Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет15/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Шоң  бидің  уақытында  Көкшетаудан  бергі  жері  Сүйіндіктің  жайлауы  екен.  Итемген-

Мамай деген көлдерде Шоң бидің Итемген деген баласы тұрып, сонан «Итемген» атанған 

екен.  Қарағайлы  шоқының  қасында  «Ақмырзаның  Қарасуы»  дейді,  Ерейменнің  Ақмолаға 

қараған жағында: «Олжабай сөресі, Едіге сөресі, Шорман тамы, Тайбай көлі, Үшмырзаның 

көлі»  дейді,  солардың  баршасы  –  Сүйіндіктің  сол  жерлерін  мекен  қылып  жүргенде  өткен 

жақсылардың  аты»  [4,  325-б.].  Расында,  «емін-еркін  кең  далада  көшіп-қонып  жүрген 

қазақтың  ру,  тайпалары  өздері  иемденген  таулар  мен  шың-құз,  жоталар,  өзендер  мен  көл, 

қайнар бастау, бұлақ, аңғарлар мен шатқалдарға үнемі ат қойып, айдар таққаны белгілі» [5, 

316].  Ата-бабаларымыздың  қоныс  тепкен  әрбір  мекенінің  атауы  оның  тұрмыс-тіршілігінің, 

мәдени өмірінің айнасы. Олай болса, М.Ж. Көпейұлы қолданысындағы Көкшетау, Итемген-

Мамай,  Қарағайлы,  Ақмырзаның  Қарасуы, Ереймен, Ақмола,  Олжабай  сөресі, Едіге  сөресі, 

Шорман тамы, Тайбай көлі, Үшмырзаның көлі т.б. жер-су атауларының да  қазақ ұлты үшін 

мәдени мәні, тарихи маңызы зор.  

 

«Жазушы  тарихтың  сан  алуан  дерегі,  туған  елінің  шежіресі  сақталған  ұлттық-мәдени 



мұрасы  бар  қоғамда  өмір  сүреді.  Сол  қоғамда  қалыптасқан  мәдени  дәстүрлер  жазушы 

шығармаларынан орын алады» [6, 25]. М.Ж. Көпейұлы көсемсөзінде кездесетін «хан көтеру» 

лингвомәдени  бірлігі  –  ұлт  танымындағы  мәдени  дәстүрді  білдіретін  тілдік  атау.  Мысалы: 

«Сол  күндерде  қазақтың  төрені  қадірлеп,  басына  көтеріп,  хан  қылатын  әдетімен 



Тұрсынхан  деген  төрені  хан  көтерген  екен»  [4,  31.].  Бұл  дәстүр  қазақ  халқында  ХХ 

ғасырдың бас кезіне дейін сақталған. Бұл жөнінде А.И. Левшин былай дейді: «Таққа үміткер 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 



 

сұлтандар  мен  ақсүйектердің  көпшілігінің  келісімін  алған  соң,  хандықтағы  ең  беделді 

сұлтандар  мен  билер  оны  жұқа  ақ  киізге  отырғызған,  киіз  шетінен  ұстап,  үш  рет  көтеріп, 

бірнеше рет «Хан!»деп айқайлаған». Осылайша, хан көтеру – сый-құрметтің белгісі болған. 

 

Ал  би,  төре,  хан  лингвомәдени  бірліктері  өткен  дәуірдегі  лауазымдық  дәрежелерге, 



атақ-беделге  байланысты  туған  атаулар.  Би  сөзіне  ғалым  Р.  Сыздықова  мынадай  анықтама 

береді:    «Би сөзі  –  ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы нақты заң термині. Бірақ ол әр кезеңде 

әртүрлі мәнге ие болып келген сөздердің бірі.  Би  сөзінің Абай тұсындағы білдіретін негізгі 

мағынасы − әрбір болыстықта сайланып қойылған заң жүргізуші адам» [7, 160]. Осы тектес 

пікір  Ш.  Уалиханов  еңбектерінде  де  кездеседі:  «Қазақтарда  құрметті  би  атағы  халық 

тарапынан  қандай  да  сайлау  жолымен  немесе халықты  билеп отырған  өкіметтің  бекітуімен 

емес,  тек  сот  рәсімін  терең  білетін,  оған  қоса  шешендік  өнерін  меңгерген  қазаққа  ғана 

берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-

жораны білетінін, шешендігін танытатын болған» [8, 135].  

 

М.Ж.  Көпейұлының  «Үш  Едіге  туралы»  мақаласында  билердің  елдің  қамын  ойлап, 



аумалы-төкпелі  замандарда  жұртына  құт  болғандығы,  қалың  бұқараның оларды  құрметтеп, 

амандығы үшін дұға қылғандығы туралы айтылады. Мысалы: «Едіге деген би жұрт билеген 



кісі  екен.  Кешегі  Абылайханның  заманында  Едіге  бидің  таяғы  жұртына  құт  болып: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет