Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет39/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   341
 

КІРІСПЕ 


 

Дәстүрлі  метафоралар  мен  концептуалды  метафораларды  когнитивтік  теориясы 

идеяларына  сәйкес  салыстыра  қарастыратын  болсақ,  олардың  негізгі  айырмашылығы: 

концептуалдық  метафора  лингвистикалық  туынды  болып  табылмайды,  ол  адамның  ойлау 

аясын  білдіреді  де,  ойлау  үдерістері  мен  тілдік/сөйлеу  әрекеттерін  байланыстырады. 

Концептуалды  метафора  –  адам  танымында  ұқсату  заңдылықтарының  нәтижесінде 

туындаған  деректі  және  дерексіз  ұғымдардың  атауы,  жаңа  лексикалық  мағына  дегенді 

білдіреді.  Басқаша  айтқанда,  метафора  заттық  және  құбылыстық  ұғымдарға  атау  беру  үшін 

қызмет  атқарады.  Бір  заттың  бойындағы  белгіні,  қасиетті  екінші  зат  атауының  бойынан 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

29 



 

іздеу,  ұқсату  немесе  теңестіру  жалпы  концептуалды  метафораның  басты  шарты  деген 

анықтама беріп жүрміз.  

Метафораның  жалпы  тіл  білімінде  зерттелуін  қарастырғанда,  ол  туралы  түрлі 

бағыттағы  көзқарастардың  бар  екенін  байқаймыз.  Ал  қазақ  тіл  білімінде  метафора  туралы 

тікелей болмаса да,  А. Байтұрсынұлы айтып кеткен: «Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат 

түсініктірек,  жансыз  заттың  күйінен  жанды  заттың  күйі  танысырақ»,  –  деген  сөзі 

метафораларды  жасауға  қатысатын  мағыналық  бірліктердің  –  лексикология  мен 

семасиологияның өзара бірлігін көрсетіп тұрғандай [1, 154]. 

Қ.Жұмалиевтің  зерделеуінше  теңеу  мен метафора  біртектес  көркемдеу  құралдары  деп 

саналса,  Д.Әлкебаеваның  пікірінше,  көптеген  көркемдеуші  құралдар  метафораның  бір 

бөлшектері. Нақтырақ айтқанда, теңеу – метафораның бір түрі. «Метафора троптың эпитет, 

теңеу,  метонимия  сияқты  түрлерімен  тығыз  байланыста  болады.  Метафора  табиғатынан 

теңеу,  фразеологизмдер,  перифразалар  пайда  болған.  Метафора  туралы  осындай  түрлі 

ғылыми  көзқарастар  негізінде  оның  ассоциациялық,  коммуникативті-прагматикалық, 

стилистикалық фреймдер арқылы жасалатындығын көруге болады», – дейді ғалым [2, 112].  

Осындай  талдаулардан  кейін  профессор  Д.А.  Әлкебаеваның  жоғарыдағы  пікірін 

қуаттай  отырып,  біз  де  теңеу,  перифраздардың  түп  негізі  метафорадан  жіктеліп  шыққан 

деген ойға келеміз.  

Ғылымда  метафораны  теңеуден  айырудың  өзіне  тән  белгілері  бар  екендігін  ғалымдар 

көрсетіп  жүр.  Мәселен,  Қ.Жұмалиев  метафора  мен  теңеудің  мынадай  ұқсастықтары  мен 

айырмашылықтарын көрсетеді: 

«...теңеулердің жұрнағын қысқартсақ, метафора болып, метафораға теңеу жұрнақтарын 

жалғаса, теңеуге айналады. Екінші, теңеуде де, метафорада да екі нәрсе қатар алынады, әйтсе 

де, қазір бұл екеуінің арасындағы айырмасы да ашық нәрсе. Бірінші, теңеуде бір нәрсе екінші 

нәрсеге  теңелсе,  метафорада  баланады.  Теңеу:  бұл  –  пәлендей,  сол  тәрізді  секілді  десе, 

метафора: бұл – соның өзі деп кесіп айтады. Мағына жағынан, әрине, екеуі бір емес. Екінші, 

теңеудің  өзіне  тән  жұрнағы  бар  да,  метафораның  өзіне  тән  жалғау  не  басқа  сөздері  бар. 

Үшінші,  теңеуде  теңеу  жұрнақтарының  теңейтін  сөзге  жалғануы  міндетті  түрде  болса, 

метафорада сөзге метафоралық мән беретін сөздер, не жалғаудың үнемі бола беруі міндетті 

емес. Төртінші, теңеуде теңелетін нәрсе мен теңейтін нәрсенің екеуі де ұдайы қарама-қарсы 

тұрса,  метафорада  ұқсастығы  бар  нәрсенің  бір  жағы  қалып  қоюы  мүмкін.  Бірақ  контекст 

бойынша ол нәрсені оқушы қиялы арқылы түсіне алады» [3, 215]. 

