105
100 ЖОБА 100
ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
форумдарында қарауға болады. Басында 10-20 дизайн-жобаларды жасап, әлеуетті клиенттерге жіберсеңіз болады. Бұл кө-
терме сауда фирмалары, бөлшек сауда дүкендері, жеке клиенттер болуы мүмкін. Өз хабарландыруларыңызды форумдарға
және хабарландыру тақталарына орналастырыңыз. Жергілікті бутиктерді аралаңыз – осы салондардағы тауарлар да стан-
дартты тауарды безендіру үшін идея беруі мүмкін.
Бизнестің осы түрі үшін қандай да бір арнайы жабдық қажет емес. Дегенмен, сізге бисер, жіптер, тастар және т.б.
секілді шығыс материалдарын алдын ала сатып алу керек болады.
Арнайы үй-жайды жалға алуды қажет етпейтін қызметтің түрі. Алғашқы уақытта сіз бұл бизнеспен үйде айналыса
аласыз.
Келешекте, ісіңіз алға басқанда және тұрақты клиенттеріңіз пайда болғанда, өз қолыңмен әшекейлер жасауды үйрету
орталығын ашсаңыз болады. Бұл сіздің қосымша табысыңыз.
Бұл бизнес-идея 728 468 теңге мөлшерінде қарыз қаражаттарды тартуды көздейді.
1-ші жылы ақшалай қаражаттардың түсімі 2 008 468 теңге құрады, олар 1 280 000 теңге сомасында қолдан жасалған
әшекейлерді сатудан, сонымен қатар, 728 468 теңге сомасында несиелік қаражаттар түсімінен тұрады. Несиелік қаражат-
тар 689 968 тг сомасында материалдар сатып алуға, сонымен қатар, 38 500 тг сомасында ай сайынғы ағымдағы шығын-
дарды жабуға жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: