

жылы дүниеге келіп, 1974 жылы 73 жасында дүниеден озды» [2, 2].  

Берікбол ақсақалдың айтуы бойынша әкесі Әділхасен үш жасқа толғанда оның 

әкесі  Баязит  Ғаббасұлы  қайтыс  болып,  Халелдің  әкесі  Ахметжан  қамқорлығына 

алып,  бағып-қаққан  екен.  Әділхасен  Халелдің  әкесінің  үйінде  өседі.  Х.  Ғаббасұлы 

ұсталған  кезде,  Әділхасенді  де  қамауға  алып  Қарағанды  түрмесіне  жабады. 

Түрмеден амалдап  шыққаннан кейін  оған  сол  өңірдегі Керей Төлеу Көбдіков деген 

белгілі  ақын  кісі:  «Сенің  ағаң  Халелді  атты,  енді  сені  де  атады.  Сондықтан  елден 

қаш,  жан  сауғала»  деп  кеңес  берген  екен.  Содан  Әділхасен  Қытайға  қашып  кеткен 

екен.  Қытайға  қашып,  бас  сауғалауы  1929  жылы  Халелдің  түрмеге  жабылып,  1930 

жылы атылғанынан кейін болған оқиға.  

Қытайға  барғаннан  кейін  кеңес  үкіметінің  тыңшылары  Қытай  үкіметіне  мұны 

«қауіпті  адам»  деп  кеңес  беріп,  Әділхасен  түрмеге  жабылып,  үш  жыл  қамауда 

болыпты. Босап шыққаннан кейін, мал шаруашылығымен айналысқан. Шаруасы тез 

дөңгелеп, ауқатты отбасы болады. 1955 жылы Қытай мен КСРО шекарасы ашылған 

уақытта  бар  малын  сатып,  одан  түскен  қаражатқа  он  екі  қанатты  кигіз  үй,  киім-

кешек, дүние-зат алып Қазақстанға қайта оралған екекн.  

Сөйтіп,  Берікбол  ақсақалдың  қазіргі  тұрып  жатқан  жері  Үржар  ауданының 

Қарақол  деген  ауылы.  Қазақстанға  келгеннен  кейін  әулеттің  туыстарын  аралап, 

аралас-құраласып  тұруға  тырысады.  Халелдің  көзін  көрген  туыстары  қорқып 

қалғандықтан  ба,  әлде  Қытайға  қашқанын  жақтырмады  ма,  әйтеуір,  Әділхасенді 

салқын  қарсы  алыпты.  Бірақ  олардың  арасынан  көмек  қолын  созғандар  да  болған.  

Қытайдан  көшіп  келгеннен  кейін  Араб  Мақыұлы  Ғаббасов  Әділхасенге  қаражат 

жағынан көп көмек көрсетеді. Тіпті, Алматының маңайындағы бір совхозға көшіріп 

алмақ болыпты.  

Берікбол ақсақал 1957 жылы әкесімен бірге еріп Халелдің туған ұлы Қадырды, 

ағайыны  Мақыдан  тарайтын  Араб  Ғаббасовты  арнайы  іздеп  Алматыға  келеді.  Ол 

кезде Берікбол Әділхасенұлы 17 жаста еді. Мектеп бітіріп жатқан шағы болған соң, 

әкесі  бір    жағынан  оқуға  түсіргісі  келеді.  Осылайша  ағайындарымен  жақын 

танысады.  

Қадыр  Халелұлы  қаладағы  бір  мекемеде  бухгалтер  болып  қызмет  жасайды  екен. 

Соғысқа қатысып, бір қолынан жараланып қайтқан. Кемтар қолында протез бар. Жұбайы  – 

татар,  сұлу  жан  екен.  Оның  артына  еріп  келген  екі  қызы  болыпты.    Ал  Қадырдың  өзінен 

туған бала болмаған.  

Берікбол ақсақалдың әкесі оған: «Сен мына татар әйелден ажырас, қазақ әйел ал. Бала 

тапқыз,  ұрпақ  қалсын»  деген  ақыл  айтыпты.  Қадыр  бұл  сөзді  жауапсыз  қалдырған.  Көп 

ұзамай,  60-жылдардың  басында  Қадыр  дүниеден  озып  кетті.  Сол  кездесуде  Қадыр: 

«Менде  Халел  ағаң  киген  4  костюм  бар.  Соның  бірін  ағаңның  көзіндей  көр»  -  деп, 

Берікбол Әділхасенұлына сыйға беріпті [2, 3].   

Қадыр  Халелұлының  үйінде  бірнеше  күн  болып,  одан  Араб  Мақыұлы 

Ғаббасовты іздеп барған. Араб Ғаббасов шағын жеке жер үйде тұрады екен. Жұбайы 

–  орыс.  Әділхасен  екеуі  біраз  шүйіркелесіп,  сөйлескен.  Әділхасен  Халел  туралы 

әңгіме айтқысы келіп еді, ол оны қозғамауды сұрапты.  Мәскеудің Темирязев атындағы 

институтын  бітірген  Арабтың  студент  шағында  елге  келгенде  түсірген  фотолары  бар  екен, 

соны тамашалап көріп қайтыпты.  

