58
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
Өткізу және бөлу стратегиясы. Бизнес өз тауарлары мен қызметтерін тұтынушыға қалай жеткізуге ниетті екенін
анықтау керек. Жеке өткізу қызметіне жүгіне ме немесежелдалдар, дистрибьюторлар пайдаланылатын бола ма?
Кейбір жағдайларда тауарды сату және тарату желісін ұйымдастыру салыстырмалы түрде күрделі емес іс болып табы-
лады және тек негізгі сәттерін ашу қажет болады. Басқаларында аса толығырақ сипат беру қажет.
Жеке өткізу қызметі жағдайында оның қызметкерлері үшін арнайы дайындық қажеттілігін көрсету керек. Мысалы,
техникалық өнім сатылымы үшін қызметкерлер құрамының тиісті білімі болуы керек.
Баға орнату стратегиясы. Маркетинг жоспарының маңызды элементтерінің бірі баға орнату болып табылады. Баға
тауардың және фирманың сипаттамасы және келбеті секілді маркетингтің факторларына байланысты. Тауар бағасы оның
сапасымен тікелей байланыста болуы керек.
Отандық тәжірибеде батысқа қарағанда жарнама түсінігі кеңірек. Оған көрмелік шаралар, коммерциялық семинарлар,
қаптама,
баспа өнімі, сувенирлерді тарату және сауда қызметін ынталандырудың басқа құралдары жатады:
• халықаралық – ерекшеліктерін ескере отырып, шетелдік нарықтарға бағдарланған өнеркәсіптік дамыған елдердің
фирмаларының заманауи қызметі;
• сыртқы экономикалық – заманауи тәжірибені көрсететін шетелдік нарықтардағы отандық кәсіпорындар мен ұй-
ымдардың қызметі;
• ішкі – ішкі нарыққа қызмет көрсететін отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі.
Жарнамалық агенттік жасайтын және жариялайтын жарнама, әдетте, өндіруші немесе оның тауарлары туралы хабар-
лайды.
Достарыңызбен бөлісу: