жоба бойынша әлеуетті тәуекелдер Жобаны іске асыру барысында нақты табыстың болжамдалғаннан ерекшелену ықтималдылығы бар, себебі инвести-
циялық тәуекелдер бар.
Жалпы инвестициялық тәуекел жүйелі (әртараптанбаған) және жүйелі емес (әртараптануға жататын) тәуекелдер со-
масы болып табылады.
Жүйелі тәуекел сыртқы оқиғалар (соғыс, құнсыздану, тоқырау және т.б.) салдарынан туындайды, оның әрекеті бір
жоба аясымен шектелмейді және оны әртараптандыру арқылы жою мүмкін емес. Осы тәуекел бойынша, қазіргі экономи-
калық және саяси жағдайды ескере отырып, осы тәуекелдің іске асу ықтималдылығы аз.
Ұсынылған жобаны іске асырумен байланысты жүйелі емес тәуекел (әртараптандыру арқылы жоюға немесе қысқар-
туға болатын тәуекел) мыналардан тұрады:
жобаны іске асырудың есептік мерзімдерін сақтамау тәуекелі;
технологиялық тәуекел;
шикізаттың қолжетімділік дәрежесіне байланысты тәуекел;
сұраныстың болмау немесе құлау тәуекелі;
төлемеу тәуекелі;
экологиялық тәуекел.