1974  жылы  Берікбол  ақсақалдың  әкесі  дүниеден  өткен.  Алматыдағы 

ағайындармен байланыс үзілген.  

Берікбол  ақсақал  бұл  жайында  былай  дейді:  «1974  жылы  әкеміз  73  жасында 

дүниеден өтті. Содан кейін Алматыдағы ағайындармен байланысымыз үзіліп қалды. 

Оның  үстіне  Халел  ағамның  ұрпақтарының  барлығы  орысша  оқыған  еді.  Ол  да 

тұрмыстық  тұрғыдан  өз  кедергісін  тигізді.  Біздер  елде  қалып  қарапайым  тіршілік 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

433 



 

кештік.  Мен  ауылда  жүргізуші  болып  жұмыс  жасадым.  Үйлендім,  балалы-шағалы 

болдым. Зейнетке сол жүргізушілік мамандығынан шықтым. Бір бауырым Баязитов 

Ерзат  Әділхасенұлы  қазір  Павлодар  қаласында  тұрады.  Өз  кіндігімнен  алты  бала 

өсіп-өнді.  Бәрі  ер  жетіп,  оқып,  білім  алды.  Қазір  барлығы  балалы-шағалы.  2005 

жылы Меккеге қажылыққа барып, мұсылмандық парызымды атқарып келдім. Туған 

ауылым  –  Қарақолда  өз  қаражатыма  мешіт  және  300  орындық  қатымхана  ашып, 

Алланың  мейрім-шапағатына  шүкірлік  етіп,  жас  кездегі  бейнеттің  бұл  күнде 

зейнетін көріп жатқан жайымыз бар» [2, 3].  

Халқымыздың  ғасырлар  бойғы  азаттық  аңсаған  тілек-арманын  XX  ғасыр 

басында  жүзеге  асырған  алаш  арыстарының  айтулы  тұлғасы,  ұлтжанды  күрескер, 

қоғам  қайраткері,  көсемсөз  шебері  Халел  Ғаббасұлының  бар  ғұмыры  Алаш 

қозғалысы аясында, онымен тығыз байланыстағы бірлікте өтті.  

Алаш  қозғалысының  көшбасшылары  бастаған  осынау  зор  тарихи  күрес  керуенін 

жалғастырушы  Халел  Ғаббасұлының  көсемсөздік,  яғни  публицистикалық  еңбектері  Алаш 

үні «Сарыарқада» жарық көрді. Ал ол басылым 1917 жылы Алашорда автономиясы дүниеге 

келіп, оның ел тарихындағы азат мемлекеттік құрылым екендігін, халықтың ұлттық тәуелсіз 

үкіметінің  мақсат-мүддесі  жұртымыздың  ғасырлар  бойғы  арманының  тарих  шындығына 

айналған  көрінісі  болғанын  елге  ұғындырушы  басылым,  бір  ауыз  сөзбен  айтқанда,  азат  ел 

мемлекетінің үні болды.  

«Сарыарқа»  газетінде  ол  жарық  көрген  күннен  бастап  терең  ойлы,  ағартушылық, 

демократтық,  ұлт  азаттық  идеяларын  ту  еткен,  отарлық  езгіге  қарсы,  қазақ  ұлтының 

экономикалық, саяси, рухани өрлеуі жалынды еңбек етіп жүрген ұлт зиялылары қызмет етті. 

Олар  газетте  халықтың  тұрмыс-тіршілігін,  елде  болып  жатқан  жағдайларды  кеңінен 

қамтыған  мақалалар  легін  жариялап  тұрды.  Сондай-ақ  Алашорда  үкіметін  құру,  қазақ 

мемлекетінің негізін қалау секілді маңызды мәселелер қозғаған саяси мақалалар да жазды. 

«Сарыарқа»  газетінде  белгілі  ұлт  қайраткерлері  Әлихан  Бөкейханұлының,  Міржақып 

Дулатұлының,  Әлімхан  Ермековтің,  Мұстақым  Малдыбаевтың,  Жақып  Ақбаевтың,  Мәнән 

Тұрғанбаев  пен  Халел  Ғаббасұлының,  басқа  да  арыстардың  қоғамдық-саяси,  экономикалық 

жағдайларды сөз еткен мақалалары жарияланып тұрды. Сондай-ақ, газетте патша үкіметінің 

отаршыл саясатының қазақ еліне тигізген зиянын, «Алаш» партиясының бағдарламасы, қазақ 

жеріне қоныс аударған орыс шаруалары мен қазақтар арасындағы қарым-қатынас, Құрылтай 

жиналысы туралы да мақалалар шықты. 

Газеттің  ұстанған  мақсаты  мен  бағытын  басылым  беттерінде  жарық  көрген 

мақалалардан  да  көруге  болады.  Ресей  империясындағы  саяси  өзгерістер  қазақ  қоғамдық 

ойына қозғау салып, қазақ зиялыларын саяси-әлеуметтік, мәдени көзқарастар тұрғысынан әр 

арнаға  тоғыстырды.  Елдің  «көзі,  құлағы  һәм  тілі»  болу  мақсатында  жұмыла  еңбек  ету, 

халыққа  қазақ  қоғамындағы  саяси  өзгерістердің  мәнін  жете  ұғындыру,  жаңа  шыққан 

Алашорда үкіметінің ұлттық мүддені ту еткен шешімдері мен заңдық құжаттарын жариялау, 

елге  оң  жол,  дұрыс  бағыт  беру,  жалпы  елдің  нақты  өмірі  мен  болашағына  қызмет  етуі  – 

«Сарыарқаның» ең басты ұстанымы болғаны ақиқат. 

Халел  Ғаббасұлы  XX  ғасыр  басында  «Серке»  газетінен  басталған  қазақ 

баспасөзіндегі  демократтық,  ұлт  азаттық  рухтағы  публицистиканы  «Сарыарқа» 

газетінде  редакторлық,  шығармашылық  істерімен  одан  әрі  дамытты.  Халел 

басқарған  кездегі  «Сарыарқа»  газетінде  жарияланған  көсемсөздерде  халықтың 

мақсат-мұраттарымен  бірге,  Алашорда  өкіметі,  оның  ұлттық  тәуелсіз  мемлекет 

ретіндегі болашақ бағыт, бағдары да халыққа кеңінен насихатталды. Сөйтіп, Халел 

Ғаббасұлының  мақалалары,  ел  басқарған  басылымның  идеялық  ұстанымы,  ұлттық 

тұғыры да қазақ елінің азат таңының жаршысына айналды. 

Халелдің  редакторлығымен  «Сарыарқа»  газетінде  көптеген  әдеби  шығармалар 

да жарық көріп, өз оқырмандарын таба білді.  



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

434 



 

Яғни,  Халел  Ғаббасұлының  редакторлығымен  жарық  көрген  «Сарыарқа» 

газетіндегі  көптеген  әдеби  шығармаларда  Халелдің  қолтаңбасы,  пікірі  бар  деп 

есептейміз.  

Алаш  қайраткері  Халел  Ғаббасұлының  аз  да  болса  мұрасы  сол  кездегі  әдеби 

көсемсөздің дамуына өз үлесін қосты.  

Халел  «Өмір  –  жұрт  жетекшісі.  Өмір  құрығынан  ешкім  қашып  құтыла  алмақ 

емес, бірақ жұрт сол өмірдің ағысына қарай тұрмыс шартын өзгертіп, заң қалыбына 

түсірмек.  Заң  өмір  киімі.  Заман  өзгерген  сайын  -  өмір  ағыны  да,  заң  қалыбы  да 

өзгермек...» [3] – деп тұжырымды ойларын айтады.  

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Сіз  оның  туысқаны  екеніңізді  неге  осынша  уақыт  құпия  ұстағансыз  деп 

сұрағанымызда Берікбол ақсақал былай деді: «Бұған менің тура жауабым жоқ. Мен 

бұл  «құпияның»  ұзақ  сақталуын  зұлматты  жылдардың  әулет  тарихына  салған 

қасіреті  деп  білемін...  Қасірет  адам  бойына  үлкен  үрей,  түпсіз  терең  қорқыныш 

салады  екен.  «Алаштың  бір  туар  азаматы  Халел  Ғаббасовтың  туысқанымын»  деп 

халыққа  сыйлы,  үлкен  қызметте  болған,  арқа  сүйер  академик  ағамыз  Араб 

Ғаббасовтың  айтуға  аузы  бармағандықтан,  қарапайым  шофер  болған  біздер  тіптен 

бата  алмадық.  Жасым  сексенге  таянды.  Енді  сол  бір  қасіретті  жылдардың  тарихын 

кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін естеліктерді қағазға түсіруге бел буып отырған жайым 

бар» [2, 4].  

Алаш зиялылары тәуелсіздік алғаннан бастап ақтала бастады. Ұлтым, елім деп 

туған Алаш қайраткері Халел Ғаббасұлы 1990 жылы ақталды.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Қауіпсіздік  Комитетінің  мұрағаты.  1494-іс, 

315-316 парақ. 

2 Халел Ғаббасов әулеті. // «Айқын» газеті. 01.04.2017ж.  

3 ҒаббасұлыХ. Күш бірлікте // Сарыарқа. – 1917. – № 27.  

4  Жұртбай  Т.  Ұраным-Алаш  (Түрме  әфсанасы).  –  Алматы:Ел  шежіре,2008.  – 

378б. 


5  Сейдімбек  А.  Қазақтың  ауызша  тарихы.  Шежірелік  деректерді  пайымдау.  – 

Астана, Фолиант, 2008. – 728 б. 

6 Дулатова Г.М. Шындық шырағы: Естелік-эссе. – Алматы: Мектеп, 2013. – 408 б. 

 

Р.Т. Садыкова  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет