Тауар және қызметтер сипаттамасы. Саңырауқұлақтың кез келген сұрпында эрготионеин – күшті табиғи антиоксидант бар. Зерттеулерге сәйкес, осы зат
рак клеткаларымен күреседі. Құрамында глюкондар болуының арқасында саңырауқұлақтарды иммундық жүйе жұмы-
сының қалпына келуі үшін береді, олар ағзаны нығайтады және жұқпалы аурулармен күреседі. Дәл осы себеппен қайна-
тылған саңырауқұлақты көптеген адамдар ЖРБИ жұқтырған кезде және иммунитетті күшейту үшін береді.
Маркетингтік жоспар. Өткізу. Аспа саңырауқұлақтарды өткізуді жергілікті базарда жүзеге асыруға, көтерме сауда жеткізушілеріне сатуға неме-
се мейрамханалар, қонақүйлер, дәмханалар, санаторийлер, бюджеттік мекемелердегі қоғамдық тамақтану ұйымдарына
тұрақты жеткізу шартын жасасуға болады. Саңырауқұлақ өндірісінің көлеміне байланысты өзіңізді базарда жылжытуға
тура келеді. Егер аптасына сізде 20 кг шықса – онда барлық көршілерге сатуға және бір рет базарға шығуға болады. Егер
басқа көлемдер болса – онда әдістер де басқа болады.