айыттыра бару немесе құда түсе бару (ҚТТС, 1961; ҚТТС, 1982; ҚТТС, 2010) [12, 533]. Ал
осы құдалық сөзінің этимологиясын шығу тегін зерделеп қарасақ, құдалықтың түбір сөзі
құда атауы «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінде» былай түсіндірілген: «Құда//қоза,
құдағи, құдағай//құзағи сөздері қазақ, өзбек, қарақалпақ, ұйғыр, башқұрт, әзербайжан, тува,
алтай тілдерінде үйленген жігіт пен күйеуге шыққан қыздың туыстарының бір-біріне
туыстық қатынасын білдіретін атау. Моңғол, бурят-монғол тілдерінде де хут, худа сөзі осы
мағыналарда қоладнылады. Ал түркі тілдерінде де бұл сөздің басқа түсінігі жоқ. Тек осы
мағынада ғана қолданылатын құдаша, құдағы, құдағай, құдандалы, құда түсу, құда болу
сияқты туыстыққа қатысты сөздер бар. Ал моңғол тілдерінде худалдаа, худалдаа (н) сөздері
– «сауда, сауда істеу, сауда ісімен шұғылдану», худалдаачин, худалдааш(н) – «саудагер,
коммерсант» деген мағыналарда қолданылады. Көне ескерткіш Мухаддимат ал-Адап
сөздігінде де бұл сөздің саудаға байланыстылығы көрсетіледі» [13, 33].
Біздің ойымызша құда сөзінің туыстық мағынасы оның сатушы деген мәнінен шығып,
осы мағынада монғол тілінен ауысып келген болуы керек. Түркі тілдерінде бұл сөз сатушы
мағынасында қолданылмайды. Құда сөзі түркі тіліне моңғол тілдерінен ауысқан болуы
керек деген пікірді Л.А.Покровская да айтады [13, 131]. «Қазақша-Орысша сөздікте» қазақ
тіліндегі «құдалық» сөзінің орыс тіліне аудармасының бірден екі баламасын ұсынады:
Достарыңызбен бөлісу: |