- лицензиялар әрекетін тоқтату тәуекелдері Негізгі жұмыс басталғанға дейін компания өз қызметін жүзеге асыруға барлық қажетті лицензиялар мен сертификаттар
алатын болады. Бас лицензиялар, мерзімсіз. Алынған лицензияға сәйкес, лицензиялық нормалар мен ережелерді бұзусыз
қызмет атқару, тиісті органдарға есептерді уақытылы тапсыру эмитентке осы тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.
- әлеуметтік тәуекелдер Көптеген өндірістік кәсіпорындар секілді Эмитент айтарлықтай дәрежеде еңбек ресурстарының көлемі мен сапасына
тәуелді болады. Нәтижесінде жоба бойынша қызметке және қаржылық ахуалға жұмысшылардың ағымдағы еңбек жағдай-
ларына, жалақы көлеміне, әлеуметтік қолдау түрлеріне наразылығы әсерін тигізуі мүмкін. Жоба бойынша еңбек ұжымын
барынша қолайлы еңбек жағдайларымен, тұрақты төленетін жалақымен қамтамасыз етуіне байланысты осы тәуекел бол-
машы болып көрінеді.