Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет355/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   636
Маркетингтік жоспар
Әрбір құрылыс компаниясының өзінің жеке арнайы техника паркі бола бермейді, көбі үшін техниканы жалға алған 
жеңілірек. Ауыл шаруашылығында да ұқсас жағдай: фермерлер жабдық сатып ала алмайды.
Айыл шаруашылығы техникасын жалға беру бизнесі көптеген елдерде қатты дамыған, Қазақстанда дамуда, әсіре-
се республика елордасы – Астана. Кәсіпкерлік қызметтің осы түрі басында үлкен салымдарды талап етеді, бірақ нарық 
ахуалын дұрыс жоспарлау және бағалау барысында тұрақты табыс әкеледі. Ақша техника, тұрақ жабдығын, жарнамаға, 
техникаға қызмет көрсетуге және оператор мен механик қызметтерін төлеуге қажет.
Арнайы техниканы жалға беру бизнесін ашқанда, басында өзіңіздің аумағыңыздағы ұсыныс пен сұранысты зерттеу 
қажет. Ісін енді бастаған кәсіпкерлер әдетте екі жолмен жүреді: кез келген құрылыста қолданылатын әмбебап арнайы 
техниканы немесе сирек қажет болатын, бірақ арнайы техниканы жалға беру нарығында баламалы ұсыныстары жоқ, тар 
шеңберде мамандандырылған техниканы сатып алады.
Қандай арнайы техниканы таңдаған жөн: жаңа әлде бұрын пайдаланған, импорттық әлде отандық өндіріс? Қазіргі 
таңда Қазақстанда арнайы техника нарығында көбінесе импорттық машиналар ұсынылған. Оларға сұраныс жоғары, се-
бебі олар жоғары сапамен ерекшеленеді. Американдық, жапондық, еуропалық өндірістің құрылыс техникасының бағала-
ры кейде отандық техниканың құнынан бірнеше есе жоғары болады, импорттық машиналардың артықшылығы олардың 
сипаттамалары.  Қытайлық  және  корейлік  техника  американдық  және  еуропалыққа  қарағанда  айтарлықтай  арзанырақ. 
Бұрын пайдаланылған техниканы сатып алуда оның жақсы жағдайына толығымен көз жеткізу керек, әйтпесе ақшадан 
айырылуға болады. Бұрын пайдаланған машиналарды сатып алуда тек қана белгілі маркаларды алған жөн, себебі оларға 
бөлшектер табу оңайырақ.
Техниканы  таңдағаннан  кейін  ең  маңыздысы  операторды  таңдау.  Жұмыс  іздеушінің  баламалы  техникамен  жұмыс 
тәжірибесі ғана болып қоймай, сонымен қатар, өз ісіне жауапты қарауы тиіс. Ол қаншалықты сауатты әрі тәртіпті адам 
болуына бүкіл кәсіпорынның табысының жартысы байланысты болады. Жұмысшы жасы да маңызды, себебі кейбір ма-
шиналарда жұмыс істеу үшін жақсы дене пішімі қажет. Машинисттің арнайы курсты аяқтағаны туралы куәлігі болуы тиіс, 
тіпті мамандықтың жоғары деңгейін растайтын құжаттың болуы сіздің алдыңызда кәсіпқой тұрғанына кепілдік бере ал-
майды. Өкінішке орай, ауыл шаруашылығы техникасының ақауларының көп бөлігі оператордың құзіретсіздігінің немесе 
жауапсыздығының нәтижесінде болады. Машинист жалақысы жұмыс жасаған көлеміне байланысты болады.
Егер компания балансына жалпы пайдалану жолдары бойынша жүруге арналмаған техниканы сатып алса, тракторлар, 
өз жүретін жол-құрылыс және басқа машиналар және ішкі жану қозғалтқышының жұмыс көлемі  50 текше метрден жоға-
ры тіркемелері, онда автошаруашылықты Мемтехқадағалауда тіркеу қажет.
Қолдағы ауыл шаруашылығы техникасын ұрлап кетуден сақтау керек, себебі түнгі уақытта құрылыс аймақтарынан 
қымбат машиналарды ұрлап кету жағдайлары жиі. Бірнеше қарапайым ережелерді сақтаған жөн.   
• Техниканы тек күзетілетін базада немесе тұрақта сақтаңыз. Бұл тіпті қарапайым көлік тұрағы болуы мүмкін. Егер 
сізде арнайы техниканың үлкен паркі болса, сенімді үй-жайды жабдықтау және күзетшіні жалдау дұрысырақ.
• Машинаға дабыл орнатыңыз.
• Зауыттық құлыптарды ауыстырыңыз – олар бір үлгідегі барлық машиналар үшін бірдей болуы мүмкін.
• Көлікті спутниктік бақылау жүйесін орнатыңыз, ол 20-25 мың теңге тұрады, бірақ сіз меншігіңіздің қайда екенін 
әрдайым білетін боласыз.
Арнайы техниканы жалға беру құны аумаққа және техника түріне байланысты болады және сағатына 5 000 - 10 000 
теңгені құрайды. Ірі шаруа қожалықтарына ұзақ мерзімді жалға беру барысында сағат құны төмендейді. Егер техника 
бірлігі толық  жұмыс күн бойы бос болмаса, онда тәулігіне 8-9 сағат жұмыс шығады. Қысқы уақытта ауыл шаруашылығы 
техникасының үлкен бөлігі тұрып қалуын ескере отырып, техника иегері тиісті тапсырыстарды іздеу үшін барынша көп 
күш салуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет