58. ВеТеринарлық орТалық жоба сауалнамасы: Инвестиуиялық жоба мақсаттары: Ауылды жерлерде орташа класстағы ветеринарлық клиника құру және жұмысын
ұйымдастыру, облыстағы үй жануарларына білікті ветеринарлық көмек көрсету және осы қызметтен табыс алу.
Жобаны іске асыру үшін қажетті инвестициялар сомасы: 2 744 830 теңге.
Сұратылған несие мерзімі: 12 ай. жоба тұжырымдамасы. Бизнес-идея ауылды жерлерде орташа класстағы ветеринарлық клиника қызметін ұй-
ымдастырудан тұрады.
Ветеринарлық бизнес, қалаларда және қалалардан алшақ орналасқан ауылды жер-
лерде көтерілу және белсенді даму толқынын бастан кешуде. Ветеринарлық емханалар
қызметтеріне сұраныс әрдайым тұрақтылығымен ерекшеленген, ал бүгін ветериналдық
қызметтер нарығында сұраныстың айтарлықтай дамуы байқалады.
Инвестициялық ой жобада қаралып жатқан аумақтардың әлеуметтік-экономикалық
сұраныстарына сай келеді. Ветеринария мәселелерін шешусіз тиімді мал шаруашылығы,
әсіресе саланың экспорттық бағдары мүмкін емес.