Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет18/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

жетіп ат арқасына мініп, өнерлісі ауыл-ауылдан қыз қарайды» [4, 306].  

 

Төрт түлік мал қазақ ұлтының дүниетанымында ерекше орын алады. Мысалы: «Семей 



облысына  қараған  дала  уалаяттарын  көріп  кеткеннен  бері  қарай,  шүкір  құдайға,  қара 

бұқара халқының мал шаруасына береке кіріп, арық мал семіріп, саулық пен тайыншалардың 

желінінде сүт берекесі  кіріп, төрт түлік мал шаруасымен тұрған қыр қазағына бір  түрлі 

қуаныш  пайда  болды»  [4,  314].  Келтірілген  мысалда  кең  далада  жүріп,  табиғатпен  бірлікте 

өмір  сүріп  үйренген  ата-бабаларымыздың  кеңестің  қыспағында  жүріп,  солардан  көрген  аз 

ғана  қуанышын  өздерінің  төрт  түлігімен  байланыстыра  білген  сезімталдық  қасиеттеррі  сөз 

болады. Ғалым Ж. Манкеева: «Табиғат көрінісіне, жағдайына икемделу − адамның негізгі бір 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

10 



 

қасиеті.  Этнос  пен  табиғатты  біртұтас  ұғым  деп  қарау,  әсіресе,  көшпенділер  мәдениетін, 

психологиясын түсіну үшін ерекше маңызды» [11, 32], − дейді.  

 

М.Ж.  Көпейұлы  ұлт  тіліндегі  лингвомәдени  бірліктерді  заман  келбетін  бейнелеуде  де 



қолданады. Мысалы: «Біздің қазақ бейшара: «Ораза жоқ, намаз жоқ құдай деген жанбыз» – 

деп жүрген, жайылулы мал сықылды, жосулы аң сықылды, союға мал емес, атып алуға аң 

емес,  Сарыарқаның  иен  шөбінің  байлығымен  шаруа  күтіп,  мал  бағып,  ғылым-білімнен, 

әртүрлі  үлгі-ғибратлы  өнерден...  единиция  болмай,  нөл  орнында  қалған  жұрт  еді. 

Солдаттықтан  қашқан  құмыра  бөрікті,  толағай  басты,  құдайдың  бұйрығынан,  ақ 

патшаның құрығынан қашып жүген қулар  келіп, құдайды ұзынқұлқтан зорға естіп жүрген 

қазақты  шөптің  басынан  үріккен  қойдай,  ай  жарықта  көлеңкесінен  қорыққан  қояндай 

қылып...  «балаларыңды  орысша  оқуға  берсең,  солдаттыққа  алады»  –  деп,  көнектен 

шошыған биедей қылып шошытып, қазақтың ақылсыз надан қатындары «дуана келеді» деп 

өз баласын өзі қорқақ қылып үйреткендей жаман, көк милы қылып жіберді. [4, 346]. «Бірін-

бірі иттей талап жүрген заманда өз басын өлімнен алып қашқан сарт-сауанның қулары да 

келіп,  қазақ  ішінде  молдылық  қылып,  бала  оқытып,  ғылым-білімі  жоқ  надан  жұрттың 

қылғанын  айтып,  қара  қазақтың  көңілін жақсы  ниеттен,  ізгі  пиғылдан  айыруға  көп  себеп 

болды»  [4,  347].  «Қазақты  шапқанда  қандай  шапты,  атқа  мінер,  сойыл  ұстарын  тегіс 

қырып, бесіктегі балалардың ұят жерін қаратып, еркек кіндіктен дәнеме қалдырмай, мал-

жан,  үй-мүлкін  қасындағыларға  олжа  қылып,  қатындарын  апарып  күң  орнына  жұмсады» 

[4, 344].  

 

М.Ж. Көпейұлының кез келген шығармаларында мақал-мәтелдер жиі қолданылатынын 



көреміз.  Ұлттық  дүниетаным  тереңінен  орын  алып,  рухани  мәдениетіміздің  көрсеткішіне 

айналған  мақал-мәтелдер  М.Ж.  Көпейұлы  мақалаларында  да  автордың  лингвомәдени 

прагматикасына  сәйкес  қолданыс  табады.  Мысалы:  «Сөз  сөзден  туады,  сөйлемесе  қайдан 

туады?»,  «Пайданы  басыңа  қыл,  басыңнан  асса,  досыңа  қыл»,  «Дос  жылата  айтады, 

дұшпан  күлдіре  айтады»  [4,  295];  «Еріншектің  қолы  жетпейді,  үлгісіз  нұсқа  бітпейді», 

«Ұйықтаған ұйқы алар, ұйықтамаған жылқы алар», «Жетесі асыл арланбас, жеті атасына 

дарымай»  [4,  297];  «Жүзден  –  жүйрік,  мыңнан  –  тұлпар»,  «Төс  айылдың  батқанын  иесі 

білмес, ат біледі»,  «Аш қадірін тоқ білмейді», «Жаяулықтың жаманын атты қайдан білсін, 

жалаңаштықтың жаманын  тонды  қайдан  білсін?!»  [4,  302];  «Жаманның  кесапаты  тиер 

һер жерде, жақсының шарапаты тиер тар жерде» [4, 304]; «Бітер істің басына, жақсы 

келер қасына» [4, 326]; «Бай мақтанса, табылады, жоқ мақтанса шабылады», «Жемесе де 

май жақсы, бермесе де бай жақсы» [4, 327]; «Келін келсе аяғынан, шопан келсе таяғынан» 

[4,  328];  «Алып  анадан»,  «Ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны іледі»,  «Ұлың  өссе,  ұлы  жақсымен 

ауыл  бол,  қызың  өссе,  қызы  жақсымен  ауыл  бол!»,  «Опаға  барған  ағарады,  күйеге  барған 

қараяды»,  «Қатын  алма,  қайын  ал,  Жақсы  көрген  тамырдың  атын  алма,  тайын  ал», 

«Анасын  көріп,  қызын  ал,  аяғын  көріп,  асын  іш»  [4,  330];  «Сүтпен  берген  мінез  сол 

бағытымен кетеді» [4, 331]; «Қатынды бастан, баланы жастан» [4, 332].  

 

Ақын  мақалаларында  қолданылған  авторлық  қолданысқа  төмендегілерді  жатқызуға 



болады:  «Жаяулықтың жаманын  атты  қайдан  білсін,  жалаңаштықтың жаманын  тонды 

қайдан білсін?!» [4, 302]; «Мал деген қолдың кірімен бірдей нәрсе, жуса кетіп қалатұғын», 

«Ғақыл  –  әдіс,  айырыс  –  жұғыс»,  «Дүние  деген,  шіркін,  тойға  келген  қыздай,  кетеріне 

келгенде қолға ұстаған мұздай», «Балдан тамады, байдан жұғады», «борыш басынан асып, 

расход үстінен асып» [4, 328].  

 

Афоризмдер:  «Ғылым  –  пайғамбардан  қалған  мұра,  Мал  –  байдан  қалған  мұра»; 



«Ғылым  иесін  өзі  сақтайды»;  «Малды  кісінің  дұшпаны  көп  болады,  ғылымды  кісінің  досы 

көп болады»; «Малды жұмсасаң таусылады, ғылымды жұмсасаң артылады»; «Мал біткен 

кісі  сараң  болады»;  «Малға  бір  апат  болмай  қоймайды,  ғылымға  еш  апат  жоқ»;  «Мал 

біткен кісі тәкаппарлық қылады, ғылымды болған кісі кішік көңіл болады» [4, 329].  

 

М.Ж. Көпейұлы көсемсөзінде оқырман ой-санасына әсер ету мақсатында ұлт тіліндегі 



тұрақты тіркестер, эпитет, теңеу секілді көріктеу құралдары қолданылады. Мысалы:  «көңілі 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

11 



 

сүйген,  қолдың  кірі,  әдеп  көрген,  хат  таныған,  сыр  мінез,  ауызға  ілінген,  машық  қылып, 

қанын ішіне тарту, түгін сыртына шығару, араның ызылдағанындай, тойға келген қыздай, 

қолға ұстаған мұздай,көнектен шошыған биедей,шөптің басынан үріккен қойдай т.б.». Бұл 

ретте, ғалым Е. Жанпейісов: «Жазушы тілдегі бейнелеу құралдарын әр алуан көркемдік бояу 

бере  пайдаланады.  Бұл  орайда  ауызекі  сөйлеу  тіліндегі  қарапайым  сөздер  де,  мақал  мен 

мәтелдер  де,  эпитет  пен  теңеулер  де,  тілдің  басқа  да  барлық  бейнелеу  құралдары 

шығарманың жалпы идеялық, тақырыптық арқауына лайық, жаңа бір мағыналық астар алып, 

стильдік функциясы арта түседі» [12, 17], − дейді.  

 

ҚОРЫТЫНДЫ  



 

 

М.Ж.  Көпейұлының  көсемсөз,  публицистикасындағы  лингвомәдени  бірліктер  автор 



тіліндегі ұлттық менталитетті, ұлттық көзқарасты аңғартатын мақал-мәтелдер, эпитет, теңеу 

секілді  көріктеу  құралдары  арқылы  танылады.  Сонымен  бірге  тілдік  тұлғасын  ерекше 

танытып,  өзіндік  ғалам  бейнесін  жасауда  фразеологиялық  тіркестер,  этнографизмдер  мен 

рухан-діни сөздер ерекше орын алады. Ұлттық салт, ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, туыстық 

қарым-қатынас  және  тұрмыс-тіршілік  жайын  сипаттайтын  тілдік  бірліктер  арқылы  қазақ 

ұлтының сол кездегі танымдық, рухани дүниесі көрініс табады. 

  

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 



 

1 Шындалиева М. Публицистика жанрлары мен пішіндері. – Астана, 2012. – 325 б.  

 

2  Байтұрсынов  А.  Әдебиет  танытқыш.  Зерттеулер  мен  өлеңдер.    Алматы:  Атамұра, 



2003. – 208 б.  

 

3 Амандосов Т. Публицистика –дәуір үні. «Қазақстан», Алматы, 1979. –18-б.  



 

4  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы.  Шығармалары.  13-том.  –  Павлодар.  «ЭКО»  ҒӨФ,  2008.  – 

385 б.  

 

5  Жанұзақ  Т.  Жетісудың  жер-су  аттары.  //  Ш.Ш.  Сарыбаев  және  қазақ  тіл  білімі 



мәселелері. 2005. – 314-340 б.  

 

6 Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері. филол. ғыл. канд. 



дисс. – Алматы, 2003. – 120 б.  

 

7 Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 613 б.  



 

8 Уалиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, 1985. – 558 б.  

 

9 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.  



 

10  Кенжеахметұлы  С.  Қазақтың  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары.  –  Алматы: 

Атамұра, 2013. – 384 б.  

 

11 Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. док. дисс. автореф. 1997. – 



53 б.  

 

12 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. – Алматы, 1968. – 265 б.  



 

Қ.М. Абдуллаева  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет