нарық талдауы және маркетингтік стратегия Қолдан жасалған жұмыс жоғары сапалы. Hand made – кәсіби емес дегенді білдірмейді. Өнімге көп уақыт жұмсалады
және ол шағын бөлшектеріне дейін ойластырылған. Оның үстіне зат дайындауды басынан соңына дейін үрдісті бақылай-
тын бір адам атқарады, ол қателіктерді және жұмыстағы ақауларды болдырмайды. Қолдан жасалған әшекейлер жасау
саласында әртүрлі техникалармен жұмыс жасайтын шеберлердің көптеген саны бар. Нарықта үлкен бәсекелестік жоқ,
себебі әрбір шебердің өзінің жеке стилі, өзінің ерекшелігі бар. Авторлық әшекейлерге сұраныс әрдайым бар, қолдан жа-
салған өнімдер сүйіспеншілікпен жасалғандықтан шеберлердің жылулығы мен энергетикасын береді.
Өз бизнесіңізді аса жылдамырақ жылжыту және көтерме сатылымдарының кең жолдарына қою үшін сізге өзіңіздің
жұмыстарыңыздың портфолиосы (жұмыстар үлгілерінің, суреттерінің жинағы) қажет болады. Бастапқыда өзіңіз суретке
түсірсеңіз болады, ал сосын іс алға басқанда, кәсіби фотографты жалдап, өз жұмыстарыңыздың портфолиосын жасауға
болады. Бірінші өзіңіздің барлық жұмыстарыңызды интернетке орналастырыңыз, инстаграмм, вконтакте желілерінде па-
рақша ашыңыз. Қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады және өздеріне тауарлар сатып алады. «Ауызша жарна-
ма» жақсы жұмыс жасайды. Сондықтан өзіңіздің қалаңызда олардың пікірлерін тыңдайтын адамдарға ерекше әшекей-
леріңізді ұсынсаңыз, оларға бұл заттар ұнаған жағдайда, онда сізге табыс кепілденген.
Әрбір шебердің үнемі жаңартылып тұратын фирмалық сайты бар. Барлық жетекші кутурьелердің ең соңғы коллекци-
ялары жиналған жалпы сайттар бар. Оларды апта сайын қарауын өзіңіздің жоспарыңызға кіргізіңіз. Бұл сіздің табысыңы-
здың құрамдас бөлігі.