Теңеу  мен  метафораға  беріліп  келген  жоғарыдағыдай  салыстырмалы  анықтамалар 

(«теңеуде сол секілді, тектес десе, метафорада соның дәл өзі» немесе «метафора  – балайды, 

теңеу  –  теңейді»  деген  тәрізді)    қазіргі  тілдік  талаптар  тұрғысынан  қарағанда,  бұл 

бірліктердің  толық  сипатын,  ерекшеліктерін  нақты,  дәл  бере  алмайтынына  көз  жеткіздік. 

Дәлірек айтқанда, осы анықтамалар арқылы нақты метафораның не екенін біз әлі тани алмай 

жүрген  сияқтымыз.  Сондықтан осындай  анықтамаларды,  әсіресе  метафораға  беріліп  келген 

анықтаманың  өзін  қайта  қарау  қажет  деп  санаймыз.  Себебі,  метафоралардың  жасалуы 

адамның  ойлауы  арқылы  жүзеге  асатын  болғандықтан,  бірінші  кезекте  бұл  мәселені 

антропоөзектілік  тұрғысынан  қарастыруымыз  керек.  Демек,  сөздердің  жасалуы  адамның 

ойлау жүйесі арқылы жүзеге асатынын зерделеу қажет деп ойлаймыз.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

Метафора  табиғатына  танымдық  аспектіден  келетін  болсақ,  метафора  арқылы  дүние 



бейнесін,  адамның  тілдік  бейнесін,  болмыстың  мазмұнын  тануға  болады.  Метафораның 

мұндай қасиетін қазақ тіл біліміндегі өз зерттеулеріне антропоцентристік бағытты негіз етіп 

жүрген    ғалымдардың  еңбектерінен  байқауға  болады.  Бұл  мәселе  алыс-жақын  шетелдік 

зерттеулерде  өткен  ғасырдың  80-жылдарынан  бастап  зерттеу  нысанына  айналғандығын 

лингвистикалық еңбектерден көріп жүрміз. 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

30 



 

Қазақ тіліндегі когнитивті метафораның жай күйі, оның жасалу механизмі, тілді, ойды 

дамытудағы қызметі, жалпы қазақ метафораларының зерттелуі, сипатталуы, ғылым тіліндегі 

танымдық, термин жасау қызметі теориялық тұрғыдан терең зерттеуді қажет етеді. 

Сөздердің  жасалуы  адамның  ойлау  жүйесі  арқылы  жүзеге  асатынын  зерделеуде 

метафораны  зерттеуші  А.  Сыбанбаеваның  пікірімен  біздің  ойымыз  да  сәйкес  келеді. 

«Адамның  ақыл-ойы  салыстыруға  келе  бермейтін  семантикалық  концептерді  (ұғымдарды) 

салыстырудың  нәтижесінде  метафора  туындайды.  Сондықтан  метафораның  жасалу 

механизмін зерттеу – адамның ойлау процесін зерттеу деген сөз» [4, 22]. 

Зерттеу  жұмысымызда  жинақтаған метафоралардың  бірі  –  қазақ  мақал-мәтелдеріндегі 

«қыз»  концептісінде  келген  метафоралық  қолданыстар.  Қызға  қатысты  концептуалды 

метафораның  айтылым  негізінде  когнитивтік  мән  жатыр.  Адресант  адресаттың  ұлттық 

танымына  арқа  сүйейді.  Мысалы,  «Қыз  –  өріс,  ұл  –  қоныс»  деген  аталы  сөздің  танымдық 

негізі  тереңде  жатыр.  Себебі,  малдың  өрістеп  (ұзап)  жайылуымен  қыздың  да  өзге  ауылға, 

елге  ұзатылып  кете  баруы  осы  өріс  метафорасымен  концептуалданады.  Әрине,  бұндай 

метафоралар  адамзаттың  қызға  байланысты  тұжырым  қабылдауында  көп  болар,  бірақ 

қазақтың қызды дәріптеуінде ерекшелік бар екені айқын.  

Қазақ тілінде өріс сөзінің түсіндірмесі сөздіктерде былай көрініс табады: Өріс І. Зат. 

1. Ауыл маңынан шалғайлау, оты мол мал жайылымдық жер (малдың өріп, жайылуы негіз 

болған). 2. Ауыс. Білім-дәрежесі, дүниетанымы. 3. Ауыс. Үрім-бұтақ [5, 578]. Осы үш 

мағынаның негізінде өріс алды, өрісі кеңіді, өрісі тар секілді тұрақты сөз тіркестері 

қолданысқа енген. Осылардың ішінде өрісі кеңіді сөзі қыздың басқа елге ұзатылуына 

сәйкес келеді. Өйткені, қазақ дәстүрінде ұзатылған қыз өзінің туған ата-анасының, қала 

берді, рулас ағайын-туыстардың өрісін кеңейтеді, яғни жаңадан құда-жегжат, туыс тауып 

береді. Жаңа адамдармен алыс-беріс, барыс-келіс көбейеді. Демек, қызы бар елдің 

өрісінің (жақын-жуығының көбеюі) кеңеюі қызға тікелей байланысты. Сондықтан да 

қызы бар қазақ қыздарын жақсы тәрбие беріп, мәпелеп өсіруге тырысады. 

Осы мақалдың мәнін тарқататын, одан әрі тереңдететін ел арасында басқа да  мақалдар 

баршылық. Мысалы: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет