Ветеринарлық қызметтердің сипаты және сипаттамасы. Ветеринарлық дәрігер адам мен жануарлар үшін ортақ аурулар – антропозооноздармен үнемі
күрес жүргізеді. Адамдарға ауру немесе бұрын ауырған жануарлардан олардың өнімдері мен
шикізатынан жұғады. Ветеринарлық қызмет еттің, сүттің және мал шаруашылығының басқа
өнімдерінің санитарлық сапасын бақылайды.
Ветеринарлық дәрігер, мысалы, фермалар қызметкерлері зоогигиена ережелерін нақты
сақтауын қадағалайды, сүт сауатын агрегаттардың, сүт құрал-саймандарының санитарлық
жағдайын бақылайды. Барлық ауылшаруашылық жануарлары ветеринарлық дәрігер немесе
фельдшердің тұрақты қадағалауында болады. Мал шаруашылығының табысты дамуы тек эпи-
зоотиялық әл-ауқат жағдайында ғана мүмкін, ол мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздік кепілдігі болады.
Осы бағытта үкіметтік бастамаларға сәйкес, Парламент қарауына ветеринарлық істі жетілдіруге, жануарлар денсау-
лығын сақтауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар кешенін жетілдіру жөніндегі заң жобасы енгізілді.
198
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432