– ұлттық танымның бір көрінісі деген тұжырым жасауға болады. Мақал-мәтелдердің
құрылысы поэзияға ұқсас, тіпті бірдей болуына байланысты ондағы метафоралар да
арқылы туындап, жаңа мән үстеп, жасалады. Жалпы метафораның когнитивтік теориясы
туралы Эрл Маккормак: «Метафораны танымдық үрдіс ретінде суреттеуді тілді жасаушы
адам санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек» дейтіндігі туралы Г.Т.
Әбікенова «Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты» атты бөлімінде жазған
болатын. Ғалым «Когнитивті лингвистика» атты еңбегінде шетелдік ғалымның когнитивтік
лингвистикада метафораның зат-мағына-таңба үштігі шеңберінде қарастырылуына көңіл
бөлетіндігін жазады [6, 56]. Концептуалды метафораның қызметі: болмыстағы бар заттармен
теңестіру, ұқсату арқылы басқа затқа атау беру; абстрактілік мағынаны білдіретін жаңа
Метафоралар образды ойлаудың биік шыңынан пайда болады деп ойлаймыз. Себебі
ұқсату, балау, теңестіру үшін де біраз нәрселерді танып-білу қажет. Десе де, адамзаттың әр
заманында өзінің ойлау деңгейіне сәйкес әр заманға сай метафоралар пайда болған. Сол
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы ISSN 1608-2206 Филология сериясы. № 4, 2019
31
себепті де метафоралардың пайда болғаны кеше ғана емес, ол мифологиямен тығыз
байланысты ерте кезде пайда болды дегенге көңіл қоямыз. Осыған сәйкес ғалым К.
Матыжанов «мифтің де метафораның да негізгі тұғыры – теңестіру, баламалау» екендігін
айтады [7, 37].
Шындығында, мифологиялық ойлау деңгейіндегі тілдік бірліктердің, яғни
метафоралардың тілдегі көріністері концептілер болып табылады. Өз кезегінде,
мифологиялық архетиптердің тілдегі көріністері түрлі метафоралар, метонимиялар,
фразеологизмдер, теңеулер арқылы беріліп отырады.
Ал мына төмендегі мақалдардың негізгі айтар ойы мүлде басқа.
Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.
Жерді шым, елді қыз біріктіреді.
Бұл мақалдар да қыздың өріс екенін білдіреді. Бірақ прагматикасы алдыңғы өріс
мағынасынан сәл басқашалау. Себебі бұл өрістік мағынада дауды шын мәнінде қыз
тоқтатпайды. Қызының жағдайын ойлаған төркін жұрты майда-шүйдеге мән бермеуге
тырысады, қыздарының артынан сөз ертпеуге ұмтылады. Осылайша «даудың түбін қыз
бекітер» деген сөздің мәні ашылады. Бұл – қыздың өріс екендігін білдіретін бірінші жағдай.
Екінші жағдайға байланысты «Абай жолы» романынан мынадай мысал келтіруге болады.
«Жолда» тарауында Бөжейлер Құнанбай үстінен арыз жазады. Абай да солармен бірге
Қарқаралыға жол тартады. Ол жерде Абай Шөже ақынды көреді. Алшынбай Құнанбай мен
Бөжейді татуластырады. Татуластыру үшін Кәмшатты Бөжейге береді. Бөжей Кәмшатты
алып кетеді. Бірақ анасынан ажыраған кішкентай Кәмшат «Шытырман» бөлімінде қайтыс
болады. Міне, даудың түбін бітеу үшін қыз бергенін этнографиялық шығармадан, қазақ
тарихынан көруімізге болады. Ел мен елді біріктіру үшін, өрісті кеңейтіп, қыз беру дәстүрі
болғандығын осыдан көреміз.
Қазақта бұдан өзге «Қыз бала үйге жаққан бояу», «Қыз өссе – елдің көркі, Гүл өссе –
жердің көркі» деген мақалдар да қыздың әдемілігінен хабар береді. Мұнда да қыздың
қызылды-жасылды киінетінін білдіретін үйге жаққан бояу екендігімен метафораласа, екінші
мақалда елдің көркімен метафоралайды.
«Қыз – өмірдің қызғалдағы» деген поэзия тіліндегі метафора да бүгінде тұрақталып
келе жатқанын байқауымызға болады.
Ізденіс барысында жинақталған метафораларды: 1) толыққанды метафораланып, жаңа
атауға айналған метафоралар және 2) стильдік метафоралар (немесе поэтикалық
метафоралар) деп жіктеп қарауымызға болатын сияқты.
Әрбір тілдің даму барысында метафоралар әр дәуір түсінігіне сай пайда болған. Тіл,
әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, көне түркі дәуірінде де сол
заманның өзіне лайықты метафоралары болған. Метафораларды ертедегі халықтың ауыз
әдебиеті үлгілерінен де, қазіргі ақын-жазушылардың көркем шығармаларындағы өсиет
өлеңдерден, айтыстар мен жырлардан, мақал-мәтелдерден де көптеп кездестіреміз. Мысалы,
«Адам бір-біріне қонақ», «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Татулық – табылмас бақыт»,
«Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, басыңа іс түссе іздеп
таба алмайсың», «Дос – ажарың, жолдас – базарың», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»,
«Қыз – қонақ», «Бауыр – шырын, бас – тәтті, Ағайынмен ішкен ас тәтті» деген сияқты мақал-
мәтелдер тұтасымен осындай метафораларға құрылған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Белгілі бір атаудың метафора тәсілі арқылы басқа атауға ауысуы белгіленетін
заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. Метафора – әртүрлі
тілдердің бәрінде де бар құбылыс. Тілде сөз мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішінде өте
жиі кездесетіні және ең бастысы – метафора тәсілі. Метафора – құбылысының сөздің
мағынасынан орын алуы соншалық, метафораның негізінде туған туынды мағынаның көп
жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Метафораның негізінде
туған келтірінді мағына, әдетте сөздің туынды мағынасы ретінде қарастырылып орнығып
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
32
кетеді. Мұндайда метафораның негізінде туған мағына сөздің сөздіктегі мағыналық
мазмұнына еніп, оның туынды мағыналарының бірі ретінде қаралады. Сонымен қатар,
метафора ұлттық дүниетаныммен тығыз байланысты. Қандай да болмасын этностың тек
өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады, яғни қандай да бір этностың басқаларға
ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі, өмір сүру дағдысы, адам және оның сол дүниедегі тіршілігіне
деген көзқарасынан көрініс табады.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы:
«Жазушы», 1989. – 320 б.
2 Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы: оқулық. – А., «Қазақ университеті»,
2014. – 247 б.
3 Жұмалиев Қ.Ж. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. –
2-т. – Алматы: Қазақстан көркем-әдебиет баспасы; 215 б.
4 Сыбанбаева А. Метафораның тілдік болмысы және концептуалды метафоралар. –
Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2002. – 22 б.
5 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 10 томдық. – Алматы: Ғылым, 1983. – 7-т. – 671 б.
6 Әбікенова Г.Т. Когнитивті лингвистика. Оқу құралы. Семей: М.О.Әуезов атындағы
Семей университеті. 2008. – 118 бет.
7 Матыжанов К. Көркем ойдың көне бастаулары немесе миф пен метафора жөнінде
бірер сөз.// Шәкәрім әлемі. Ғылыми-көркем журнал. -№2. Маусым.-2006. – 65 б.
У.У.Бекназарова
Достарыңызбен бөлісу: