уақыты, жаңалап мал союға пышаққа жарарлық мал болмай, қайдағы құрт, қарындағы май
– бәрі бірдей таусылып, халық ақыршылық болып қысылды» [4, 337]. «Біздің қазақтың
байлары малынан айырылған күні көбі кісіге де жүруге жарамай аштан өліп қалатұғын
көрінеді. Мал деген қолдың кірімен бірдей нәрсе, жуса кетіп қалатұғын. Қазақ айтады:
«Дүние деген, шіркін, тойға келген қыздай, кетеріне келгенде қолға ұстаған мұздай» – деп»
[4, 328].
Өнер, ғылым лингвомәдени бірліктері: «Адамның өлсе сүйегімен кететұғын, өз басына
біткен өнерден басқаның керегі жоқ. Өнер сол мұсылманша болсын, орысша болсын, ғылым
үйренуге жаһұт қылу. Ғылымсыз болған нәрсенің пайдасы жоқ, ғылым үйреніп, білгіш
болуды талап қыл. Ғылымды болған кісі ғылымын шашып, жұртқа үйретудің жаһтұнда
болады. Ғылым еркекке, ұрғашыға бірдей керек нәрсе. Біздің қазақ: «Қатын молда болып
бала оқыта ала ма?» Ұрғашыны оқытып не керек?» – дейді. Жоқ, олай емес. Ойлап тұрсаң,
еркектің оқығанынан ұрғашының оқығаны пайдалы. Неге десең, ұрғашы үйде отырып,
балаларының тәрбиесіне қарайды, оның ғылымды болғанының пайдасы сол өзінің
балаларына тиеді» [4, 330].
Көшпелі өмір салтын бейнелейтін лингвомәдени бірліктер: «Ауыл көшіп жайлауға
барады. Қыс қыстауына келеді» [4, 330]. «Көшпелі қазақ жұрты малын баққан; Қазақтың
көшкені – айт, қонғаны – той; Қазаққа шаруа малын баққан пайда; Қазақтың көшкен-
қонған мерекесі, Бұрынғы ата-бабадан мирас қалған; Кәсіп қыл, көшпелі жұрт, мал
баққанды» [4, 306].
Рухани-діни ұғымды білдіретін лингвомәдени бірліктер: «Алты-жеті жасқа жеткен
соң молдаға оқытуға берсе керек. Ол молданың өзі әдеп көрген, ғұламалардан, ишандардан,
бұрынғы өткен жақсылардан баһза алған һәм ұстазынан рұқсат алған, сыналып өткерілген
молда болсын! Жарамайды − бір ноғайға еріп хатшы болған, бір сартқа еріп қосшы болған,
шала хат таныған, бұзылған, жаман жерлерде оқыған, өзі бұзылған адам баланы бұзып
жібереді. Әр нешік баланы бек жақсы молдадан оқытуға жаһуд қылу керек. Молдалар мен
өнерлі, білгіш адамдар, жақсылардың сахабатында көп жүрген сыр мінез, жақсы деп
ауызға ілінген адамдармен үйір қылса керек» [4, 331].
Бұл мысалдың ішіндегі ұлт тілінде орын алып, халық танымында жақсы сақталған
мәдени бірліктердің бірі – молда лексемасы. «Молда –құранды, діни ғибадатты жақсы
білетін діни рәсімді атқарушы, мұсылмандардың діни қызметкері» [9, 937]. Қазақ танымында
молда сөзі оқу, оқыту ұғымдарымен байланыстырылды. Себебі сол заманда оқу-білімді
молдалардан алатын.
Сонымен бірге жаназа сөзі де ұлттық мәдени мәнге ие. «Тұрсынхан қаза болып, жұрт
үш күндей жылап, жаназасын оқып, Шідерті деген өзеннің бойына қойыпты» [4, 313].
Қазақ халқы өмірден өткен адамдарды жаназасын оқып барып, жер қойнына тапсыратын
болған. Бұл дәстүр әлі де өзінің маңыздылығын жойған жоқ.
Саятшылық өнер, ұлттық ойын лингвомәдени бірліктері: «Біздің қазақ халқы бүркітті
пайда үшін салмайды, қызығына құмарланып, сол үшін машық қылып ұстайды» [4, 304].
«Бала бес-алтыға келген соң асық ойнайды. Он-он бірге келген соң доп ойнайды, Жиырмаға
Достарыңызбен бөлісу: |